Темекінің денсаулыққа зияны.
Оценка 4.9

Темекінің денсаулыққа зияны.

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
3 кл
03.09.2017
Темекінің денсаулыққа зияны.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық жоспарындағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» бөлімімен оқушыларды таныстырып, спирттік ішімдіктен, темекінің, есірткінің зиянды зардаптары жөнінде түсінік қалыптастыру.ә) Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығы екенін, өздерін денсаулыққа зиянды жат қылықтардан аулақ ұстап, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Әдісі: баяндау, пікір алмасу, ой қозғау. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Қанатты сөздер. «Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды». «Арақ ішкен азар, шылым шеккен тозар, наша тартқан өз көрін өзі қазар». «Шылым шегіп әдемі болғанша, қылығыңа сай кәделі бол». «Ішпеген, шылым шекпеген, жасайды жылдар көптеген». «Шылымды әр тартқаның, табытыңа темір шеге қаққаның». II. Кіріспе сөз.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық жоспарындағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» бөлімімен оқушыларды таныстырып, спирттік ішімдіктен, темекінің, есірткінің зиянды зардаптары жөнінде түсінік қалыптастыру.ә) Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығы екенін, өздерін денсаулыққа зиянды жат қылықтардан аулақ ұстап, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Әдісі: баяндау, пікір алмасу, ой қозғау. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Қанатты сөздер. «Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды». «Арақ ішкен азар, шылым шеккен тозар, наша тартқан өз көрін өзі қазар». «Шылым шегіп әдемі болғанша, қылығыңа сай кәделі бол». «Ішпеген, шылым шекпеген, жасайды жылдар көптеген». «Шылымды әр тартқаның, табытыңа темір шеге қаққаның». II. Кіріспе сөз.
саодат.docx
Тақырыбы:    Темекінің денсаулыққа зияны. Мақсаты:  а)   Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаевтың   «Қазақстан­2030»стратегиялық жоспарындағы   «Қазақстан   азаматтарының   денсаулығы,   білімі   мен   әл­ауқаты» бөлімімен   оқушыларды   таныстырып,   спирттік   ішімдіктен,   темекінің,   есірткінің зиянды   зардаптары   жөнінде   түсінік   қалыптастыру.ә)   Болашақ   қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығы екенін, өздерін денсаулыққа зиянды жат қылықтардан аулақ ұстап, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Әдісі:  баяндау, пікір алмасу, ой қозғау. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.                          Қанатты сөздер. «Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды».  «Арақ ішкен азар, шылым шеккен тозар, наша тартқан өз көрін өзі қазар». «Шылым шегіп әдемі болғанша, қылығыңа сай кәделі бол». «Ішпеген, шылым шекпеген, жасайды жылдар көптеген». «Шылымды әр тартқаның, табытыңа темір шеге қаққаның».  II. Кіріспе сөз.             Құрметті оқушылар! Бүгінгі 3Ж­сыныбында өткелі отырған  «Темекінің денсаулыққа   зияны!»   атты   тәрбие   сағатына   хош   келдіңіздер!Тәрбие   сағатының мақсаты   салауатты   өмір   салтын   насихаттау.Салауатты   өмір   салты   дегеніміз­ денсаулықтың   үлесімді   дамуын   қамтамасыз   ететін,   оны   сақтайтын   және нығайтатын профилактикалық шаралар жиынтығы.                      Салауатты мақсатың өмір сүру,                     Өмірдің мағынасын керек білу.                     Ішімдік, нашақорлық сенің жауың                     Пайдалы сол­ жолдан аулақ жүру.  Халқымыз қашаннан­ақ денсаулықты алдыңғы орынға қойып, бірінші байлық деп есептеген.   Орыс   ғалымы   И.П.Павлов   «Адам­аса   күрделі   және   өте   нәзік   жүйе. Табиғат қазынасын пайдалану және осы қазыналардың зейнетін көру үшін адамның дені сау, рухы мықты және саналы болу керек» деген. «Ессіз білмес естінің қасиетін,   Сау   сезбес   аурудың   қасіретін»­деп   халық   айтқандай,   кім   болса   да   аурудың қасіретіне   жалықпай,   «ауырып   ем   іздегенше,   ауырмаудың   жолын   ізде»   деген ұғымды әр адам санасына сіңіріп, өз денсаулығына деген жауапкершілікті сезінгені жөн.  Жер бетінде адамнан күшті тірі ағза жоқ дейміз. Солай бола тұра адам  неліктен әлсіз?   