Табиғат ғажайыптары
Оценка 5

Табиғат ғажайыптары

Оценка 5
Руководства для учителя
doc
биология
6 кл—7 кл
12.04.2018
Табиғат ғажайыптары
биология пәні бойынша оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында құрылып, ұсынылып отырған материал. әсіресе алтыншы, жетінші сынып оқушыларына өте қызықты мәліметтер көп кездеседі. кейбір тапсырмалар мен тесттерде кездесетін сұрақтар жауабын да табуға болады. материалдың тиімділігі мен қызығушылықты ояту мақсаты бирбиология 6-7 сынып
БИОЛОГИЯ табиғат ғажайыптары.doc
ТАБИҒАТ ҒАЖАЙЫПТАРЫ Жыландар Жыландар «ұша» біле ме? Жыландардың ішінде ағашқа өрмелей алатындары да, сусыған құм үстінде жылдам жорғалайтындары да бар. Ал бір ағаштың басынан екінші ағашқа атылып «ұша» алатын жыланды білесің бе?  Ол  Оңтүстік  Шығыс  Азияның  ну  ормандарында   өмір сүреді. Бұл жыланның денесінің ұзындығы 1,2 ­1,5 метр шамасында   болады.   Сонысына   қарамай   ол   бір   ағаштан екінші   ағашқа   «секіріп»   өте   алады.   Сонымен   қатар,   15 метрлік биіктіктен жерге секіріп түсе алатын да қабілеті бар.   Улы   жыландар   қатарына   жатқанымен,   оның   уы басқаларға   қарағанда   әлсіз   келеді.   Көбінесе   ұсақ кесірткелермен, бақа және ірі жәндіктермен қоректенеді. Алып жылан – анаконда. Әлемдегі   ең   үлкен   жылан   –   анаконда.     Ол   Оңтүстік американың барылқ троптиктік ормандарын, Ориноко мен Амазонка өзендерін мекендеді. Оның орташа ұзындығы 5­ 6   метр   шамасында   болады.   Бірақ   кейде   10     метрлік алыптары   да   кездесіп   қалады.   Шығыс   Колумбиядан анаконданың 11 метр 43 сантиметрлік болатын үлкені де табылған.  Анаконданың түсі жасыл­сұр болады. Үстіне күңгірт­ бурыл   дақтар   шахмат   үлгісінде   түскен,   бүйірінде қатарласа орналасқан ашық түсті сызықтар бар. Осындай түс оны орман немесе су өсімдіктері арасында жасырып ұстайды.   Суда   өте   жақсы   жүзіп,   керемет   сүңги   алады. Жағадан   алысқа   ұзап   кете   бермейді,   су   ішуге   келген сүтқоректілермен,  құстармен   қоректенеді.  Анаконданың 1 ерекшелігі өзінен екі­үш есе жуан келетін жемтікті жұтып жібере алады. Улы жыландар Улы жыландардың арасындағы ең үлкені –  Үндіқытай, Үндістан   және   Оқтүстік­Шығыс   Азия   аймағын мекендейтін  –  кобра.  Оның  4­5  м,  кейде   одан   да   асып түседі.  Ал ең улы, уы өте қауіпті жылан – жолобарыс жолақты жылан.   Ұзындығы   небәрі   2   м   ғана   болатын   бұл   жылан Австралия,   Тасмания   аралы   және   Жаңа   Гвинеяны мекендейді.   Уы   өте   күшті   ретінде   танымал   болған. Шаққан   жемтігінің   тынысы   тарылып,   жүйке   жүйесі зақымдалады да, бірден өледі. Кішігірім жануарлар бұл жылан   уынан   бірненеше   секунд   ішінде­ақ   тіршілігін тоқтатады екен. Тағы   бір   аса   улы   жылан   да   Орталық   Австралия жеріндегі шөл даланы мекендейді. Жергілікті халық оған «қатыгез» деп ат қойған. Бір шаққандағы уы шамамен 100 ересек   адамды   өлтіреді   екен.   Жыланның   ұзындығы   1,9 метрге дейін жетеді. Жыланның неше түрі бар?   Көпшілігі   ыстық, Жер   бетінде   жыландардың   2,5   мыңнан   астам   түрі кездеседі. Олар барлық жерде дерлік тіршілік ете біледі. Тек қана Антарктида мен кейбір аралдарда ғана болмауы мүмкін.   орманды аймақтарды   мекендейді.   Алайда   поляр   шеңберінің   әр жағында да кездесетін түрлері бар.   тропиктік, Жыландардың   қандай   түрі   жоқ   десеңізші?!   Кейбіреуі мүлдем   көз   көрмейтін   жердің   қыртысында   өмір   сүрсе, кейбірі   суды   мекендейді.   Су   жыландары,   әсіресе,   Үнді 2 және Тынық мұхиты маңындағы тропиктік теңіздерде көп болады.   Кейбіреулері   дала   мен   шөлде,   кейбірі   тау   мен ормандарда   өмір   сүреді.   Тіпті,   кішігірім   өзендер   мен көлдерде де жүретін жыландар бар.  Кобралар расында музыкаға «билей» ала ма? Жыландардың есту қабілеті мүлде жоқ болғандықтан, сыбызғы дыбысын ести алмайды. Олар тек жер арқылы келетін дірілді немесе дүмпуді ғана сезеді. Сондықтан да сыбызғы   ойнаған   жылан   арбаушылар   аяқтарымен білдірмей жерді соғып тұрады. Жер арқылы келген қауіп дабылына   жылан   қорғану   үшін   дайындала   бастайды. Кобра   қашанда   көз   алдында   болып   жатқан   оқиғаны назарында   ұстайды.   Осындайда   арбаушы   тағы   да   бір «сиқыр»   жасайды.   Қауіптен   қорғанып   тұрған   жылан жаймен   екі   жағына   тербеліп   тұрады,   жыланмен   бірге арбаушы да сыбызғысын қозғалтып отырады. Жылан қандай аңдардан қорқады? Жыландардың   жауы   өте   көп.   Мангуст,   жайра,   кірпі, борсық,   койот   сияқты   жануарлар   жыландар   үшін   аса қауіпті.   Бұлар   жолында   кездесе   қалса,   жыландар   тез қашып немесе жасырынып қалуға тырысады.  Жыландарды   көбіне   аулайтын   –   мангусттар. Мангусттың   ағзасында   жылан   уына   қарсы   тұратын қорғаныс қабілеті жоқ болғанымен, есесіне оның қалың терісі мен жүнінен жылан шаға алмайды.  Ал   кірпінің   инелері   жылан   үшін   аса   қауіпті.   Жылан шақпақшы болғанда, кірпі инелерімен қорғанып, жиырыла қалады   да,   қайта­қайта   шабуылдаған   жыланға   инелер кіріп, оны әлсіретіп тастайды. Жылан әлсіреген соң, кірпі оған шабуыл жасап, оны ақыры өлтіреді. 3 Кейбір құстар да жыландарға өш. Мәселен, африкалық хатшықұстар  жылан шағып  үлгермей жатып, оның тісін бойына   дарытпай,   өткір   тұмсығымен   шоқып,   ұзын тырнақты аяқтарымен таптап тастайды. Кейде бүркіттер мен сұңқарлар да жыландарға қауіп төндіреді. Жылан жайында қызықты деректер Жылан көзін жұмбайды, көру қабілеті де әлсіз, себебі оның   көізн   жұқа,   түссіз   қабық   қаптап   тұр.   