Білімділік: Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің көрші мемлекеттер – Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстанға жорықтары жайлы баяндап, басқыншылық зардаптарын көрсету.
ә) Тәрбиелік: Адамгершілікке, қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, ойын жеткізе білуге дағдыландыру.ашық сабақ
Темір мемлекеті.docx
Бекітемін_____________
ДОТЖО: С. Анарқұлова
Күні : 22.12.15ж Сыныбы:7 в
Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: §25. Темір мемлекеті
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің көрші мемлекеттер – Ақ Орда,
Алтын Орда, Моғолстанға жорықтары жайлы баяндап, басқыншылық зардаптарын көрсету.
ә) Тәрбиелік: Адамгершілікке, қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек
көруге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, ойын жеткізе білуге
дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: карта, хронологиялық кесте,
Пәнаралық байланыс: География, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын
сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді:
І топ – «Түркістан»
ІІ топ – «Отырар»
Үй тапсырмасы
1. Моғолстанның орталығын ата.
Алмалық қ сы
2. Неліктен Моғолстан деп аталды?
Шығыс деректерінде «монғол» сөзінің «н» әріпі түсіп қалып, «моғол» деп аталды.
3. Моғолстан хандығы кімнің тұсында ыдырай бастады?
Жүніс ханның немересі Абд ар Рашидтің
4. Моғолстанның құрылуында дулат тайпасының өкілдері неге басты
рөл атқарды?
М. Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде өзіне адал
қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай – Сүбе жерін берген. Осы аумақты билеген
дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене ат салысады. Поладшы әмір Моғолстанды Маураннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз жеке хандық
құруға бар күшін салады.
5. Моғол хандығының этникалық құрамы туралы айтып бер.
Монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы
кезде өздерінің басымдылығын көрсеткенімен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес
тайпалар басымдық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс
Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде
айырылған. Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын,
барын, барлас, бұлғашы, т. б. ертеден осы өңірде өмір сүрген тайпалар. Бұлардың
қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да
болды.
6. «Батпақ шайқасы» туралы не айтасың?
Тоғылық Темір хан қаза болғаннан кейін Әмір Темір Мауараннахрдағы билікті өз қолына
алу үшін, Ілияс – Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс Қожа ханның арасында
бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырап, Моғолстаннан жаңа
әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22
маусымда екі жақтың арасындағы шешуші шайқас «Батпақ шайқасы» болады. Жазба
деректердің хабарына қарағанда екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған.
7. Тоғылық Темір хан тұсында моғол хандығының саяси жағдайы қандай болды?
Тоғылық Темір хан тұсында саяси тұрақсыздық орын алды. Хандықтың бүкіл аумағын
біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Хан елдің ішкі – сыртқы саяси жағдайын жақсартты.
Тоғылық Темір хан өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта
Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360 – 1361 жж Мауараннахрға
екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс – Қожаны таққа отырғызады.
8. Моғолстанның алып жатқан аумағын картадан көрсет.
Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік – шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағы
9. Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша Моғолстан мемлекеті қай жерлерді алып жатты?
Шығыс шеті қалмақтармен шектесіп, Барыскөл, Емел, және Ертісті өзіне қосады.
Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістан, Ташкентпен шектеседі,
оңтүстігінде Ферғанамен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі.
Үйге берілген жазба жұмысын тексеру: «Түркістан» тобына Моғол мемлекетінің
хронологиялық кестесін жасап келу, «Отырар» тобына Моғолстан мемлекетінің хандары
туралы әңгіме құрап келу тапсырылған.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың жоспары:
І. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары.
ІІ. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жасаған жорықтары.
ІІ. Әмір Темір жорықтарының зардаптары.
1336 жылы Түркістанда туып, 1405 жылы Самарқан қаласында
жерленген.
Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі болды.
1370 жылы Мауераннахрды алды.
Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан
жарақаттанған. Осыған байланысты Ақсақ Темір (парсыша
Темірленг) атанған.
Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шаққанда жолай
Отырарда қайтыс болды.
Сүйегі Самарқандағы Гүр Әмір кесенесіне жерленді.
2. Карта, хронологиялық кесте мен тірек кестені пайдалану арқылы Әмір
Темірдің Алтын Орда мен Моғолстанға жасаған жорықтары жөнінде түсіндіру.
Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған
жорықтары
Жылдар
Оқиғалар
13741375
Сауран түбіндегі шайқаста Тоқтамыс Ұрұс ханнан жеңіледі
1375
1377
1380
Тоқтамыс пен Әмір Темір Ұрұс ханға қарсы аттанады
Сауранда Тоқтамыс Темір Мәліктен жеңіледі
Тоқтамыс Сарайды, Қажы Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды
1391
1395
Құндызша түбіндегі шайқаста Тоқтамыс әскерін Әмір Темір жеңед,
бірақ Тоқтамыс қашып құтылады
Әмір Темір Тоқтамысты күйрете жеңеді
Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары
13711372 жылдары Алмалыққа дейін жетіп,
керейіттерді талқандаған
13711377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген,
Жетісудың ішкі аудандарын өтіп,Іле өзеніне
1390 жылғы жорықтардан кейін Моғолстан толық
тәуелсіздігінен айырылды
3. Әмір Темір жорықтарының зардаптары жайында оқулықты пайдалан отырып,
оқушылардың өздеріне тірек кестені толтырғызу.
Әмір Темір жорықтарының зардаптары
1.
2.
3.
4.
IV. Бекіту.
Жаңа сабақты толықтыру тесті арқылы бекіту.
Толықтыру тесті 1. Әмір Темір ........... жылдары өмір сүрді.
2. Әмір Темір ............қаласында дүниеге келген.
3. ..............тайпасының биі ............бектің баласы.
4. ..............жылдан Қашқария билеушісі болды.
5. ..............жылы Мауераннахрды бағындырды.
6. Әмір Темір Қытайға жорығы кезінде ..........қаласында қайтыс болды.
7. Тоқтамысты жазалау үшін Әмір Темір ........ жылы қаңтарда 200 мың әскермен жорыққа
шықты.
8. ...........жылы Моғолстан Әмір Темірге толық тәуелділікке ұшырайды.
9. ...........жылы Әмір Темір Тоқтамысты күйрете жеңеді
10. 1377 жылы Сауранда Тоқтамыс .............................. жеңіледі
V. Бағалау.
Бір топ екінші топты бағалау арқылы әр топ оқушылары үй тапсырмасы және жаңа сабаққа
қатысуы бойынша бағаланады.
VI. Үй тапсырмасын беру.
1. §25 оқып, мазмұндау.
2. 123 беттегі кестені толтыру.
ҮІІ. Қорытындылау.
ҮІІ: Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма: § 25ті оқып келу, Әмір Темір туралы шағын әңгіме жазып келу.
Темір мемлекеті 7 сынып ашық сабақ
Темір мемлекеті 7 сынып ашық сабақ
Темір мемлекеті 7 сынып ашық сабақ
Темір мемлекеті 7 сынып ашық сабақ
Темір мемлекеті 7 сынып ашық сабақ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.