Тұған жер
Оценка 5

Тұған жер

Оценка 5
Конкурсы
docx
чтение
11 кл
05.02.2019
Тұған жер
Бұл мақала тұған жерге деген адам баласының махаббаты мен сағынышы туралы. Қай елге барсаң да өз еліңе жетпейтінін, оның әрбір тасы мен мөлдіреп аққан суы да ыстық екенін ұғынуға болады деген оймен жаздым. Себебі,бәріміздің де өз тұған жеріміз бен еліміз,табиғатымыз бары ақиқат
Тұған жер.docx
Алматы қаласы,Алмалы ауданы  Шона Саханұлы атындағы № 62 гимназия   қазазқ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Усенова Улболсын Нуралимовна Туған жер      Жоңғар тауыны ң  баурайында Сарыбел ауылының тіршілігі тынымсыз еңбектің ,ауыл  адамдарының  инабаттылығы мен мейірімділік  жүздері, кішіпейілділік пен  сыйласымдықтары, бауырмашылдық пен  бірі­біріне деген  құрметтері, тыныштық  пен  бейбіт өмірдің  рәмізі   секілді           Арайлап атқан  таңның  күншуағы, тынысыңа  тыныс, дем   беретін  таза, мөлдір   ауасы,соққан    самал  желі, шілде  айында  балбырап  пісетін, аузыңа салсаң езіліп  қоя   беретін  тәтті тау бүлдіргені, шыжыған  күннің  ыстығында  шөліңді  қандырып ішетін  «Тамшы суы», тасыған  кезде  ашуланған  арыстандай  ағатын «Тышқан өзені», өзегіңе қуат  пен күш  беретін тау солқылдағы мен жуасы осы бір берекелі ауылды қоштағандай.   Ұлттық  мерекеміз Наурыз мейрамында ауыл тұрғындарының арасында көшелік жарыстар өткізіліп,өз жанұясын ансамбльге ұйымдастырып, халық аспаптарын қалай орындау  керектігін  үйретіп, ауыл сахнасына да алып шыққанда Берік не бары 5­сынып оқушысы еді. Осы жарыста Бас жүлдені жеңіп алып өз анасына демалатын орынға жолдама да алып   беріп үлгерген. Орта мектепті Алтын медальге бітірген Берік Алматыдағы  жоғары оқу  орнына өз күшімен түседі. Оны да қызыл дипломмен  аяқтап, Америка Құрама  Штатында  аспирантураны  бітіріп, сол  елде  жұмыс   бабымен  қалады. Қайда  жүрсе  де,  ол  бір сәт өз елін, туған жерін есінен шығарған емес.  «Әр кезде өз елім   туралы жаңалықтан немесе теледидардан  көргенде қуанышым қойныма сыймай,  сағынғанда  еріксіз көзіме жас алған күндерім де болды... туған жердің қадірін шетте  жүрсең білерсің деген бар емес пе?...» ­ деп, сары  өңді түрімен  жымиды.   Зуылдап келе  жатқан   поезд  да  оның тұңғиық ойға берілуін құптап бара жатқандай,   қоңыр сары  көздері әлденеге бір алаңдап отырғанын байқатады.Кенет  үнсіз отырып қалып ұзақ ойға  батып, алыс армандарға қолын созып бара жатқандай сезілді.Ол қандай арман екенін білгім келгенін сезе қойғандай бірден іліп ала кетті. Маған да керегі сол еді.  ­         Сіз ойлап отырған шығарсыз, мына Берік неге  ұзақ ойланып отыр деп? ­         Ойымнан дәл түстің ғой,­дедім мен. ­         Мен оқыдым,қызметім де жоғары, табысым да жаман емес, жаныма керектің бәрі бар. Бірақ туған жерге деген сағынышым  бәрінен басым болды. Кейде өзімді де сынап көрдім,  мүмкін уақыт өте  тұған елімді ұмытатын шығармын деген ойда болдым. Бірақ ұмытуға қанша тырысып бақсам да, еш өзгермедім. Туған жерім бәрінен ыстық, қымбат, бағалы  екенін түсіндім, ендігі арманым­ өз еліме,туған жеріме  біржола оралып, елімді көркейтуге  өз үлесімді қосқым келеді­ деп, тағы бір терең күрсініп алды. Зымыраған уақыт ағып  жатқан өзендегі су сияқты. Екеуіміз Алматы қаласына қалай тез келіп қойғанымызды  аңғармай қалдық. Бір­бірімізбен хош айтысып, өз жолымызбен кете бардық. Үлкен аспалы  сары сөмкесі мен чемоданын арқалаған ауыл баласы қанатын жайып,  туған жеріне асығып  ұшып бара жатқандай болды. Менің көз алдыма , туған жерін, ауылын  аңсап, сағынып келе  жатқан Беріктің  алдына қойған арманының жүзеге асуына  сенім білдірдім.

Тұған жер

Тұған жер

Тұған жер

Тұған жер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.02.2019