1 тоқсан
1нұсқа
бойынша 9сынып оқушыларының білімін тексеру сұрақтары
1. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ресей қандай әскерисаяси блок құрамында болды?
А. Үштік Одақ
В. Антифашистік коолиция
С. Антанта
Д. Варшава шарты
Е. Солтүстік Атланттық соғыс блогы
2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың әділетсіз соғыс екендігін дәлелдеп жазған “Қазақ”
газетіне басылған “Тағы соғыс” мақаласының авторы?
А. А.Байтұрсынов
В. М.Дулатов
С. Ә.Бөкейханов
Д. Ж.Аймауытов
Е. Т.Рысқұлов
3. 19071912 жылдар аралығында Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақ жеріне әкеліп
қоныстандырылған адамдар саны қанша еді?
А. 2 млн
В. 2 млн 400 мың
С. 3 млн
Д. 3 млн 400 мың
Е. 4 млн 400 мың
4. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлтазаттық көтерілістің негізгі себебі?
А. Салықтың көбеюі
В. Осы жылдары болған жұт
С. Қазақ ақсүйектерінің билікке ұмтылуы
Д. Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі
Е. Соғысқа қарсы насихаттың күшеюі
5. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлтазаттық көтеріліске желеу болған негізгі себепші
фактор?
А. Қазақтан майданның қара жұмысына жігіт алу
В. Қазақтардан майданға көлік ретінде ат пен түйе алу
С. Қазақтардан майдан үшін жаппай киіз үй жинау
Д. Қазақтардан алынатын шаңырақ салығының көбеюі
Е. Қазақ шаруаларынан әскерге солдат алу
6. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша, майданның қара жұмысына
қанша жастағы еңбекке жарамды ер адамдар алынуға тиіс болатын?
А. 18ден 53 жасқа дейінгі
В. 19дан 53 жасқа дейінгі
С. 20дан 50 жасқа дейінгі
Д. 19дан 43 жасқа дейінгі
Е. 21ден 43 жасқа дейінгі
7. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша майданның қара жұмысына
Түркістан мен Дала өлкесінен қанша жігіт алу көзделді?
А. 200 мың
В. 300 мың
С. 400 мың
Д. 500 мың
Е. 600 мың
8. 1916 жылы 23 тамызда генералгубернатор А.Куропаткиннің құпия бұйрығымен
қазақ қоғамының болмашы бөлігінің қара жұмыстан босатылуы патша өкіметінің
қандай саясаты?
А.Зиялыларды патша саясатын қолдауға шақыру
В. Қазақ жұмысшы табын патша саясатын қолдауға шақыру
С. Шаруаларды патша саясатын қолдауға шақыру
Д. Орыс шаруаларын қазақтарға айдап салу
Е. Жалпыұлттық қозғалысқа жік салу
9. 1916 жылы көеріліске шыққан қазақ халқы отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік
басқару жүйелерін қалпына келтірді.Кей жерде дала дәстүрі бойынша ақсүйек
өкілдерінен кімдер сайланып жатты?
А. Патшалар
В. Қағандар
С. Әмірлер
Д. Хандар
Е. Гурхандар
10. Қазақтың либералдықдемократиялық зиялы қауымы 1916 жылғы ұлтазаттық
қозғалысқа байланысты патша өкіметімен арада қандай саясат ұстанды?
А. Халықты көтеріліске шақырды
В. Халықты патша саясатын толық қолдауға шақырды
С. Қазақтарды орыс халқына қарсы соғысқа шақырды
Д. Патша өкіметімен парасатты ымыраластық саясат ұстанды
Е. Патша өкіметінің саясатын толық қолдады
11. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлтазаттық қозғалысының басты күші?
А. Қазақ жұмысшы табы
В. Қазақ буржуазиясы
С. Қазақ зиялылары
Д. Ақсүйектер
Е. Халық бұқарасы
12. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлтазаттық қозғалыс жылдарында қазақ халқын
біріктірген ең үлкен идеяны көрсетіңіз?А. Діни идея
В. Мәдени тәуелсіздік идеясы
С. Ұлттық тәуелсіздік идеясы
Д. Хандық билікті қалпына келтіру идеясы
Е. Феодалдық монархиялық идея
13. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлтазаттық қозғалыстың екі ірі ошағын атаңыз?
