Тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест түріндегі тапсырмаларды әзірлеудің кейбір теориялық және әдістемелік негіздері
Оценка 4.6

Тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест түріндегі тапсырмаларды әзірлеудің кейбір теориялық және әдістемелік негіздері

Оценка 4.6
Контроль знаний +2
doc
преподавание
29.11.2020
Тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест түріндегі тапсырмаларды әзірлеудің кейбір теориялық және әдістемелік негіздері
тест тапсырмалары.doc

ӘОЖ 811.512.122`272

А.А.Амангелді,

ф.ғ.к. аға оқытушы,

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ,

Нұр-Сұлтан қаласы

 

Тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған

тест түріндегі тапсырмаларды әзірлеудің кейбір

теориялық және әдістемелік негіздері

Педагогикалық өлшем – сан мен өлшемді қолданумен байланысты заманауи ғылым. Ғылыми пәні – білім беру қызметінің сапалық көрсеткіштерін құру болса, негізгі әдістері – тестілеу, оқу мен даму мониторингі, студенттердің рейтингісі болып табылады. Ал негізгі салалары: оқу үрдісі және кәсіп таңдау (ЖОО-ға қабылдау) екені белгілі.

Тест түріндегі тапсырмалар туралы айтпас бұрын тапсырма терминінің мән-мағынасын ашып алу қажет. Тапсырмаларды екі топқа бөлуге болады: оқытып-үйрету мақсатын көздейтін және бақылауға арналған тапсырмалар. Оқыту-үйрету мақсатын көздейтін тапсырмалар оқу үрдісінде жеке тұлғаны дамыту үшін қолданылады. Бақылауға арналған тапсырмаларды педагог немесе білім беру басқармасы органдары оқу мерзімі аяқталған соң дайындықтың құрылымы мен деңгейін анықтау мақсатымен пайдаланады.

Тест  түріндегі  тапсырмалар жөнінде сөз қозғамас бұрын   (задания в тестовой форме) түр сөзінің де мағынасын анықтап алған жөн. Түр – тест тапсырмаларының мазмұнын құрайтын элементтердің өмір сүруінің және оны ұйымдастыру мен реттеуді байланыстыру әдісі [1]. Түрді (форма) Аристотель заманынан бері элементтерді ұйымдастырудың немесе орналастырудың мінсіз қағидаттары (принциптері) деп түсінеміз, ал Кант түрді реттеу, ретке келтіру қағидаттары деп есептейді. Осы екі идея және мазмұнның қандай да бір өмір сүру формасы болады деген идеялар тест тапсырмаларының түрлері терминінің негізін құрайды.

Тест түріндегі тапсырмалар – педагогикалық өлшеу теориясының негізгі ұғымы. Тест түріндегі тапсырмаларға қойылатын  талаптар:

ü    мақсат;

ü    қысқалық;

ü    технологиялылық;

ü    ойды жеткізудің логикалық түрі (формасы);

ü    жауаптарға арналған белгілі бір орынның болуы;

ü    жауаптарды бағалау ережелерінің біркелкілігі;

ü    тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы;

ü    нұсқаулықтың сынақтан өтушілердің барлығына бірдейлігі;

ü    тапсырмалардың түрі мен мазмұнына берілген нұсқаулықтың адекватты болуы.

Тест сөзі ғылымда шет тілінен аударғандағы жалпы мағынасында емес, ғылыми негізделген әдіс, осы әдіспен алынған нәтиже және нәтижелердің интерпретациялары деген мағынада қолданылады.

Педагогикалық тест деп сынақтан өтушілердің дайындығының деңгейін өлшейтін және құрылымын сапалы бағалайтын, қиындығы біркелкі өсетін, өзіне тән формасы бар репрезентативті және параллель тапсырмалардың жүйесі ретінде танылады. Қазіргі тестілердің негізгі артықшылықтары:

ü  Тестінің сынақтан өтушілердің дайындығының деңгейі мен құрылымының объективтендірілген бағасын алуға мүмкіндік беретін жоғары ғылыми негізділігі;

ü  Аргументтеудің рөлі.

