Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру
Оценка 4.6

Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру

Оценка 4.6
Раздаточные материалы +1
doc
администрации
Взрослым
10.02.2017
Топ  жұмыстары  арқылы                                        оқушы  білімін  тұрақтандыру
Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жастардың және еліміздің басты капиталы – сапалы білім» деген пікірі оның салиқалы саясатының бірі деуге болады. Сол себептен де тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағын тәрбиелеу бүгінгі көкейкесті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, қиындыққа мойымайтын, өзіндік ой–талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Ертеңгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем ететін бала деп сенім артатындықтан сапалы білімді, саналы азамат тәрбиелеу ісі - білім беру саласының еншісінде. Демек білімдендірудің ошағы - мектепте. Тұлға құзырылылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруді жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың, нақты білімнің нәтижесінде ғана мүмкін екендігі белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, жаңа технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр, осыған
баяндама.doc
Баяндама              Тақырыбы: Топ  жұмыстары  арқылы                                        оқушы  білімін  тұрақтандыру Топ   жұмыстары  арқылы  оқушы  білімін  тұрақтандыру          Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жастардың және  еліміздің басты капиталы – сапалы білім» деген пікірі оның салиқалы саясатының   бірі  деуге  болады. Сол  себептен  де тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағын  тәрбиелеу бүгінгі  көкейкесті  мәселелердің  бірі. Қазіргі  кезде  білім берудегі   мақсат ­ жан­жақты, білімді, өмір сүруге бейім, қиындыққа  мойымайтын, өзіндік ой– талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.  Ертеңгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем ететін бала деп сенім  артатындықтан сапалы білімді, саналы  азамат  тәрбиелеу  ісі ­ білім беру саласының  еншісінде. Демек білімдендірудің ошағы ­ мектепте. Тұлға  құзырылылығын  қалыптастыруға  тиісті  құзыреттіліктерді жүзеге  асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруді жүзеге асыру мұғалімдерден  тиімді әдіс­тәсілдерді жетілдіре  отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті,  өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық  жұмыстардың, нақты  білімнің нәтижесінде ғана мүмкін екендігі белгілі. Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың «Қазақстан ­ 2030» Республика  халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге  асыру үшін білім  мазмұнын  жаңартумен  қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, жаңа  технологиясын  қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр, осыған сәйкес өз  сабағымда бірнеше оқытудың озық  технологияларының элементтерін қолданамын.  «Қазіргі  заманғы  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік  стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», ­ деп Елбасы атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс­тәсілдерді  мектеп  өміріне  енгізу, оны әр пән мұғалімінің  тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден­бір жолы.  Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс­әрекеті, тәсілі, ал  технология дегеніміз – көптеген әдістердің жиынтығы. Қазіргі  оқыту барысында  қолданылып  жүрген  көптеген  технологиялар  жеке  тұлғаның  жетілуіне  оқыту  тиімділігінің  негізін  құруға  бағытталған. Соның ішінде  соңғы  жылдары  өз сабақтарымда  қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды  дамыту» технологиясының  түрлі  стратегиялары  оқушының  жеке  тұлға ретінде   қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Оның мақсаты ­ оқушыларды ойын ашық айта  алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір­біріне   сыйластықпен  қарап, пікірін  құрметтеуге  баулу. Сонымен  қатар, биылғы  2014­2015  оқу  жылының  басында  сындарлы  оқыту   теориясына  негізделген  кембридждік  оқу  бағдарламасының  ІІІ  деңгейлік   біліктілік  арттыру курсын  оқыдым.      Біліктілікті арттыру  курсында  үйренген  жаңаша  әдіс­тәсілдерді  өз   сабақтарымда  қолданып,біраз уақыт жұмыс жасағаннан кейін мен қандай да  болмасын жетістіктерге, қомақты нәтижелерге қол жеткіздім деп айта аламын.Бұл  бағдарламаның  ең тиімді  тұстарының  бірі ­ сынып  оқушыларын  топтарға   бөліп,жұптық  және  топтық жұмыс жасау. Топтық  жұмыстың  тиімділігі  және  оны  ұйымдастыру.Сабақта  оқушының топтық   жұмысын  ұйымдастыру   бұл  оқушылардың  өзара  үйлесімді   қызметі.Топтық  жұмыс  белгілі  бір  тәртіп  талабымен  құрылады.Мұғалімнің   топтық  жұмыс  барысындағы  қызметі  барлық  оқушылардың  іс­әрекетінің  бірлікте  болуын  басқару, яғни  барлық  оқушылар  бірдей  тапсырманы  орындайды,   жұмыс   бәріне  ортақ, мәселені  барлық  сынып  болып талқылайды, нәтижені  салыстырады,  жинақтайды. Топтық  жұмыс  жасау  оқушылар  мен  ұстаз  арасындағы  сенімді   нығайтып, ұжымдық  сезімді  тәрбиелейді, қателерін  табуға  жаттығады.             Өз сабақтарымда көбінесе оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көп көңіл бөлемін. Оқушылар бірлесіп ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірге шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтар ашу барысында жұмыс  жасайды.      Топта жұмыс жасап үйренген оқушылардың іс­әрекеті нәтижелі болады, білімдері  шыңдалады.    Сонымен  қатар, сабақ  барысында  ұдайы  бір үлгідегі  тапсырмалар  қайталап   бере  алмаймыз.Топтық жұмысқа  негізделген  тапсырмаларды  әр  сабақ  сайын    түрлендіріп,  формасын  өзгертіп  орындатқызған  дұрыс. Топтық  жұмыс  жасаудың  ең  тиімді  әдісі ­ берілген  тапсырма  бойынша  постер  жасап,  топ  мүшелерінің    сыныптастары  алдында  өз  білімдерін  саралап, қорғай  білу. Мәселен  7­сыныпта  қазақ  тілінен  «Салт  және  сабақты  етістік»  тақырыбын   өткенде, топтарға  алдын­ала  дайындап  қойған   түрлі­түсті  конверттердегі   тапсырмалар  бойынша , постер  жасау  керектігін  айттым.Оқушылар  өзара   ұйымдасқан  түрде, берілген  уақыт  ішінде  тапсырманы  орындап  шықты.Мұнда   топтағы  оқушылардың  бірі  тапсырманы   тақтаға  шығып  қорғауға   дайындалса,екіншісі  А3  форматына   салт  және сабақты  етістіктің   ережесін   түсіріп,үшіншісі  оған  мысалдар  келтіріп, ұжымдасқан  түрде, уақытты  тиімді   пайдалана  отырып,топтағы  оқушылардың  барлығы өз  ойларымен  бөлісті.            Сондай­ақ, топтық  жұмысты   мұғалім  өз  тиімділігіне  сай  түрлендіріп, әдіс­  тәсілдерге  өзі  түрліше  ат  қойып, ойын  түрінде  де  ұйымдастыра  беруіне  болады.        Кез­келген  әдебиет,қазақ  тілі  болсын  сабағыңызда  қолдана  беруіңізге   болатын  топтық  жұмыстың    мына  түрін  айтып  кетсем.Оқушылардың  білімін   тексеру  мақсатында , үйге  берілген  тапсырманы  сұрау  үшін  топтарға  бөлінген   оқушыларыңызға  өтілген  тақырып  бойынша  әрбір  топқа  4  сұрақ   дайындатқызыңыз.