«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану – сапалы білім негізі
Оценка 4.9
Лекции
docx
физика
Взрослым
05.04.2017
Қазір қоғам алдында тұрған өзекті мәселе әр жақты дамыған төл-мәдениетті шығармашылық, әлеуметтік білімді деген тұлға қалыптастыру.Оқушы қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін, ұстаздың өзі шығармашылды тұлға болуы тиіс. Ол үшін оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіріп, оны ғылыми негізде құру. Тұлғаны дамытудың қорғаушысы болу, яғни өз ісінің шебері болуы тиіс.Өйткені қазіргі қоғам талаптары әр педагогикалық шығармашылық-педагогикалық ойлаумен, жоғарғы деңгейдегі педагогтық шеберлігімен, нақты зерттеушілік батылдығымен, дамыған педагогикалық озық іс – тәжірибелерді саналы пайдалануға, өзін - өзі кәсіби тәрбиелеуге қажеттілігімен ерешеленетін педагогтарды айтуға болады. Жаңашыл озық ойлы кәсіби шебер мамандарды қажетсінеді.Қазір қоғам алдында тұрған өзекті мәселе әр жақты дамыған төл-мәдениетті шығармашылық, әлеуметтік білімді деген тұлға қалыптастыру.Оқушы қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін, ұстаздың өзі шығармашылды тұлға болуы тиіс. Ол үшін оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіріп, оны ғылыми негізде құру. Тұлғаны дамытудың қорғаушысы болу, яғни өз ісінің шебері болуы тиіс.Өйткені қазіргі қоғам талаптары әр педагогикалық шығармашылық-педагогикалық ойлаумен, жоғарғы деңгейдегі педагогтық шеберлігімен, нақты зерттеушілік батылдығымен, дамыған педагогикалық озық іс – тәжірибелерді саналы пайдалануға, өзін - өзі кәсіби тәрбиелеуге қажеттілігімен ерешеленетін педагогтарды айтуға болады. Жаңашыл озық ойлы кәсіби шебер мамандарды қажетсінеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын.docx
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану – сапалы білім негізі
Қазір қоғам алдында тұрған өзекті мәселе әр жақты дамыған төл
деген тұлға
әлеуметтік білімді
мәдениетті
шығармашылық,
қалыптастыру.Оқушы қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын
ұштай білу үшін, ұстаздың өзі шығармашылды тұлға болуы тиіс. Ол үшін
оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіріп, оны ғылыми негізде құру.
Тұлғаны дамытудың қорғаушысы болу, яғни өз ісінің шебері болуы
тиіс.Өйткені қазіргі қоғам талаптары әр педагогикалық шығармашылық
педагогикалық ойлаумен, жоғарғы деңгейдегі педагогтық шеберлігімен, нақты
зерттеушілік батылдығымен, дамыған педагогикалық озық іс – тәжірибелерді
саналы пайдалануға, өзін өзі кәсіби тәрбиелеуге қажеттілігімен ерешеленетін
педагогтарды айтуға болады. Жаңашыл озық ойлы кәсіби шебер мамандарды
қажетсінеді.Сондықтан ол заман талабынан қалмай ілесе дамып отыруы үшін,
ізденістолғаныс үстінде болады [25].
Оқытудың ең тиімді жолдары мен түрлері, тәсілдерін қарастыру, оны
іске асыру бірденбір өмір талабы болғандықтан жеке тұлғаны дамытуға
бағытталған RWST бағдарламасын пайдалану мұғалімнің жұмысын
жеңілдетері сөзсіз. RWST
ағылшын тілінен тура алмасқанда «сын
тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау
жобасы ерекше, өйткені – ол ұзақ мерзімді, бір мезгілде әртүрлі 24 және
Орталық пен Шығыс Европа мен Орта Азиядағы көпұлтты мектептерін қайта
құру үшін қолданылған жоба. Жобаның оқу жоспары мен бағдарламасы
Америка ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл
жасады. Бұл жоба әлемнің түкпір – түкпіріндегі ЖОО оқытушыларымен бірге
барлық деңгейдегі мұғалімдерді мектептерде елеулі өзгерістер енгізуді талдау
және жүзеге асыру үшін біріктірді. RWST көңіл бөлуге тұрарлықтай, өйткені
жобаның негізінде жатқан өзгеріс үлгісі түрлі мәдениеттер мен контекстер
ішіндегі мыңдаған кластардағы шынайы және ұзақ елеулі өзгерістің ерекше қозғаушы күші ретінде дәлелденіп отыр. Көптеген мектептерде өзгерістің
тиімді үлгісінің жоқтығынан олар алға жылжи алмай келгенде RWST жобасы
мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың ролін өз тәжірибелерінде
танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді.
Қазақстандағы RWST жобасы 1997 жылдардың басында бастау алды.