ü  Тестілердің технологиялылығы және тиімділігі. Олардың басқа білім беру технологияларымен үйлесімділігі.

ü  Өлшеудің дәлдігі; сапа, жауапкершілік, барлық қабілеттілер үшін білім алудың қол жетімділігі.

ü  Сынақтан өтушілердің барлығына педагогикалық бақылауды өткізудің (қиындығы, құрамы, тапсырмалардың құрылымы) шарттары бірдей болуы және нәтижені интерпретациялау ережелері: жауапкершілік, әділеттілік.

ü  Тест түріндегі тапсырмаларды өзін өзі бақылауға және өз білімін жетілдіруге пайдалану  мүмкіндігі.

Іс-тәжірибеде белгілі барлық тест тапсырмаларының түрлерін төрт негізгі топқа бөлуге болады. Тест  тапсырмаларының  бірінші  түрін былайша топтап көрсетуге болады:

Ø  Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар;

Ø  бір толық жауабы бар тапсырмалар;

Ø  Бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар:

ü  екі дұрыс жауабы бар тапсырмалар

ü  үш дұрыс жауабы бар тапсырмалар

ü  төрт дұрыс жауабы бар тапсырмалар                   

ü  бес немесе одан да көп дұрыс жауабы бар тапсырмалар.

Тест тапсырмаларының бірінші түріне жататын бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар іс-тәжірибеде көбірек таралған. Ол білімге автоматтандырылған бақылау жасауда басқа формалармен салыстырғанда тестің қарапайымдылығымен, қолайлылығымен байланысты. Егер тест бланкілердің көмегімен өткізілсе, «Дұрыс жауаптың нөмірін дөңгелектеңіз», ал тест ЭЕМ көмегімен жүргізілсе, Тест тапсырмаларына жауап бергенде, «Дұрыс жауабы бар нөмірлі батырманы басыңыз» деген нұсқаулық жазылады. Бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларға «Қате жауаптың нөмірін дөңгелектеңіз» деген нұсқаулық жазу да көп кездеседі. Бұл дұрыс емес. Өйткені оқу үрдісі жалпы дұрыс білім әлеміне негізделеді. Аталған нұсқаулық тек кейбір ережелерге, қауіпсіздік техникалары ережелеріне немесе түрлі шектеулерге қатысты алған білімді тексеруде қолданылады. Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалардың логикалық негізінде Аристотельдің ашқан үшіншісі артық (закон исключенного третьего)  деген заңы жатыр. Яғни мұнда жауаптар не болымды, не болымсыз түрде болуы мүмкін, басқаша болуы мүмкін емес. Демек, қазір іс жүзінде жиі кездесетін  «Жауаптардың бәрі дұрыс емес» немесе «Жауаптардың бәрі дұрыс», «Дұрыс жауап жоқ» деген жауаптарды қолдануға тыйым салынады. Тест түріндегі тапсырмалар төмендегідей болып келуі мүмкін:

Дұрыс жауабы бар нөмірлі батырманы басыңыз:

ҚР-ның МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ БЕКІТІЛГЕН КҮНІН БЕЛГІЛЕҢІЗ

1) 1991 жылғы 1 желтоқсан

2) 1991 жылғы 10 желтоқсан

3) 1991 жылғы 14 желтоқсан

4) 1991 жылғы 16 желтоқсан

5) 1992 жылғы 4 маусым

6) 1992 жылғы 2 наурыз

Дұрыс жауабы бар нөмірлі батырманы басыңыз:

Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.

ДЕГЕН:

1) Ілияс                         5) Сәкен

2) Абай                         6) Фариза

3) Шоқан                      7) Шәкәрім

4) Мұхтар                     8) Мұқағали

Тест  тапсырмаларының  бірінші  түріне жататын бір толық жауабы бар тапсырмалар салыстырмалы білімді тексеру үшін қолданылады, яғни тапсырмалардың дұрыстығы әр түрлі деңгейде болады. Мұндай тест тапсырмаларының алдында төмендегідей нұсқаулық жазылады: «бір толық жауабы бар нөмірлі батырманы басыңыз».

