Телемедицина
Оценка 4.8

Телемедицина

Оценка 4.8
Научно-исследовательская работа
docx
информатика
Взрослым
27.03.2017
Телемедицина
Батыс Қазақстан облысы бойынша телемедицинаның дамуын туралы Батыс Қазақстане медициналық колледжі оқушыларының зерттеу жұмыстарының нәтижелері қарастырылған. телемедицинаның дамуы, батыс Қазақстан облысы бойынша жеткен жетістіктер, алға қойылған мақсаттар айқындалып, Қазақстанның дамуына қосар үлестері қарастырылған. зерттеу жұмысы кезінде бейнероликтер, фотоматериалдар қолданылды. Гупранов Қ.С.
Гупранов Телемедицина ЗКО.docx

«Батыс Қазақстан облысында телемедицинаның қолданылу тиімділіктері»

 

Тлекқабылова Шынар

Жетекшісі: БҚЖМК жоғары санатты информатика пәнінің оқытушысы Гупранов Қанат Сағындықұлы

МКҚК Батыс Қазақстан Жоғары медициналық коллежджі, Орал қ., zkmk@mail.ru

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қай Жолдауында болмасын, отандық медицина саласының алға жылжуына, халық денсаулығының жақсаруы үшін барынша жағдайлардың жасалуына айрықша назар аударып келеді. Биылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында да цифрлы технологиялар мен денсаулық және білім  саласындағы байланыстарды нақты айқындап көрсетті.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында қашықтан, смарт-медицина, санитарлық медицина, телемедицина сынды озық үлгілі медициналық қызмет көрсету жүйелерін енгізіп қана қоймай, мүмкіндігінше оларды жетілдіре түсуді нықтап тапсырған еді. Осы құжаттамаларды негізге ала отырып ҚР Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген «ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қолданысқа енгізілді.

Бағдарламаның нысаналы индикаторлары:

2019 жылы:

ü    ҚР халқының өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа жеткізу;

ü    Ана өлімінің көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 10,5-ке төмендету

ü    Бала өлімінің көрсеткішін 1000 жаңа дүниеге келген сәбиге шаққанда 9,11-ге төмендету.

ü    Жалпы өлім көрсеткішін 1000 тұрғынға шаққанда 6,3-ке қысқарту.

Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі ҚР-да қолдануға рұқсат етілгендер ішінен енгізілген жаңа медициналық технологиялардың үлес салмағын 2014 жылғы 30% көрсеткіштен 2019 жылы 52%-дейін арттыру жоспарланған.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру мақсатында көлік медицинасын, оның ішінде санитарлық авиацияны, жедел медициналық жәрдемді, телемедицинаны, пациенттердің жекелеген санаттарына қашықтан сымсыз мониторинг жүргізу жүйесін дамыту жүзеге асырылады.

«Денсаулық» бағдарламасында медицина саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мәселелері нақты көрсетілген. Мысалы осы бағдарламаның 5.7.3.бөлімінде кластерлік жүйенің жұмысын басқару және үйлестіру үшін ұлттық телемедицина желісі кеңейтіліп, қолданыстағы ақпараттық жүйелер шеңберінде ақпараттық технологиялар жетілдіріледі делінген.

Осы бағытта министрлік тарапынан қажетті шаралар қолға алына бастады. Соның бірі – телемедицина жүйесі. Телемедицина – байланыс құралдарын пайдалану арқылы диагностикалауға, аурулар мен жарақаттарды емдеуге және де алдын алуға, зерттеуге, бағалауға, мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін, қашықтан дәрігер-мамандардың көмегімен көрсетілетін денсаулық сақтау саласындағы қызмет және жекелеген тұлғалардың денсаулығын жақсарту мақсатында медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттырып отыру үшін де таптырмас тәсіл бұл.

Телемедицина («қашақтықтағы медицина» грек сөзінен «tele» - алысқа, алыста) арақашықтық себеп болатын факторлар медициналық қызмет көрсету себебі болып табылады.

Телемедицина компьютерлік техникалық даму мен әлемдік ғаламтор жүйесімен тікелей байланысты. Олар арқылы былайша айтқанда Телемедицинаның алдына қойған кез келген мәселені шешуге болады. Ақпаратты қатал тәртіпте қорғау медициналық ақпараттың құпиялылығын сақтаумен тікелей байланысты.

Телемедициналық тілдесулер медициналық ақпараттың телекомуникациялық каналдардың жүйесі арқылы жүзеге асады. Қайырма телетілдесулер бұл тілдесуді ұйымдастырудың арзан және оңай түрі. Ол арқылы арақашықтықта электрондық почта арқылы медициналық ақпараттың берілуі орындалады.

Үй телемедицианасы – медициналық көмекті үйде емделіп жатқан емделушіге арақашықтықтан көмек көрсету.

