Тәрбие сағат "Ер есімі -ел есінде"
Оценка 5

Тәрбие сағат "Ер есімі -ел есінде"

Оценка 5
Разработки уроков
docx
классное руководство
Взрослым
24.03.2017
Тәрбие сағат "Ер есімі -ел есінде"
В этой разработке классного часа говорится о В.И.Шубине нашего незаменимого руководителя совхоза имени газета "Правда" который находится в Западно-Казахстанской области Сырымского района ныне поселок Тоганас. Виктор Игнатьевич Шубин поднимал совхоз со времен целины. В начале был конезавод 117. Цель: формирование у обучающихся знаний об определенных нравственных качествах человека – терпение и терпимость. Задачи: -Учиться контролировать и оценивать свои действия при общении с окружающими.классный час
шубин туралы тәрбие сағат2016.docx

http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=13bf96cb8d6896c5&mb=imgdb_preview_1392

Сырым аудандық білім беру бөлімі«В.И.Шубин атындағы


ЖББОМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Ер есімі – ел есінде»

 

                                           Өткізген: Семгалиева Г.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 2016-2017 о.ж.

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ер есімі –ел есінде»

 

Мақсаты:

-Жас ұрпаққа В.И.Шубин сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
-Ауылын сүйген, ауылы сүйген Басшымыздан үлгі алуға тәрбиелеу.

-Шубин атамыздың іс әрекетін мысалға коя отырып оқушыларды ұжымдылыққа, тәртіптілікке, өз сөзіне берік болуға, міндетіне адал болуға тәрбиелеу.

-оқушының бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыру.

Көрнекілігі: В.И.Шубинің суреттері, совхоз туралы бейнефильм, т.б.

Тәрбие сағатының барысы:

                                                                           Өткен адам болады көзден таса,

                                                                         Өлді-өтті оны ешкім ойламаса,

Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,

                                                                      Керектісін ескеріп ұмытпаса.

                            (Шәкәрім)

Кіріспе

Өзім осы ауылда туып өсіп, осы мектептің табалдырығын аттап, 10 жыл оқып бітіріп осы мектепте жұмыс істеп жүрмін. Күнде кіріп-шығып жүретін мектебім,  2003 жылы  В.И.Шубин атына ие болғанда қуанышым кеудеме сыймады, себебі Шубин атамыздың еңбегі зор. Мектеп алдындағы қабырғаға В.И.Шубин атаға арналған мемориалды тақта ілінді.

 

Негізгі бөлім

Біздің ауыл аудан орталығы Жимпитыдан солтүстің – батысқа қарай 78 км жерде, Шолақ Аңқаты өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ауыл адамдарының кему тарихы әртүрлі. Қарағанды колхозы мен Алғабас МТС-не қараған ірілі- уақты елді мекендегі жерлікті халықтарға 1935 жылы Ордадан жылқы зауыты еңбекшілері қосылды. 1941-42 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында неміс ұлты өкілдері келді. 1949-52 жылдары Орда ауданының КСРО Министрлері Кеңесінің қаулысымен әскери сынақ полигонына байланысты №67 жылқы, №88 түйе зауыты көшіп келді.1954-56 жылдары Ресей, Украина, Балтық жағалауы елдерінен тың және тыңайған жерлерді игеруге біраз адамдар келді.

Тыңды игеруге дейін  №117 жылқы зауыты 1950 жылдың наурызына дейін Борисов деген азамат басқарды.

1950 жылы наурыз айынан бастап, №117 жылқы зауыты директоры болып В.И.Шубин тағайындалды.

Мектепте өтіп жатырған Шубин атаға арналған апталық аясында оқушыларым, өздеріңе мәлімет жинауды тапсырған болатынмын жинақтаған мәліметтеріңмен бөлісуге тақтаға шақырамын.

 

Оқушылар сөйлейді:

Амангелді Әмірхан «В.И.Шубин – өмірі-өнеге» туралы оқып береді.