А. Ақмола, Семей
В. Жетісу, Торғай
С. Сырдария, Орал
Д. Көкшетау, Сырдария
Е. Орал, Торғай
14. 1916 жылғы ұлтазаттық қозғалыс жылдарында патша үкіметі көтерілісшілерді
жазалау үшін жазалаушы отрядтар жанынан қандай соттар құрды?
А. Қазылар соты
В. Билер соты
С. Халықтық сот
Д. Үштіктер
Е. Әскеридала соттары
15. 1916 жылы Жетісудың 10 мыңнан астам қырғызқазақ көтерілісшілері қай қаланы
қоршады?
А. Пішпек
В. Верный
С. Әулиеата
Д. Тоқмақ
Е. Ош
16. 1916 жылы Жетісу көтерілісшілері Верный уезінің Жайымтал болысының ханы
етіп кімді сайлады?
А. Нұрлан Қияшев
В. Оспан Шонов
С. Бекболат Әшекеев
Д. Әбділғафар Жанбосынов
Е. Жәменке Мәмбетов
17. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалау отрядын талқандап
қай жәрмеңкені басып алды?
А. Қоянды
В. Қарқара
С. Бұқтырма
Д. Лепсі
Е. Қапал
19. Жетісудағы 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліске қатысқан ауылдардың 238
мыңнан астам халқы жазалау шараларының қаталдығынан қай мемлекетке ауып
кетуге мәжбүр болды?
А. Иранға
В. Моңғолияға
С. Бұхар әмірлігіне
Д. Қытайға
Е. Ауғанстанға
20. 1916 жылы Торғай уезінің қыпшақ руының көтерілісшілері Әбділғафар
Жанбосыновты хан етіп сайлады, ал әскер басшысы сардарбегі етіп кімді сайлады?
А. Кейкі батыр
В. Тоқаш Бокин
С. Әліби Жангелдин
Д. Амангелді Иманов
Е. Байқадам Қаралдин
21. 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілісте қатары 20 мыңға дейін жеткен Торғай
көтерілісшілері күресінің мейілінше табанды болып және ұзаққа созылуының басты
себебі?
А. Көтерілісшілерге қырғыздардан көмек келуі
В. Көтерілістің жақсы ұйымдастырылуы
С. Көтерілісшілердің соңғы үлгімен қарулануы
Д. Көтерілісшілердің жер жағдайын жақсы пайдалануы
Е. Көтерілісшілерге шет елден жасырын көмектін келуі
22. 1916 жылы қазанда Торғай қаласын ала алмаған көтерілісшілер қай жерге бекініп
партизандық күрес әдісіне көшті?
А. Қарақұмға
В. Қызылқұмға
С. Бетпақдала мен Қаратауға
Д. Борсыққұмға
Е. Батпаққара жазығы мен Аққұмға
23. ІҮ Мемлекеттік Думаның мінберінен 1916 жылғы Қазақстандағы көтерілісті
басыпжаншыған жазалаушылар мен патша әкімшілігін әшкерелеп сынға алған
орыстын мемлекет қайраткері?
А. В.И.Ленин
В. С.Ужгин
С. А.Ф.Керенский
Д. М.Фрунзе
Е. И.Сталин
24. 1916 жылғы көтеріліске орыс шаруалары да қатысты Қарқарада көтерілісті
ұйымдастырушылардың бірі орыс шаруасы Е.Е.Курев болса, Торғайда
көтерілісшілерді соғыс ісіне үйретіп, өзі жазалаушылар қолынан қаза тапқан орыс
шаруасын атаңыз?А. Осип Мамиев
В. С.Ужгин
С. Никита Кротов
Д. И. Лаврентьев
Е. М.А.Фольбаум
25. 1916 жылғы Жетісу көтерілісшілерінің басшысы Бекболат Әшекеевті патша
жазалаушылары қай жерде жұрт алдында дарға асты?
А. Қордай асуында
В. Верный қаласында
С. Ұзынағаш түбінде
Д. Боралдай асуында
Е. Жаркентте
1 тоқсан бойынша 9сынып оқушыларының білімін тексеру сұрақтары
2нұсқа
1. 1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялықдемократиялық революция болып,…?