Бір толық жауабы бар нөмірлі батырманы басыңыз:

АСТАНА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЙ ЖЕРІНДЕ ОРНАЛАСҚАН?

А) Батыс Қазақстанда

В) Орталық Қазақстанда

С) Орталық Қазақстанда, Сарыарқа даласында,

D) Орталық Қазақстанда, Есіл өзенінің жағасында

Е) Орталық Қазақстанда, Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында

Тест  тапсырмаларының  бірінші  түріне жататын тапсырмалардың тағы бір тобы бірнеше  дұрыс  жауабы  бар тапсырмалар. Бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар бір дұрыс жауабы бар тапсырмалардан қиынырақ. Ол білімді толығырақ, тереңірек және технологичнее?? бағалайды. Бұл тапсырмалардың басына мынадай нұсқаулық жазылады: «Сіздердің назарларыңызға бір, екі, үш немесе одан да көп дұрыс жауабы бар тапсырмалар ұсынылады. Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз». Мысалы:

Сіздердің назарларыңызға бір, екі, үш немесе одан да көп дұрыс жауабы бар тапсырмалар ұсынылады. Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз.

АРҒЫМАҚ БЕЙНЕСІ ГЕРАЛЬДИСТЕР ТІЛІНДЕ

         1) арыстанның жүректілігін

         2) қыранның қырағылығын

         3) еліктің шапшаңдығын

         4) түлкінің айлакерлігін

         5) қасқырдың қастығын

         6) өгіздің күшін

                                               БІЛДІРЕДІ

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз.

ҚАТЕ ЖАЗЫЛҒАН ЖАЛҚЫ ЕСІМ

1) алтай                         6) Жетісу

2) астана                       7) Ақ су

3) елорда                      8) Алатау

4) Алма-Ата                 9) Қазақстан

5) Қызылорда               10) Өскемен

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз.

ҚАЗАҚСТАНДА ОРТА БІЛІМ АЛУ                        

1) тегін

2) ақылы

3) міндетті

4) міндетті емес

5) өз қалауы бойынша

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз:

ЕТІСТІККЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ҰҒЫМ

1) рай        

2) шақ                 

3) етіс

4) есімдік            

5) есім сөздер              

6) жалқы есім

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз:

{ТУРА, АУЫСПАЛЫ} МАҒЫНАЛЫ ТІРКЕСТЕР

1) қара бас                    7) қара бала

2) қара көз                    8) қара қағаз

3) қара түс                    9) қара қазан

4) қара қыз                    10) қара жүрек

5) қара жер                   11) қара жұмыс

6) қара ниет                  12) қара көйлек

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз:

«АСТАНАНЫҢ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҰСАУКЕСЕРІ

         1) 1993

         2) 1997

         3) 1998

         4) 1999

         5) 2000

                   ЖЫЛЫ

                                      1) 11 шілдеде

                                      2) 4 маусымда

                                      3) 10 маусымда

                                      4) 2 наурызда

                                      5) 10 желтоқсанда

                                                                  ӨТТІ

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз :

{Тура, ауыспалы} МАҒЫНАЛЫ ТІРКЕСТЕР

1)ақ түс                7) ақ қар

2) ақ жол              8) ақ шаш

3) ақ ниет             9) ақ бата

4) ақ тілек            10) ақ қағаз

5) ақ жүрек          11) ақ желек

6) ақ жейде          12) ақ көйлек

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз:

«АСТАНА» – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

                   1) көне

                   2) жаңа

                   3) ежелгі

                   4) қазіргі

                             АСТАНАСЫ, ОЛ

                                               1) батыста

                                               2) шығыста

                                               3) Жетісуда

                                               4) Сарыарқада

                                               5) оңтүстік Қазақстанда

                                               6) Қазақстанның орталық бөлігінде

                                                                            ОРНАЛАСҚАН

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз:

ҚР-НЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫНЫҢ АВТОРЛАРЫН КӨРСЕТІҢІЗ

