Тәрбие сағаты "Ертегі еліне саяхат"
Оценка 4.6

Тәрбие сағаты "Ертегі еліне саяхат"

Оценка 4.6
docx
воспитание
16.04.2020
Тәрбие сағаты "Ертегі еліне саяхат"
Ертегі еліне саяхат.docx

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі еліне саяхат
Әдіс – тәсілдері: әңгіме, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, практикалық.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері суреттері, кеспе әріптер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Балаларды шеңберге тұрғызу.
Шаттық шеңбе
рі:
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды ұрайық.
Күлімдесін
күн де,
Күлімдейік бізде.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын шашайық.
Таза ауаны салайық,
Жүрек жылуын сыйлайық
Енді бәрін қонақтарға сыйлайық.
Жұмбақ:

Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады
Бұл қай мезгілде болады?
Балалар: Күз мезгілінде.
Сұрақ - жауап:
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ал қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қазір күз мезгілі.
Тәрбиеші: Балалар күз деген сөзді қос тілде айтайықшы. Күз - осень.
Тәрбиеші: Күз  мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші.
Балалар: Күзде күн салқын болады, жаңбыр жауады.
Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Күз мезгілінде үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша

Тәрбиеші: Қазір қандай ай?
Балалар: қыркүйек  айы.
Тәрбиеші: Күз мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?
Тақпақ:  Аян

Жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.
Тәрбиеші: Жарайсың, өте ақылды екенсің.
(Тәрбиеші қараңдаршы балалар бізге хатшы хат әкеп тастапты)
Тәрбиеші: Кәне, ашып оқиық. Кімнен екен?
Хатты ашып оқиды: Сәлеметсіңдер ме! Мен Машамын. Мен туралы ертегілерден естіген боларсыңдар. Мен, күзгі орманға серуендеп барғанмын. Ал мені Күз ханшайымы ұстап, өзінің қарлы үйіне қамап қойды. Мұнда өте салқын. Үйіме барғым келеді. Атам мен әжемді сағындым. Мені құтқарыңдаршы!!!
Тәрбиеші: Машаны құтқарамыз ба? Күзгі орманға барамыз ба? Ертегілер әлеміне енеміз бе?
Балалар: Иә!!!
Тәрбиеші: Ендеше, бәріміз автобуспен Күзгі орманға барамыз. Кәне, кеттік!
Ертегілер» әні қосылып, безендірілген күзгі орман алаңқайындағы орындықтарға барып отырады)
Тәрбиеші: Балақайлар, міне бізде күзгі орманға келіп қалдық.
Зал іші орманға безендірілген.
Тәрбиеші: Күзгі орман әдемі ме?
Балалар: Ия!
(
Осы кезде Күз ханшайымы залға алаңқайға кіріп келеді)
Күз ханшайымы (ашулы дауыспен айтады)
Кім кім менің жапырақты патшалығыма келген?
Тәрбиеші: Балалар, кәне, Күз ханшайымымен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:, біз Машаны іздеп жүрміз.
Күз ханшайымы: Ха ха ха! Жалғыз өзі орманда серуендеп жүр екен. Мен оны үйіме кілттеп қойдым. Енді ол менің үйімді жинап, маған жапырақтан  дәмді тағамдар пісіреді.
Тәрбиеші: Балалар, орманда немесе көшеде жалғыз серуендеп н/е ойнап жүруге бола ма?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші:
Күз ханшайымы, Машаны кешірші, оны жіберші, ол кішкентай қыз ғой. Атасы мен әжесі жылап жатқан болар.
Күз ханшайымы: Ммм, егер сендер менің тапсырмамды орындай алсаңдар, жіберемін.
Тәрбиеші: Балалар тапсырмасын орындаймыз ба?
Балалар: Иә!
Бірінші тапсырма: «Жұмбақтар жасыру»
Ж. Айлан:
Суда мұз бар, Жерде қар бар,
Боран боп соғады, Бұл қай мезгілде болады? (Қыс)
Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп кетеді. (Қар)
Қ. Ерсұлтан:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
(Жұмбақтың жауабын тапқан сайын, тақтадағы жабық тұрған шалқанның суреті ашылады)
Тәрбиеші: Балалар ненің суреті шықты?