Оның қозғалмалы қабығы да жоқ, сондықтан ол көзін жұмбай ашық қалпында ұстайды. Осы себептерден оның көзі аса суық   көрінеді.   Теледидардан   немесе   табиғат   аясында көрген   болсаң,   оның   көзі   ашық   тұратынын   байқаған   да шығарсың.  Жыландарда   мүлде   есту   қабілеті   жоқ.   Бірақ   жылан көрмей,   естімей­ақ,   өзінің   жемтігін   арнайы   мүшесі термолокатормен   сезе   алады.   Бұл   мүше   оның   басында кішкене   шұңқыр   тәрізді   орналасады.   Сол   арқылы   ол жемтігінің дене жылуын сезіне алады. Жыландарды көргенде, оның ең бірінші көзге түсетіні – оның айыр тілі. Ал оның қандай қызметі барын білесің бе? Ол   тілімен   шақпайды,   тіл   жылан   үшін   сезу   мүшесінің қызметін   атқарады.   Барлық   денесі   қатты   қабыршақпен қапталғандықтан,   жылан   денесімен   сезе   білмейді. Сондықтан оның орнына тілін қолданады.  Құстар Аққу Әлемде   оның   6   түрі   бар.   Біздің   жерімізде   екі   түрі кездеседі,   олар:   сыбырлақ   және   сұңқылдақ.   Сұңқылдақ аққу   Қазақстанға   ақпанның   аяғында   келіп,   қазанның аяғына   дейін   болады.   Ал   сыбырлақ   аққу   көктемде 4 кешірек келіп, күзде ерте ұшып кетеді. Салмақтары10­13 келі   арасында,   қоректері   –  су   өсімдіктері   және   судағы омыртқасыз жәндіктер. 3­7 жұмыртқа туып, 35­40 күнде балапан басып шығарады.  Аққумен қатар жер бетінде қарақулар да бар. Олардың отаны – Аустралия.   Кезінде хандар мен сұлтандар оны сарайларында сәндік үшін ұстаған.  Аққуды   қазақ   халқы   киелі   санайды.   Оны   атпайды, ауламайды.  Балықшы құс – зымыран Балық аулауға ең шебер құс – зымыран. Зымыранның жер   бетінде   87   түрі   бар.   Біздің   елімізде   кездесетін зымыран   –   әсем   құс.   Оның   мамық   қауырсындарынан   7 түрлі   бояуды   табуға   болады.   Тұмсығы   өте   ұзын,   ал құйрығы бір­ақ тұтам.  Зымыран   – өте жылдам құс. Инеліктер мен бақаның балаларымен қоректене беретін «балықшы құстың» негізгі азығы – ұсақ балықтар. Оны аулау үшін қулығы да жетіп артылады. Балық аулау кезінде ол су үстінде салбырай өскен   бұтаққа   келіп,   қонып   отырады.   Мұндай   кездері «ойланып» немесе «ұйықтап» кеткендей көрінетін құсты ешкім байқамайды. Жемтігі су бетіне жақындағанда көз ілеспес   жылдамдықпен   іліп   алады.   Кейде   тұнық   судың тереңіндегі   балықты   көрсе,   қанатын   жаймастан   сүңгіп кетіп, балықты тұмсығымен аулап алады. Ол күнінен 10­ 12 балық аулайды. Бұл тек оның отбасы болмаған кезде ғана,   ал   жұмыртқа   басып   отырған   жұбы   немесе балапандары болса, одан да көп аулауға тырысады. 5 «Балықшы құстың» ұясы да өзгеше болады. Ол ұясын су   жағасындағы   жарлауыт   жерді   30   см­ге   дейін   қазып, үңгіп салады. Түйеқұс Құстардың   ішінде   түйеқұстың   аяқтары   ұзын   болып келеді.   Басқа   құстар   сияқты   ұша   алмайды.   Алайда, қанаттары жүгірген кезде жылдамдық арттыруға септігін тигізеді.     Сағатына   120   шақырымға   жүгіреді.   Дегенмен бұл жылдамдық екі шақырымға жетеді. Әрі қарай баяу жүгіреді.   Түйеқұстың   үздіксіз,   алыс   шақырымдарға жүгіруге шамасы келмейді.  Түйеқұстың   жұмыртқасы   ірі   болып   келеді,   бір жұмыртқасына   тауықтың   20­25   жұмыртқасы   сыяды. Ұзындығы   30­35   см, ал салмағы бір келіден ауырырақ. Жұмыртқасы   тастай   қатты   әрі   құнарлылығы   жоғары, тамаққа қолдануға болады. Түйеқұс ашуланса, ең қауіпті құсқа айналады. Тепкен кезде,   тіпті,   аттан   да   қатты   тебеді.   Сондықтан   ол шабуылдаған кезде, бас киімді таяқпен жоғары көтерген орынды. Себебі, бұл құс өзінен аласа бойлыларға мінез көрсететіндігімен ерекшелененді. Түйеқұстар   жылдам,   күшті,   төзімді   болғандықтан Оңтүстік   Африкада   оларды   қолға   үйретіп,   тіпті,   мал бағуға да пайдаланады. Құрқылтай Кәдімгі торғайдан кішірек құс, өте епті әрі еңбекқор. Өзен, көл жағаларындағы ормандарда тіршілік етеді. Ол бір жылда екі рет жұмыртқа басып, әр жолы 6­10 балапан шығарады.  Құрқылтайдың етін халық ем ретінде пайдаланады. 6 Бірқазан Біздің   елімізде   бірқазанның   «бұйра»   және   «қызғылт» деп   аталатын   екі   түрі   кездеседі.   Олар   наурыз   айында ұшып келіп, қарашада қайтып ұшып кетеді. Салмағы 13 кг болады, тұмсығы өте ұзын (45 см). Екі қанатын жайып жібергенде,     қанаты   3   метрдей   болады.   2­6­ға   дейін жұмыртқа   басады.   Негізгі   қорегі   –   бақа,   шаян,   шабақ балықтар, құрт­құмырсқа. Тырна Тырналардың бес топқа бөлінетін 15 түрі бар. Соның 3 түрі   Қазақстанда   кездеседі,   соның   бірі   –   сұр   тырна, салмағы  4,5­5 келіге, бойының биіктігі  1,5 метге жетеді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген сұр тырна көктемде ұшып   келіп,   қара   күзде   тізбектеле   ұшып,   жылы   жаққа кетеді.   Шілде   айында   әр   жұп   2­3   балапан   басып шығарады.   Тырнаның   сазы   кәдімгі   сыбызғыдан   шыққан сырлы әуенге ұқсайды.  Өте   сақ   құс,   жайылып   жүрген   тырналардың   ішінде біреуі   үнемі   қарауыл   қарап   тұрады.   Кей   елдерде   оны әдейі қолға үйретіп, үй құстарын күзеттіреді екен. Доғалтұмсық Доғалтұмсық (тупик) – саны күрт азайып келе жатқан құстар   қатарына   жатады.  Көбіне   арктикалық   теңіздерді мекендейді.   Үнсіз   құс,   анда­санда   қарлыққан   сынды дыбыс шығарады. Басқа құстардай ұясын шөптен немесе өзге   заттардан   емес,   топырақты   қазып,   соған   салады. Теңіз   құсы   болғандықтан   тек   балықпен,   теңіздегі   ұсақ жәндіктермен қоректенеді.  Балық аулаудағы ерекшелігі де жоқ емес, екі жағынан қысыңқы   доғал   тұмсығымен   суда   жүріп,   ұсақ   10­15 7 балықты   ұстай   алады.   