А. Қанау атаулы түгел жойылды
В. Социалистік мемлекет орнады
С. Конституциялық монархия орнады
Д. Большевиктер партиясы құрылды
Е. Монархия құлатылды
2. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін елде орнаған қос үкіметті атаңыз?
А. Шаруалар үіметі мен помещиктер үкіметі
В. Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері мен шаруалар үкіметі
С. Буржуазия үкіметі мен кулактар үкіметі
Д. Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері мен Уақытша үкімет
Е. Уақытша үкімет пен буржуазиялық үкімет
3. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін пайда болған Уақытша үкімет қай
таптың мүддесін көздеді?
А. Жұмысшылардың
В. Шаруалардың
С. Зиялылардың
Д. Солдаттардың
Е. Буржуазияның
4. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін пайда болған Уақытша үкімет
саясатының алғашқы қадамы?
А. Соғысты тоқтатты
В. Ұлт аймақтарына тәуелсіздік берді
С. Шаруаларға жаппай жер беріле бастады
Д. Империялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады
Е. Отаршылдық басқару органдарын жойды
5. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін елде орнаған Уақытша үкімет
майданның қара жұмысына алынған “Бұратана жұмысшы жасақтары” туралы қандай
шешім қабылдады?
А. Оларды еліне қайтармау
В. Оларға қару беріп соғысқа пайдалану
С. Оларды еліне қайтару
Д. Оларды қорғаныс зауыттарына күшпен жұмысқа тарту
Е. Олар туралы ешқандай шешім қабылданбады
6. Тыл жұмысшылары 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар
одағын” құрса, ал Петропавлда қандай одақ құрды?
А. Солдаттардың орысмұсылман ұйымы
В. Жас қазақ ұйымы
С. Жас арбакештер одағы
Д. Жас мұсылмандар ұйымы
Е. Орысқазақ одағы
7. Бүкілқазақ сьезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды 1917 жылы
көктемде өткен қай облыстық сьез ұсынды?
А. Семей облыстық сьезі
В. Орал облыстық сьезі
С. Торғай облыстық сьезі
Д. Жетісу облыстық сьезі
Е. Сырдария облыстық сьезі
8. І жалпықазақ сьезі қай жылы қай жерде болды?
А. 1917 жылы көктемде Семейде
В. 1917 жылы сәуірде Верныйда
С. 1917 жылы 2126 шілдеде Орынборда
Д. 1917 жылы 14 қазанда Орынборда
Е. 1917 жылы 15 тамызда Семейде
9. 1917 жылы І жалпықазақ сеьзі қандай саяси партия құру туралы мәселе қарады?
А. Үш жүз саяси партиясы
В. Алаш саяси партиясы
С. Қазақ саяси партиясы
Д. Эсер партиясы
Е. Мұсылмандар партиясы
10. 1917 жылы мамырда болған мұсылмандардың Бүкілресейлік сьезінде 250
молданың қарсылығына қарамастан мұсылман әйелдері туралы қандай қарар
қабылдады?
А. Әйелдер тек отбасы мәселесімен айналысуға тиіс
В. Мұсылман әйелдері беттерін ашып жүруге тиіс
С. Мұсылман әйелдеріне ерінен ажырасуға тыйым салу
Д. Мұсылман әйелдері саяси және азаматтық құқықтары жағынан еркектермен тең
болуға тиісЕ. Мұсылман әйелдерінің мемлекеттік қызметке баруы аса ұқыптылықпен жүргізілуі
тиіс
11. 1917 жылы қыркүйекте құрылған Түркістан федералистер партиясы сипаты
жағынан қандай партия болды?
А. Шаруалар партиясы
В. Мұсылман партиясы
С. Жұмысшылар партиясы
Д. Буржуазиялық партия
Е. Христиандық партия
12. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанда жастар ұйымдары
белсенді жұмыс істеді. Мысалы: Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының
революциялық одағы” құрылса, ал “Жас қазақ” ұйымы қай қалада құрылды?
А. Ақмолада
В. Семейде
С. Верныйда
Д. Оралда
Е. Ташкентте
13. 1917 жылдың жазына қарай Түркістан өлкесіндегі Кеңестердің уақытша эсерлер
партиясының қолына көшуі олардың қандай ұрандарына байланысты болды?