Шубин Виктор Игнатьевич 1919 ж. Ресей, Красноярск өлкесі, Усин ауданының, жоғары Усин селосында дүниеге келді. Еңбек жолын 1935 ж. паровоз машинисінің көмекшісі ретінде бастаған. Алматы зоотех- мал дәрігерлік институтын бітіріп, 1942 -46 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден оралған соң Шымкент, Көкшетау облысындағы  шаруашылықтарда қызмет атқарды. 1950 ж. Батыс Қазақстан облысындағы № 117 жылқы зауытын басқарды. 1954 ж. осы жылқы зауытынның негізгінде Бітіргеннен кейін Ақмола облысындағы «Восточный» кеңшарында аға зоотехник болды. Ұйымдастырылған «Правда» кеншарының директоры қызметін атқарды. 4 мәрте Ленин, Қазақ революциясы және т.б. ордендермен, бірнеше медальмен марапатталған.Ауылшаруашылығы өнімін өндірудегі сіңірген ерен еңбегі үшін СССР Жоғары совет Президиумының 1957 жылы 14 қаңтардағы жарлығымен В.И Шубинге «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді. «Сырым ауданының құрметті азаматы».

1997 жылы  тамыз айында қайтыс болды.

2003 жылы біздің мектеп В.И.Шубин атына ие болды.

 

Естаева Лунара  «Қызу еңбек» туралы оқып береді

Еңбек еткен жылдары

 Тың және тыңайған жерлерді игеру ауыл еңбеккерлері үшін нағыз өмір мектебі ьолды. Партияның шақыруына үн қосқандар Тоғанас төңірегіне келе бастады. Москва облысы Подольскіден 120 адам жаңа қоныстанушылардың алғашқы қарылғаштары болса. Кейн Эстониядан, Поволжьеден, Украинадан, Беларусиядан, Оралдан т.б. жерлерден келді. Еңбек ардагерлері С.Кабышевтың, З.Қадыровтың естелігі бойынша тыңға келушілер Сегізүйге орналасып, кейін 1955 жылы Қарағанды тың игерудің орталығы болды.  Сол жылы 12 мың га жер жыртылды. Және жерде алдын ала белгіленген картограмма арқылы жүргізіп отырған. Осы шексіз дала алғашқы өнімді бидаймен тарыдан мол берді. Күзде диқандар шаруашылыққа жаңа массивтер енгізді.

Дәнді дақылдарды ертеден-ақ өсіре білген қазақтар топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерді мөлшерімен өлшеп қана жыртатын. Қолайлы алқаптардан алынатын астық өнімдері де жаман емес еді. Ал енді топырағы құрғақ, суы да желден қорғайтын нуыда жоқ далаларды жаппай жыртып тастау- тіпті ақылға сыймайтын шаруа еді.

Совхоздың бас агрономы Третьяк Иван Михайлович, ол кісі өз мамандығының шебері болды.Осы елді мекенге 1949 жылы келді.

Ауыл адамдар халық достығын, өзге ұлттар қарым қатынасын жақсы түсініп, үлкен жанұя секілді тұрды. 1968 жылы совхозда 3838 адам тұрды. 1890 қазақ, 1261-неміс, 687 – орыс, т.б. ұлт өкілдері болды.

Шаруашылықта ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру ғана емес, құрылыс саласында да қарқынды жұмыстар атқарылды. Тапсырылған өнімдердің ақшасына ауылда толық жабдықталған 1,2 қабатты тұрғын үйлер салына бастады. Әр үйдің бау-бақшасында раушан гүлдері және т.б.әдемі өсімдіктер үй көріністерін әдемі болып көрсетеді. Жұмыстан тыс уақытты тиімді пайдалану мақсатында ауыл тұрғындарына арналған 600 орындық типтік жобамен салынған мәдениет үйі , екі қабатты «Тұрмыс үйі» оның ішінде іс тігу ательесі, шаштараз болды.Балаларға балмұздақ кафесі, үлкендерге ресторан «Чайка» асханасы қызмет еткен. Жаңа монша ғимараты салынды. Онда душ және бу павилионы салынды. Балаларға 2 қабатты кызыл кірпіштен салынған балабақша ғимараты іске қосылды. Ауыл тұрғындарына алаңсыз жұмыс жасауға толық мүмкіндік болған. 1954-1991 жылдары Қазақстан республикасына танымал совхоздардың бірі болды. Правда газеті атында астық совхозын еске алса, В.И.Шубиннің аты осы ауылмен қатар жүреді. Неге десеніз осы елдң мекенді осындай дәрежеге көтеру екінің қолынан келмейді. Ал Шубин болса өзінің барлық күш жігерін ауылды көркейтуге жұмсаған.