Тұмсығында   көлденең   қысылған балықтар оның мұрты тәріздес кейіп береді. Кезбе альбатрос Ол – теңіз құстары арасындағы ең ірі құс. Ол қанатын жайғанда   4­4,5   метрге   дейін   жайылады.   Мұндай   кең құлаш  басқа  құстарда  жоқ. Кезбе альбатрос  су  үстінде сағаттап   шарықтайды,   ал   айлап   құрғақ   жерге   шықпауы мүмкін.   Теңіз   ортасындағы   кішігірім   аралдарда   ғана қонады. Теңіз бетінеде шарықтап жүріп су бетіне жақын жүрген   балықтарды   аулайды.  Әсіресе,   теңіз   аласапыран болып тулаған кезде альбатростар топтана ұшып, балық аулауға шығады.  Ал альбатростың балапан  басып шығаруы да ерекше. Олар   екі   жылда   бір   рет   жұмыртқа   басып   шығарады. Балапандарын он айға дейін өздері азықтандырады.  Теңізшілер осы теңіз құсының тек қатты дауыл алдында ғана топтанып ұшатын болғандықтан, апаттың белгісінен хабар   алып   келетін   құс   деп   санаған.   Альбатростар   – құстар арасындағы ең ұзақ өмір сүретіндер. Дауылпаз Дауылпаз   құстарының   негізгі   қоректенетін   аймағы   – теңіз.   Алып   дауылпаздар   өз   туыстарынан   әлдеқайда ерекшеленетіні бар. Оның бойында жыртқыш құстарға тән қасиеттер көп кездеседі. Балықтан басқа өзге де өзінен әлсіз   теңіз   құстары,   оның   жұмыртқаларын   және балапандарын да азық ете береді. Теледидардан теңізде жүзіп бара жатқан кеме соңынан қалмай ұшып жүретін құстарды байқағансың ба? Олардың басым бөлігі –   осы дауылпаздар. Себебі, олар кемеден шыққан қоқыстармен де қоректенеді. Дауылпаздар тек су 8 үстінде   ғана   емес,   жағалауда   да   тіршілік   етеді.   Теңіз жағасына   шығып   қалған   кит   сияқты   ірі   теңіз жануарларының   өлекселерін     Мықты тұмсықтарымен медузаларды су ішінен оңай іліп алады.  аңдиды. Сұр және жіңішке тұмсықты дауылпаздар 10­20 метр тереңдікке   дейін   сүңгіп,   су   астында     10­15   секундтқа дейін тұра алады. Мадагаскарлық эпиорнис құсы Аты айтып тұрғанындай, бұл құс Мадагаскар аралын мекендеген.   Эпиорнис   құсы   жайындағы   деректер таңғаларлықтай. Оның бойының биіктігі 3 м, салмағы 500 кг шамасында болыпты. Жұмыртқасының өзі ұзындығы 34 см, ал ішкі өлшемі 8­9 литрдей ( тауық жұмыртқасынан 160 есе үлкен!) болған алып құстың жайылып кеткендігі өте өкінішті. Көзілдірікті суқұзғын   «Стеллер»   Бірқазандар   тобына   жататын   бұл   құстың   бойының ұзындығы   70   см   болған. (неміс табиғаттанушысы Г.В.Стеллердің атымен аталған) немесе «көзілдірікті»   деп   аталатын   суұзғын   ұша   алмайытын, пингвин тәрізді қозғалатын болған. Оның еті өте дәмді, теңіз   сиырының   етіне   ұқсайтын   болғандықтан,   жаппай ауланып, ең соңында мүлдем құрып кеткен. Құрғақта ұша алмағанымен   көзілдірікті   суқұзғын   суда   жақсы   жүзетін еді.   Ол   Камчатка   түбегіне   жақын   аймақтағы   Беринг аралын   мекендеген.   Көзілдірікті   суқұзғынның   мойыны өзге құстардан ерекше, латынның «S» әрпі сияқты иіліп тұратын болған. 9 Құс аулаушылардың көзіне түскен ерекше суқұзғындар 1912 жылдардан кейін жойылып кеткен. Тотықұстар расында «сөйлей» ала ма?  Тотықұстардың осы бір ерекшелігі оны басқа құстардан өзгешелеп тұрады.  Тотықұстар   –  айқайшыл   және  «сөзуар»   құстар.  Олар топтана ұшып келіп, елді мекендерге жақындау ағаштарға қонғанда,   айналаны   ащы   да   жағымсыз   айқай   мен   түрлі дыбыстарға   толтырып   жібереді.   Ал   үйде   отырған тотықұстардың   өте   керемет   ерекшелігі   олардың   адам дауысын   айынытпай   салатыны   ертеден   байқалған. Тотықұстар «сөйлемейді», есесіне адамның сөйлегендегі дауысын айна­қатесіз салып бере алады. Әрине, барлығы емес.   Олардың   арасында   африкандық   жако   және оңтүстікамерикалық   амазондарды   «сөйлеуге»   дарынды деуге болады.  Тотықұстар қалай өмір сүреді? Тотықұстардың   көпшілігі   ағаш   үстінде   өмір   сүреді. Көпішілігі дейтін себебіміз сол құстардың жерде де өмір сүретін түрлері бар. Олар көбіне Австарлияның оңтүстігі мен   Тасмания   аралдарында   кездеседі.   Жердегі тотықұстар   ұяларын   да   аяқтарымен   қазып   салады. Қауырсындары жасыл мен сары жолақ түсті болып келеді, олар алысқа самғай да алмайды, небәрі 200 м жерді ғана ұшып   өтеді.   Өте   аз   кездесетіндіктен,   жерде   тіршілік ететін   тотықұстарды   аулауға   қатаң   түрде   тыйым салынған. Ал   ағаш   үстінде   өмір   сүретін   тотықұстар   арасында аяғымен бұтаққа  жабысып  алып, төмен қарай салбырап ұйықтайтын   қызықты   түрлері   де   бар.   Оларды   көбіне 10 Үндістан,   Филиппин   аралдары   және   Жаңа   Гвинеядан кездестіруге болады. Кеңтұмсықты тотықұс Кеңтұмсықты   көгілдір   тотықұс   Үнді   мұхитының Маскарен  аралын мекендеген  құс  болатын.  Тотықұстың бұл түрі жер шарында 1673 жылдарға дейін өмір сүрген. Себебі,   аралға   еуропалық   қоныстанушылар   барғаннан кейін   олардың   иттері   мен   мысықтары   тотықұстың жұмыртқалары   мен   өздерін   аулап,   құртып   жіберген. Онсыз да ұша алмайтын тотықұсты үй мысықтары оңай аулайтын болған.  Бұл   құс   туралы   деректер   өте   аз.   Оны   зерттеушілер ортағасырлық кітапхана деректеріне қарап ғана зерттей алған. Сол кездегі деректер бойынша, оның түсі көгілдір­ сұр   болыпты.   Жергілікті   тұрғындар   кеңтұмсықты тотықұсты   соңғы   рет   ХҮІІІ   ғасырдың   бас   кезеңінде көрген екен. Одан кейін оны ешкім кездестірмеген. Тотықұс жайында қызықты деректер Кәдімгі   бұйра   тотықұс   100­150   сөзге   дейін   жаттай алады. Ал «корелла» деп аталатын тотықұс бұйра тотықұсқа қарағанда   дарындырақ,   ол   200­250   сөзге   дейін   жаттай алады. Жако – жеңіл үйретілетін, ұзақ өмір сүретін тотықұс. Оның сөздік құрамы бай, шамамен 800­ге дейінгі сөздерді жаттап алады.  