Жырын тыңда Дулаттың» деп ақын жырлағандай бүгінгі біздің
патриоттық кешіміз ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі - ақын, ойшыл - Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналады. «Бір ел, бір кітап» республикалық бойынша зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз - Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы жыл бойы оқылатын болады. Сабақтың мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықласын көтеру.Дулат ақын өз заманының айнасы ғана емес, сол заман тудырған халық зарының түп себебін танытқан ойшыл. Елінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық келбеті, халқының ішкі жан-дүниесінің отаршылдар табанының астына тапталуы оның жанына батады. «Еспенбет» дастаның басты тақырыбы - туған жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың ерлігі.
Д.Бабатайұлы әзірлеме.docx
Сынып сағатының тақырыбы:. «Бір ел, бір кітап» республикалық
акциясы бойынша ол қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі суырып салма
ақын, ойшыл, талантты тұлға Дулат Бабатайұлының шығармашылығын
кеңірек насихаттау.
Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Дулат
Бабатайұлының өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан жақты
деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру,
шығармашылыққа шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл
байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу
шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқырмандардың тіл шеберлігін, дүниетанымдық көзқарасын
арттыру, туған жерінің ел жанды азаматы болуға, имандылыққа,
парасаттылыққа отансүйгіштікке тәрбиелеу.
1.Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және де оқушылар.
Бүгінгі біздің ашық сынып сағатымызға қош келіпсіздер, бүгінгі біздің
ашық сабағымыздың тақырыбы Дулат Бабатайұлы. Ол қазақ әдебиетінің аса
көрнекті өкілі суырып салма ақын, ойшыл, талантты тұлға.
2. Жүргізуші
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманның суық суындай
Кеудеме қайғы толған соң
Тынық сумен жуынам
Сорғалаған нөсердей,
Жырын тыңда Дулаттың» деп ақын жырлағандай бүгінгі біздің
патриоттық кешіміз ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі
ақын, ойшыл Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналады. «Бір ел,
бір кітап» республикалық бойынша зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы жыл бойы
оқылатын болады. Сабақтың мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік
деген туындыны оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықласын көтеру.
Дулат ақын туралы бейнероликті тамашалайық.
1 Жүргізуші
Дулат ақын бұрынғы Семей облысы Аякөз ауданының Қызылжолда деген
атамекенде 1802 жылы дүниеге келген. Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын
болған. Ол өзінің толғау жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп,
өз заманының шындығын көрсекткен. Ақын жырлары 1880 жылы Қазан
қаласында «Өсиетнама» деген атпен кітап болып басылып шығып, жинаққа
ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саясиәлеуметтік өмірің шыншылдық пен
жырлаған ойтолғаныстары енген. ОлПатшалық Ресейдің қазақ өлкесін
күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңды өз көзімен көріп, соған
барынша наразылық білдірген. Отарлау саясатының қазақ елін талантаражға
салу әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.
Енді ақынның «Осындай заман кез болды» жырын тыңдайық.
1 оқушы. Асылайым п.12
«Елің түсті езгіге,
Жол бермей дұрыс сөздіге,
Көр соқыр бермей тізгінін
Көкірегі көздіге:
2. жүргізуші ; Ақын жастайынан теңсіздік пен әділетсіздік зардабын көзімен
көріп, жанымен сезінген. Сол қиындықтарға қарамастан өнер жолын
жастайынан қуып өсті.Жастарға үлгіөнеге берерлік, тәрбиелік маңызы зор
өлеңдері, көптеген нақыл сөздері мен өсиеттері тәлім –тәрбиеге толы.
1. жүргізуші Ендігі кезекті Дулат Бабатайұлының «Тегімді менің сұрасаң»
деген өлеңін тыңдайық.
Тегімді менің сұрасаң,
Қалың Найман руынан.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан. Сырымды менің сұрасаң,
Тыманың тынық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам. Оқушы. Маниса п.12
1. жүргізуші
Дулат ақын өз заманының айнасы ғана емес, сол заман тудырған халық
зарының түп себебін танытқан ойшыл. Елінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық
келбеті, халқының ішкі жандүниесінің отаршылдар табанының астына
тапталуы оның жанына батады. «Еспенбет» дастаның басты тақырыбы туған
жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың ерлігі.Бұл дастанда
халықтың көзін ашу, заманмен аяқты тең басуды, ақиқат үшін.күрескер болған
Еспенбет батыр тұлғасындағы жақсылық, ізгілікті, айқын суреттеген.
