Тәуелсіздік мерекесіне арналған сценарий Балалар жалаушалармен залға кіреді. Жүргізуші: Армысың дар ма құрметті қонақтар мен балалар !Сіздерді Қазақстан еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз! Мықты болсын еліміздің керегесі ! Жүректе намыс оты лапылдаған Күш –жігері жастардың сарқылмасын!
Жүргізуші: Әнұраным-жанұраным, Айтар әнім-сөйлер сөзім, Тұған жерім сағынарым, Мәңгі –бақи шырқалады Республикам Әнұраны! (Жалаулар жиналын алады) Қазақстан Республиканың Ән ұраны орындалсын! Ән ұран орындалады. (Балалар екіге бөлініп отырады) Монтаж: Айару, Нұрислам Тамирлан. Жүргізуші: Балалар мен сендерге бір жұмбақты айтамын ,оның шешімін тауып беріңдерші. Отанымның төрінде Сары арқаның өрінде Ту ұстаған Астанам Әсем қалам - бас қалам! (Нұрсултан) Ән « Қазақстанда тұрамыз ,ән шырқайық бәріміз» Жүргізуші : Мен сендерге бір ертегі айтып бергім келіп тұр. Мына Бәйтерек монументі туралы. «Ертеде Бәйтерек ағашы үлкен болып өсіпті. Жыл сайын Бәйтеректің басына – қасиетті Самұрық құс күн секілді жарқырап алтын жұмыртқа салатын болыпты. Бірақ та жұмыртқаны күн сайын айдаһар ұшып келіп жеп қояды екен. Осылай күннен – күнге жалғаса береді. Елші кіреді : Мен енді не істеймін ? Қайғы төнді!Күшті қайдан аламын? Айдаһарды қалай жеңемін? (басын ұстап отырады)
Жүргізуші : Құрметті елші сізге не болды ? Неге сіз соншама ренжулі сіз?Мүмкін біз балалармен сізге көмектесеміз ? Елші: Мен сендерден көмек сұрап келдім , бірақ өзіме емес, қасиетті Самұрық құсына көмек сұраймын. Самұрық құсы қасиетті Б»йтерек өмір ағашының басындағы өзінің алтын жұмыртқасын – күнді - ұясына салды. Бірақ та зұлым Айдаһар жұмыртқаны жеп қойғысы келеді!Ешкім әлі зұлым айдаһарды жеңе алмады. Жүргізуші : Балалар !!! Егер алтын жұмыртқа - күн болмаса , онда тәуелсіздік белгісі Бәйтерек мәңгілікке жоғалып кетеді ғой . Елші : Дұрыс айтасыңдар, зұлым Айдаһардың аузына алтын күніміз жоғалып кетеді. Самұрық кұс ұшып келеді. Жүргізуші : Сәлеметсіз бе Самұрық құс Самұрық : Мен сендердің мерекелеріңе үлкен үмітпен ұшып келдім .Айдаһарды жеңуге ешкім болыспаса, тәуелсіздік белгісі Бәйтеректі бір жоғалтып аламыз. Жүргізуші : Самұрық құс алаңдама !Біздің балалар мықты ,алғыр олар өз Отанын өте жақсы көреді және саған көмектеседі ! Дұрыс ғой балалар! Сиқырлы сұсын береміз, Айдаһардың күшін аламыз! (Тостағанды көрсетеді)
Айдаһар кіреді : Сәлеметсіңдер ме балалар ! Мен ең күшті ,ең зұлым Айдаһармын! Самұрық құс жұмыртқанды бер! Мен күні - түні ағаштың қасында боламын, сен ұядан ұшып шыққанда ,алтын жұмыртқаңды жеп қоямын!
|
Елші : Балалар менде бір ой бар (балаларға сыбырлап) Айдаһарды алдайықшы!Тостақандағы судың дәмін татсын (тостағанды жүргізушіден алып ,Айдаһарға ішкізеді) Елші : Айдаһар ашуланба ! Бүгін балаларда мереке .Отыр ,қонақ бол .Ал балалар саған арнап би билеп береді. Би: « Достық полькасы» Айдаһар: Менің күшім жоғалып барады, бүкіл денемді мейірімділік сезімі жаулап барады... Жүргізуші : Ал біз мерекені жалғастырып ,бәріміз бір керемет оркестр тыңдайық. Біздің балалардың орындауында «Көңілді аспапшылар жыры» Оркестр : Айдаһар: Ей ,самұрық сен осындай сын ба ?Балалар жаңында өте жақсы екен! Самұрық: Сен жұмыртқаны алмашы,бізбен бірге ойнашы! Айдаһар: Ойын ойнауды білмеймін, не екенін түсінбеймін. Жүргізуші: Достарды ойынға үйретеміз, Ойын ойнап достасып кетеміз! Ойын «Бәйтерек» Айдаһар: Керемет біз ойнадық,мейірімдік болдым мен!Шынымды айтар болсам ,әлі де жұмыртқаны жегім келіп тұр! Елші :Не істеу керек,не істейміз?Айдаһарды қалай алдаймыз? Жүргізуші : Біздің балалар ағылшын тілінде тақпақ айтып берсін Монтаж: Тамирлан, Нұрислам. Самұрық : Бірде сиқыршы айтқан : «Айдаһар домбырадан қорқады» - деп, ондай жауынгерлер қайдан табылады ?Кім Айдаһардан қорықпайды ? Жүргізуші : Самұрық құс біз білеміз қалай көмектесуді ,балалар ортаға шығайық! Ойын «Көңілді домбыра»
Айдаһар: Домбыраның даусынан қорқамын , үйіме қайтайын! Қош сау болыңдар! (Айдаһар кетеді) Самұрық : Балалар ,сендер мені құтқардыңдар «Бәйтеректі Айдаһардан сақтадыңдар! Елші : Енді менің жаным жайланды, рахмет сендерге менің достарым! Жүргізуші : Балалар сіздерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтайды, тақпақтарды тыңдап тамашалайық! Монтаж : Інжу. Дильназ! Елші : Балалар ,сендерге көп рахмет, өте жақсы ,қызықты мереке болды ,бірақ біздің қоштасатын сәтіміз келді. Самұрық . Балалар ,барлықтарына көп рахмет .Осы мерекеге орай біз өзіміздің сыйлығымызды тарту етеміз. (тәтті тосын сыйлықты ұядан алып, шеңбер бойымен көрсетіп тарту етеді) Елші мен Самұрық кетеді. Ән « Отан» Жүргізуші : Осымен біздің ертеңгілігім өз мәресіне жетті ! Көркейіп ,гүлдене бер Қазақстан елім! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
Әрқашанда
тыныш болсын түніміз,
|
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.