Зерттеу рефераты
Оценка 4.7

Зерттеу рефераты

Оценка 4.7
Научно-исследовательская работа
docx
чтение
11 кл
04.05.2017
Зерттеу рефераты
Оқушының ынталандыра, пәнге деген қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану – мұғалім тарапынан көп ізденуді қажет етеді. Мектептегі оқу үдерісі оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылық әлеуетін дамытуына жол ашуы қажет. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.
Зерттеу реферат.docx
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы  «Шығармашылық әлеуетті  қалыптастыру жолдары»                                                    Курс тыңдаушысы                                               Байманова Ж.Қ                                                 Ақтоғай ауданы,                                                        Агрономия ЖОББМ Павлодар, 2015 ж. Мазмұны  І. Кіріспе................................................................................3­4 бет  ІІ. Негізгі бөлім......................................................................5­8 бет  ІІІ. Қорытынды.......................................................................9 бет  ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................10 бет І. Кіріспе. «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын  одан әрі жақсы оқи түседі». Питер Клайн. Оқушының   ынталандыра,   пәнге   деген   қызығушылығын   арттыратын әдіс­тәсілдерді   тиімді   қолдану   –   мұғалім   тарапынан   көп   ізденуді   қажет   Мектептегі   оқу   үдерісі етеді. ізденімпаздығын, шығармашылық   әлеуетін   дамытуына   жол   ашуы   қажет.   Шығармашылық   оқушылардың   қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады,   ал   мұғалім   осы   әрекетке   бағыттауда   оқуды   ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту үшін  оқытудың жаңа   технологияларын   пайдаланған   жөн   деп   ойлаймын.   Шығармашылық қабілетін   дамыту   –   баланы   ойлай   білуге   үйрету.   Мұғалім   үнемі шығармашылық   қабілетін   дамыту   жолдарын   нұсқап   отырса,   балалардың өздері де ізденіске түседі. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп,қызығушылығын   оятып,   шығармашылық   қабілетін   арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Жан­жақты білімді, жоғары мәдениетті, шығармашылықпен ой толғай білетін,   оқу   арқылы   ой­өрісін,   шығармашылық   қабілетін   дамыта   алатын жеке   тұлға   қалыптастыруымыз   керек.   Заман   ағымына   сай   білім   беруді дамыту, білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру – кез келген оқу орынының және   ұстаздың   басты   міндеті.   Әр   ұстаз   өз   оқушысының   білікті,   білімді азамат болғанын қалайды. Міндеттері: ­ білім беру үрдісін  оқу­тәрбие, әдістемелік және ғылыми негізде   ұйымдастыру. ­ пәндер бойынша неғұрлым тиімді әдістерін таңдау арқылы  сапалы   білімге қол жеткізу. ­ бүгінгі күн талабына сай білім беру үрдісін ақпараттандыру. ­  қазіргі қоғамға  тән білім беру үрдісін ізгілендіру, дербестендіру   және саралау  нәтижеге бағытталған білім беру. ­ жас өспірімдердің шығармашылық қабілеттері мен   мүмкіндіктеріне  қарай олардың одан әрі дамуы мен қаблеттерін   іске асыруына  ­ жағдай жасау.  озық ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін  сабақ  өту процесінде қолдану. ­ ұжымда шығармашылық ахуал тудырып, мұғалімдерді  ғылыми –  зерттеу  іс­әрекетіне баулу; ІІ. Негізгі бөлім. Шығармашылық   оқу   үрдісінде   педагог   өзінің   шеберлігін   ғана   көрсетіп қоймайды,   оқушылар   да   шығармашылық   тұлға   ретінде   дамиды.   Шығармашылық белсенділікті түсінуге екі көзқарас бар: біріншісі – шығармашылық белсенділікті обьективті жаңашылдықпен байланыстырады және әлеуметтік маңызға ие. Екінші көзқарас бойынша, оқу қызметінің өзі шығармашылықпен қабаттас. Оқушы үшін кез келген   оқу   жұмысы   жаңашылдықпен   байланысты.   Сондықтан   оқушылар ұйымдастырылған   оқу­танымдық   қызмет   аясында   білім   дағдыларды   игеруге шығармашылық тұрғыда қадам жасауы керек. Әрине, оқушылар оқу үрдісінде күн сайын жаңалық ашпайды. Бірақ, олар білімнің жаңа әлемін ашуда өздігінен ізденіс жұмыстарын жүргізуі керек. Менің ойымша екінші көзқарас аса маңызды. Орыс   ғалымдары   В.