Балалар: Шалқан ертегісінің суреті
шықты.
Қыс ханшайымы: Дұрыс, ендеше келесі екінші тапсырма. «Шалқан» ертегісін сомдау.
Тәрбиеші: Балалар, шалқан ертегісін үстел үсті театры арқылы сомдаймыз. Кәне ертегілермен айтыңдар, қай кейіпкерді сомдайсыз.(Автор ата, әже, немере, қыз, күшік, мысық, тышқан)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ертегіні өте жақсы сомдадыңдар. Балалар шаршаған боларсыңдар, кәзір серігіп алайық.
Сергіту сәті:

Алтын сары,қызыл,көк...

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, ал сендер ертегілерді білесіңдер ме?
Балалар: Ия!
Үшінші тапсырма: «Ертегінің атын тап?»
Магнитті тақтадағы көрсетілген ертегі суретіне қарап, қай ертегі екенін айту керек.
Күз ханшайым: Жарайсыңдар! Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер, рахмет!
Төртінші тапсырма мына жұмбақты шешкенде белгілі болады:
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен әжеден.
Орманда кеше жүр еді,
Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ)
Төртінші тапсырма: «Бауырсақ» ертегісін шарлар арқылы сомдау.(Шарға кейіпкерлердің суреті жапсырылады, балалар қолдарына ұстап ойын түрінде сомдайды)
Ата, Әже, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі.
Тәрбиеші: Керемет, балалар, өте жақсы сомдадыңдар!
Бесінші тапсырма: назар аударайық. Жеке жұмыс:
«Лақтарды дұрыс жол тап» («Жеті лақ»ертегісі бойынша).
Шарты:
Лақтарды анасына апаратын жолдың үстінен сызып батыр. Егер жолдан қателессең, лақтар қасқырға барып, қасқыр лақтарды жеп қояды. (Балалар үстел жанына барып сызады)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар. Тапсырманың бәрін жақсы орындадыңдар. Ендеше мен Машаны босатайын. (Зал ішіне орманға Машаны лестіріп келеді).
Маша: Рахмет, сендерге балалар! Сендер көмектеспегенде не істер едім. Тоңып қамауда жүрер едім.
Күз ханшайымы сізге де рахмет. Мен енді үйімнің қасынан ешқайда кетпеймін. Балалар сендерде орманға, көшеге жалғыз ойнап шықпаңдар жарай ма? Менің сендерге сыйлығым бар еді орман арасынан адасып жүргенде көптеген құлпынай жинап алып едім апайларыңа берейін, апайларың топ ішінде өздеріңе таратар. Мен атам мен әжемді сағындым, үйіме қайтайын. Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Біздің қайтатын уақытымыз болды.
Күз ханшайымы, балаларға, енді ұрынба, сау бол!
Балалар: Сау болыңыз,
Күз ханшайым!
Тәрбиеші: Балалар, автобуспен балабақшаға қайтайық.
(Бәрі бірінің артынан бірі жүріп қайтады)
Қорытынды: Сұрақ - жауап:
Біз қайда бардық?
Кімге көмектестік?
Тәрбиеші:
Осымен оқу қызметі аяқталды. Рахмет, балалар! Қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыз!


 

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Тәрбиеші : Қазір қандай ай ?

Тәрбиеші : Қазір қандай ай ?

Бірінші тапсырма: «Жұмбақтар жасыру»

Бірінші тапсырма: «Жұмбақтар жасыру»

Шарты: Лақтарды анасына апаратын жолдың үстінен сызып батыр

Шарты: Лақтарды анасына апаратын жолдың үстінен сызып батыр
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.04.2020