1) Шәкен Ниязбеков

2) Шәмші Қалдаяқов

3) Шот-аман Уәлиханов

4) Нұрсұлтан Назарбаев

5) Жұмекен Нәжімеденов

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз

{ОМОНИМ, СИНОНИМ, АНТОНИМ} СӨЗДЕР

         1) жуық, жақын

          2) ақырын, тез

           3) бөлме, бас

            4) қыс, кеспе

              5) ара, қан

               6) аз, көп

               7) ат, есім

              8) жаз, алма

             9) бала, сәби

           10) биік, аласа

          11) сұлу, әдемі

         12) жоғары, төмен

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз

МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫМЫЗДЫҢ ТҮСІ

         1) ақ

         2) қызыл

         3) жасыл

         4) көгілдір

         5) сарғыш

                             ОЛ –

                                      1) бақыттың

                                      2) байлықтың

                                      3) мәдениеттің

                                      4) қырағылықтың

                                      5) бұлтсыз ашық аспанның

                                      6) адалдықтың, тазалықтың

                                      7) мемлекет тұтастығының

                                                                                     БЕЛГІСІ

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТУЫНЫҢ ТҮСІ

         1) нағыз аспан көк

         2) көгілдір

         3) қызыл

         4) қара

         5) көк

         6)ақ
                             ӨЙТКЕНІ ОЛ

                              1) ерлік таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру

                              2) қайғы, жоқтау немесе қарсылық білдіру

                              3) биік армандарға қол созу

                              4) бейбіт ниет 

                                                         ДЕГЕНДІ БІЛДІРЕДІ

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз

ҚАЗАҚСТАН – КӨНЕ ҚОНЫС, ӨЙТКЕНІ БҰДАН                       

         1) 500

         2) 450

         3) 300

         4) 800

         5) 700

                   МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН

                                               1) сақтар

                                               2) ғұндар

                                               3) үйсіндер

                                               4) моңғолдар

                                               5) ежелгі адамдар

                                                                            МЕКЕНДЕГЕН

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз

ҚР  ЕЛТАҢБАСЫНЫҢ  НЕГІЗГІ  ЖҮГІН  АРҚАЛАП  ТҰРҒАН  БЕЙНЕ                       

         1) күн

         2) қыран

         3) шеңбер

         4) жұлдыз

         5) арғымақ

         6) шаңырақ

         7) ұлттық өрнек

                                      ОЛ

                                               1) тіршілік, шексіз өмір

                                               2) жүректілік

                                               3) шеберлік

                                               4) еркіндік

                                               5) үй, Отан

                                                         ДЕГЕН ҰҒЫМДЫ БІЛДІРЕДІ

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз

{ А, Ә } ДЫБЫСТАРЫ БАР СӨЗДЕР

1) с...н                  2) ...н

3) н...н                  4) б...л...

5) м...н                 6) т..лім

7) б..сқа               8) кіт...п

9) ...демі              10) б..лық

11) к..дімгі          12) с...нді

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз

{ ШЫҒЫС, КӨМЕКТЕС} СЕПТІК ШЫЛАУЛАРЫ

1) соң                   2) сол

3) қоса                 4) бірге

5) кейін                6) дейін

7) тарта               8) шейін

9) таман              10) барлық

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз

АСТАНА ҚАЛАСЫНА                       

1) 1991

2) 1993

3) 1995

4) 1997

5) 1998

6) 1999

          ЖЫЛЫ

                   1) БҰҰ-ның

                   2) ЕҚЫҰ-ның

                   3) ЮНИСЕФ-тің

                   4) ЮНЕСКО-ның

                   5) НАТО-ның

                                     ШЕШІМІМЕН

                                               1) «Ару қала»

                                               2) «Әсем қала»

                                               3) «Ең жас астана»

                                               4) «Бейбітшілік қаласы»

                                               5) «Бейбітшілік пен келісім қаласы»