А. Уақытша үкімет жойылсын
В. Соғыс тоқтатылсын
С. Халыққа нан берілсін
Д. Жер оны өндейтіндерге берілсін
Е. Халыққа тегін білім берілсін
14. 1917 жылы әлеуметтікэкономикалық, ұлттық және діни қайшылықтарды
түбегейлі шешіп бере алмаған Уақытша үкіметке оппозиция басында кімдер тұрды?
А. Эсерлер
В. Меньшевиктер
С. Алашордашылар
Д. Кадеттер
Е. Жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңестері
15. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін қай қалада мұсылман жұмысшылары
депутаттарының Кеңесі құрылды?
А. Орынборда
В. Семейде
С. Ташкентте
Д. Верныйда
Е. Оралда
16. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның көптеген
кәсіпорындарында жұмысшы ереуілдері болды. Жұмысшы депутаттары Кеңестерінің
бастамасымен көптеген кәсіпорын жұмысшыларының қандай талаптары орындалды?
А. Жалақы көбейтілді
В. Тұрмыс жағдайлары жақсартылды
С. 8 сағаттық жұмыс күні еңгізілді
Д. Тегін тамақтандыру еңгізілді
Е. Тегін дәрігерлік көмек еңгізілді
17. Уақытша үкіметтен жер де, астық та ала алмаған Қазақстан шаруалары аграрлық
мәселені өз бетімен қалайша шеше бастады?
А. Малын сатып кулактарға жалдамалы жұмысқа кету
В. Малын алып шетелге өтіп кету
С. Байлардан жер мен малды тартып алу
Д. Бірігіп байлардан мал сатып алу
Е. Малын жерге айырбастау
18. 1917 жылы 29 тамызда Перовск Кеңесі кәсіподақтармен және солдаттармен
бірлескен мәжілісінде қандай қарар қабылдады?
А. Соғысты тоқтату
В. Шаруалар мен жұмысшыларға нан беру
С. Жұмысшыларға тегін дәрігерлік көмек беру
Д. Жаппай ереуілге шығу
Е. Өкімет билігін Кеңестерге беру
19. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жеңіске жетіп Кеңес өкіметінің елде тез арада
қолдау табуы оның қандай саясатымен тығыз байланысты?
А. Бейбітшілік, жер, бостандық, ұлттын өзін өзі билеуі
В. Тез арада қызыл әскер бөлімдерінің құрылуы
С. Кәсіпорындарды мемлекет меншігіне алуы
Д. Помещиктердің жерін тәркілу
Е. Шетел капиталын елден шығаруы
20. 1917 жылы 22 қарашадағы Қоқан қаласындағы қандай оқиға Түркістан
автаномиясын дүниеге әкелді?
А. Мұсылмандардың манифестациясы
В. Бүкіл халықтық ереуіл
С. Бүкілтүркістандық Төтенше ІҮ сьезд
Д. Кеңе өкіметінің орнауы
Е. Жұмысшылар мен шаруалар одағының құрылуы
21. 1917 жылы қарашада құрылған Түркістан автаномиясының басшысын атаңыз?
А. Әлихан Бөкейханов
В. Тұрар Рысқұлов
С. Мұстафа Шоқай
Д. Халел Досмұхамедов
Е. Темірбек Жүргенов
22. Ташкент Кеңесі қашан Түркістан автаномиясын жойып Қоқан қаласын өртеп
жіберді?
А. 1917 жылы 2 желтоқсанда
В. 1917 жылы 5 желтоқсандаС. 1918 жылы 5 қаңтарда
Д. 1918 жылы 5 ақпанда
Е. 1918 жылы 5 наурызда
23. Алашорда үкіметі мен Қазақ автаномиясын құрған Жалпықазақ сьезі қашан қай
қалада болды?
А. 1917 жылы 2126 шілдеде Орынборда
В. 1917 жылы 2126 тамызда Семейде
С. 1917 жылы 513 желтоқсанда Орынборда
Д. 1917 жылы 2126 желтоқсанда Оралда
Е. 1917 жылы 2630 желтоқсанда Ташкентте
24. Жаңадан құрылған Алаш автаномиясын күйреуден құтқару мақсатында 25
мүшеден тұратын Алашорда Уақытша Халық Кеңесі құрылып,онда қазақтар
арасындағы орыс және басқа ұлттарға қанша орын берілді?