Нақты уақыт режиміндегі тілдесулер, бұл нақты уақыт режиміндегі тілдесулерді өткізетін телемедицина жүйесі. Бұл кезде бейнеоконференция екі абонет арасында, көп нүктелік режимде, яғни бірнеше абоненттер арасында, ең ауыр жағдайлар әртүрлі медициналық орталықтың дәрігерлері арасындағы консилиум түрінде өткізіледі.

Телемедицинаның маңыздылығы мынада ақпаратқа оңай қол жеткізу; бұрын қолжетімсіз денсаулық сақтаудың жаңа мүмкіндіктер мен қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету (мысалы, хабар тарататын он-лайн операцияларды.); кәсібилік деңгейін арттыру; медициналық көмектің сапасын бақылау; денсаулық сақтау шығындарын төмендету.

Телемедициналық жүйелер  кез келген арақашықтықтағы дәрігермен тілдесуге және барлық керекті құжаттарды, медициналық ақпараттарды маман диагноз қою үшін толықтай берілуін қамтамасыз етеді.

Қазақстанда бірінші масштабты жоба «Ауылдық денсаулық сақтауда телемедицинаның дамуы» 2005 жылы басталды. Алғашында Қазақстанның 11 облысының медицина мекемелерін кезең бойынша жалпы ортақ желіге – телемедициналық модульдің жерсеріктік байланыс арнасы бойынша хабарлайтын жүйеге біріктірді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі мен Республикалық, облыстық және аудандық телемедициналық орталықтарымен бейнеконференция байланысы ұйымдастырылған.  2015 жылдың басында елімізде 200-ге жуық телемедициналық орталықтар жұмыс атқарды және жылына 20 мыңнан астам консультациялар жүргізуде.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы Облыстық клиникалық ауруханасында 2007 жылдың қараша айынан бастап, қазіргі заманға сай жабдықталған, компьютердің көмегімен ғаламтор арқылы үлкен қашықтық арасында науқас туралы клиникалық мәліметтерді жеткізуге мүмкіндік беретін телемедицина кабинеті жұмыс атқарады.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында Батыс Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасының ақпараттық-талдау бөлімімен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі заманға сай жабдықталған, компьютердің көмегімен ғаламтор арқылы үлкен қашықтық арасында науқас туралы клиникалық мәліметтерді жеткізуге мүмкіндік беретін телемедицина кабинеті жұмыс атқарады. Телемедициналық модульдің жабдықталуына мына құрал-жабдықтар кіреді: Polycom маркалы теледидар, микрофон, колонка, бейнекамера, телемедициналық дермаскоп, AGFA маркалы рентген суреттерін сканерлеуге арналған құрал, бейнепроектор.

Медицинада жоғары технологиялар барлық уақытта болған, оған ешқандай күмән жоқ, бірақ деректерді on line және off line режимінде көрсету болған емес. Мысалы, егер қандай да бір алыс елді мекенде әлдекім қатты ауырып қалды делік және оған күттірмейтін көмек керек, ол әрине жақын жердегі аудандық ауруханаға барады.Алайда, мынадай жағдайлар да болады: аурудың белгілері дәрігерлерге таныс емес, және оларға біржақты диагноз қою мүмкін болмайды.Бұндай жағдайларда барлық деректер,анализдер және аурудың түрлі медициналық суреттері аппараттық кешеннің мұрағатына түседі. Бұдан кейін білікті мамандар қолға түскен деректерге қарап, аурудың халі жөнінде қорытынды жасайды. Ал, ары қарай, дәл, сауатты диагноз қойылса, сауатты емдеу де болады. Облыстық орталықтың мамандары емдеуді түзетіп, қосымша зертханалық-аспаптық тексерулер бойынша өздерінің ұсыныстарын береді. Бұл Клинет бағдарламасы көмегімен іске асады.

Бұл қызмет 9 аудандық (Жәнібек, Казталовка, Жаңақала, Бөкейорда, Зеленов, Теректі, Тасқала, Ақжайық, Сырым) ауруханада орналасқан облыстық телемедицина қызметімен үйлестірілген.

Бір жыл көлемінде қазіргі таңда 800-ден астам телемедицина арқылы аудандарымызға консултатция жасайды. Бізге  жылына Астана және Алматы қаласынан 350 астам телемедициналық консултация жүргізіледі.

2016-2019 жылдарға арналған  «Денсаулық» бағдарламасында анамен бала өмірін аман алып қалу өзекті мәселесе.

2016 жылы БҚО бойынша ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туған анаға шаққанда 15,2% құрады. Жалпы тұрғындар өлімі көрсеткіші 8%-ға төмендеді, бұл көрсеткіш 2015 жылы 8,66% көрсеткен болатын.

2016 жылдың 12 айы ішінде сәби өлімінің көрсеткіші 1000 тірі туылғанға 7,6% құрады), 2015 жылы (1000 тірі туылғанға 8,3%).

