«Өзiн өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп: Талдықорған қаласы А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектеп
Мерзiмі: 07. 10. 16 №: 7
Мұғалім: Қалықбекова Самал Ертанатқызы
Сынып: 5
Тақырып: Жақсылықпен жаным дос
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: ынтымақтастық, адалдық, тәртіптілік.
Мақсаты: оқушыларға жақсылық жасаудың адам өміріндегі
маңыздылығын ұғындыра отырып,
дұрыс әрекет
құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Оқушылардың бір – біріне жанашырлықпен көмектесу
арқылы, ынтымақтастық қасиеті туралы білімдерін кеңейту;
Оқушыларды жақсылық жасауға баулу арқылы, адалдық
қасиетін дамыту;
Оқушыларды адалдыққа, тәртіптілікке, ынтымақтастыққа,
тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» қайталау.
Тыныштық сәті:
Ресурстар:
(құралдар,
аудио
кассета
Слайдтар,
плакаттар,
мәлiметтер)
Сабақ
барысын
талдау:
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар.
Аяққолыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге
немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп
кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында
гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып
келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе
түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы
ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр
аяқтарыңызға тарады, Ол сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.
Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.
Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы
сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті,
көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.
Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі,
сәулелі ой келеді. Осы нұрды туысқандарыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.
Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да
бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл
әлемге: барлық адамдарға, жанжануарларға, өсімдіктерге,
барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір
түкпіріне нұрды бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен
нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын » Осындай Нұр,
Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы
нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем
сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз!
Жәймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 27 бетінде берілген Жақсылыққа жақсылық
ертегісін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Сырқат ана баласына қандай өтініш жасады?
2. Бала анасының өтінішін қалай орындады?
3. Баланың өзгеруіне не әсер етті?
4. Бала өмірден алған сабақтарынан қандай қорытынды
жасады?
5. Осы ертегі қай құндылыққа сәйкес? Неліктен?
6. Басқалардың өздеріңе жасаған жақсылықтары туралы
не айтар едіңдер?
Дәйексөз.
Жақсылық істеуден жалықпа,
Істеген жақсылығыңа өкінбе! Дәйексөзді қыздар оқиды, ұлдар оқиды.
Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?
Кабуснамадан
Мәтінмен жұмыс.
Өмір жаңғырығы
аңызәңгіме
Сұрақтар:
1. Ғаниды қандай жағдай таң қалдырды?
2. Әкесі ұлына жаңғырықтың сырын немен байланыстырып
түсіндірді?
3. Ғанидың әкесінің бойынан қандай құндылықтарды
байқадыңдар?
4. Адам өмірде тек жақсылықты көру үшін оның бойында
қандай қасиеттер болуы керек?
5. Өздеріңнің өмірлеріңде осындай үлгі өнеге
алатын,адамдар бар ма? Әңгімелеп беріңдер.
«Жаныңда жүр жақсы адам!» бейне баян көрсетіледі.
Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
Оқушыларға түрлітүсті қағаздағы гүлдер таратып сол
қағаздың түстеріне қарай 3 топқа бөлінеді.
1Топ: Басқалардың өздеріңе жасаған жақсылықтар туралы
шағын әңгіме құрастырыңдар.
2 топ: Өлеңді жақсылық тақырыбы мен толықтап өз
ойларыңды жалғастырып жазыңдар.
Жақсылықтан үйреніп,
......................................
жамандықтан жиреніп,
.......................................
3 топ: Жақсылық жасаудың көріністерін сурет салу арқылы
көрсетіңіздер. Топпен ән айту.
Бала тілегі
Әні: Ф.Жолдасова
Сөзі: Сержан Молдасанұлы
Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 32 бетіндегі жақсы мен жаман адамның
қасиеттері деген С. Аронұлының өлеңін оқып келу.
Дәптермен жұмыста берілген 1 тапсырманы орындап келу.
Соңғы тыныштық сәтi.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді
жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Сабақ аяқталды сау
болыңыздар!
Сынып сағаты : " Ана тілің – арың бұл" , 6 сынып
Сынып сағаты : " Ана тілің – арың бұл" , 6 сынып
Сынып сағаты : " Ана тілің – арың бұл" , 6 сынып
Сынып сағаты : " Ана тілің – арың бұл" , 6 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.