А. 5 орын
В. 7 орын
С. 10 орын
Д. 12 орын
Е. 13 орын
25. Жаңадан құрылған Алашорданың уақытша орналасатын қонысы болып қай қала
таңдап алынды?
А. Орынбор
В. Семей
С. Орал
Д. Верный
Е. Ташкент
1 тоқсан бойынша 9сынып оқушыларының білімін тексеру сұрақтары
3нұсқа
1. Жаңадан құрылған Алашорда үкіметінің төрағасы болып кім сайланды?
А. Әлихан Бөкейханов
В. Міржақып Дулатов
С. Халел Досмұхамедов
Д. Ахмед Байтұрсынов
Е. Мұхамеджан Тынышбаев
2. Алаш партиясы бағдарламасының жобасы қай газетте жарияланды?
А. Түркістан уәлаяты
В. Дала уәлаяты
С. Қазақ
Д. Айқап
Е. Алқа
3. 1917 жылдын қарашасы мен 1918 жылдын қаңтары аралығында өткен сайлауда
қазақ еңбекшілерінің басым жылыбөлігі қай партияның бағдарламалық талаптарын
қолдады?
А. Большевиктер партиясы
В. Меньшевиктер партиясы
С. Алаш партиясы
Д. Кадеттер партиясы
Е. Эсерлер партиясы
4. 1917 жылы 1522 қарашада Ташкентте өткен өлкелік сьезі Түркістан өлкесінде
қандай жаңа үкімет орнағаның атап көрсетті?
А. Түркістан автономиясы
В. Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі
С. Түркістан мұсылман автономиясы
Д. Түркістан буржуазиялық үкіметі
Е. Түркістан Халық Республикасы
5. Кеңес өкіметі кең байтақ Ресейге өз билігін орнатып үлгірген уақытты анықтаңыз?
А. 1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басы
В. 1917 жылдың қазанынан осы жылдың қарашасына дейін
С. 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың сәуіріне дейін
Д. 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың қаңтарына дейін
Е. 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдыңшіддесіне дейін
6.Қазақ даласында Кеңес билігі алдымен қайда орналасқан қалаларда орнады?
А. Жетісу қалаларында
В. Солтүстік Қазақстан қалаларында
С. Орталық Қазақстан қалаларында
Д. Батыс Қазақстан қалаларында
Е. Темір жол бойындағы қалаларда
7.1917 жылғы қазанның аяғында тұңғыш Кеңес өкіметі орнаған Қазақстан қаласын
атаңыз?
А. Қостанай
В. Верный
С. Көкшетау
Д. Перовск
Е. Павлодар
8.Ырғыз және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі қашан жеңіп шықты?
А. 1918 жылғы қаңтар
В. 1917 жылғы қараша
С. 1917 жылғы желтоқсанның басы
Д. 1917 жылғы желтоқсанның 20сы
Е. 1918 жылғы наурыздың басы
9.Қызыл гвардия отрядының қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат
депутаттарының Павлодар Кеңесі қашан өкімет билігін өз қолына алды?А. 1917 жылы қарашаның басы
В. 1917 жылы қарашаның соңы
С. 1917 жылы желтоқсанның басы
Д. 1918 жылы қаңтарда
Е. 1918 жылы наурыздың басы
10.1918 жылғы ақпанда Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшуіне
Семей больщевиктеріне көмекке қай қаладан өкілдер келді?
А. Омбыдан
В. Томскден
С. Новосібірден
Д. Верныйдан
Е. Ташкенттен
11.Кеңес өкіметінің Оралда аса қиындықпен тек азамат соғысы жылдарында ғана
орнатылуының басты себебі?
А. Оралдағы большевиктік ұйымның нашарлығы
В. Оралда жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы
С. Оралда контрреволюциялық күштердің шоғырлануы
Д. Орал Кеңесінің эсерлер қолында болуы
Е. Оралдың орталық аудандардан алыс болуы
12.1918 жылғы наурыздың 2нен 3не қараған түні қарулы көтеріліс арқылы қай
қалада Кеңес өкіметі орнады?
А. Әулиеатада
В. Шымкентте
С. Өскеменде
Д. Петропавлда
Е. Верныйда
13.1918 жылдың жазына қарай көптеген қазақ болыстарында жұмыс істеді?
