Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ
Оценка 4.9

Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
окружающий мир
8 кл
31.01.2017
Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ
Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ Мақсаты: жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Міндеттері: - адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру; - жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту; - жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу. Шаттық шеңбері. Оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, Ғ.Қайырбековтың «Ана туралы жыр» әнін үнтаспаға қосылып айту.Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ
7кл откр урок МКШ.docx
Күні: 19 желтоқсан 2015 жыл  Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ Мақсаты:  жаныңда   жүрген   жақын   адамдарды   (отбасы   мүшелері,   құрбы­ құрдастар, достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.  Міндеттері: ­ адамдардың   бір­біріне   деген   мейірім­шапағатының   мән­мағынасын түсіндіру; ­ жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту; ­ жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу. Шаттық   шеңбері.  Оқушылармен   бірге   үлкен   шеңберге   жиналып, Ғ.Қайырбековтың «Ана туралы жыр» әнін үнтаспаға қосылып айту. Үй тапсырмасы. Оқушыларға өздері жазып келген эсселерін оқыту  Әңгімелесу.  Оқулықта   «Ойланайық,   пікірлесейік»   айдармен   берілген сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізу. Жаңа тақырып бойынша не білетіндерін, жеке көзқарастарын анықтау.   «Аялау»,   «қадіріне   жету»,   «қадірін   білу»   деген   сөздерді   қалай түсінесіңдер?  Айналаңдағы   адамдардың   жақсылығын,   мейірімін   сезіп,   байқап, бағалайсыңдар ма? Қалай?  Өзің жақсы көрген адамың саған немқұрайдылық танытқан кездері болды ма? Сол кезде не сезіндің?  Өзіңе   «Маған   мейірім­шапағатын   аямаған   адамдар   үшін   мен   не істедім?» деген сұрақ қойып көрдің бе?  Адамдар саған «рахмет» айта ма? Ал өзің ше? Жаңа   ақпарат.  Әңгімелесу   арқылы   өз   қорытындыларын   жасап,   жаңа ақпаратқа   назар   аударту.   Оқушы   берілген   ақпаратты   тек   қана   қабылдап қоймайды,   сонымен   бірге   әңгімелесу   әдісіндегі   өз   шешімі   мен   ойының дұрыстығын,   тіпті   болмағанда   оның   басқа   нұсқалардың   ішіндегі артықшылығын логикалық түрде түсінеді. Берілген ақпаратты оқып беру. Мәтінмен   жұмыс.  Оқушылардың   жаңа   ақпаратта   айтылған   негізгі   ойды «Мәтінмен жұмыс» айдарымен берілген Р.Акдемірдің «Ана махаббаты» атты мәтінін оқу арқылы жалғастыру. Соңында берілген сұрақтарға жауап беру. Бейнеролик көрсету «Ананың жүрегі»  Ана неліктен балаларының көңіл күйін бұзғысы келмеді?  Балалары саяхатқа жиналған кезде ана қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?  Балалар саяхаттан неліктен бас тартты?  Балалардың   өз   шешімдерін   құпия   ұстауының   себебін   қалай түсіндірер едіңдер? Жағдаяттарды   талдау.  Берілген   жағдаятты   оқып,   шешу   жолдарымен   ой бөлісу. 1. Саят және оның ата­анасы 2. Меруерттің көңіл­күйі 3. Ербол мен оның ата­әжесі 4. Достардың іс­әрекеті Жағдаятты   талдаудың   мақсаты   –   оқушылардың   айнала   қоршаған ортаға, адамдарға түсіністікпен қарауға, өздерін өзгелердің орнына қоя білуге үйрету. Жақындарына құрмет, жанашырлық сезімдерін туғызып қана қоймай оның бекуіне жағдай жасау. Дәйексөз. Дәйексөздің мағынасын ашып, дәптерлеріне жаздыру. Өзінің айналасындағы жора­жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді. Альфред Адлер Тапсырма.  Оқушылар   меңгерген   құндылықтардың   күнделікті   өмірдегі маңыздылығын түсініп, қолдана білуге үйрету мақсатында оқулықта берілген тапсырманы орындату.  Өзіңнің жақындарыңды қалай қуантар едің? Тізбектеп жазып шық. Түйіндеме.  Сабақта   алған   білімдерін   қорытындылай   келе,   ВЕНН ДИАГРАММАСЫН қолданып «Ана мен әке» туралы ойларын толықтырып жазу.                         АНА                                                ӘКЕ Жүректен жүрекке.  Шеңберге жиналып, үнтаспадан Қ.Қазыбековтың «Әке арманы» әнін айтып, қорытындылау. Жалпы орта білім беретін Мереке мектеп­балабақшасы ТАҚЫРЫБЫ: «Аялай біл, сен деп соққан жүректі» /Өзін­өзі тану, 7­сынып/ Пән мұғалімі: Маюков Қ.Ш. 2015 – 2016 оқу жылы

Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ

Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ

Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ

Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ

Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ

Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ

Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ

Тақырыбы: АЯЛАЙ БІЛ, СЕН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.01.2017