Оған  әрине, сұрақ  дайындауға  2 минут  уақыт  жетеді.Келесі    әрекетіңіз:  бірінші  топтың   дайындаған  сұрақтарын  екінші  топқа,екінші  топтың   дайындаған  сұрағын  үшінші  топқа  қойғызыңыз,  олардың  осы  тұста   сабаққа    қызығушылығы   артып,бірінің  сұрағына  бірі  жауап  іздеп  әрекетке  түскенін   байқайсыз. Үлгерімі  төмен  оқушылардың  да  ынтасы  артады.                     1- топ 2-топ 3-топ 4-топ     Ал, жаңа   сабақты  меңгерту  үшін  6­сыныпта  «Үстеудің  мағыналық  түрлері»  тақырыбын  өткенде, өзім  «Қиылған  ереже» деп  атап, мынадай  тәсілді   қолдандым.Бұл  әдісті  топтық, жұптық  жұмыс  үшін  де  қолдануға  болады. Әдістің шарты  бойынша  оқушылар  қиылып,  араластырылған  сөйлемдерді  дұрыс    орналастырып,  дұрыс  ережені  құрастыру  керек.Ол  үшін  мұғалім  алдын  ала   ережені  жазып, қиып  қоюы  керек.Әрбір топ  дұрыс  орналастырған  ережесін   сынып  оқушыларына  жеткізіп, мысалдар  келтіріп,  өз  ойларымен  бөліседі.                                               Қиылған   ереже          әрекеттің мезгілін, мезгіл  үстеуі етістікпен тіркесіп  мерзімін білдіреді де, қашан? .  Мысалы: бүгін келді  қашаннан? Мезгіл үстеуі   қимылдың,деген сұрақтарға  жауап береді. қолданылады,  ертең барады, таңертең  тұрады,  бұрын жүрді, күні  бойы дайындалды, күні­түні  оқиды, жазғытұрым  келеді,т.б           Дұрыс  нұсқасы       Мезгіл үстеуі. Мезгіл үстеуі   қимылдың, әрекеттің мезгілін,  мерзімін білдіреді де, қашан?  қашаннан? деген сұрақтарға  жауап береді. Мезгіл үстеуі  етістікпен тіркесіп  қолданылады. Мысалы: бүгін  келді, ертең барады,  таңертең тұрады,  бұрын  жүрді, күні бойы  дайындалды, күні­түні  оқиды, жазғытұрым келеді,  т.б.          Сонымен  қатар, өткен  материалыңызды  пысықтау  үшін  топтық  жұмыстың   мына  түрін  де  сабағыңызда  қолдануға  болады . Бұл  әдісті   мен «Қажеттісін  ал»  деп  атадым. 8­сыныпта  салалас  құрмалас  сөйлемнің   түрлерін  өткенде, әр  топты   салаластың  бір  түрінің  атымен  атадық. Мысалы , бірінші  топ  Ыңғайлас салалас,  екінші  топ  Кезектес  салалас  деген  сияқты.Содан  соң  барлық  топқа   бірдей   мәтін  терілген  бірнеше   парақшаларды  таратамын. Яғни  онда  салалас  құрмалас сөйлемдерден  құралған   мәтін  берілді. Топтағы  оқушылар  өз  топтарының  атына   сәйкес  салаластың  түрлерін  теріп , өз  дәптерлеріне  жазып  алады.            Қазіргі таңда  сыныптағы   оқушылардың   бірлескен  әңгімелесуі  көп  пайда    әкелетінін  көрсететін  көптеген дәлелдемелер  бар, себебі  ол: ­ оқушыларға  тақырыпты  өзінің  түсінгені  бойынша  айтуға; ­ оқушылардың  басқа  адамдарда  әр  түрлі  идеялар  болатынын  түсінуіне; ­ оқушылардың өз  идеяларын  дәйектеуге; ­ мұғалімдерге  өзінің  оқыту  үдерісінде  «оқушылардың  қай кезеңде  екендігін» түсінуіне   мүмкіндік  бере  отырып  көмек  береді. Сындарлы  оқыту теориясының  негіздеріне  сүйенетін  болсақ,  онда   Мерсердің   зерттеуіне  сәйкес, әңгімелесу  оқушылардың  білім  алуының  ажырамас   бөлшегі   болып  табылады.Әңгімелесудің  үш  түрі  бар.  Соның  бірі­  Әңгіме­дебат.Яғни   ойталас, талқылау.      5­сыныпта  әдебиет  сабағымда, «Сымайыл»  тақырыбын  өткенде,сыныптағы   топтардың  бірін  Ақтаушы  топ, екіншісін  Даттаушы  топ, үшіншісін  Зерттеуші    топ  деп  топтарға  бөлдім. Олар  әңгімеде  берілген  Ибраһимнің  әркеттерімен  таныса  келе, ондағы  кейіпкерлердің  іс­әрекеттерін  бір  топ  дұрыс  деп  тауып, не   себепті  мұндай  пікірге  келгенін  айтып,өз  ойларын  жеткізсе, екінші  топ  оларға   қарсы  пікірлерін  дәлелдеуге  тырысып  жатты.