Сынып сағаты. Тақырыбы: "Спорттық жарыс" 1 сынып
Оценка 5

Сынып сағаты. Тақырыбы: "Спорттық жарыс" 1 сынып

Оценка 5
Игры +1
docx
воспитательная работа
1 кл—4 кл
29.01.2017
Сынып сағаты. Тақырыбы:  "Спорттық жарыс" 1 сынып
Сынып сағаты бастауыш сынып оқушылары мен ата - аналары арасында ұйымдастырылған "Толағай" отбасылық сайыс. Сайыс бірнеше 9 кезеңнен тұрады. Спорттық жарыс оқушылар мен ата - аналардың арасындағы қарым - қатынас, ұйымшылдық, достық, ептілік, шапшаңдық, төзімділік қабілеттерін шыңдауға баулиды. Оқушылар белсене қатысады.Отбасы мен оқушылар қатысатын спорттық жарыс.
отбасы.docx
Тақырыбы:  Спорттық жарыс  Мақсаты:  а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. ә) Күш­қуат пен секірігіштікті дамыту. б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу. 3  «Б» флешмоб             Құрметті балалар,ата­аналар қонақтар! . Салауатты өмір сүру өз  қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты  ұйымдастырып отырмыз. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін  көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай  қуаныш. Біз мұндай отбасыларына сәт сапар тілейміз! Сайысқа қатынасатын ата­аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап алуы  сұралады.  Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін. 1.Сайысқа қатысушылармен жеке­жеке таныстыру. 1. 1 сынып  2.  2 сынып 3. 3 сынып  4. 4 сынып 2. «Кім жылдам?» ойыны. 3. «Қаппен секіру» ойыны. 4.«Кенгуру» ойыны.  5.«Ептілік сайысы» 6. «Көпірден өту» 7.«Мергендер» сайысы. 8. «Жұмыртқаны түсірме» сайысы. 9. «Арқан тарту» сайысы.    «Кім жылдам?» ойыны. Ойынның шарты. Екі отбасының алдында төрт құрсау қатар қойылған, топ басының қолында  көкөніс салынған.4 себет. Сол топтағы сайыскерлер көкөністерді жолда  жинап алуы керек. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол отбасы  жеңген болып есептеледі. Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың.  «Қаппен секіру» ойыны. Ойынның шарты. Жарыстатын екі топты сайыскері мәреге келіп тұрады. Бірінші адамның  аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге  береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.  «Кенгуру» ойыны.  Ойынның шарты: Әрбір ойыншы беліне қалта байлап алып, үлкен доппен  кенгуруша кедергілер арасымен секіріп,жердегі қызыл,сары,жасыл түсті  шарларды өздеріне берілген түстерді жинау керек. «Ептілік сайысы» Шарты: Шелектегі суды ожаумен тасу  «Көпірден өту» (Тақтайша арқылы жер баспай жүріп келу) «Мергендер» сайысы. Шарты: Допты екі аяқтың арасына қысып, түсірмей кедергілер арасымен  өтеді, ілініп тұрған шарды жарып қайта келеді. «Жұмыртқаны түсірме» сайысы. Шарты: Кедергілер арасымен қасықтағы жұмыртқаны түсірмей өтіп, қайта  келеді. Бірінші келген топ жеңімпаз. «Арқан тарту» сайысы. Шарты: Екі топқа бөлініп, арқан тартамыз, белгіленген жерге дейін  арқанды  тарту керек. Отбасылардың өнеріне тәнті болып отырған әділ­қазы мүшелері  ұпайларыңызды көрсетіңіздер! Қорытынды: – Ендеше, осы денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де  білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау  рәсіміне көшейік. Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі). Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды.  Салауатты өмір салтын қолдаймыз, Жамандықтан жанымызды қорғаймыз. Денсаулықты жанымызға серік қып Болашаққа аманат қып жолдаймыз. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп­көп рахмет!.

Сынып сағаты. Тақырыбы: "Спорттық жарыс" 1 сынып

Сынып сағаты. Тақырыбы:  "Спорттық жарыс" 1 сынып

Сынып сағаты. Тақырыбы: "Спорттық жарыс" 1 сынып

Сынып сағаты. Тақырыбы:  "Спорттық жарыс" 1 сынып

Сынып сағаты. Тақырыбы: "Спорттық жарыс" 1 сынып

Сынып сағаты. Тақырыбы:  "Спорттық жарыс" 1 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.01.2017