Сол кезден бері жоба гүлденіп, Соростың Ашық қоғамдық институты мен
Халықаралық оқу Ассоциациясының үш жылдық гранты арқылы, Американың
халықаралық дамудағы көмегі, Шелл және Шеврон мұнай компаниялары
бөлген гранттар арқылы өрісін кеңейтті. Қазақстандағы RWST жобасы бүкіл
елде болып жатқан әлеуметтік және экономикалық өзгерістермен сай келіп
жатады. RWST мұғалімдері кластағы ашық талқылаулар мен сын тұрғысынан
ойлауды және білім берудің ең жақсы тәжірибесін өткізу арқылы мектеп
қауымдастығына неғұрылым демократияшыл болуларына көмектеседі.Әрине,
Қазақстан дамуының болашақтағы қысқа және ұзақ мерзімді маңызды іс –
шаралары қарапайым халық ойының елдің саяси және әлеуметтік
мақсаттарына ықпал ететіндей болуына байланысты болып отырса, RWST
жобасы осы талпынысқа өз үлесін қосуда.
Мектепке енгізілетін өзгеріс орасан зор адамдар ресурсын және уақытты
қажет етеді. Ол мектептің алдына ұзақ мерзімдік міндет қояды. Демек,
сыныптағы немесе бүкіл мектеп деңгейіндегі өзгерістің табысқа жетуі сол
аудан немесе мектеп ішінен күш жұмылдырылғанда ғана іске асады. Мектеп
құрылмына кері әсер етіп, мектеп мәдениетіне еш тиіспестен енгізілген
өзгерістің табысты болуы өте сирек кездеседі. Мектептегі өзгеріс еш
шығынсыз болмайды және ол оқыту процесіндегі мұғалімнің жетекшілігін
жоғалту құны мен кәсіби дамуына да кері әсерін тигізеді [26].
RWST алты түрлі негізгі сенімнен тұрады:
1. Бүкіл өзгеріс процесінде оқытушының өзіндік билігі болуы керек және
өзгеріс мектеп директоры мен университет қызметкерлері, оқушылар
мен ата – аналар қатыса отырып, бірлесе істелеиін процесс болуы керек. 2. Өзгеріс сыныптағы мұғалім мен оқушы арасындағы және оқушылардың
өздерінің арасындағы қарымқатынас манифесі болып табылады.
3. Өзгеріс процесі жүйелі, әрі жақсы ұйымдастырылған, теория жүзінде
дәлелденетіндей, әрі қолданбалы және ыңғайлы болуы керек.
4. Әрине, өзгеріс процесі тәуекелшілдікке тартатын болғандықтан, оған
қатысатын мұғалімдер де тәуекел етеді:
А) кәсіби, өздерінің алғашқы алған кәсіби білідерінің шеңберінен шыға
отырып;
ә) әлеуметтік жағынан, мектеп мәдениетті және мұғалімдердің
оқушылармен қатыстарының екеуінен де жаңашылдықты күту.
Б) эмоционалдық жағынан, үйретуге жаңа, таныс емес әдістәсілдерді
қолдануда кездесетін сәтсіздіктерге тәуекел ету.Демек, өзгеру
процесіне қатысқан мұғалімдер өздерінің әріптестерімен бірге жұмыс
істейді және тұрақты түрде формальді қолдануға ие болып отырулары
керек.
5. Өзгеріс процесіне елеулі уақыт бөлінуі керек.Уақыт үлгілерді құру мен
оларды нәтижелі түрде іске асыру үшін, тәжірибесін дамытып және
ықпалын өлшеу үшін қажет болады.
6. Егер процесс бірлесіп жүрмесе, атқару, мазмұн және нәтиже толықтай
орнамайды. Оған жету үшін соңғы нәтиже мен қадамдар тікелей сол
өзгеріс процесі арқылы өзгеріске ұшыраған көрініске жауап беру үшін
өте икемді болуы керек.
Осындай негізгі сенімдер мектеп мәдениетінің маңыздылығы мен күшін
және өзгеріске түскен түрлі мәдени контекстерді құрметтеуді көздеген.
Қысқаша айтқанда, RWST өзінің көпұлтты негізіне көңіл бөліп, мәдени
ұқсастықтар мен әртүрліліктерді мектептегі өзгеріске енгізе алатын жоспарды
дамыту үшін осындай бай мазмұнды негізде жұмыс жасай бастады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасының стратегияларын
пайдаланып сабақ өткізу мұғалім мен оқушыларға үлкен көмек болады. «Сын
тұрғысынан ойлау» жүйесінің стратегияларымен жұмыс істеген оқушылардың
табысы:
1. сабақты түрлендіре біледі;
2. оқушылар арасында еркін сөйлейді;
3. өзіне деген сенімділік;
4. пікірталас жүргізе білу;
5. өз ойын жинақтай білу;
6. сабақта белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істей білуінен
көрінеді.
Сабақта оқушылар өз мүмкіндігіне қарай жоба жасай отырып, басқа
оқушыларды ынталандыруға үйретеді. Ол өзінөзі ұйымдастыруына, сабақты
мақсатты түрде құруға және шығармашылықпен еркін жұмыс істей білуге
дағдыландырады [5].
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану – сапалы білім негізі
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану – сапалы білім негізі
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану – сапалы білім негізі
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану – сапалы білім негізі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.