Үшінші  топ  саралай  келе, өмірде     Ажар  мен  Сара , Ибраһим  сынды  адамдардың   бар  екенін  айтып  жеткізе  білді.       Сындарлы  оқытудағы  қазіргі  қойылатын  басты  талаптардың  бірі­ топқа  бөліп  оқыту.Топқа  бөліп  оқыту  арқылы  деңгейі  әртүрлі  оқушылар  топтық  тапсырманы  бірігіп  орындау  барысында  бір­бірімен  араласады,пікір  алмасады, бірін­бірі   тыңдауға  әрекет  жасайды.Нәтижесінде  топтағы  үздік  оқушылар  келесі  топтан    қалып  қалмау  үшін   топтағы  үлгерімі  нашар    оқушылардың  сабаққа  қатысуына,  тапсырманы  бірігіп   орындауына  түрткі  болады.        Сындарлы  білім  беру  негіздеріне  сүйене  отырып,  топтарға  бөліп  жұмыс   жасаудың   өткізген  сабақтарыңызға  берер  әсері  мол. Оқушылардың белсенділігі  артып, келесі  сабақты  асыға  күтеді. Олардың сабақты оқуға деген қызығушылығы  мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын дәлелдей алатын  оқушы қалыптасады. Топқа  бөліп  жұмыс  жасау   арқылы  мен   өз  сабақтарымда  елеулі    нәтижелерге  қол  жеткіздім  деп  айта  аламын.Төменде  берілген  суреттерде   оқушылар  топтасып  жұмыс  жасау  барысында.                                       Қорыта  келе айтарым, мұғалім жаңалықтан қашпауы тиіс, қайта әдісті көп  білуге тырысқаны дұрыс.       А. Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі  де hәм сондай болмақшы», «Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша  тәрбиелесең құл болмақшы», ­ деген сөздері бар. Демек жаңа технологиямен  қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.        ХХІ ғасыр ­ білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі,  жан­жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек  екенін бір сәтте естен шығармағанымыз  жөн. Пайдаланылған  әдебиеттер 1.  Қазақстан ­ 2030 // Егеменді Қазақстан. – 1997, қазан – 11. 2. Қазақ  тілі  мен  әдебиет  журналы   2014ж 3. Оқытудың  инновациялық әдіс­тәсілдері арқылы  табысты оқытуға  қол  жеткізу           А.Д. Ажибекова          Шымкент қаласы    2014ж

Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру

Топ  жұмыстары  арқылы                                        оқушы  білімін  тұрақтандыру

Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру

Топ  жұмыстары  арқылы                                        оқушы  білімін  тұрақтандыру

Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру

Топ  жұмыстары  арқылы                                        оқушы  білімін  тұрақтандыру

Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру

Топ  жұмыстары  арқылы                                        оқушы  білімін  тұрақтандыру

Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру

Топ  жұмыстары  арқылы                                        оқушы  білімін  тұрақтандыру

Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру

Топ  жұмыстары  арқылы                                        оқушы  білімін  тұрақтандыру

Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру

Топ  жұмыстары  арқылы                                        оқушы  білімін  тұрақтандыру

Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру

Топ  жұмыстары  арқылы                                        оқушы  білімін  тұрақтандыру

Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру

Топ  жұмыстары  арқылы                                        оқушы  білімін  тұрақтандыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017