Австралияда   тотықұстарды   «сөйлеуге»   яғни,   сөз жаттауға үйрететін арнайы мектептер бар. Тұмсығы   ең   үлкен   тотықұс   –   қара   какаду.   Оның тұмсығы   10   см   келеді.   «Какаду»   деген   не   мағына 11 білдіреді? Ол малай тілінің «какатуа» – «тістеуік» сөзінен шыққан. Тотықұстар – ұзақ өмір сүретін құстар. Ірі шамамен 50­ 60, ал кейбіреулері тіпті 100 жылға дейін өмір сүретіндігі анықталған. Ал кішігірім тотықұстар 20­25 жылға дейін өмір сүреді. Америкада   Бейби   атты   тотықұс   полиция қызметкерлеріне   ұрыларды   тауып   алуға   көмектесіпті. Пәтерге   ұрлыққа   түскендердің   атын   жаттап   алған тотықұс арқылы олар ұрыларды тапқан. Тотықұстар   –   кез­келген   ортаға   өте   бейімделгіш құстар. Маймылдар Маймылдың  әдемісі Әлемдегі ең әдемі маймыл Оңтүстік­Шығыс Азияның тропиктік   ормандарыда   өмір   сүреді.   Оны   жергілікті халық «киініп алған» немесе «сері, мырза»  деп те атайды. Оның ғылыми түрдегі атауы – «пигатрикс», өзі өте сирек кездесетін маймыл.  Пигатрикстер   –   қазір   құрып   кетудің   аз­ақ   алдында тұрған маймылдар. Олар Қызыл кітапқа енген, сондықтан олар ереше қорғауға алынуда. Маймылдың қорқыныштысы Горилланың сыртқы кейпі –  аса қорқынышты. Бірақ, ол –   залалсыз   жануар.   Гориллалар   тек   шөппен   және жапырақтармен   ғана   қоректенеді.   Олар   ұзын   ағаштың көмегімен   батпақтың   немесе   судың   тереңдігін   өлшей алады. Маймылдың ақылдысы 12 Өте   ақылды   маймылдар   –   шимпанзелер.   Олар мылқаулардың   сөйлесу   әдісін   жылдам   меңгере   алады. Және   қолға   да   тез   әрі   оңай   үйретіледі.   Шимпанзелер таспен   жаңғақты   ұрып,   шағады.   Сонымен   қатар,   ағаш басындағы   жемісті   таяқтың   көмегімен   қағып   түсіре алады. Маймылдың неше түрі бар? Жер   бетінде   шамамен   маймылдардың   160   –қа   жуық түрлері  кездеседі. Олар  Жер шарындағы Азия, Африка және   Американың   тропиктік   және   субтропиктік аймақтарын   мекендейді.   Мәселен,   Солтүстік   аймақта өмір   сүретіндері   –   Жапон   аралы   Хонсюде   орналасқан Игодукани   қорығындағы   «қар   маймылдары».   Олар өздерінің   жүндерінің   қалыңдығының   арқасында жаурамайды, қар түсетін жерлерде өмір сүре алады.  Маймылдардың   көпшілігі   ағаш   басында   өмір   сүреді. Олардың арасында жерде өмір сүруге бейімделгендері де бар.Оларға: павиандар мен гориллалар жатады.  Маймыл жайында қызықты деректер Ең кішкентай маймылдар – ойнақы тамариндер.  Олардың денелерінің ұзындығы небәрі 13­27 см  аралығында ғана болады.  Маймылдардың ең ежелгі түрі – лемурлар. Ұзақ уақыт бойы   бұл   түр   жойылып   кеткен   деп   саналған   болатын, бірақ кездейсоқ Мадагаскар аралынан табылды. Маймылдар   да   «сөйлесе»   біледі.  Оны   маймылдардың дыбысын   ұзақ   зерттеген   мамандар   айтады. Зерттеушілердің   пікірінше,   олардың   «Қауіп   төнді!» немесе «Құтқарыңдар!» дегенді білдіретін дыбыстарын да оңай   түсінуге   болады.   Ең   «сөйлегіш»   маймылдар   – 13 макакалар. Олардың  сөздік  қорында  30­ға  жуық  сөздер (бізге  түсініксіз) бар. Маймылдардың   «таланты»   адамдар   арасында   да жоғары   бағаланады.   Мәселен,   Тайландта   маймылдарды жаңғақ жинау үшін үйретеді екен. Оларға жаңғақ жинау – небәрі ойын, есесіне «еңбекақысына» тәттілер алады.   Мысалы, Маймылдардың   кейбір   түрлері   қолға   өте   оңай үйретіледі.   жапондық   Хидео   Цуцими шимпанзелерді   үйретумен   айналысады   және   жеткен жетістіктері   де   жоқ   емес.   Оның   үйреткен   тоғыз   жасар Бобе және төрт жасар Паппи атты шимпанзелері ешкімнің көмегінсіз   қасық,   шанышқылармен   тамақ   ішіп,   өз беттерінше   теледидар   көреді   екен.   Теледидардағы жануарлар туралы беріп жатқан арнаны да таба алады. «Капуцин» деп аталатын маймылдарды адамдар көьіне торда ұстау үшін асырайды. Олар қызықты сазды әуенге ұқсайтын   дауыс   шығарады.   Дауысының   қызықтылығы сонша,   кейде   ол   жылдам   жаңылтпаш   айтып   жатқан дыбыстар   да   шығарады.   Ондай   кезде   түрі   де   ұрсып жатқан адамға ұқсап кетеді. Бұл маймылдардың тағы бір таң   қалдырарлық   әрекеті   бар:олар   ашуланғанда   немесе кейбір   жағдайларда   хош   иісті   гүлдер   мен   жеміс қабықтарын   үстіне   үйкелеп   жағып   алады,   капуцин маймылдарын «егіншілер» деп те атайды. Олар өздерінің азық   ететін   жемістерінін   тұқымын   алыстау   жерлерге таратады. Бақалар Кемпірқосақ  түсті бақа Үндістанның қасиетті жәндігі  кемпірқосақ түсті бақа. Оған   үнді   халқы   табынып,   әлемде   таңғажайыптар 14 жасауын   тілейді.   Ол   туралы   аңызда   Оңтүстік Үндістанның астанасы Кераланың билеушісі осы бақаны ең   алғаш   рет   көргенде,   ол   бір   орнында   мың   түрге құбылып, түсін алмасытырып тұрған екен. Содан бері ол осы елде қасиетті саналады. Түссіз бақа Шындығында   оның   денесінен   ішкі   ағзаларының барлығы   –   сүйектері,   қан   тамырлары   да   анық   көрініп тұрады.   Бұл   бақа,   әсіресе,   жәндіктерді   зерттейтін оқымыстыларға қатты ұнайды. Есесіне түссіз бақаларды табиғатта   байқау   мүмкін   емес.   Өкінішке   орай,   бұл қосмекенділер жер бетінен құрып бара жатыр. Солтүстік қабылан түсті бақалар Оның   дене   тұрқы   9см­ге   дейін   ғана   болады.Түсі қоңырдан қоюырақ жасылға түрленіп, дөңгелек дақтары ақ сызықпен өзгешеленіп білініп тұрады. Әлемдегі ең кішкентай бақа Әлемдегі ең кішкентай бақа Перу елінің оңтүстігінде,  Анд тауының биігінде өмір сүреді. Ағашқа өрмелейтін бақалар Орталық және Оқтүстік Америкада өмір сүреді. Өзге бақалар   сияқты   емес,   олар   күндіз   де   белсенді.   