Талдау Жергілікті жерде картасыз бағдарлау.
Оценка 4.9

Талдау Жергілікті жерде картасыз бағдарлау.

Оценка 4.9
docx
10.06.2023
Талдау Жергілікті жерде картасыз бағдарлау.
Талдау Жергілікті жерде картасыз бағдарлау..docx

Дене шынықтыру мұғалімінің сабағын өзіндік талдауы

 

Дене шынықтыру мұғалімі:

Мерзімі: ______.2022ж, 10 сыныбы

Сабақтың тақырыбы:  Жергілікті жерде картасыз бағдарлау.

 

Сабақтың мақсаты: Жергілікті жерде бағдарлау тәсілдерін біледі, жергілікті жерде бағдарлау құралдарын қолдана алады. Тұрған жерді компас, аспан денелері және жергілікті заттардың көмегімен анықтау түсінігін қалыптастыру; бағдарлаудың тәжірибелік дағдыларын дамыту; бастамшылдыққа тапқырлыққа өздігінше әрекет етуге дайын болуға тәрбиелеу.

 

Оқытулық: Әскери топография туралы түсінік беру, оның ұрыс жағдайында тиімділігі, бағдар туралы түсінік, аспан денелері т.б. заттарға қарап анықтау.

Дамытулық: Топография элементтерін пайдалана отырып, сағат, жергілікті жердегі ерекше заттар арқылы бағытты бағдарлай білу, ортаға бейімделу дегеннің не екенін түсіну, табиғи заттар мен әртүрлі жергілікті заттарды пайдаланып карта бойынша қозғалу.

Тәрбиелілік: Ұрыстық жағдайда ғана емес өмірде болған оқыс жағдайларға байланысты, ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты адасқан кездері алған білімдерін іске асыра білуге үйрету.

 

Жаңа материалмен таныстыру: Әскери топография - арнайы әскери пән. Ол жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, бағдарлай білу мен ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағдарлау мен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады. Сонымен бірге түрлі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде топографиялық карталар мен аэросуреттерді пайдалана білуге дағдыландырады. Түрлі мамандықтағы әскери жетекшілер топографиялық картаны еркін пайдаланып, жергілікті жерді бағдарлай және кез келген жағдайда берілген бағыт бойынша жылжи алуы қажет. Сабақ жоспары. Тақырыбы: Жергілікті жерде картасыз бағдарлау  Сабақ жоспары. Тақырыбы: Жергілікті жерде картасыз бағдарлау  Сабақ жоспары. Тақырыбы: Жергілікті жерде картасыз бағдарлау

 

Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Әскери топография нені зерделейді? Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар. Жергілікті жерде бағдарлау дегеніміз не? Таңдалып алынған бағдар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет? Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?

Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар: Бағдар, бағдарлау т.б. адасу, жолға сапарға шығуда пайдалана білуді үйрену, жергілікті жер карталары бойынша орнын анықтау.

Жергілікті нәрселердің кейбір белгілері бойынша көкжиек тұстарын анықтау тәртібін түсіндіре отырып, мұғалім мысалдар келтіреді. Оқушыларға бұл тәсіл үлкен ауытқу беретінін айту керек. Сабақтың соңында мұғалім оқушылардан көкжиек тұстарын анықтаудың басқа да тәсілдерін сұрастырып, оларды талқылайды. Содан соң мұғалім оқушыларды өзі тұрған жерді баяндау тәртібімен таныстырады.


 

Дене шынықтыру м ұғалім і нің сабағын өзіндік талдауы

Дене шынықтыру м ұғалім і нің сабағын өзіндік талдауы

Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар:

Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар:
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.06.2023