А. Мұсылман кеңестері
В. Қазақ кеңестері
С. Шаруалар кеңестері
Д. Қазақ депутаттарының кеңестері
Е. Кедейлер комитеттері
14.Кеңес өкіметі орнағаннан кейін бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да ішкі
контрреволюцияға қарсы күресу үшін қандай мемлекеттік орган құрылды?
А.Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті
В. Қызыл милиция
С. Қызыл армия
Д. Бүкілресейлік төтенше комиссия (БТК)
Е. Ұлттық қауіпсіздік комитеті
15.Кеңес өкіметінің 1918 жылдың көктеміндегі Алашордаға қарсы күресі неден
басталды?
А. Алашорда басшыларын тұтқындап жер аударды
В. Алашорданы жергілікті Кеңестерге бағындырды
С. Ә.Бөкейханов пен А. Байтұрсынов тұтқындалды
Д. “Қазақ” газетін жапты
Е. Алашордашыларды жаппай жазалау басталды
16.1918 жылы сәуірде құрылған Түркістан автаномиялы Кеңестік Социялистік
Республикасының құрамына Қазақстанның қай облыстары енді?
А. Сырдария
В. Жетісу
С. Алматы және Жамбыл облыстары
Д. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары
Е. Сырдария және Жетісу облыстары
17.Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ, орыс және ұйғыр еңбекшілері
арасындағы қатынастарды жақсартуға зор үлес қосқан ұлт істері жөніндегі облыстық
комиссардың орынбасары, қоғам қайраткері?
А. М.Фрунзе
В. С.Мендешов
С. С.Сейфуллин
Д. А.Розыбакиев
Е. К.Тоғысов
18.Кеңес өкіметі 1918 жылдың көктемінде Қазақстандағы Ірі өнеркәсіптерді,
банктерді және тасымал ісін тез арада…?
А. Шетелдік кәсіпкерлерге жалға берді
В. Жекешелендірді
С. Мемлекет қарамағына алды
Д. Иелеріне қайтарып берді
Е. Шетелдік кәсіпкерлерден алып,отандық кәсіпкерлерге берді
19.Социализмді оранту үшін қолданылғын мемлекеттік режим?
А.Шаруалар диктатурасы
В. Пролетариат диктатурасы
С. Әскери диктатура
Д. Буржуазиялық диктатура
Е. Ұлттық диктатура
20.Азамат соғысы дегеніміз…?
А. Шетелдік басқыншыларға қарсы күрес
В. Дүниежүзілік соғыс
С. Билік үшін бір ел азаматтарының өзара соғысы
Д. Бір ел азаматтарының отан қорғау соғысы
Е. Империалистік соғыс
21.1918 жылғы маусымда Орынборды басып алып, Қазақстанды Орталық Ресеймен
байланыстыратың теміржолды кесіп тастаған әскери құрама басшысы?А. Атаман А.Дутов
В. Атаман Анненков
С. Төтенше комиссар Ә.Жангелдин
Д. Әскери комиссар А.Иманов
Е. Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев
22.Азамат соғысының алғашқы кезінде Антанта Ресей территориясындағы қандай
әскери құраманы бүлік шығаруға айдап салды?
А. Австриялық корпусты
В. Польяк корпусын
С. Чехословак корпусын
Д. Серб корпусын
Е. Башқұрт полкін
23.1918 жылы наурызда Оралды басып алған ақ казактарға қарсы күресу үшін
құрылған кеңестік армияны атаңыз?
А. Үлкен армия
В. Найзағай
С. Төтенше армия
Д. Құпия армия
Е. Ерекше армия
24.1918 жылы қарашада “Сібір армиясының” Екінші Жеке Дала корпусы Ташкентті
басып алу мақсатымен Жетісу майданына кім бастаған дивизияны жіберді?
А. Я.Ушанов
В. Атаман Б.Анненков
С. М.Г.Летунов
Д. Атаман А.Дутов
Е. Г.И.Муляр
25.Ресейдегі азамат соғысы жылдарындағы Алашорда үкіметінің саяси ұстанымы?
А. Ақгвардияшыларға қарсы күресті
В. Кеңес өкіметіне қарсы шықты
С. Шетелдік интервентерге қарсы күресті
Д. Саяси ұстанымы болған жоқ
Е. Битарап саясат ұстанды
1 тоқсан бойынша 9сынып оқушыларының білімін тексеру сұрақтары
4нұсқа
1.Азамат соғысы жылдарында Кеңестердің Түркістан мен Қазақстанның байырғы
тұрғындарынан жасақтаған әскери бөлімдері қалай аталды?
