Эта статья показывает, что надо сделать, чтобы улучшить жизнь Казахстана. Реализация Государственной программы "Цифровой Казахстан" будет проводиться в четырех ключевых направлениях:
Реализация цифрового Шелкового пути. Это развитие надежной, доступной, высокоскоростной и защищенной цифровой инфраструктуры;
Развитие креативного общества. Это развитие компетенций и навыков для цифровой экономики, проведение работ по повышению цифровой грамотности населения, подготовка ИКТ специалистов для отраслей;
Цифровые преобразования в отраслях экономики. Это повсеместное внедрение цифровых технологий для повышения конкурентоспособности различных отраслей экономики;
Переход на проактивное государство. Это усовершенствование системы электронного и мобильного правительства, оптимизация сферы предоставления государственных услуг.
ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН статья.docx
ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢҒЫРУ
ДАҢҒЫЛЫ
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің
«Ақпараттық жүйелер және информатика»
ЦӘК оқытушысы Куралова Сәуле Сәрсенбекқызы.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында
«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын
жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды
кешенді міндет. Елде 3Dпринтинг, онлайнсауда,
мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді
денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және
басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл
индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп,
дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан»
жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Біздің заңнамамызды жаңа
жағдайға бейімдеу керек. Коммуникацияның дамуы мен оптикалықталшықты
инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны
дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту
мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды
шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады» деп атап
көрсеткені белгілі.
Біздің буын керемет уақытта дүниеге келіп, өмір сүріп жатыр деп санаймын. Себебі,
біз Тәуелсіз елде туып, еліміздің жыл санап
саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда
нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған
өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне ие болдық.
Жас буын өкілі ретінде, әсіресе, «Цифрлы
Қазақстан»
бағдарламасы үшін ерекше
қуаныштымын. Себебі, болашақ технологияға
байланысты, технологиялық тұрғыда дамуға
қол жеткізу басқа салаларға да серпін береді.
Бұл – маңызды кешенді міндет.
Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел
құрал.
атану жолындағы мақсат емес,
Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат. деді
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам
капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет
көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар.
Бірінші – ауылаймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік
мүмкіндіктерін арттыру.
Екінші бағыт– экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім
беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу.
Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртінші – IT мамандарды даярлау. Құжаттарды есепке алу, сақтау және медико
психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы сөз алып, Жолдау біздің еліміздің ширек
ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, экономикамыздың әлемдік өсімінің
лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу
басымдығына көшуімізді айқындап берді.
Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір
сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру
шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру,
тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық
сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде»
Бізге тенхнологияларды тек импорттап қана қоймай, оларды барынша дамыта түсу
қажет. Бір орында тұралап қалуға болмайды. Бізге бірлесе әрекет ету керек. Цифрландыру
барысында біздің университеттер мен зерттеу шаралары байланысты болғаны жөн.
Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалану арқылы біз бәсекелестікті
арттыра аламыз. Ол экономикаға да тиімді, азаматтарымызға да ыңғайлы.
Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын
қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе
алмасу ісін бастау керек.
«Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық
аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады» деді Президент.
ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢҒЫРУ ДАҢҒЫЛЫ
ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢҒЫРУ ДАҢҒЫЛЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.