Ағашқа өрмелейтін   бақалардың   барлығы   дерлік   өте   ашық   түсті және   көпшілігі     улы.   Американдық   үндістер   осы бақалардың   тіршілік   үшін   аса   қауіпті   уын   жебе   ұшына жағып   пайдаланған.   Көптеген   улы   бақалар   қазір   құрып кетудің алдында тұр. Голиаф бақасы Жер   бетіндегі   ең   алып   бақа  –  Голиаф  бақасы.  Оның денесінің ұзындығы 33 см, ал салмағы 3 кг­нан асады. Бұл 15 алып бақа Африканың батысында Габон жерінде 15 жылға таяу   өмір   сүреді.   өте   жақсы, сарышаяндармен,   жәндіктермен,   кішігірім   бақалармен коректенеді.   Есту   қабілеті Бұл   кішкентай   бақаның   ұзындығы   2,5   см.   Ол Мантелла бақасы Мадагаскар (Африка) жерін мекендейді. Мүйізді бақа Мүйізді бақа 15 см­ге дейін өседі. Мекендейтін жері – Уругвай,   Бразилия,   сонымен   қатар,   Аргентинаның солтүстігі. Бір орнында қимылдамай отыра беретін бақа азық   аулағанда   өте   жылдам   қағып   түседі.   Оның азықтарына ұсақ кеміргіштер, кесіртке, кішкентай құстар жатады. Алтын түстес бақа  Бұл бақаның дене тұрқы орташа тиын көлеміндей ғана. Ал атауы жер жарып тұр, ғылыми тілде «Terribilis», яғни, «қорқынышты,   қауіпті»   деп   аталады.   Себебі,     ол   өзі кішкентай ғана болса да, терісінен бөліп шығаратын уы аса қауіпті. Оған жақындауға, қолға ұстап қарауға, мүлде болмайды. Тасбақа Тасбақа   –   өте   көп   жасайды.   Теңіз   тасбақалары   алты жыл бойы аштыққа шыдайды Ал грек тасбақасының басын кесіп тастаса да, жүрегі он төрт күн соғып жатады екен. Ал   тасбақаның   кесілген   басы   жарты   сағатқа   дейін өлмейді.   Зерттеушілердің   айтуынша,   салмағы   100   келі тартатын   теңіз   тасбақасы   сағатына   22   шақырым   жол жүреді. Бақа сусыз жерде өмір сүре ала ма? 16 Бақалардың   кейбірі   мүлде   сусыз,   құрғақ   жерде   өмір сүруге   бейімделе   алады.   Мысалы,   түрлі­түсті   бақаны алып қарасақ, ол өмір мүретін жерде жаңбыр айлар бойы жаумайды. Сонда ол неістейді? Сонда   ол   түсін   өзгерте   бастайды   да,   аппақ   бақаға айналады.   Күн   сәулесі   ақ   түске   шағылысып,   ыстықты бойына сіңірмейді. Содан кейін өліп қалғандай қозғалмай қалады. Себебі, бұл – оның қулығы. Осылай ол бойындағы қуатын сақтайды. Көп уақыттан соң жаңбыр жауады да, ол қайта қалпына келеді. Бақалар бізге қажет пе? Әрине,   қажет.   Бақалар   қоңыздар   мен   өрмекшілердің, ұлулар   мен   құрттардың   көзін   жояды.   Олардың   тым көбейіп   кетуіне   жол   бермейді.   Яғни,   табиғаттың   тепе­ теңдігін   сақтауға   үлкен   үлес   қосады.   Сонымен   қатар, өздері де кейбір сүтқоректілер мен құстарға, балықтарға қорек болады. Бақалардың пайдасы мұнымен де бітпейді. Мәселен, кейбір бақалардың уынан қазіргі кезде жүректі емдейтін   әсері   күшті   дәрілер   жасалуда.   Борнеодағы ультрадыбыс     шығаратын   бақаларды   зерттеу   арқылы, инженерлер есту қабілеті нашар адамдарға арналған жаңа есту құрылғысын ойлап таппақ. Бақаның қанша түрі бар? Бақалардың жер бетін шамамен 5400 түрі бар. Олар  Жер бетінің барлық аймағында мекен етуге бейімделген.  Олар тек Антарктидада өмір сүрмейді. Бақа жайында қызықты деректер Бақалардың ішіндегі ең улысы – ағашқа өрмелейтін  таңбалы бақа. 17 Басқа   бақалардың   тек   аналығы   дыбыстаса,   кәдімгі көлбақаның аталығы да бақылдайды. Қытайлық   қызылқұрсақты   шұбар   бақаның   ту   сырты жасыл түсті. Ол жауы төнгенде бірден аунап, шалқасынан жата қалады, оны жемек болған жануар қызыл бақаның қайда кеткенін таба алмай қалады. Бақалардың   биіктікке   секіру   рекорды   –   2   м.   Бұл дегеніміз – бақаның өз бойынан 30 есе көп деген сөз. Явандық   ағаш   бақасы   өзгелерден   өзінің   саусақ ұзындығымен   ерекшеленеді   және   де   өзге   бақаларқа қарағанда, оның саусағы да көп. Сұр немесе кәдімгі құрбақаның «қаруы»   –оның тілі. Қоңызды немесе шыбынды көрген ол, ұзын тілімен іліп алады.   Бұл   бақа   1   секундта   10   рет   «шабуыл»   жасай алады. Оның тілі 8­10 см­ге жетеді. Бақалардың   шығаратын   дыбысы   бірдей   болмайды. Мәселен, ағашта өрмелейтін бақалар құс секілді дыбыс шығарады. Кейбіреуінің даусы ысқырыққа, иттің үргеніне, кейде, тіпті, кішкентай сәбидің жылаған даусына да ұқсап кетеді. Кей бақалардың дауысының ұзақтығы соншалық, оны бір жарым шақырым жерден естуге болады. Бақалар қоректенгенде көзін жиі жұмады. Себебі, көзін жұму оларға қорегін жұтуға көмектеседі. Киттер Алып сүтқоректі Киттің   балық   емес   екенін   кішкентай   сәби   де   біледі. Себебі, желбезек арқылы емес, өкпемен тыныстайды. Ол су   астында   ұзақ   бола   алса   да,   ауамен   тыныстау   үшін бәрібір   су   бетіне   шығады.   Кейде   мұхит   бетіне   киттен бұрын   су   бұрқағы   көрінеді.   Бұл   киттің   –   су   бетіне 18 жақындай келе тыныс алуынан пайда болады. Дегенмен, кит – жылықанды сүтқоректі. Кит бізге «не» береді? Адамдар китті ерте заманнан аулайды. Оның басында болатын   қою   зат   жоғары   сапалы   балауыз   шамдарын жасауда   пайдаланылған.   Әсіресе,   киттің   ішектері қабырғасында пайда болатын «амбра» деп аталатын зат сонау ертеден жұпары ұзақ сақталатын қымбат иіссулар жасау   үшін   қолданылады.   Оны   тері   астында   болатын қалың майы, мұрты, сүйегі үшін де аулайды. Бүгінде   киттер   өмірімен   медицина   мамандары айналысуда.   