А. Ерекше армия
В. Қырғыз полктері
С. Көшпенділер ротасы
Д. Мұсылман бөлімдері
Е. Дала армиясы
2.Азамат соғысы жылдарында Қазақстанда жергілікті халық арасынан әскер құру
ісімен айналысқан Дала өлкесінің төтенше комиссары?
А. А.Иманов
В. Б.Қаратаев
С. Т.Әлиев
Д. А.Асылбеков
Е. Ә.Жангелдин
3.Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық бірінші съезі қашан Қызыл Армия
бөлімдерін құру туралы шешім қабылдады?
А. 1917 жылғы қараша
В. 1917 желтоқсан
С. 1918 жылғы қаңтарақпан
Д. 1918 жылғы наурызсәуір
Е. 1918 жылғы мамырмаусым
4.Ақ гвардияшыларға қарсы партизан қозғалысының Кеңарал болысындағы басшысы?
А. Өтеп Ыбыраев
В. Кәкімжан Саркин
С. А. Жиляев
Д. И. Эльбе
Е. М.Г.Летунов
5.Сібір мен Орта Азияның контрреволюциялық күштерінің бірігуіне үлкен кедергі
жасаған және Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметің орнатуда айтарлықтай рөл
атқарған кеңестік қорғанысты атаңыз?
А. Тарбағатай қорғанысы
В. Жаркент қорғанысы
С. Черкасск қорғанысы
Д. Ұзынағаш қорғанысы
Е. Верный қорғанысы
6.1919 жылғы қыркүйекте Мұғалжар станциясында 1ші армия Ақтөбе майданының
бөлімдерімен түйісті . Соның нәтижесінде Түркістан Орталық Ресеймен қосылып,…?
А. Орынбор майданы жойылды
В. Орал майданы жойылды
С. Ақтөбе майданы жойылды
Д. Дала майданы жойылды
Е. Түркістан майданы жойылды
7.1920 жылғы 5ші қаңтарда Түркістан майданының әскерлері Атырауды алуына
байланысты,…?А. Түркістан майданы жойылды
В. Орал майданы жойылды
С. Торғай майданы жойылды
Д. Дала майданы жойылды
Е. Каспий майданы жойылды
8.1920 жылғы наурыздың аяғына қарай Семей облысының солтүстігі ақ
гвардияшылардан азат етіліп,…?
А. Семей майданы жойылды
В. Тарбағатай майданы жойылды
С. Қарқара майданы жойылды
Д. Жетісу майданы жойылды
Е. Жаркент майданы жойылды
9.1919 жылғы желтоқсанда Кеңес үкіметі ОралЕмбі мұнайлы ауданың Орталық
Ресеймен жалғастыруға тиіс қандай теміржол желісін салуға шешім қабылдады?
А. Атырау — Орынбор
В. Ақтөбе — Уфа
С. Александров — Гай — Ембі
Д. Торғай — Оынбор
Е. Қостанай — Ембі
10.Азамат соғысы жылдарында өлкенің адам және материалдық байлықтарын игеру
қандай әдістермен жүргізілді?
А. Еріктілік әдісімен
В. Күштеу әдісімен
С. Нарықтық әдіспен
Д. Шетел капиталын тарту әдісімен
Е. Мемлекеттік заемдарды сату әдісімен
11.Азамат соғысы жылдарында әскериоммунизм саясаты неден көрінді?
А. Экономиканы мемлекеттендіруден
В. Жекешелендіруден
С. Шетел капиталын тартудан
Д. Кәсіпкерлікті қолдаудан
Е. Нарықтық инфрақұрлымды жасаудан
12.Азамат соғысының кескілескен қырғыныңда қанша адам қаза тапты?
А. 9 млн.
В. 10 млн.
С. 8 млн.
Д. 12 млн.
Е. 13 млн.
13.Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) 1919 жылғы 4 сәуірдегі
қаулысында азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметіне қарсы күрескен Алашорда
мүшелері туралы не айтылды?
