Тілге құрмет – елге құрмет
Тіл – ғасырлардың жалғастығы, ата-баба аманаты, бір сөзбен айтқанда, тарих, шежіре.Даналарымыз: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ» деп текке айтпаса керек.Себебі, ұлттың ұлт болмағының өзі туған тіліне байланысты.Туған тіліміз біздің ата-бабамыздың тарихы, елдігіміздің басты белгісі, салт-дәстүр, ғұрпымыздың ғасырларға жалғастығы деп білемін.
Жер бетінде қанша халық болса, соншама тіл бар дейміз.Бұл – ақиқат.Өз тілінде сөйлеп, тәлім алған ұлт болашағы ғана жарқын болады.Сол жарқын болашақ мәңгілік елді жасайды. Содан болар,тұңғыш Елбасымыз «Мәңгілік ел «идеясында «Мәңгілік тіл» идеясына басымдық береді.Мәңгілік тіл ғана мәңгілік ұлттың берік іргетасын қалайтынын анық аңғартады.Десе де, тіл тағдыры біздің елде қаншалықты деңгейде? Бұл сауал кімді де болсын алаңдатпай» қоймайды деп ойлаймын.
Менің ойымша, ең бірінші тілге құрмет болуы керек.Неге десек, тілге құрметтің өзі қамқорлықтан бастау алады.Міне, тілге қамқорлықты алдыңғы орынға қоюмыздың мәнісі де осында жатыр.Тарихымызды, ата-бабамиыз салып кеткен сара жолды туған тіліміз арқылы санамызға сіңіргенде ғана, түйсінетініміз белгілі.Сондықтан да туған тілдің ең маңызды қызметінің өзі осында демекпін.Қаймағы бұзылмаған, бай тілімізді ұрпаққа жалғастыру үшін, құрметтеп, қастерлей білуіміз тиіс.
Тілімізге деген құрмет, тұтас бір халқымызға деген сыйластық, құрмет болып табылады.Біз Қазақстан көпұлтты елміз.Десек те, қанша ұлт өкілдері тұрса да, олардың тіліне құрметпен қараймыз.Олар емін-еркін өз тілдерінде сөйлеп, ана тіліндегі мектептерде оқиды.Менің түйіндеуімше,өзге елдің тілін құрметтей отырып, өз ана тіліміздің ақ туын биіктетуіміз керек.Сонда ғана өзге ұлттар тіліміздің құдіретіне бас иеді деп ойлаймын.
Қарап отырсақ, біздің тіліміз ең бай, көркем тіл.Мұны қазақ жерінде болған Радлов, Янушкеевичтер тіліміздің құдіретіне бас игені соншама, өз жазбаларында таңдана, тамсана жазған.
Қорыта келгенде, тіл – ұлттың жаны, мінезі,пейілі, оның көп ғасырлық тарихы.Осы тарихымызды қастерлеу бәріміздің басты ұстанымызға айналуы тиіс.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.