Сценарий утренника 8-марта
Оценка 4.7

Сценарий утренника 8-марта

Оценка 4.7
Мероприятия
doc
воспитательная работа
Детсад
25.04.2018
Сценарий утренника 8-марта
Ана-аса қымбатты жан Қатысушылар: Жүргізушілер, Кәмпит-Ханшайымы. Мерекеге кіру жолы: Қолдарына сыйлықтарын алып, әннің ырғағымен балалар мереке залына кіріп, жартылай дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші: Асыл анам, абзал анам, жан анам Нұрға толы, жырға толы айналаң Сен деп соғар алпыс екі тамырың Алыс кетсең сағынатын мен балаң Аянбайсың, аямайсың өзіңді Балаң үшін болғансың-ау төзімді Арманыңа жеткізетін қызық боп Өссем ғой деп биіктетем өзіңді Жүргізуші:Ақ анашым, аппағым Өзің жайлы тақпағым Арналады сіздерге Бар баланың тақпағын қабыл алыңыздарАна-аса қымбатты жан Қатысушылар: Жүргізушілер, Кәмпит-Ханшайымы. Мерекеге кіру жолы: Қолдарына сыйлықтарын алып, әннің ырғағымен балалар мереке залына кіріп, жартылай дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші: Асыл анам, абзал анам, жан анам Нұрға толы, жырға толы айналаң Сен деп соғар алпыс екі тамырың Алыс кетсең сағынатын мен балаң Аянбайсың, аямайсың өзіңді Балаң үшін болғансың-ау төзімді Арманыңа жеткізетін қызық боп Өссем ғой деп биіктетем өзіңді Жүргізуші:Ақ анашым, аппағым Өзің жайлы тақпағым Арналады сіздерге Бар баланың тақпағын қабыл алыңыздар
сценарий 8-марта.doc
Қатысушылар: Жүргізушілер, Кәмпит­Ханшайымы. Ана­аса қымбатты жан Мерекеге кіру жолы:  Қолдарына сыйлықтарын алып, әннің ырғағымен балалар мереке залына кіріп,  жартылай дөңгеленіп тұрады.  Жүргізуші: Асыл анам, абзал анам, жан анам Нұрға толы, жырға толы айналаң Сен деп соғар алпыс екі тамырың Алыс кетсең сағынатын мен балаң Аянбайсың, аямайсың өзіңді Балаң үшін болғансың­ау төзімді Арманыңа жеткізетін қызық боп Өссем ғой деп биіктетем өзіңді Жүргізуші:Ақ анашым, аппағым Өзің жайлы тақпағым Арналады сіздерге Бар баланың тақпағын қабыл алыңыздар Балалар тақпақтары: Мұратов А: Маңдайымнан сипаған Қабағыма қараған Үлкен­кіші демейді Сыйлайды оны бар адам Даурен А: Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз Той күні бір ­ бірден Аналарға сыйлаймыз. Сапарбай А: Аналарды сүйеміз Ақылын ойға түземіз Әжені де ардақтап Әдеппен бас иеміз. Наурызбай Ж: Құтты болсын анашым Құтты болсын мерекең Әр кез саған тілеймін Ұзақ өмір жолдарын Алтынхан Ж:  Айналайын, анашым Көкте күн боп жанасың Ет жүрегін елжіреп Құшағына аласың Жүргізуші: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8­наурыз  Халықаралық әйелдер меркесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде  де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан  сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі  ертеңгілігіміз сіздерге арналады.  Ән: «Ақ мамам» Жүргізуші:     Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын шашай Жүргізуші: Бөбегіңнің сыйлығын Қабыл алшы анашым Ұзақ өмір жүз жасап Ауырмашы анашым!  Балалар аналарға сыйлықтарын сыйлап, орындықтарына отырады. Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Ал, барлығымыз мерекеге дайын екенбіз, олай болса нені  күтеміз? Көңілді мерекемізді бастаймыз. Жүргізуші: Балалар, сендер меркені жақсы көресіңдер ме? Би: «Анашым» Балалар: Иә Жүргізуші: Олай болса балалар, аналарымыз әр мереке сайын үстелге не қояды? Балалар: Кәмпит Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар. Кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Ол  дастарханның сәнін келтіріп тұрады.  Әннің ырғағымен залға Кәмпит­Ханшайымы кіріп келеді Кәмпит­Ханшайымы: Мен тәттімін, тәттімін Балалардың сүйікті дәмімін Мерекенің сәнімін Дастарханның әрімін ­ Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен Кәмпит­Ханшайымымын.  