А. Жаппай тұтқындау
В. Ату жазасына кесу туралы
С. Амнистия жарияланды
Д. Елден қуу туралы айтылды
Е. Сібірге жер аудару туралы айтылды
14.1920 жылы наурызда Алашорданың белсенді жетекшілерінің бірі өз жағындағы
үлкен топты бастап Кеңес билігі жағына өтті. Ол кім еді?
А. А.Байтұрсынов
В. Д.Әділов
С. Ж.Аймауытов
Д. Х.Досмұхамедов
Е. С.Асфендияров
15.1919 жылы 10шы шілдеде В.И.Ленин Қазақ өлкесін басқаратың революциялық
Комитет туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитетінің қолына
қандай билік берілді?
А. Азаматтық
В. Әскери
С. Қаржылық
Д. Қаржылық және мәдени
Е. Әскериазаматтық
16.1919 жылы құрылған Қазақ революциялық комитетінің қарауына Орал, Торғай,
Ақмола, Семей облыстарымен қатар тағы қай жер кірді?
А. Әмудария облысы
В. Сырдың төменгі ағысы
С. Верный уезі
Д. Астрахан губерниясының қазақтар тұратың өңірлері
Е. Ферғана облысының қазақтар тұратың өңірлері
17.Казревкомның басшысы болып ұлты поляк С.Пестковсий тағайындалды, ал оның
органы қай газет еді?
А. Алаш
В. Қазақ
С. Ұшқын
Д. Правда
Е. Социалды Қазақстан
18.Өзін “Қазақ елінің үкіметі” деп атаған Алашорданы тарату туралы шешім қашан
қабылданды?
А. 1920 жылғы 9шы наурыз
В. 1919 жылғы 8ші наурыз
С. 1919 жылғы 15ші ақпан
Д. 1920 жылғы 15ші ақпан
Е. 1920 жылғы 4ші қазан
19.1920 жылғы 20шы тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында “… құру туралы”
декрет шығарды?
А. Қырғыз (Қазақ) Автаномиялы округін
В. Қырғыз (Қазақ) Автаномиялы облысынС. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын
Д. Қазақстан Республикасын
Е. Қырғыз (Қазақ) Автаномиялы Кеңестік Социалистік Республикасын
20.КазАКСРі жарияланған Кеңестердің Құрылтай сьезі қашан қай жерде болды?
А. 1920 жылы 20шы тамызда Мәскеуде
В. 1919 жылы 9шы наурызда Орынборда
С. 1920 жылы 9шы наурызда Орынборда
Д. 1920 жылы 4ші қазанда Орынборда
Е. 1919 жылы 20шы тамызда Оралда
21.КазАКСРінің тұңғыш Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып С.Радус
Зинькович сайланса, ал Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып кім сайланды?
А. Ә.Жангелдин
В. С.Сейфуллин
С. С.Мендешев
Д. Б.Қаратаев
Е. С.Арғыншиев
22.Әрбір ұлттың ана тілін пайдалануға бірдей құқығы бар және оған толық мүмкіндік
қамтамасыз етілуге тиіс”, — деп атап көрсетілген ҚазАКСРін жариялаған сьезде
қабылданған тарихи құжатты көрсетіңіз?
А. Тіл туралы Заң
В. Еңбекшілер бостандығы туралы Заң
С. ҚазАКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы
Д. ҚазАКСР еңбекшілерінің азаматтық Кодексі
Е. ҚазАКСР еңбекшілерінің әкімшілік Кодексі
23.КазАКСР құрамына алғашқы болып біріктірілген 4 облысты анықтаңыз?
А. Ферғана, Ақмола, Семей, Жетісу
В. Орал, Торғай, Семей, Жетісу
С. Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу
Д. Орал, Торғай, Ақмола, Семей
Е. Орал, Торғай, Әмудария, Сырдария
24.Орта Азияны ұлттықмемлекеттік жағынан межелеу барысында қазіргі
Қазақстанның қай өңірлері ҚазАКСРна қосылды?
А. ІлеАлатауы
В. Тарбағатай өңірі
С. Арал маңы мен Орталық Қазақстан
Д. Солтүстік Жетісу жері
Е. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
25.Жаңа құрылған ҚазАКСРінің тұңғыш астанасы?
А. Түркістан
В. Семей
С. Алматы
Д. Орынбор
Е. Сарайшық