Сынып сағаты, 2 сынып. Тақырыбы: "Өзіңді танысаң - істің басы"
Оценка 4.8

Сынып сағаты, 2 сынып. Тақырыбы: "Өзіңді танысаң - істің басы"

Оценка 4.8
Разработки уроков
doc
классное руководство
2 кл
21.01.2018
Сынып сағаты, 2 сынып. Тақырыбы: "Өзіңді танысаң - істің басы"
Осы сынып сағаты арқылы оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қаншалықты қалыптасқанын анықтауға болады. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыруға болады. Тек өзің- өзі тани алатын бала - өзгелерді де жақсы таниды.
өзіңді өзің танысаң.doc
Касимова Р.Б. Бастауыш сынып мұғалімі Бидайық орта мектебі Уәлиханов ауданы СҚО Тақырыбы : «Өзіңді­өзің танысаң – істің басы»  Мақсаты : Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, оны күнделікті өмірде                      қолдануды әдетке айналдыруға.   Көрнекілігі:  маркер, ақ қағаздар.  Сабақтың барысы:      І.Ұйымдастыру    ІІ. Кіріспе    Бөлмедегі орындықтарды дөңгелете қойып, оқушыларға арналған түсті қағаздар  таратылады. Оқушылар сабақтың мақсатымен, ережелерімен таныстырады.    Дәл бүгінгі күні біз бәріміз білімді болып, биікке  көтеріліп ортамызға жағымды  жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол адам ең алдымен,өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар соны түсініп алу керек.  Жақсылық пен жамандықты айыра білу керек, өзінің  бар қабілеттерін жетілдіріп  және өзіндегі кемшілікерін түзете білуге тиіс.  ІІІ.Негізгі бөлім  1­ жаттығу. «Бір күнгі танысына, қырық күн сәлем»дегендей, біз бүгін бір­бірімізбен дәстүрден  тыс амандасудан түрлерін  көрсетейік. 1. бір­бірімен  өздері тапқан әдісімен амандасады ­ сәлемдесу кезінде қандай сезімде болдың? ­ отбасы мүшелерімен қалай сәлемдесесің? 2­ жаттығу. «Мен қандаймын?»      Кез келген нәрсенің оң ­ теріс тұстары болады. Жағымсыз қасиеттер арқылы  жақсы қасиеттерді бағалаймыз.  Біреудің  бойындағы қасиеттерін айту үшін адам  әуелі өзін тану керек. Сондықтан парақта берілген күннің әр сәулесіне өз  бойыңыздағы жағымды  қасиеттеріңізді жазу керек.  3 –жаттығу. «Автордың орындығы»      Оқушылардың біреуі ортадағы орындыққа отырады. Қалғандары оны  сипаттайды. Мақсаты: оқушының өз ойы  сыныптастырының ойымен қаншалықты  сәйкес болады. ­ Мінез туралы мақал –мәтел айту. ІҮ. «Өзіңді білесің бе?» психологиялық тест. Бұл психологилық тест сіздердің жаңа ғана өздеріңіз туралы берген  ойларыңыздың дұрыс, бұрыстығын анықтау мақсатында алынады. Адам қатты  толқығанда мидың жетекші бөлігі орын ауыстырып, өзгеріске түсуі мүмкін  екеендігін ескерген жөн. Әрбір нұсқаудан кейін оң мен сол қолдың жетекші болып  табылатыны анықталады. Оң қолға «О», сол қолға «С» белгілерін қойып өздеріңізге  тән формулаларды анықтап аласыз.Әр формула бойынша жеке­жеке оқылып  беріледі. Нұсқау: 1. Қолыңның саусақтарын айқастыр, сіз бір саусақтың ұдайы үстінде тұратынын  аңғарасыз.(оң немесе сол). «оң саусақ­ аналитикалық ойлауы басым. Сол саусақ – тым әсерлегіш, ойлауы  басым» 2. бір нысананы таңдап, оны қарандаш немесе қаламмен көздеп көр. «оң көз – сенің мінезің бірбеткей табанды. Сол көз – мінезі жұсақ және көнгіш.» 3.Қолдаңды кеуде тұстарыңды айқастырыңдар. «оң қол үстінде тұрса – сен қарапайы ақкөңілсің, сол қол үстінде тұрса – назды » 4. қолыңды шапалақта. « оң қол ыңғайлы болса –саған батылдық тән. сол қол ыңғайлы болса – сен шешім  қабылдар алдында жиі  қобалжисыз» Әрбір нұсқаудан кейін оң, сол қолдың жетекші болып табылатынын білдіңіз. Ү. Ситуациялық сұрақтар Берілген сұрақтарға рольге ойнауға немесе өз пікірін ортаға салуға болады. ҮІ. Қорытынды.

Сынып сағаты, 2 сынып. Тақырыбы: "Өзіңді танысаң - істің басы"

Сынып сағаты, 2 сынып. Тақырыбы: "Өзіңді танысаң - істің басы"

Сынып сағаты, 2 сынып. Тақырыбы: "Өзіңді танысаң - істің басы"

Сынып сағаты, 2 сынып. Тақырыбы: "Өзіңді танысаң - істің басы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2018