Дене шынықтыру мұғалімінің сабағын өзіндік талдауы
Дене шынықтыру мұғалімі:
Мерзімі: ___________2022ж, 10 сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін және әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беруді үйрету.
Білімділік: Іс – әрекеттің үйлесімділігі мен ширақтылығын. Саптық тәсілдерді бір уақытта орындауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білуге ой ұшқырлығын дамыту. Меңгерген дағдыларын тәжірибеде қолдана білуге машықтау.
Тақырыпты оқып-үйрену үшін оқушыларды сап туралы ұғыммен таныстырудан бастауды ұсынамыз. Түсіндіру көрнекілігі үшін бөлімшені бір қатарға сапқа тұрғызып және үлгі ретінде көрсете отырып, сапқа анықтама беруге болады.
Екі қатарлы сап кері бұрылған кезде толық қатардағы әскери қызметші алдынңғы қатарға ауысады.
Бір қатарлы және екі қатарлы саптар жиналма немесе жайылма болуы мүмкін. Жиналма саптағы әскери қызметшілер қатарда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтарының арасында алақанның еніне тең аралықта орналасқан. Жайылма саптағы әскери қызметшілер қатарда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтарының арасында алақанның еніне тең аралықта орналасқан. Жайылма саптағы әскери қызметшілер қатарда маңдайшеп бойынша бір-бірінен бір қадамда немесе командир белгіленген аралықта орналасқан.
Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Оқушыларды сап элементтерімен таныстырып және оны түсіндіріп болған соң білімдерін бекіту мақсатында 2-3 оқушыден сұрауға болады. Бұл жағдайда оқушы сұрақ-жауап алуға көп уақыт кетіріп қажеті жоқ. Сап элементтерінің анықтамасын қатаң түрде қайталау маңызды емес, ең бастысы оқушының нені түсінгендігін білу. Оқушылар сенімсіз немесе шала жауап берген болса, оқытушы өзі көрсетіп, содан кейін барлық оқушылардың назарын бақылай отырып, басқа оқушыден сұрағаны дұрыс.
Саралау – Сіз қосымша көмек жоғары оқушыларға тапсырма көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті аны күрделендіруді қалай жопарлайсыз?
Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға саптық элементтерді орындауда элементттерді арнайы жеке орындап көрсету арқылы қолдау жасалады.
Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға пәрмендер беру арқылы көмек беріледі.
Аса қабілетті оқушыларға саптық элементтерді орындату тапсырмасы беріледі.
Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салынады; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15–20см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.