 

  Енді сіздердің мәліметтеріңіздің дәлелі ретінде бейнефильмге назар аударайық . Бейнефильм «В.И.Шубин және з/с «Правда» газеті атындағы»

Ой қозғау

Үлгілі әке

Шубин 
ата

 

 

 

 

 

 

 

ұйымшыл

Еңбек еріЖауапты адамҚұрметті басшыТұлға

 

Қорытынды.

    Елбасы Н.Назарбаев тыңның 50 жылдықтойында сөйлеген сөзінде аға ұрпаққа алғысын айта келе, «Қазақстанның астықты алқабы елді нанмен қамтамасыз етіп қана қойған жоқ сонымен бірге республиканы әлемдік астық экспортерлерінің ондығына шығарды. Бүгінгі таңда Республика 40 мемлекетіне жоғары сапалы астық жөнелтеді» - деген еді. Ардагерлер жын мәнінде үлкен мектептен өтті. Сол кезде білім жеті кластық болса да, жоғары оқу орындарын сырттай бітіріп, тұтастай шаруашылықты ұзақ уақыт басқарған. Бір ғана мамандық иесі ғана емес, олар партия саясатын түсіндіретін идиологта, шаруагерде, психологта еді.

    В.И.Шубинде 1950-1995 жылға дейін «Правда» астық совхозын басқарып әйгілі миллионер орденді совхозға айналдырды. Жұмыс жасау стилі өзгеше, өз кадрларын  даярлауға үлкен мін берді. Мысалы, өзге совхозға директор болып оның шәкірттері С.Кабышев, Х.Каржауов еңбек етті. Шубин басқа тағы бір социалистік еңбек ері, ол Ленин ордені, 14 Еңбек Қызыл ту ордені, 10 Даңк белгісі, 6 еңбекке жетістігі, 1 октябрь революциясы медалімен  марапатталған совхоз еңбеккерлері.

    Қорыта келгенде «Ер есімі-ел есінде» деп халқымыз тегін айтпаған. Жоқтан бар жасап сол кездегі совхозды гүлдендіру, жаңарту, түрлі құрылыс кешендерін салу – В.И.Шубиннің маңдай терімен істелінген адал еңбегі деп айтар едім. Бүгінгі шәкірт оқып жатқан мектебім – В.И.Шубин атында. «Жақсының аты өлмейді» демекші сол елді мекенде өзіндік таңбасын қалдырған Шубиннің есімі ешқашан сөнбейді.

2014 жылы совхоз директоры, Социалистік еңбек ері В.И.Шубиннің 95 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

Оқушылар, әрқайсыңның бойыңда еліне, туған жеріне деген ыстық ықылас, жауапкершілік сезім осындай ұлы тұлғалардың еңбектерінен үлгі алып,  қалыптассын деп тәрбие сағатын аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 



 

Сырым аудандық білім беру бөлімі«В

Сырым аудандық білім беру бөлімі«В

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ер есімі –ел есінде»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ер есімі –ел есінде»

Мектепте өтіп жатырған Шубин атаға арналған апталық аясында оқушыларым, өздеріңе мәлімет жинауды тапсырған болатынмын жинақтаған мәліметтеріңмен бөлісуге тақтаға шақырамын

Мектепте өтіп жатырған Шубин атаға арналған апталық аясында оқушыларым, өздеріңе мәлімет жинауды тапсырған болатынмын жинақтаған мәліметтеріңмен бөлісуге тақтаға шақырамын

Совхоздың бас агрономы Третьяк

Совхоздың бас агрономы Третьяк

Елбасы Н.Назарбаев тыңның 50 жылдықтойында сөйлеген сөзінде аға ұрпаққа алғысын айта келе, «Қазақстанның астықты алқабы елді нанмен қамтамасыз етіп қана қойған жоқ сонымен бірге республиканы…

Елбасы Н.Назарбаев тыңның 50 жылдықтойында сөйлеген сөзінде аға ұрпаққа алғысын айта келе, «Қазақстанның астықты алқабы елді нанмен қамтамасыз етіп қана қойған жоқ сонымен бірге республиканы…

Тәрбие сағат "Ер есімі -ел есінде"

Тәрбие сағат "Ер есімі -ел есінде"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.03.2017