Көз   дәрігерлері   киттің   кез   келген   нәрсені үлкейтіп   көрсететін   көз   құрылысын   барынша   терең зерттеп,   оны   зағип   жандарды   емдеуде   пайдаланбақшы. Кит   көзінің   тағы   бір   таңғалдырар   ерекшелігі,   ол   өте тереңге сүңгігенде суасты қысымына  шыдай алатындығы. Оның құпиясын таба алса, көздің қан қысымынан зардап шегетін жандарға да көмек болмақ. Жүрек   дәрігерлері   киттің   48   кг   болатын   жүрегіне зерттеу   жүргізіп,   жүрек   талмасымен   ауыратын   жандар үшін жаңалық ашпақ ниетте. Киттер бір­бірімен «сөйлесе» ала ма? Билологтардың зерттеуінше, әрбір киттің құйрығының жеке   өзіне   ғана   тән   бедері   болады   екен.   Мәселен, адамдарға   саусақ   таңбалары   бір­біріне   сәйкес   келмесе, киттерде   құйрықтарындағы   сызықтары   мен   бедерлері өзгеше болаты көрінеді. Тағы бір қызықты жайт – киттер өмірін бақылау кезінде орын алған. Олар өзара бір­бірімен «бас құрап», әлденені «талқылайды» екен. Бермуд аралының екі бағыттн жүзіп 19 келген   топ   киттер   біраз   араласып,   топтанып   тұрғаннан соң,   әрқайсысы   өз   тобынан   ажырамастан,   ешбір «кикілжіңсіз»   өз   бағыттарымен   кеткен.   Мұндай   жағдай бірнеше   рет   бақыланыпты.   Осыған   қарағанда,   «олар   да өзара   тілдесе   алатын   болуы   керек»   деген   тұжырымға келді мамандар.  Киттің неше түрі бар? Киттерді мамандар екі топқа бөледі: тісті және мұртты киттер.   Тісті   киттердің   ішіндегі   ең   үлкені   –   кашалот. Оның денсінің ұзындығы 15­20 м. Оның бір ерекшелігі оң жақтағы тыныс алу тесігі үлкен ауасақтағыш қапшыққа айналған.   Тісті   киттерге   жататын   ақ   кит   пен   нарвал Солтүстіктегі   теңіздерде   өмір   сүреді.   Тіршілігі   көбіне дельфиндерге ұқсас болып келеді. Тағы   бір   тісті   киттің,  яғни,  косатканың     дене   тұрқы онша   ірі   емес,   8­10   м   ғана.   Ол   өткір   тістерімен   кейде үлкен киттерге де шабуыл жасайды. Ал мұртты киттерге бауырында ұзынша қатпарлары бар сұр   киттер,   әлемнің   ең   үлкен   жануары   –   көк   кит   те жатады. Көк иттің ұзындығы 33 м, салмағы 150 тоннаға дейін   жетеді.   Мұндай   киттің   салмағы   жердегі   ең   алып жануар   пілмен   салыстырғанда,   шамамен   50   пілдің салмаығнан да ауыр.  Көк киттің баласының өзінің ұзындығы өмірге келгенде 6­8 м болады. Және бір рет тамақтанғанда анасының 100 л сүтін ішеді. Көк кит тәулігіне 2­4 т тамақ жей алады. Кит жайында қызықты деректер Кашалоттар 1000 м болатын тереңдікке сүңги алады. Ал   адамзат   тарихында   ең   тереңге   сүңгу   300   м­ден аспаған. 20 Терең   су   астында   кит   жүрегі   минутына   10   рет   ғана соғады. Ең ауыр ми да – кашалотта (8 кг). Ал кашалоттан да үлкен көк киттің миының салмағы 3 кг­нан аспайды. Кит   –   адамнан   басқа   «әндете»   алатын   бір   ғана сүтқоректі. Ол жарты сағат бойына белгілі бір қайталана алатын әуенді дыбыс шығара алады. Киттер үшін ең маңыздысы – дыбыс. Дыбыс арқылы ол су астындағы барлық тіршілікті бақылай алады. Ұзындығы   20   м   келетін   көк   киттің   туысы   финвал   – әлемдегі бір ғана түсі ассиметриялы сүтқоректі. Оның оң жақ қабырғасының түсі ақ болса, сол жақ қабырғасы қара түсті болады. Балықтар Балықтар су іше ме? Тұщы суды мекендейтін балықтарға «су ішудің» қажеті жоқ,   себебі,   сырты   қысымға   қарағанда   ішкі   қысым   аз болғандықтан, олардың  денелері  арқылы  су сіңе  алады. Сондықтан,   тұщы   судағы   балықтар   ағзасында   су жеткілікті болады. Сол себепті оларға «су ішудің» қажеті жоқ. Ал керісінше, ащы суда өмір сүретін балықтар үнемі «шөлдеп   жүретді».   Балық   ағзасындағы   қысым   судың қысымынан  көп болғандықтан, теңіз,  мұхиттар олардың денесінен суды тартып алады. Сондықтан да оларға «су ішіп» тұруға тура келеді. «Сазан» балығы «Сазан» сөзі –  қазақ тілінен шыққан сөз. Ол «саз аңы» сөз тіркесінен құралып, кейін қысқартыла келе, «сазан» болып кеткен. Оны қазір бәрі де осылай атайды. Атына 21 заты   сай   балық,   расында   да,   өзеннің     сазды   тереңдігін жақсы көреді екен. Суасты патшалығында ол ұзақ өмір сүретін балықтар қатарына жатады және салмағы 20­30 кг­ға   дейін   жетеді.   Сыртқы   көрінісі   карпқа   ұқсайды, олардың өзара ортақ белігелері де көп. Өзен сазанының қабыршағы майдалау болып келеді. Сазан – жылылықты жақсы көретін, тұщы суда өмір сүретін балық. Электр қуаты бар балықтар Теңіз   және   тұщы   су   балықтарының   арасында   250­ге жуық балық түрі өз бойынан белгілі бір увақытта немесе әрдайым   электр   қуатын   шығарады.     Олардың   арнайы аккумулятор   тәріздес,   бұлшық   еттерінің   арқасында осындай   қуат   бөлінеді.   Кейбір   балықтардың     мұндай қуаты   жүздеген   вольтке   жетеді.   Мысалы,   электрлі жыланбалықтың қуаты 650 вольт. Мұндай қуат кез­келген ірі жануардың немесе адамның өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді.   Электр   қуатының   арқасында   балықтар өздерінің   қорегін   тауып,   қауіптерден   сақатана   алады. Сонымен   қатар,   ластанған   суда   өз   бағыттарын электролокация арқылы бағдарлайды. Электр қуаты жан­ жануарлар арасында тек осы балықтарда ғана бар. Геапард Хайуандардың   ішіндегі   ең   жүйрігі   –   геапард.   Ол сағатына   150   шақырымға   дейін   жүгіре   алады   және жүгірудан алдына жан салмайды. Жалқау аң – тасбақадан да  жай қозғалатын жануар Жалқау аң – Оңтүстік Америка жерінде өмір сүреді. Әлемдегі ең жайбасар аң болғандықтан, оны «жалқау» деп атайды.   Ол   бұтаққа   өрмелеп   бара   жатқан   кездегі 22 жылдамдығы өте іш пыстырарлық, жалқау аң бір бұтақтан екінші бұтаққа ауысу үшін жарты сағаттан артық уақытын жоғалтады.  