Тест

Оценка 5
Контроль знаний
история
5 кл—9 кл
15.01.2019
Тест
1. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ресей қандай әскери-саяси блок құрамында болды? А. Үштік Одақ В. Антифашистік коолиция С. Антанта Д. Варшава шарты Е. Солтүстік Атланттық соғыс блогы 2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың әділетсіз соғыс екендігін дәлелдеп жазған “Қазақ” газетіне басылған “Тағы соғыс” мақаласының авторы? А. А.Байтұрсынов В. М.Дулатов С. Ә.Бөкейханов Д. Ж.Аймауытов Е. Т.Рысқұлов 3. 1907-1912 жылдар аралығында Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақ жеріне әкеліп қоныстандырылған адамдар саны қанша еді? А. 2 млн В. 2 млн 400 мың С. 3 млн Д. 3 млн 400 мың Е. 4 млн 400 мың 4. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі? А. Салықтың көбеюі В. Осы жылдары болған жұт С. Қазақ ақсүйектерінің билікке ұмтылуы Д. Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі Е. Соғысқа қарсы насихаттың күшеюі 5. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор? А. Қазақтан майданның қара жұмысына жігіт алу В. Қазақтардан майданға көлік ретінде ат пен түйе алу С. Қазақтардан майдан үшін жаппай киіз үй жинау Д. Қазақтардан алынатын шаңырақ салығының көбеюі Е. Қазақ шаруаларынан әскерге солдат алу 6. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша, майданның қара жұмысына қанша жастағы еңбекке жарамды ер адамдар алынуға тиіс болатын? А. 18-ден 53 жасқа дейінгі В. 19-дан 53 жасқа дейінгі С. 20-дан 50 жасқа дейінгі Д. 19-дан 43 жасқа дейінгі Е. 21-ден 43 жасқа дейінгі 7. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша майданның қара жұмысына Түркістан мен Дала өлкесінен қанша жігіт алу көзделді? А. 200 мың В. 300 мың С. 400 мың Д. 500 мың Е. 600 мың 8. 1916 жылы 23 тамызда генерал-губернатор А.Куропаткиннің құпия бұйрығымен қазақ қоғамының болмашы бөлігінің қара жұмыстан босатылуы патша өкіметінің қандай саясаты? А.Зиялыларды патша саясатын қолдауға шақыру В. Қазақ жұмысшы табын патша саясатын қолдауға шақыру С. Шаруаларды патша саясатын қолдауға шақыру Д. Орыс шаруаларын қазақтарға айдап салу Е. Жалпыұлттық қозғалысқа жік салу 9. 1916 жылы көеріліске шыққан қазақ халқы отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді.Кей жерде дала дәстүрі бойынша ақсүйек өкілдерінен кімдер сайланып жатты? А. Патшалар В. Қағандар С. Әмірлер Д. Хандар Е. Гурхандар 10. Қазақтың либералдық-демократиялық зиялы қауымы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты патша өкіметімен арада қандай саясат ұстанды? А. Халықты көтеріліске шақырды В. Халықты патша саясатын толық қолдауға шақырды С. Қазақтарды орыс халқына қарсы соғысқа шақырды Д. Патша өкіметімен парасатты ымыраластық саясат ұстанды Е. Патша өкіметінің саясатын толық қолдады 11. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының басты күші? А. Қазақ жұмысшы табы В. Қазақ буржуазиясы С. Қазақ зиялылары Д. Ақсүйектер Е. Халық бұқарасы 12. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс жылдарында қазақ халқын біріктірген ең үлкен идеяны көрсетіңіз? А. Діни идея В. Мәдени тәуелсіздік идеясы С. Ұлттық тәуелсіздік идеясы Д. Хандық билікті қалпына келтіру идеясы Е. Феодалдық- монархиялық идея
Публикация состоит из частей:
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.01.2019