Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана
Оценка 4.9

Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана

Оценка 4.9
Работа с родителями
docx
воспитательная работа
4 кл
12.02.2017
Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Бүгінгі «Алғашқы ұстаз — ата — ана» атты жиналысына хош келіпсіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.
Ата-ана коучинг.docx
Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата­ана Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата­ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата­ана бойына                     өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс                     тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ресурстар:Постер, стикер,парақшалар, қаламдар. Әдіс­тәсілдері:жеке, жұптық, топтық жұмыс Барысы:  1.Тренинг.  Ата­аналар дөңгелене тұрып, өз есімін атап, баласының бойындағы үш қасиетін атау. 2.Топқа бөліну. Ата­аналар  түрлі түсті смайликтер арқылы топқа бөлінеді. 3. Кіріспе сөз Мұғалім: — Құрметті ата­аналар, қонақтар! Бүгінгі «Алғашқы ұстаз — ата — ана» атты  жиналысына хош келіпсіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала  тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата­аналардың бала  тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз. 4. «Ассоциация» жазу Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? (үш топқа бірдей) Әр топ өз ойларын ортаға салып,  топтың бір мүшесі қорғайды. І топ. Егер ата­ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, тек жақсы қасиеттері арқылы  сыйластықпен ғұмыр кешсе олар өз балаларына өнеге бола алады. ІІ топ. Ата — ана өз баласына өнеге бола алады, егер өздері білімді, тәрбиелі, жауапкершіліктері  мол адамдар болса. ІІІ топ. Ата — ана өз баласына үнемі қолдау көосетіп, барлық істерін қадағалап, бағыт беріп отырса нағыз өнегелі отбасы бола алады. 5. Кесте толтыру. Мақтау Ұрсу (2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп?  Ойлау) Жауаптар:       — Қай сөз көп болу керек?      — Неліктен? — Ата­ана жауабы: — Мақтау баланың көңіл­күйін көтереді, өзіне деген сенімділік артады. Егер ата­ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл  болып өседі. 6. «Кім мәреге бірінші жетеді?» Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір  мүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады).  (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай  тамаша! т.б.). 6. Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді тексер» І топ 1) Егер баланы үнемі сынап отырса ............ (оқуға құлқы болмайды) 1) Балаға үнемі күлсе ................................ (бұйығы болып өседі) 2) Баланы қолдап отырса ........................... (білімге деген ынтасы артады) 1) Баланы қолдап отырса ..................... (өз ісіне сенімді болады) 2) Бала төзімділікте өссе ................................. (адал болып жетіледі) ІІ топ 1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе .............................. (ол адамға сеніммен қарайды) ІІІ топ 1) Бала кекшілдікте өссе ............................. (ол қатыгез болып өседі) 2) Бала адалдықта өссе ........................................... (әділ болып жетіледі) 3) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ........................ (бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді) (Әр топтың бір мүшесі оқып береді) 7. Толғаныс «Жанұя типтері» 1. Әмірлі (авторитарлық)  2. Демократиялық (егемендік)  3. Бетімен жіберушілік  4. Рақымшыл жанұя Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған  типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?... Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің  көмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады. Рефлексия парағы Қай типті таңдадыңыз? Өзгерткіңіз келе ме? Кімнің көмегі қажет? 1 2 Иә Жоқ 1) Отбасы мүшелері 2) Психологттың 3) Мұғалімнің тағы кім? 8. Білім сапасын көтерудегі ата — ана рөлі «Біреулер құдайдан бала тілейді». Ол баланы не қылады? — Өлсем орнымды бассын, — дейді. — Артымнан құран оқысын, — дейді — Қартайғанда асырасын, — дейді.  Осыдан басқа бар ма? — Сіз қалай ойлайсыз? — Білімді, жан­жақты тәрбиелі болсын т.б. — Қандай білім алғанын қалайсыз? — Сапалы білім — Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты? Олардың әрқайсысына қандай талаптар қойылады? Талдау І топ                                         ІІ топ                            ІІІ топ 9. Түйінді ой: Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата­анаға байланысты екенін  талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа  дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата­ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.        «Тек қана ата­аналармен бірге, жалпы күш­жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер  балаларға   үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.»            В.А.Сухомлинский Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата­анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының  тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің  алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.

Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана

Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана

Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана

Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.02.2017