И.Андреев,   С.В.Кульневич   және   шетелдік   А.Маслоу, К.Роджерстің талдауларында «оқушының шығармашылық белсенділігінің дамуына оңтайлы   оқу   ортасы   болып,қолайлы   жағадай   жасалған   кезде   ғана   тұлғаның шығармашылық қабілеті толық ашылады және дамиды» делінген. Кәсіби шығармашылықты қалыптастырудың басты шартына мыналар жатады: ­ шығармашылық   белсенділігі   көрініс   табуы   үшін   қолайлы   психологиялық орта қалыптастыру; ­ топпен жұмыста кәсіби шығармашылық белсенділікті ынталандыру; ­ оқушылардың қателіктеріне шыдамдылық қарым­қатынас; ­ басқалардың   тұлғалық   бірегейлігіне   түсіністікпен   қарау,   шығармашыл жандарды қорғау және оларға жанашырлықты қарым­қатынас; ­ өз   бойындағы   шығармашылық   сапа   белгілерін,   құндылығын   тануға тәрбиелеу; ­ қоршаған ортаның барлық қасиеттеріне назар аударуға тәрбиелеу. Оқушылардың   шығармашылық   дамуын   белсендіруге   мүмкіндік   беретін шарттарға   оқу   үрдісін   ұйымдастыру   формалары     да   жатады.   Оқу   үрдісін ұйымдастыру формалары сан алуан. Мысалы, дербес, топтық, ұжымдық. «Шығармашылық – үнемі алға ұмтылу, мейлінше жетілгенге, жаңаға пайда болған   ұмтылысты   іске   асыру».   Ұстаздық   жолды   таңдаған   адам шығармашылық әрекетсіз, ізденіссіз өмір сүре алмайды, өйткені бала оқыту – еріксіз   көп  білуді,  үздіксіз   жетілуді,  зияткерлік   қабілетті   шыңдауды   талап ететін күрделі үдеріс. Осы   адамзаттағы   ең   озат   технологиялар,   ғылыми   жаңалықтар   мен жетістіктер адам перзенті Осы   адамзаттағы   ең   озат   технологиялар,   ғылыми   жаңалықтар   мен жетістіктер   адам   перзентнің   өмірге   қызығушылығынан,   зерделігінен, ғылыми­шығармашылық білімпаздығынан қабілеттерін арттыру жолында, мұғалімге оқушысын өз бетінше жұмыс істеп, басталады.Оқушылардың     білім  алуға  үйрету  керек. Әрине, бұл жұмысты  жүйелі  түрде  құрастырып, бағдарлы жүргізген жөн. Оқушының   ғылыми­шығармашылық,   зерттеушілік   ізден   қалыптастыруда мұғалімнің  жұмысының моделі былай көрінеді: Оқушының зерттеушілік ізденіс дағдыларын қалыптастыру арқылы Шығармашылық қабілеттерін дамыту Біліктілік – ғылыми  қабілеттерін қалыптастыру Жоғарыда   келтірілген   сызбадан   айқын   көрініп   тұр,   мұғалімнің   бұл жұмысындағы   ең   алғашқы   адымы   –   оқушының   зерттеушілік   ізденіс қабілеттерін   қалыптастыруы,   ал   келесі   адымдары   –   оқушының   біліктілік­ ғылыми және шығармашылық  қабілеттерін қалыптастыруы.  Сөйтіп   мұғалімнің   оқушылардың   ғылыми­шығармашылық,   зерттеушілік ізденісін қалыптастыру жұмысы үш кезеңді болып шығады. 1. Оқушының зерттеушілік ізденіс дағдыларын қалыптастыру. 2. Біліктілік­ғылыми қабілеттерін қалыптастыру. 3. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру жөнінде, алдымен Д.Элькониннің   шығармашылық   жайында   берілген   анықтамасына   тоқталғым келеді:   «Шығармашылық   –   бұл   ерекше   тұрғыдағы   жасампаздық,   жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы  механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен   ерекшеленетін   болса,   өзін­өзі   куәландыратын,   дәлелдейтін болса,   онда   бұл   нәрсені   туғызған   шығармашылық   акт   туралы   сөз   қозғауға болады». Қазақ   тілі   сабақтарында   оқушылардың   шығармашылық   қабілеттерінің құрастыру моделі келесі болып шығады: Шығармашылық қабілеттерін дамыту: 1 Жалғауларды, шақтарды, райларды қолдануға үйрету; 2 Сөйлемдегі   сөз   тәртібін   сақтап,   сөйлемдерді   құрастыру дағдыларын дамыту; 3 Берілген   мәтіннің,   ертегінің   мазмұнын   аудару,   біліктілік дағдыларын дамыту; 4 Мәтіннің   мазмұнын   айтып,   диалог   құру   және   сауатты   жазып беруге үйрету; 5 Белгілі   бір   тақырыпқа   шығарма,   реферат,   баяндама   жазып беруге үйрету. Әрине,   оқушының   шығармашылығын   арттыру   жұмысы   жүйелі, күнделікті, әр түрлі және баланы қызықтыратын формаларында болуы тиіс. Мысалы   мен   қазақ   тілі   сабақтарында   өзге   ұлт   оқушыларының   сөйлеу, шығармашылық   қабілеттерін   дамыту   мақсатында,   белгілі   мәтін   бойынша жұмыс   істеу   барысында   мынадай   әр   түрлі   әдіс­тәсілдерді   қолданамыз. Ескерту:   алдымен   мәтін   бойынша   сөздік   жұмысы   жүргізіледі,   мәтінді оқушыға аудартқызу жұмысы міндетті түрде өткізіледі. Олар мыналар:1.Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу. Мысалы: «Ас атасы ­ нан» мақалы бойынша шағын мәтін құрастыр деп тапсырма беріледі. Септіктерді   сауатты   қолданып,   етістіктердің   керекті   шақтарын   қолдану біліктілігін   дамыту   бойынша   сөйлемдерді   құрастыру.2.Қияли   талдау. Мысалы:   «Сен   теңізден   алтын   балық   аулап   алдың.   Ол   сенен   «Нені қалайсың?» деп сұрайды». Алтын балыққа жауап бер. Осы сұраққа жауап беру   үшін   оқушыға   алдымен   қалау   райын   қолдануды   үйретеміз.3. «Шығармашылық   өзгерту   әдісі»:   Оқушыға   белгілі   бір   затты   зерттеуге ұсынады.   Бұл   зат   бойынша   бірнеше   сұрақтар   қойылады.   4.   Берілген сюжеттік суреттер бойынша әңгіме, ертегі құрастыру. 5. Мәтін, ертегіні, әңгімені   өз   ойларымен   аяқтау.6.Табиғат   құбылыстарына,заттарға сөзжұмбақ   құрастыру.7.Әңгімелерді   салыстыру,   бөліктерге   бөлу,   ат қойғызу.8.Шығарма, мәтін құрастыру.9.Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру   арқылы   қысқартып   әңгімелеу.10.Кейіпкерлерге   мінездеме   бергізу. 11.Шығарма   бойынша   сурет   салғызу,   ауызша   суреттеу,   қиялдау   арқылы суреттеу.12.Рөлге   бөліп   оқыту,   рөлдік   ойындарды   жүргізу.13.Қайталау сабақтарында оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын   оқытылып   отырған құрастыру.14.Шығарма   ретінде   жаздыруға, шығармалардың   авторлары   туралы   толық   мағлұмат   жинап,   реферат жазғызуға   болады.   Осындай   жқмыстарды   үнемі   жүргізу   оқушыларды шығармашылыққа   баулуға,   шәкірт   бойындағы   қабілет   көзін   ашып,   тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық   тапсырма   түрлерін   сынып   оқушыларының   жас ерекшеліктеріне,   психологиялық   таралым,   шығармашылық   қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады. Оқушыларды   шығармашылық   жұмысқа   баулып,   олардың белсенділіктерін,   қызығушылығын   арттыра   түсу   үшін   шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытқан жөн. ІІІ. Қорытынды. Оқушыларды   шығармашылыққа   баулу,   білім   деңгейін   жетілдіру   – ұзақ әрі жүйелілікті қажет ететін үдеріс. Оқушының дамуы біртіндеп жаңа сапаға көтеріле береді. Осындай жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының пәнге   деген   қызығушылығы,   ынтасы   артады,   олар   өз   бетімен шығармашылықпен   жұмыс   істеуге   қалыптасады.   Оқушы   бойында шығармашылықты   дамытуда   үздіксіз   құлшыныс   оқуға,  білім   алуға   деген ұдайы өшпей, күннен­күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім   нұры   тасып,   сыныптан­сыныпқа   көшкен   сайын   оқушының   ішкі дүниесі,   сыртқы   ортамен   байланысы   дамып,   оқушы   дүниетанымы   арта түседі. Сөзсіз,   бұл   жұмыс   оңай   емес.   О.Бальзактың   «ұдайы   еңбек   ету   – өнердің   де,   өмірдің   де   заңы»   дегеніндей,   оқушылардың   шығармашылық қабілеті   мен   белсенділігін   арттыруда   мұғалімге   үнемі   ізденуді,   тұрақты еңбек етуді міндеттейді.   Әр ұстаз оқу­тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына   сай,   озық   ұлттық   рухта   тәрбиелеп,   сабақты   түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс­тәсілдерін падаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады.  ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Ғылыми­шығармашылық, зерттеушілік ізденісті  қалыптастыру жолдары.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.  2014, №12, 11­26­б 2. Қ.Жарықбаев. Қабілет туралы түсінік. Психология. А.,  1982 3. Шығармашылықты қалыптастырудың  ерекшелігі.Қазақстан мектебі. 2014, №3, 52­54­б 4. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту жолдары.  Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2014, №6. 30­40­б

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты

Зерттеу рефераты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017