Тренинг "Баланын бас устазы - ата-ана"
Оценка 4.9

Тренинг "Баланын бас устазы - ата-ана"

Оценка 4.9
Семинары
docx
Междисциплинарный 3
Взрослым
24.03.2017
Тренинг "Баланын бас устазы - ата-ана"
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіріп ата-ана бойына өздерін тәрбиеші, мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Тренинг түрінде өтеді. Тренинг 5 бөлімнен тұрады.Microsoft Office Word
Баланың бас ұстазы.docx

«Баланың бас ұстазы – ата-ана» тренинг

Мақсаты: бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші, мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Қажетті құрал-жабдықтары: қобдиша, музыка үнтаспасы, екі ыдыс, жүрекшелер, бала тәрбиесіне арналған жадынама

Тренинг барысы:

-          Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар!

1.      «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы;

2.      «Өтінемін» ойыны;

3.      Ақпарат беру;

4.      «Музыкалық үзіліс» жаттығуы;

5.      «Жақсы қасиеттер» жаттығуы

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

(Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, көздерін жұмып отырады. Тапсырманы орындау үшін қобдиша керек. Оның ішінде домалақ айна болады).

Жүргізуші: - Мына қобдишаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіңдер. Қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз керек.

-          Жан-жақты және қайталанбайтын деген сөзді қалай түсінесіздер?

-          Жан-жақты және қайталанбайтын бейне кім болып шықты?

-          Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сіздерге қалай қарады?

-          Біз жан-жақты және қайталанбайтын бейнеге қандай көзқараспен қараймыз? (Қатысушылар ойын тыңдау). Қорытынды ой түйіндеу.

-          Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты және қайталанбайтын бейне екендігіне көз жеткіздік. Осы әрбір жан-жақты қайталанбайтын бейнелер «Өмір» атты үлкен өзенде отбасы, жанұя болы тіршілік етіп жатыр. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оның үлкен маңызы бар екенін сеземіз.

«Өтінемін» ойыны.

– Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?

-          Рахмет ғафу етіңіз, өтінемін.

Мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер егер мен «Өтінемн» деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет. Егер мен «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.

(Секіріңіздер; өтінемін, қол шапалақтаңыздар; оң аяқтарыңызды көтеріңіздер; өтінемін, Оң жақтағы көршіңізге  қараңыз; құлақтарыңызды ұстаңыздар; өтінемін, бір-бірлеріңізбен қолмен сәлемдесіңіздер; қолдарыңызды алға созыңыздар; өтінемін, бір-бірлеріңізге күлімдеп, құшақ ашып амандасыңыздар; өтінемін, бір-біріңізбен қоштасыңыздар)

-          Рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.

Ақпарат беру.

Әрбір ата-ана өз баласының жеке қасиеттері, ерекшеліктерін ескере отырып, баласымен қарым-қатынас орнатқаны және оны тәрбиелегені дұрыс. Бұл үшін өз баласының қай темперамент типіне тән екендігін білу және соған сай тәрбиелеужолдарын таңдау қажет. Сондықтан темперамент типтеріне қысқаша тоқталып өтсек.

«Музыкалық үзіліс» жаттығуы.

Қатысушылар ортаға  шақырылады. Көңілді музыкаға ата-аналардың жұмыс қабілеттіліктерін арттыру үшін дене терапиясы жаттығуын пайдалана отырып, дене шынықтыру минуты өткізіледі.

-          қазіргі орындалатын музыка барлығымыз дене жаттығуларының бір элементін кезекпе-кезек көрсетуіміз және көрсетілген әрекеттерді орындауымыз керек.

-          Ойынды бастауға дайынбыз ба? Бір, екі, үш бастадық.

«Жақсы қасиеттер» жаттығуы

-          Құрметті ата-аналар! Сіздер балаларыңыздың ең жақсы қасиеттерін алдарыңызда тұрған мына жүрекшелерге жазып, оны ыдысқа жапсырайық.

-          Қараңыздаршы, Қандай әдемі. баланың мөлдір, тап-таза жүрегіне, көңіліне ұқсаған осы ыдысымыз ешқашан сынбасын, құламасын, төгілмесін. Ол енді сіз бен бізге, яғни үлкендерге байланысты.

Тренинг соңында бала тәрбиесі туралы ата-аналарға пайдалы кеңестер айтылады.

 

 

 


 

Баланың бас ұстазы – ата-ана» тренинг

Баланың бас ұстазы – ата-ана» тренинг

Рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады

Рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.03.2017