Жалқау   аңның   кейбірінің   жүні   жасыл   болып   кетеді, себебі,   ол   өте   жай   қимылдағандықтан   жылдам   өсетін кейбір ұсақ шырмауық тәрізді өсімдіктер оның денесіне жабысып өседі. Жалқау аңның денесіндегі мұндай «жасыл бұрыш», әсіресе, көбелектерге өте қатты ұнайды. Жалқау аң тәулігіне 15 сағатты ұйқымен өткізіп, түнде ғана тамақтанады. Ол сағатына 150 метр жылдамдықпен қозғалады.   Ал   баяу   қозғалатын   тасбақаның   өзі   бұл уақытта 700­800 метр қашықтықты жүріп өте алады. Мысықтар да түстерді ажырата алады Адамдар   көпке   дейін   «мысықтар   түстерді   ажырата алмайды» деп келген болатын. Қазіргі заманғы ғалымдар мысықтың түстердің біршамасын айыра алатындығына көз жеткізді. Әсіресе, олар сұр түстердің ұсақ бөлшектерін ажырата алалы екен. Себебі, мысықтың аулайтын қорегі – тышқандар сұр түстес болып келеді. Бірақ көбіне түнде немесе   қаракөлеңке   кезде   азығын   аулауға   шығатын мысықтар үшін ең қажеттісі – дыбыс пен иіс. Түнде түс анық көрінбейді, сондықтан да олар қорегінің дыбысы мен иісін сезе отырып аңдиды. Тұран жолбарысы Тұран   жолбарысы   әлемге   «каспийлік»   немесе «мазандарандық»   деген   атпен   белгілі.   Ол   Орталық Азияның   жыртқышы   болатын   (қазір   жойылып   кеткен). Оның ерекшелігі – өзінің мекенінен мыңдаған шақырым жерлерге жортуыл жасайды.  23 Жыртқыш   аң   тәулігіне   100   шақырымнан   астам   жол жүре алады (олардың жолбарыс аталуы да сондықтан). Квагга Квагга   –   тұяқты   жануар.   Ол   Африканың   оңтүстігін мекендеген.   Оның   ерекшелігі:   бас   жағы   –   ала,   құйрық жағы – кәдімгі жылқы түстес. Квагга   қатты   әрі   берік   терісі   үшін   шектен   тыс   көп ауланып, сол себептерден бүгінде жойылып кеткен. Бұранда мүйізді ешкі Бұранда   мүйізді   жануарды   пәкістандықтар   «махрур» (кейде «мархор» деп те аталады) деп атайды. Оның аты бұрала өскен мүйізіне байланысты айтылған. Дене тұрқы 1,7 м, ал биіктігі  90 см келеді. Салмағы орташа есеппен 90 кг шамасында болатын ешкінің одан да асып түсетін үлкендері кездеседі. Мүйізі 30 см, кейде   1 м­ге дейін өседі. Гималай   тауының   батыс   етегінде,   кіші   Тибет   пен Кашмирде өмір сүретін махрур ешкісі – кей ешкілердің арғы   тегі.   Ол   биіктігі   500­3500   м   аралығында   болатын құз­жартастар мен шатқалдарды мекендейді. Бұранда мүйізді жануар – Пәкістанның символдарының бірі. Саңырауқұлақтар  Саңырауқұлақ өсімдік пе? Саңырауқұлақтар   –     планетамыздың   ең   жұмбақ   та құпиялы   тіршілік патшалығы болып табылады. Оларды белгілі   бір   тіршілік   түріне,   яғни,   өсімдікке   не   болмаса жануарлар түріне жатқызуға болмайды. Саңырауқұлақта осы екеуінің де белгісі бар. 24 Біздің планетамызда саңырауқұлақтардың шамамен 100 мыңдай түрі өседі. Оларды барлық жерден кездестіруге болады.   Саңырауқұлақтар   топырақта,   суда,   таста, өсімдіктерде, үйде, қоймада т.б жерлерде өседі. Тек біз теріп алып тағам жасайтын дене ғана саңырауқұлақ емес. Шкафта   қалып   кеткен   нан   бетіндегі   көгерген   өңез   де саңырауқұлаққа   жатады.   Кейбір   ағаштардың   түбінде малдың   тұяғына   ұқсас   қабатталған   зат   та   – саңырауқұлақ. Саңырауқұлақ қалай жылдам өседі?   Себебі,   шындыққа   жанасады. Сөз   арасында   «саңырауқұлақтай   қаптап   кетті»   деген   дәл сөз   тіркесі саңырауқұлақтай   ешбір   өсімдік   жылдам   өсе   алмайды. Мәселен, бес күн ішінде терекқұлақ  12  см, қайыңқұлақ 7 см,   ақ   саңырауқұлақ   9   см,     жіңішке   ұзын   сабақты саңырауқұлақ 6 см, ал түлкіжем болса 4 см­ге дейін өсе алады. Осылайша жылдам өсетін саңырауқұлақтың өмірі де қысқа, небәрі шамамен 10 күн ішінде жетіліп бітеді. Ал   «жаңбырдан   кейінгі   саңырауқұлақтай»   деген   сөз оның   ылғалдылықты   жақсы   көретіндігінен,   жаңбырдан кейінгі   ылғалда   жылдам   өсетіндігіне   байланысты айтылған. Саңырауқұлақ  жайында қызықты деректер Әлемдегі   ең   ерекше   саңырауқұлақ   деген   атауды «плазмодий» атты саңырауқұлақ  иеленеді. Себебі, оның «жүре   алатын»   қабілеті   бар   екен.   Әрине,   ол   жүргенде адымдай   жөнелмейді.   Өте   жай   жылдамдықпен   қозғала отырып, бірнеше күн ішінде ағаш түбірінің үстіне шыға алады. Өзінің түсі де жағымсыз, шырышты саңырауқұлақ ауасы дымқыл аймақтарда өседі. 25 Саңырауқұлақты әлемдегі ең үлкен тіршілік иесі деуге болады.   Солтүстік   Америкада   болатын   жерасты саңырауқұлақ   жіпшелері   (түбірі)   жүздеген   гектар жерлерді   қамтиды   екен.   Мәселен,   АҚШ­тың   Орегон штатындағы   саңырауқұлақ   түбірі     900   гектар   жерді қамтып жатыр. Ол басқа өсімдіктердің тамырына жабыса өсіп,   оларды   жайлап   өлтіре   бастайды.   Осыдан­ақ саңырауқұлақтардың көпшілігі басқа өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіретінін байқауға болады.   ең   Италия,  Франция,  Хорватия   және   Ресейдің   де  кейбір аймағында   әлемдегі   қымбат   бағаланатын саңырауқұлақтардың   бірі   –   жерқұлақ   (трюфель)   өседі. Жерқұлақ   көбіне   ағаш   тамырына   жабыса   өссе   де,   сол ағашқа   ылғал   бере   отырып,   оны   өзге   микробты аурулардан қорғап отырады. Саңырауқұлақтардың   арасында   да   тірі   ағзамен қоректенетін   нағыз   жыртқыштары   болды.   Олардың кейбірі   ұсақ   жәндіктерді   ауласа,   аңшысаңырауқұлақтар жабысқақ өскіндерінің көмегімен кішкентай жануарларды ұстап   алады.   құрттармен   қоректенетін саңырауқұлақтар   да   бар   екен.   Олардың   өздерінің айналасына бір метрге жуық спораларын тастайды да, ол құрттың денесіне жабысып өсе бастайды. Осылай құрттар саңырауқұлақ ұрықтарының жемтігіне айналады.   