Бақыттысың шара түспей көңілге,  Шылым шекпе, арақ ішпе өмірде  Арақ деген апарады өлімге. Шылым да дерт секілді, іліп алған ерінге Шылым шегіп, арақ ішсең егерде Өмірің сенің көз алдыңда сөнуде.   ­дей келе енді темекінің зиянды әрекетіне  тоқталайық. Күрк­күрк көк жөтел Күркілдеген не жөтел Жасыңнан шексең темекі Түбіңе сенің сол жетер. Түтінімен ыстап өкпені Никотин уын төккені Жүректің ұстап талмасын,  Мишықтың құрғап кеткені. Жағымсыз әдеттер туралы әңгімелеу.         Балалар, шылым шегу зиянды, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде  зиянды заттар ауа арқылы ауызға, жоғары тыныс жолдарына өтіп, кілегейлі  қабықшамен өкпе көпіршіктеріне барып қонады. Сілекеймен қоса жұтылып,  асқазанға барады. Шылым шегетіндермен шекпейтіндерді оңай ажыратуға  болады: шылым шегетін адамның бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді,  саусағы сарғыш тартады, өз жасына қарағанда үлкен болып көрінеді, тісі ерте  бұзылады, сарғаяды, жүрегі тез шаршайды. Қан тамырлары тартылады,  нәтижесінде аяғын сылтып басады. Жүйке жүйесіне әсерін тигізеді, естуі,  көру нашарлайды. Жасөспірім ашуланшақ, жалқау болып, ұғу қабілеті  төмендейді.  Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі  мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің  арасында қатты етек алып отыр.         Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан ­2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол  жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:  1 ­ бағыт.  "Темекі шегуді тоқтату";  2 ­ бағыт.  "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";  3 ­бағыт.  "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".  Бағдарламада былай делінген: "Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды  екені дәлелдеуді қажет етпейді Темекі зардабынан болатын аурулар:        Темекінің шығу тарихы. Португалияның Париждегі елшісі Жак  Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің  басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған. Темекі  тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды.         Мектеп жасында көбінесе ештеңемен шұғылдаңбайтын, сабақ оқымайтын,  спортпен айналыспайтын оқушылар шылым шегеді. Ерте бастан денсаулықты  сақтап шылым шегуге әуестенбеу керек. Темекі тартудан болатын аурулар.   ­ Стенокардия ­ темекі тартудың көп  тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына  шалдыкқандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың  өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдықкан адамның өмірі қысқа болады. ­  Эндартерит ­ темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының  біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде  адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50­70 м жүрген соң  қайта ауырады. Мүндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын  кеңею қабілеті жетіспейді.  ­ Құрғак гонгрена ­ темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бүл ауру  кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың  башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге  тура келеді. ­ Ісік аурулары никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді.  Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі. Қорытынды:  Кім жылдам. Сұрақтарға жауап беру 1.Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы пайда болды?­1946 ж 2.Темекіні Еуропаға кім әкелді?­Х. Колумб пен оның достары 3.Еуропада темекі тартумен күрес қай ғасырда басталды?­ XYII ғасырда 4.Никотин кімнің есімімен байланысты қойылған? –Францияның  Португалиядағы елшісі Жан Никонның есіміне байланысты. 5.Адамдар темекінің зиянын біле тұрып тарта береді дейді, осы рас па? –Рас 6.Темекінің жасыл жапырақтарында қанша пайыз никотин болады? ­9 пайыз 7. Үндістер темекі өсімдігін қалай атады? –кохоба 8.Темекі туралы ең алғашқы кітапты кім жазды? –Эрсандесу де Овьеди

Темекінің денсаулыққа зияны.

Темекінің денсаулыққа зияны.

Темекінің денсаулыққа зияны.

Темекінің денсаулыққа зияны.

Темекінің денсаулыққа зияны.

Темекінің денсаулыққа зияны.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.09.2017