Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!
Оценка 4.8

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
классное руководство
3 кл
09.01.2019
Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!
Мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Көрнекілігі: слайд, шарлар, суреттер, буклет, нақыл сөз, рухани жаңғыру , Елбасының портреті Барысы:
Тәуелсиздик қмж т.с.docx
Күні:30.11.2018ж. Мектеп:№17 орта мектеп Сынып:3 «Г» Мұғалімнің аты­жөні: Кулбаева А Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы Тәуелсіздік тұғырың биік болсын! Мақсаты Құндылықтарға баулу Жоспарлан­ ған уақыт Сабақтың басы (минимум 3, максимум 7­8 минут беріледі) Ортасы (мин 20­макс 30  минут) Мақсаты:  1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың өмір жолы, туып­өскен, қызмет еткен жерлері  туралы мағлұмат беру;  2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын  сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге  тәрбиелеу;  3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,  құрметтеу.  Көрнекілігі: слайд, шарлар, суреттер, буклет, нақыл сөз, рухани  жаңғыру , Елбасының портреті  Барысы: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы –«Тарихтың, мәдениет пен  тілдің бір тұтастығы» тұғыры. Оқушыларды құрмет көрсете  білуге, ынтымақтастыққа, ашықтыққа, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу. Жоспар Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар ҚР әнұраны орындалады. Мұғалім: Ауыр күнді артымызға тастауы –  Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.  Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,  Елбасымыз Нұрағаңның бастауы  Туды ұстап тура жолға түсіріп,  интерактивті тақта,   нақыл сөздер жазылған плакаттар Мақал- мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар. Жас Отанның өмірін де түсініп,  «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,  Бір керемет жасады­ау кісілік!  Елбасымыз саған мәңгі разымыз,  Үлкен­кіші, ағайындар – бәріміз.  «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,  Сіз біздердің піріміз де, әніміз.  Оқушылар тақтадағы сөзжұмбақты шешу арқылы тәрбие  сағатымыздың тақырыбын білейік. Сөзжұмбақ Сұрақтары: 1) Елбасымыз қашан дүниеге келді? 2) Еліміз тәуелсіздігін қашан алды? 3) 2017 ж 12 сәуірде Елбасының қандай мақаласы жарық көрді? 4) ҚР­ның ұлттық валютасы қашан айналымға енді? 5) ҚР мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? 6) Мемлекеттік Ата заңымыз қашан қабылданды? Жарайсыңдар балалар!Сонымен қызыл текшенің ішінде қандай сөз  шықты? ­Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп  елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік  деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан  Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне  арнағалы отырмыз!  1 желтоқсан – Президент күніне арналған «Елімнің тұңғыш  президенті» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!  Жүргізуші:  Слайд ­Кімнің суреті бейнеленген?  Оқушы: Отан деген ­ әр адамның жүрегі, Оған ел де, жер де, су да кіреді. Отанымды бар әлемге паш еткен, Президентім ­ мақтанышым, тірегім. Кең байтақ қой Қазақстан, Астана мен картасы, айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Бұның бәрі Елбасының арқасы. Бірде шырқап, бірде төмен құлаған, Өмір жолы болған қиын бұралаң. Қазағымды жарқын жолға бастады, Елбасы боп сайланды да Нұр ағам. 1 желтоқсан ­ Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1  желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің  тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы  басталды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан  Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа  мемлекеттік мереке ­ Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күнін белгілеу көзделген болатын. Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер­ саясатшы, Қазақстан  Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 26 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі  мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта  көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.  Лауазымдық мәртебесі (слайд) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ­ Елбасы (Ұлт  көшбасшысы) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы «Нұр Отан» халықтық­демократиялық партиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвестор  Суретпен жұмыс (слайд) Елбасымыз қай ғимаратта жұмыс істейді?  Тақтамен жұмыс  Топтастыру білімді әлемге танымал жан­жақты дамыған тұлға Елбасы бас қолбасшы қадірлі өнерлі саясаткер Жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туралы не білесіздер? Елбасымыз қайда дүниеге келді? Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,  Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз­ Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына  шолу жасайық.  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6­шілде 1940 жылы Алматы облысы  Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.  Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы  аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ  қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып  металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек  инженер дәрежесіне көтерілді.  Слайд Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды  металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап,  домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969­1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы  партия­комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973­1977жж – Қарметкомбинатының партком хатшысы. 1977­1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2­ші  хатшысы. 1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық  Комитетінің хатшысы. 1984­1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989­1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық  Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылы ақпан­сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 1991 ж. желтоқсанныі 1 де тұңғыш рет Қазақстан республикасы  Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске  жетті. 1999 ж. қаңтардың 10 да өткен жалпыхалықтық сайлаудың  нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан  Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 2005 жылы Желтоқсанның 4 ­ інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын  алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының  еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының қайта  қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15  маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді. 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы  Президентінің кезектен тыс сайлауында Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55 пайыз дауысын жинап,  жеңіске жетті. Жүргізуші: Слайд 1993 жылы 15­қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық  ақшасы –Теңге айналымға енді. Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп. Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет. Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт­береке болшы бір елге келген. Өз туы, елтаңба, әнұраны бар Қазақстан мәңгілік елім менің! Соңы (минимум 5, максимум 8минут) (соңғы   түйінді   анықтайтын   тапсырма   беріліп,   сабақ қорытындыланады. Кері байланыс жасалады.) Оқушыларға еркін тақырыпта шығармашылық тапсырма  беріледі. Әдептілік туралы сурет салу немесе шағын эссе  жазу. интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.01.2019