                                                                  ДЕГЕН МӘРТЕБЕ БЕРІЛДІ

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз

«АСТАНАНЫҢ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҰСАУКЕСЕРІ

                   1) 1993

                   2) 1997

                   3) 1998

                   4) 1999

                   5) 2000

                             ЖЫЛЫ

                                      1) 11 шілдеде

                                      2) 4 маусымда

                                      3) 10 маусымда

                                      4) 2 наурызда

                                      5) 10 желтоқсанда

                                                                  ӨТТІ

Тест тапсырмаларының екінші түріне дайын жауабы жоқ, дұрыс жауаппен толықтырыңыз деп жазылатын тапсырмалар жатады; сынақтан өтуші арнайы орынға дұрыс жауапты өзі жазады. Әдетте бұл бір сөз немесе белгі болуы мүмкін. Оларды ашық формалы тапсырмалар деп атайды. Мұндай түрге жататын тапсырмалардың жоғарғы жағына стандартты нұсқаулық: «Толықтырыңыз». Мысалы:

ТОЛЫҚТЫРЫҢЫЗ :

1. А.БАЙТҰРСЫНОВ____________ЖЫЛЫ ____________ТУҒАН.

2. ЕЛТАҢБАНЫҢ  ОРТАСЫНДА________БЕЙНЕЛЕНГЕН.

3. ІС-ҚИМЫЛДЫҢ АТАУЫН БІЛДІРЕТІН ЕТІСТІКТІҢ ТҮРІ__________

ӨЛЕҢДІ  ТОЛЫҚТЫРЫҢЫЗ :

Ақ киімді, денелі, ақ ________

Соқыр, мылқау, танымас тірі_______ .

Үсті бас ақ қырау, түсі_______

Басқан жері сықырлап келіп қалды .

ТОЛЫҚТЫРЫҢЫЗ :

ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН АЛҒАШҚЫ  ҒАЛЫМ, САЯХАТШЫ –   _______                                                                                                                                                                                                                                                            

Тест тапсырмаларының үшінші түрін екі баған элементтерінен тұратын тапсырмалар құрайды. Мұндай тапсырмалардың жоғары жағына жазылатын нұсқаулық: «Сәйкесін табыңыз». Мәселен:

СӘЙКЕСІН ТАБЫҢЫЗ:

СӨЗ ТАБЫ                   МАҒЫНАСЫ

1) Сын есім          А) заттың атын білдіретін сөз табы

2) Сан есім           Б) заттың сындық белгісін білдіретін сөз табы

3) Зат есім            В) іс-қимылдың, амал-әрекеттің белгісін, жай-күйін, мезгілін, мекенін, мөлшерін білдіретін сөз табы

4) Есімдік            Г) Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табы

5) Үстеу               Д) Басқа сөз таптарының орнына қолданылатын жалпы мағыналы сөздер

Жауаптары: 1_, 2_, 3_, 4_, 5_, 6_.

СӘЙКЕСІН ТАБЫҢЫЗ:

1) Абай                 А) «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар»

2) Ыбырай           Ә) «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам»

3) Шәкәрім          Б) «Әсемпаз болма әрнеге»

4) Сұлтанмахмұт В) «Сөнбейді, әже, шырағың»

Жауаптары: 1_, 2_, 3_, 4_.

СӘЙКЕСІН ТАБЫҢЫЗ:

ЕСІМ                   МАҒЫНАСЫ

1) Флора                       А) сәттілік

2) Мегера                      Б) күрескер

3) Нарцисс                    В) адал әйел

4) Пенелопа                  Г) долы әйел

5) Прометей                  Д) өсімдіктер әлемі

Жауаптары: 1_, 2_, 3_, 4_, 5_, 6_.

Тест тапсырмалардың төртінші түрі білімнің реттілігін тексереді.  Қолданылатын нұсқаулық: «Ретімен орналастырыңыз». Мысалы:

СӨЙЛЕМ  МҮШЕЛЕРІН  РЕТІМЕН ОРНАЛАСТЫРЫҢЫЗ:

   - мен

       - оқуды

            - көркем

                - ұнатамын

                   - әдебиеттерді

СӨЙЛЕМ  МҮШЕЛЕРІН  РЕТІМЕН  ОРНАЛАСТЫРЫҢЫЗ:

   - магистрлік

       - мектепте

            - жоғары

                - жүрмін

                   - оқып

                        - мен

ӨЛЕҢ  ЖОЛДАРЫН  РЕТІМЕН  ОРНАЛАСТЫРЫҢЫЗ:

                    - Өнерпаз болсаң, арқалан,

                - Сен де бір кірпіш дүниеге.

