Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті
Оценка 5
Исследовательские работы
docx
история
11 кл
11.05.2018
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» – «Триединство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын. Ендеше, Қазақстанның білім беру жүйесінде үштілді оқыту мәселелерінің көтерілуі заман талабынан туындап отырғаны айқын.
мақала 10жыл.docx
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Көптілділік
біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» –
«Триединство языков» «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау
алғаны мәлім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан2050» Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді
меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа
мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын
жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», деген болатын. Ендеше,
Қазақстанның білім беру жүйесінде үштілді оқыту мәселелерінің көтерілуі
заман талабынан туындап отырғаны айқын.
Елбасымыз «Үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама
деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Жаһандық
әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Бүгінгі күрделі әлемде
біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай
жасап жатырмыз…» дей отырып, 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін
қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу, ал 2020 жылға қарай
ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиістігін
атап көрсеткен болатын.
Осы алға қойылған мақсаттарға жету үшін біздің мектебіміз өз үлесін
қосуда.
Our English department has teachers who develops skills of pupils and give
chances to reach achievements. Out of lessons we provide many special courses,
intellectual games, debates, “Time of star” questionnaires.
Ағылшын тілінде грамматиканы жақсы үйрену тілді жақсы меңгерудің
негізгі шарты. Грамматикатілдің құрылымдық ерекшелігі. Грамматика жоқ
жерде тіл туралы айтуға болмайды. Сондықтан грамматиканы жақсы
меңгертутілдің құрылымдық ерекшеліктерін танымдық жақтан дәл анық
түсіндіру. Осы орайда ағылшын тілін тереңдетілген бағытта оқитын сынып
оқушыларының базалық білім деңгейін тереңдетіп оқыту мақсатында негізгі
стандартқа сәйкес келетін авторлық бағдарлама құрылды. Сұлтанова Малика
құрған бағдарламалық курстың
оқушыға тигізер пайдасы зор болды.
Бағдарламада берілген грамматикалық
тақырыптарды меңгере отырып
оқушы оны іс жүзінде көрсетіп, жеке тапсырмаларды орындау арқылы өз
білімін бекітіп отырды. Бұл курстан алған білімдерін сабақта байланыстыра
білген әрбір оқушы шет тілін толықтай меңгеріп өмірде қолдана білу
мүмкіндігі жоғары болды. Атап айтатын болсақ 10 жыл ішінде оқушыларымыз ағылшын тілінен
республикалық, қалалық, аудандық дәрежедегі дипломдармен марапатталып,
алған білімдерін көрсете алды. 2017 жылдың 1626 қаңтар аралығында ағылшын тілінен апталық
«English
өткізілді. Апталықтың жоспары алдынала жасалып, бекітілді.
languageis a world language» атты тақырыппен ағылшын бірлестігінің
апталығы аясында бірнеше ісшаралар: саптық жиын, ашық сабақтар, 100 сөздік мұғалім мен оқушы арасындағы сайыстар, дебат , полиглот пікірталас
сайысы, суреттер және эссе сайысы, сонымен қатар спорт сайысын өткізу
жоспарланды.
57 сыныптар арасында М.Сұлтанованың ұйымдастыруымен саптық
жиын өткізілді . Оқушылар ән айтып тақпақтар айтты. Ағылшын апталығының
10 күнінде белгіленген уақыт бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс
шаралар, сайыстар өткізілді.
Жоспар бойынша 16.01.17 күні 7 «А» «About animals» тақырыбында
ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: Сұлтанова М. Тақырыпқа байланысты топтық
тапсырмалар орындалды. 16.01.17 күні 4 «Ж»
«Place where I live»
тақырыбында ашық сабақ өткізді. London тақырыбында 17.01.17 күні
Сарбасов Е. ашық сабақ өткізді. 18.01.17 күні Жумаканова Г. 1 «Қ» сыныбына
«Food» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 18.01.1
7 күні Хайдаров М. пен Жубайханова Д . «I like sport» тақырыбында сыныптан
тыс іс шара өткізді. Оқушылар спорт пен ағылшын тілін байланыстыра отырып
жарысты, яғни спорттық жаттығулар орындай отырып, ағылшын тілінде
тапсырмалар орындады. Сайыс қызықты өтті, және оқушылар да жақсы әсер
алды.
19.01.17 күні Арапова Б. «My school day» тақырыбында ашық сабақ
өткізді. Оқушылар диалог оқып, сөйлеу қабілеттерін көрсете білді. 19.01.17
күні Жумаканова Г. «What do you eat for breakfast?» атты ашық сабақ өткізді. 19
.01.17 күні Хайдаров М. «My city» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл
сабақта мұғалім жаңа технологияның біршама элементтерін пайдаланды.
Көрнекіліктер көрсетіліп, оқушылар сабаққа жақсы қатысып отырды.
20.01.17 күні 7сыныптар аралығында Poliglot өткізілді. 20.01.17 күні
Ермуханова мен Мамбетиярова сыныптан тыс іс шара өткізді. «We know
everything» 21.01.17 күні Көмекбаева Л. «Bad habits» атты тақырыпта ашық
сабақ өткізді. Сыныпты топқа бөліп, жарыс сабағы ретінде өткізілді.
Осы күндері 910 сыныптар арасында дебат ойыны кітапханада
ұйымдастырылып жүргізілді.Тақырыптары: «American holidays in Kazakhstan»,
«Teenagers and Internet»
24.01.17 күні Г. Жолдаяхова «Trains» тақырыбында 9 «А» сыныбында
ашық сабақ өткізді. Мұғалім сыныпты топқа бөліп, оқушыларға проектілік
тапсырма беріп, оны қорғатты. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Ашық
сабақтар толығымен талданып, кемшіліктері айтылып ұсыныстар берілді. Сонымен қатар ағылшын апталығында қоңырау кезінде «Жұлдызды сәт»
орын алды. 6«Б» ,6«В», 6«Д» сыныптары 15 минуттық үзілісте жұлдызды
сәтке қатысты. Берілген тапсырма 3 сыныпқа арналды яғни ұзақ ағылшын сөзі
берілді осы сөзден бірнеше сөздер жасау. Үш сыныптың арасында 6«В»
сыныбы 1ші орын алды.
5 пен 7 сыныптар арасында суреттер сайысы өтті.
Г.К.Жумаканова ұйымдастырған суреттер сайысында бала затты
суретпен көрсету болды. Бұл сайыста 1ші орынды 6«Ә» және 7 «А»
сыныптары алды. 2ші орынды 5«А» алды, 3ші орынды 6 «Б» мен 6 «Ғ» .
Сыныптар, сурет салған оқушылар да марапатталды. Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдік бәсекеге қабілеттілікке
ұмтылудың бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза
да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті
тұлғаға айналады.
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.