Жатсатұрса, Еспембет
Тұлпар мінсем деуші еді,
Қару сайман асынып,
Шепті бұзсам деуші еді
Іш құса болып асығып,
Туған елін ойласа,
Қалатын жасып, басылып
Өлеөлгенше ел болды
Еспенбеттің арманы.
Өзімен бірге жасады
Астындағы тарланы.
Бәрін айт та,бірін айт,
Еспенбеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда? Еспенбет» дастанынан үзінді 1 Сергей п.12 2 нұр Ақын жырлары отарлық езгіні жеткізе әшкерлеп, ұлт бостандығы, ұлт
мәдениеті, ұлт тәрбиесі мен рухани жан тазалығы жолында көркем сөз
өнеріне өшпес із қалдырған.
Қазақ үшін ауыр кезеңдерде теңдік үшін, азаттық үшін елін біріктіруге
үн қосқан.
4 оқушы
1.Жүргізуші
"Айтқызбасымды айтқыздың"
Менің атым – Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, өлеңді ауызша да
жазбашада шығарған Дулат жырау қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан
байыта түсті. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991
жылы жарық көрді. Ақынның “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа,
Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан
“Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдері енді
Шығармашылын зер салып, зерттеген Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі,
Мемлекттің сыйлықтың лауреаты Р. Сыздықова «ДулатАбайдың алдында
өткен қазақ зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол мәденирухани
дүниемізден өз орын, үлке орын алуға тиіс ақын» деп баға берген.
Экранда Д.Бабатайұлының жастарға арналған өсиетіне назар
аударайық.
2.Жүргізуші
Ақын –«Сауыр жерден айрылып» жырында туған өлкесінің сұлу
табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейді. Елін, жерін
жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау тек
шындықты, шынайы сезімді бейнелейді. Оның туған жер туралы
толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда. Тауды екіге жарасың
Тасты қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді, «Сауыр жерден айрылып» Ақниет
Ендігі кезекте оқушылардан сұрақ жауап алсақ.
Шаншулы найза ілулі,
Әшекейлі дөдеде.
Айбарлы ақ ордада «Сүлейменге» жолдауын» .Бағлан
1. жүргізуші
Сөз соңында айтарымыз, тарихсыз халық болмайды. Тарих өз бетімен
жасалмайды, тарихты қазағым деп күңіреніп өткен, қаламын найза, тілін
қылыш қылып күресіп өткен Дулат сияқты тума таланттар жасайды. Қазақ
әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлы мұрасын танып білу, ақын
жырлары оқу арқылы ұрпақ санасына ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін
оята отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Дулат ақын ұлт
азаттығын, тәуелсіздікті жырлаған Д.Бабатайұлының шығармашылығына
арналған патриоттық кешімізді осымен аяқталды. Өзі өлсе де, артына өшпес
мұра қалдырған ақын шығармашылығы ұрпаққа үлгіөнеге. Сөз кезегі
кітапханашыға беріледі. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Павлодар технологиялық колледжі
Сынып сағатының тақырыбы: «Бір ел, бір кітап» республикалық
акциясы бойынша ол қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі суырып салма
ақын, ойшыл, талантты тұлға Дулат Бабатайұлының
шығармашылығын кеңірек насихаттау.
Топтары: П33, П12
Топ жетекшісі: Сейткалиева. М.С. Павлодар,2016 ж.
Сынып сағатының тақырыбы:. «Бір ел, бір кітап»
Сынып сағатының тақырыбы:. «Бір ел, бір кітап»
Сынып сағатының тақырыбы:. «Бір ел, бір кітап»
Сынып сағатының тақырыбы:. «Бір ел, бір кітап»
Сынып сағатының тақырыбы:. «Бір ел, бір кітап»
Сынып сағатының тақырыбы:. «Бір ел, бір кітап»
Сынып сағатының тақырыбы:. «Бір ел, бір кітап»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.