Тренинг "Отбасы" представляет с собой взаимодействие родителей и детей. На данном тренинге могут участвовать как дети так и родители. Тренинг дает возможность детям побывать в роли родителей (т.е. взрослых), а родителям поближе узнать интересы и увлечения своих детей. Данный тренинг сближает родителей и детей.
тренинг.docx
Тақырыбы: Отбасы
Мақсаты: ата – анамен баланың дұрыс қарым – қатынас орнатуы.
Материалдар: карточка, магнитофон,ақ қағаз А4, қалам, түрлі журналдар,
желім, қайшы, плакат.
1 «Менің есімімді ата» жаттығуы.
Мақсаты: топты таныстыру, бір – бірімен жақындастыру.
Уақыты: 10 минут.
Нұсқау: Қазір мына көңілді доп сендердің қолдарыңа тиеді. Бұл доп келген
адам өз есімдерін айтуы тиіс. Доп барлығына тиген соң, доп бір қайта
айналады. Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатылатын есімін айтуы
тиіс.
Жаттығуды талдауы:
Бұл жаттығу қандай сезімдерді тудырды?
Қалай ойлайсыздар, біз не үшін бұл жаттығуды бірінші жүргіздік?
Сіздер тренингке қандай тілектер айтар едіңдер?
2 «Мен болашақ әкемін» жаттығуы.
Мақсаты: баланың ата –ана рольін сезініп, болашаққа көз жүгіртіп, ой салуы.
Нұсқау: «Жанұя неге керек?», «Перзент неге керек?» , «Баланы жазалау
қажет пе?», «Егер баланың сабағы нашар, тәртібі қиын болса, балаңды қалай
тәрбиелер едің?» деген сұрақтар қойылады, соған жауап берулерің қажет.
Ортақ шеңберлерде пікір алысу.
Өздеріңді жаңа рольде қалай сезіндіңдер?
Қай сұраққа оңай жауап таптыңдар?
Кімге қиын болды?
3. Рольдер ойыны – «Қатынастар».
Қатынас орната білу нәтижелі сұхбат үшін қажет. Адам бұндай қасиетпен
бірге жаралмайды, бұл қасиетті дайындық арқылы қалыптастыру қажет.
Қазіргі жаттығу соған арналады.
Тапсырма: Жұбыңмен тез қарым – қатынас орнату үшін оның әңгімесін
қолдау керек. Бәрі дұрыс шеңбер құрап отырады. Ортаға екі адам
шақырылады. Олар бір – біріне қарап тұрады.
1 Сіздің алдыңызда бұрын көрмеген адам тұр. Бірақ ол сізге ұнап қалды,
әрі сіз онымен танысқыңыз келеді. Аз уақыт ойланып сөз бастайсыз. 2 Анаңызбен келіспей қалдыңыз, сізге нан сатып алып кел – деді, ал сіз
теледидарда қызықты фильм көріп жатырсыз, сіздің іс әрекетіңіз?
3 Сізге біраз ақша керек (екі видеокассета сатып алмақшысыз» Ата –
анаңызбен сөйлесуіңіз қажет.
4. «Бақытты отбасы » коллаж.
Нұсқау: Түрлі журналдармен, түрлі –түсті суреттерді алып, 3 топқа
бөлініп, суреттермен плакатқа өз көзқарастарың бойынша «бақытты
отбасын» бейнелеу қажет.
Талдау :
Қай топтың отбасы бейнесі жақсы шықты?
Бейнелеу уақытында қандай көңіл – күйде болдыңдар?
Қай топтың бейнеленген отбасы ұнады?
4 «Қос шеңбер» жаттығуы.
Тапсырма: өзіңізді бағалай білу сезімін нығайту, қандай
да
болсын жағдайда бөгде адамның жүзіне бірқалыпты
қарау.
Жұп – жұпқа бөлініңіздер. Ара қашықтық жарым метр.
Қазір
3 минут бойында бір - біріңе бір қалыпты қарап
тұрасыздар. Қарсыңыздағы адамды
зерттеуге тырысу керек.
Ол қандай? Өзіңнің көңіл-күйіңе, сезіміңе көңіл аудар.
Жұп ауыстыру (3-4 рет).
Рахмет. Жұптарыңа ризашылық білдіріңдер.
Кімге бұл жаттығуды орындау қиын соқты?
Кімге оңай болды?
5. Күн қорытындысы жаттығуы.
Мақсаты: өткен тренинг туралы топ қатысушыларынан қайтымды
байланысты алу.
Уақыты: 10 минут.
Нұсқау : Жайлы отырыңдар, қазір біз бір бірімізге жұмсақ ойыншық
беріп, бүгінгі сабақ туралы әсерлеріңізбен бөлісеміз. Кімде , кім сөйлегісі
келсе, өз ойын бөліскісі келсе, мүмкіндік беру қажет.
Талдау: Сіздерге алғашқы трениг күні не әкеледі?
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыздар?
Нені болашақта қолданар едіңіздер?
Тренинг "Отбасы"
Тренинг "Отбасы"
Тренинг "Отбасы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.