            - Әсемпаз болма әрнеге,

       - Кетігін тап та, бар, қалан!

КҮН ТӘРТІБІН РЕТКЕ КЕЛТІРІҢІЗ

   - киіну

       - демалу

            - түскі ас ішу

                - жаттығу жасау

                   - жұмысқа бару

                    - таңғы ас ішу

                - жұмыс істеу

            - үйге келу

       - жуыну

   - тұру

Тестілеу нәтижесін матрица арқылы талдау, саралау өте тиімді. Матрица дегеніміз – бұл тест нәтижелерін көрсетудің ыңғайлы да жүйелі формасы [2]. Сондай-ақ фасеттерді пайдаланудың да маңызы зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Аванесов В.С. Форма тестовых заданий. –М. «Центр тестирования», 2006. -156 с.

2. Аванесов В.С. Применение матричных методов для разработки тестов. Пособие для студентов и слушателей курсов тестологов. М.: Центр тестирования, 2003г.

 

 

АННОТАЦИЯ

 

Мақалада тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест түріндегі тапсырмаларды әзірлеудің теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Автор тест түріндегі тапсырмалардың түрлеріне тоқталып, оларға нақты мысалдар келтіреді.

 

 

АННОТАЦИЯ

 

          В статье рассматривается методические и теоретические основы подготовки задании в тестовой форме для оценивания уровня знания государственного языка обучающегося. Автор указывает виды задании в тестовой форме, приведет им примеры

 

 

 

 


ОЖ 811.512.122 `272 А.А.Амангелді, ф

ОЖ 811.512.122 `272 А.А.Амангелді, ф

Тест сөзі ғ ылымда шет тілінен аударғандағы жалпы мағынасында емес, ғылыми негізделген әдіс , осы әдіспен алынған нәтиже және нәтижелердің интерпретациялары деген мағынада қолданылады

Тест сөзі ғ ылымда шет тілінен аударғандағы жалпы мағынасында емес, ғылыми негізделген әдіс , осы әдіспен алынған нәтиже және нәтижелердің интерпретациялары деген мағынада қолданылады

Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалардың логикалық негізінде

Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалардың логикалық негізінде

Тест тапсырмаларының бірінші түріне жататын тапсырмалардың тағы бір тобы бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар

Тест тапсырмаларының бірінші түріне жататын тапсырмалардың тағы бір тобы бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз: «АСТАНАНЫҢ»

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз: «АСТАНАНЫҢ»

Р-НЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫНЫҢ АВТОРЛАРЫН

Р-НЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫНЫҢ АВТОРЛАРЫН

ЙТКЕНІ ОЛ 1) ерлік таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру 2) қайғы, жоқтау немесе қарсылық білдіру 3) биік армандарға қол созу 4) бейбіт ниет

ЙТКЕНІ ОЛ 1) ерлік таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру 2) қайғы, жоқтау немесе қарсылық білдіру 3) биік армандарға қол созу 4) бейбіт ниет

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз {

Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін дөңгелектеңіз {

ТТІ Тест тапсырмаларының екінші түріне дайын жауабы жоқ, дұрыс жауаппен толықтырыңыз деп жазылатын тапсырмалар жатады; сынақтан өтуші арнайы орынға дұрыс жауапты өзі жазады

ТТІ Тест тапсырмаларының екінші түріне дайын жауабы жоқ, дұрыс жауаппен толықтырыңыз деп жазылатын тапсырмалар жатады; сынақтан өтуші арнайы орынға дұрыс жауапты өзі жазады

Прометей Д) өсімдіктер әлемі

Прометей Д) өсімдіктер әлемі

АННОТАЦИЯ Мақалада тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест түріндегі тапсырмаларды әзірлеудің теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады

АННОТАЦИЯ Мақалада тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест түріндегі тапсырмаларды әзірлеудің теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020