Қысқа мерзімді сабақ жоспары
1-бөлім: Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту |
Мектеп: Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ |
||||
Күні: 24-28.09.21ж |
Мұғалім: Култумбаев Есен |
||||
Сынып: 5 «ғ» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Топтық эстафеталық жұмыс.
|
||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
5.1.1.1 аздаған ауқымдағы арнайы спорттық спецификалық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын білу және түсіну
|
||||
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың барлығы орындай алады: Арнайы спорттық спецификалық қозғалыс кезіндегі әрекеттерінің дәлдігін біле алады және түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Спорттық қозғалыс әрекеттерінің үйлесімділігін дамытуға арналған қимыл қозғалыс дағдыларын орындай алады. Оқушылардың кейбірі орындай алады: Қимыл қозғалысты орындау реттілігінде, дене қозғалыс қабілеттерін дамыта отырып, басқаларына көш бастай алады.
|
||||
Бағалау критерийлері |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындау
|
||||
Сабақ жоспары |
|||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 5 мин
|
Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Ø Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Ø Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Ø Бағалау критерийлерін анықтау. Ø Қауіпсіздік ережелерін ескерту. «Шаттық щеңбері» Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге тілек айту. Саптық жаттығулар: -«оңға», «солға», «айнал». Жүру жаттығулары: - қол алда, аяқтың ұшымен жүру, - қол белде, өкшемен жүру, - қол желкеде, жартылай отырып жүру, - қол белде, толық отырып жүру. Жүгіру жаттығулары: - қол алда, аяқты алға сермей жүгіру, - қол артта, аяқты артқа қайшылап жүгіру, - қолды шынтақтан сермеп, оң йықпен алға жүгіру, - артпен сол йықтан алға қарап жүгіру, Жалпы дамыту жаттығулары: Тыныс жолдарын қалпына келтіру,
|
Оқушылар қатарда түзу тұрып, сапта тұру ережелеріне мән береді. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдайды.
Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын толықтай орындайды. |
Ысқырық, секундомер, |
||
Сабақтың ортасы 30 мин
|
Эстафеталық жүгіру техникасын, таяқшаны беру әдістерін, таяқшаны беру аймағындағы бірлескен іс-әрекеттерді үйрету: Эстафеталық жүгіру туралы түсінік беру, таяқшаны беру кезінде өз қозғалыстарын мән беруге тоқталып өту, төменгі сөреде тұру, шығу қалыптарын, таяшаны беру аймағындағы қозғалыстарын түсіндіру.
Арнайы дамыту жаттығуларын жасау: (Оқушыларды екі топқа бөлу арқылы, бірінші топ беруші, екінші топ қабылдаушы)
1. Төменгі сөреден эстафеталық таяқшамен шығуды орындау 2. Эстафеталық таяқшаны оң және сол қолмен бір орында тұрған қалыпта, және қозғалыс кезінде беру 3. Мұғалімнің белгісімен бір-біріне қозғалыс кезінде беру 4. Таяқшаны жай жүгіріспен қозғалу кезінде, және жылдам жүгіру арқылы беру 5. Эстафеталық таяқшаны беру, қабылдауды жылдам жүгірісте жүгіру алаңшасында орындау
Эстафеталық таяқшаны жоғарыдан, төменнен беру, қабылдау жаттығуларын жұптасып, екі қатарға тұру арқылы, шеңберде тұру арқылы орындату, эстафеталық аралықта қозғалыстарына мән беруді үйрету.
Эстафеталық жүгірудің ерекшелігі, жоғары жылдамдықты ұстай отырып таяқшаны белгіленген ара қашықтықта серіктесіне беру. Таяқшаны беру аймағы – 20 м
|
Оқушылар түзетуші комментариилер бере отырып, жаттығуды орындаудың әрбір реттілігінде бір-бірін бақылайды.
Эстафеталық таяқшаны төменнен, жоғарыдан беруді үйренеді
|
Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік, ысқырық, секундомер, эстайеталық таяқшалар.
Эстафеталық жүгіру техникасы https://youtube.com/watch?v=M-wYJhSG8dk&feature=share
https://youtube.com/watch?v=KfSSbYIO5vE&feature=share
|
||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Сабақты қорытындылау Рефлексия Кері байланыс, «Білем» бағанына осы сабақ алдында білетіндерін жазу. «Білдім»- бүгінгі сабақта не білгендерін, үйренгендерін жазу. «Білгім келеді»- келесі сабақта қандай нәрсе үйренгісі келетінднрін жазу. Үйге тапсырма.
|
Оқушы қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. |
Үлкен бос кеңістік, секундомер. |
||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.