Құрметті аналар сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Балалар  сендер өз өнерлеріңді, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер. Ол үшін менің  мына себеттегі сендерге арнайылап әкелген әртүрлі тапсырмаларымды орындаңдар.  Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды  үлестіремін.  Себеттегі тапсырмаларды тәрбиеші бір­бірден алып, оқиды. Жүргізуші: ­ Расында да, бізге тәтті Кәмпит­Ханшайымымы қонаққа келіпті.  Қараңдаршы, кәмпиттері қандай әдемі. Қане, балалар, тапсырмаларды орындап, өз  өнерлерімізді ортаға салайық.  1­кәмпиттегі  тапсырма: Кәне, кәне тұрайық Үлкен шеңбер құрайық Қызықтап біз бәріміз Ойын ойнап бастайық. Ойын: «Өз балаңды тауып ал» Жүргізуші: Жарайсыңдар,балалар. Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Олай  болса келесі тапсырманы қарап көрелік.  2­кәмпиттегі  тапсырма: Жасарады көктемде қазақ даласы Құлпырады қазақ баласы Еліміздің ер жігіттері Алдарыңа би шашады. Жүргізуші: Жарайсыңдар,балалар. Тапсырманы өте жақсы орындап аналарыңның  көңілдеріңнен шыққан сияқты.   Би: «Джентльмены» 3­кәмпиттегі  тапсырма:  Менің әжем  ­ ақ әжем Ұл мен қыздың бағы әжем Ертегі айтып бер десең Айтып бере тағы әжем Шуағы мол нұр әжем Аман­есен жүр әжем Телефонды алып бір бала ортаға шығады. ­ Еркежан: Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін сыйым  бар. Әжетай сені жақсы көремін.  «Қариясы бар үйдің­қазынасы бар»­демекші, келесі тапсырмамыз әжелер  туралы екен. Әпкем ­ әже баласы, Әжелерге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар. Әже деген көп шығар Әдемдей жоқ шығар Сапарбай Айасель:  Аналарды сүйеміз Мейірімді бұл кісі Қандай ғажап күлкісі            Ақылын ойға түйеміз  Әжені де ардақтап Әдеппен бас иеміз Әжелерімізді құттықтап, әсем әнді сыйлайық   Ән: «Әже» 4­кәмпиттегі  тапсырма:  Көктем келді бүгін Күнім төкті нұрын Түрлі­түсті әйбәт Гүлдер шықты жайнап. «Гүлдер» биін қабыл алыңыздар қымбатты қонақтар.  5­кәмпиттегі  тапсырма: Көмектесем анама Анамның ісі сонша көп Ойлап ылғи жүремін Қолқанаты болсам деп. Ойын: «Орамал тастамақ»  Жүргізуші:Жарайсыңдар,балалар.  6­кәмпиттегі  тапсырма: Таусылмайды өлеңі Күнде айтып береді Барған сайын бір жаққа Кәмпит алып келеді. Бізді еркелетіп кәмпиттің, құрт майын сақтап жүретін әжелерімізге ән  сыйлаймыз. 7­кәмпиттегі  тапсырма: Ән: «Әже» Ана тілің­арың бұл Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте,­демекші, орысша жаттауларды қабыл алыңыздар. Стихи на русском Досумбек А: Подарю тебе цветочки Ты посадишь их в горшок А на память от сыночка Пусть останется стишок Ближе бабушки чудесной  Нет подружки у меня  Мне с бабулей интересно Не прожить нам врозь ни дня!                              Ағылшынша ән Куаныш Е: Умывшись солнышко с утра Сверкает в вишине Улыбки дарят детвора Всем мамам и весне Карабаева З:  Мамочка любимая Праздник у тебя Будь же ты красива Счастлива всегда.  Избасова Р: Мамы, бабушки, и тети Вам душевной теплоты Вам сегодня не работать  Наготовить вкусноты Біздің топтың сұлу да сымбатты аруларымыздың сән көрсетілімін  тамашалайық. Қыздар шығып бір қатарға тұрады. Сән көрсетілімі Асет:С 8­марта поздравляю Наконец пришла зима Всем девчонкам пожелаю Счастья радости тепла. (девочкам дарят подарки) Жүргізуші: Көктем келсе табиғат құлпырады,  Жүректерге ғажайып сыр тұнады.  Гүлге толып айнала күн жарқырап  Жанарларда қуаныш нұр тұрады. Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап Ана дейді жас сәби де жарқылдап Ана деген – бәйтерегі өмірдің Ана деген –алтын қазық, алтын бақ. Әжелерімізді, аналарымызды мерекелерімен  құттықтай отыра, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.                                                             Сау болыңыздар!

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта

Сценарий утренника 8-марта
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.04.2018