Халықтың өмір сүру ұзақтығы 2013 жылы 69,5 жастан 2016 жылы 71,7 жасқа дейін артты. Бұл мәліметтер, медицина дамуына  телемедициналық технологияларды қолдану арқылы сапалы медициналық қызметті қолжетімді етіп, халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсартканын көрсетіп отыр.

Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері сұхбат жүргізген кезде олар:

Телмедицинаның дамуы біздің облысымыз үшін қажет және маңызды, себебі, біріншіден, қалалардан алыс қашықтықта орналасқан көптеген ауылдар бар. Осыған қоса, бөлімшелік емханалар мен стационарлар жұмыс істейтін көрші қалаларға барлық ауыл тұрғандарының мүмкіндіктері бола бермейді. Дұрысында, телемедицина – бұл интерактивті бейнеконсультация, медицицина ғылымының данышпаны, фельдшерлік пункттер жұмыс істейтін қаланың алыс қашықтықтарында орналасқан аймақтарда тұратын тұрғындар үшін таптырмайтын көмек.

Дамыған телекоммуникация жүйесін, сонымен қатар, цифрлы теледидар мен жылдамдатылған ұялы байланыстың жаңа технологияларын енгізу бойынша соңғы бастамаларды ескерсек, бүгінгі таңда телекоммуникациялық технологияларды еңгізудің өзектілігі одан әрі артуда. Осы бірегей жүйенің мүмкіншіліктерінің толық көлемде қолданылуы үшін медицина қызметкерлерін, телемедицинаны пайдаланушыларды мақсатты дайындау және ынталандыру әрекеттері маңызды болып табылады. Ауылдық елді мекен дәрігерлеріне тек облыстық ауруханалармен ғана емес, республикалық орталықтарымен және облысаралық кәсіптік байланысуға мүмкіндік беру үшін бірыңғай телемедицина жүйесін қалыптастыру қажет.

“Денсаулық” бағдарламасында медициналық білім беру бағдарламаларын жетілдіру шеңберінде студенттердің заманауи әдептілік стандарттарын, ақпараттық-коммуникациялық технологиялық дағдыларды қалыптастыруын қамтамасыз ету қарастырылған.

Телемедицинаның бұдан ары қарай дамуы пациенттер үшін мамандандырылған медициналық көмекті шынайы жақындата алады, алғашқы медициналық – санитарлық көмек деңгейін жоғарлатуға, оның халық арасында қолжетімділігін қамтамасыз етуге мол мүмкіншілік беріп отырады.

Үлкен территориялы елдің денсаулық сақтау жүйесіне,материалды қамту және емдеу-профилактикалық мекемелер үшін мамандарды дайындауға, орталық және алшақ орналасқан медициналық орталықтардың қатынасуының қиындығынан телемедицина жүйесін еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне енгізу өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан ТМ жүйесін құрудағы басты мақсат-заманауи ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық жүйелерді қолдану арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі білім алу және медициналық қызметке жалпы ұлттық қол жетімділікті қалыптастыру. Телемедицинаның дамуында жоғары дамыған елдерде дистанциондық консультативті көмек берудің экономикалық тиімділігін көреміз.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Телемедицинаны енгізу емдеу-профилактикалық көмектің сапасына айтарлықтай өзгеріс енгізеді, шығынды минимзациялаумен денсаулық сақтау жүйесін басқару, төтенше жағдайларда оның құрылымдалуының тиімділігін көтеру, мамандарды дайындау проблемаларын шешеді. Дамыған елдердің денсаулық сақтау жүйесіне телемедицинаны енгізу мысалы экономикалық тиімділікті қалыптастырады.

Елбасының жоддауында айтылған жаһандық бәсекеге қабілеттілік отандық цифрлы технологиялардың барлық салада тиімді қолданылуы еліміздің қарыштап дамуында зор үлесін қосатынына сенімдімін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы

2.      «Медицинская информатика»

3.     Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған “Денсаулық” Мемлекеттік бағдарламасы

4.     ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.  mz.gov.kz

5.     Батыс Қазақстан Денсаулық сақтау басқармасының ресми сайты. bko-gov.kz


 

6.    

Батыс Қазақстан облысында телемедицинаның қолданылу тиімділіктері »

Батыс Қазақстан облысында телемедицинаның қолданылу тиімділіктері »

Осы бағытта министрлік тарапынан қажетті шаралар қолға алына бастады

Осы бағытта министрлік тарапынан қажетті шаралар қолға алына бастады

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы

Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері сұхбат жүргізген кезде олар:

Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері сұхбат жүргізген кезде олар:

Елбасының жоддауында айтылған жаһандық бәсекеге қабілеттілік отандық цифрлы технологиялардың барлық салада тиімді қолданылуы еліміздің қарыштап дамуында зор үлесін қосатынына сенімдімін

Елбасының жоддауында айтылған жаһандық бәсекеге қабілеттілік отандық цифрлы технологиялардың барлық салада тиімді қолданылуы еліміздің қарыштап дамуында зор үлесін қосатынына сенімдімін
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.03.2017