Тіпті, Саңырауқұлақтың өмір сүруі де түрліше болып келеді. Көптеген саңырауқұлақтар ауада ұшып жүреді, солардың әсерінен   азық­түлік   көгере   бастайды.   Кейбір саңырауқұлақтар   атмосфераның   жоғарғы   қабатында, яғни, жерден 30 км жоғарыда да өмір сүре алады екен. Сүтқоректілердің ішінде өсетін саңырауқұлақтар да бар. 26 Атмосфераның жоғары қысымында да өмір сүре алатын саңырауқұлақтар да кездеседі. Адамдар өсіретін ең ежелгі саңырауқұлақ – «сии­таке» деп аталады. Оны жапондықтар 2000 жылдан бері қарай өсірумен   айналысып   келеді.   Әлемдегі   ең   үлкен   – қозықұйрық   (шампиньон)   плантациясы   АҚШ­тың Пенсильвания   штатында   көрінеді.   Ол   ертедегі   әктас өндіретін   шахта   орнында   өсіріледі   екен.   Жерасты плантациясының ұзындығы 24 шақырымға созылады. Өсімдіктер әлемі   «Кивано» қауыны Оның «мүйізді қауын» деген де атауы бар.  Кейде оны «африкалық   қияр»   деп   те   атайды.   Кивано   Африканың аптап   ыстық   жайлаған   жерлерінде   шырмауыққа   ұқсас өсімдікте   пісіп­жетіледі.   Оны   кейіннен   Жаңа   Зеландия мен   Калифорнияда   да   өсіре   бастады.   Сыртынан қарағанда, шынында  да,  көлемі  жағынан  қауынға қатты ұқсайды.   Тек   қана   сыртында   мүйіз   тәріздес   үшкір өскіндері бар.  Бірінші татқан адам оның дәмін неге ұқсатарын білмей таңданады,   тіпті,   жеуге   жараммдылығына   да   күмән келтіруі   мүмкін.   Бірақ,   оның   жасыл   түсті,   жұмсақ   еті шындығында өте дәмді болады. Дәмі банан мен қиярдың және   лимонның   қосындысына   ұқсайды.   Одан   көбіне тоқбасарлар жасайды және балмұздаққа да қосады. «Айдаһар» жемісі Питахайя жемісі – азиялық елдердің көбісіне танымал. Әсіресе, Тайландта көп пайдаланылады. Ол жерге барып келген туристтер осы бір жемістің тамаша дәмін айтып, таңданысып жатады. 27 Питахайяны   жергілікті   тұрғындар   кейде   «айдаһар» жемісі деп атайды. Сырты балықтың қабыршағына, пішіні пиязға   ұқсайды.   Бірақ   ақшыл   қызыл   түсті,   іші   аппақ қардай, салмағы 600 гр.  «Жұлдыз» жемісі Жұлдыз   жемісінің   шын   атауы  – «карамбола».   Негізгі отаны     Шриланка   болғанымен,   ол   қазір   Үндістан   мен Индонезия, Бразилия, Израил жерлерінде жерсіндірілген. Өзге ағаштардан айырмашылығы карамбола күн сәулесін көп керек ете бермейді. Оны «жұлдыз» атандырған жемісі екен. Бүтін жемісті көлденеңінен   кескен   кезде   кәдімгі   бесбұрышты   үлгілер пайда болады. Дәмі қышқыл лимонды, кейде жүзімді еске түсіреді. Осы қышқылдығынан оны көп жеу денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. «Романеску» қырыққабаты Бұны   көрген   адамдар   «қолдан   жасалған   зат»   деп ойлауы   мүмкін.   Шындығында,   ол   қолдан   жасалған   зат емес, кәдімгі қырыққабат. Оның ішінде, брокколи немесе гүлді   қырыққабаттың   дәміне   қатты   ұқсайтын   бұл африкалық   таңғажайып   өсімдік   қолдан   құрастырғандай әсер қалдырады.  «Дуриан» жемісі Түр­сипаты қызықты жемістердің тағы бірі – «дуриан». Онша   үлкен   емес,   мәңгі   жасыл   және   аздап   бұталы ағаштың жемісі. Қызыл және ақ гүлдер ашады. Және бір таңғаларлығы   кешкісін   ғана   гүлдеп,   оны   көбіне жарқанаттар тозаңдандырады.  Аталмыш   жемістің   түрі   де   қызық.   Сыртын   қатты   да қалың   тікен   жапқан,   самырсын   бүршіктеріне   ұқсайды. 28 Жемістің диаметрі 20 см, салмағы 4 кг болады. Жеміс піскен   кезде,   қабығы   беске   бөлініп   ашылғанда,   иісінің нашарлығы   сонша,   адам   шыдап   тұра   алмайды.   Оны арнайы жабық бөлмелерде сақтайды. Сонысына қарамай, Оңтүстік   Шығыс   Азияның   жемістері   арасында   бағалы саналады. Оның   есте   қаларлықтай   дәмін   тату   үшін   бірінші   рет жеген адам мұрнын жауып тұрып жеуі қажет.  Өзгеше банан – «асимин» Бұл банан ғылыми түре «асимин» деп аталады. Түріне қарап, оны банан деуге болмайды, бірақ ол – банан, кейде оның   «прерий»   бананы   деген   де   атаулары   кездеседі. Тарихи   деректерде   Дж.Вашингтонның   сүйікті   жемісі болған деп келтірілген. Оның кәдімгі бананнан ерекшелігі – жеміс пішіні мен оның жемісінің бір шоғыры да көп емес, біреу, екеу болып пісуінде.   Құнары   жоғары,   тек   ыстық   ауа   райында   ғана өседі. Сонымен қатар, өсімдіктер ауруына да төтеп бере алады. Мандарин «Мандарин»   атауы   қалай   шықты?   Қытайды   Мин императоры билеп тұрған шақта әскербасшылары мен шет аймақтарын   басқаратын   шенеуніктерді   «мандарин»   деп атаған   екен.   Бұл   атауды   қытайлықтарға   берген португалдықтар   болыпты.   «Мандарин»   сөзі   онда «кеңесші» деген мағынаны білдіретін болған. Ал ХІХ ғасырда осы Қытайдан ең алғаш Еуропа жеріне мандарин жемісі әкелінгенде, оған осынау атауды берген. Мандарин бұл атауды қытайлықтардың сары түсіне ұқсас иеленген көрінеді. 29 «Жылауық» тал Ол   –   саябақтар   мен   көшелердің   сәнін   келтіру   үшін өсірілетін өсімдіктердің кең тараған бір түрі. Ол, әсіресе, су   тоғандарының   жағасына   өсірілгенде,   әдемі   әсер қалдырады. Бұтағы су бетіне тиер­тимес болып, салбырай өсіп   тұрады.   Ал   оның   «жылауық»   аталуының   себебі, бұтақтарының   майысқақтығында.   Ол   салбырай   өсетін бұтақтарының   өте   нәзіктігімен   ерекшеленеді.Міне,   осы қасиеттеріне орай, ол «жылауық» тал атаған. Иттер де есептей біледі Америкалық   ғалымдардың   зерттеуінше,   иттер   де есептей   алады.   Сол   арқылы   лақтырылған   допқа   адам ойлағаннан   да   жылдам   жетеді.   Бұған   оның   миындағы қарапайым есеп жүргізу тәсілі көмектесетді.  30

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары

Табиғат ғажайыптары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.04.2018