Турмаганбет Изтилеуов «Адамдык ис», «Арканнын ауруы не козбайтугын» олендер
Оценка 4.6

Турмаганбет Изтилеуов «Адамдык ис», «Арканнын ауруы не козбайтугын» олендер

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
русская литература
8 кл
22.01.2018
Турмаганбет Изтилеуов «Адамдык ис», «Арканнын ауруы не козбайтугын» олендер
Ақын өмірі,шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып,өлеңдеріне талдау жасату.Өз ойын айту арқылы баяндау тілін жетілдіру.Тақырыпты түсініп оқу арқылы есте сақтау қабілетін дамыту,бар зейінін сабаққа шоғырландыру Барлығы: Ақын өмірі,шығармашылығы туралы мәлімет алады ,өлеңдеріне талдау жасайды,.өз ойын айту арқылы баяндау тілін жетілдіреді,тақырыпты түсініп оқу арқылы есте сақтау қабілетін дамиды,бар зейінін шоғырланады.Мәтінді оқып,негізгі ақпаратты анықтайды, өлеңге талдау жасайды, мағынасын біледі
8 А ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ Тутубаева Г.С..docx

Мектеп

Күні: 14.12.2017 жыл

Мектеп:  Алтынбике Бертаева  атындағы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні

 Тутубаева Гульзира Сұлтановна

 

 Сабақтың тақырыбы:

Тұрмағанбет Ізтілеуұлы «Адамдық іс», «Арқаңның ауруы не қозбайтұғын» өлеңдері

Ұстанымы «Атаның баласы болма,адамның баласы бол!»

Сынып:  8 «А»

 

Қатысқандар саны:20

 

 

қатыспағандар саны:жоқ

Сабаққа  негізделген оқу мақсаты

Ақын өмірі,шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып,өлеңдеріне талдау жасату.Өз ойын айту арқылы баяндау  тілін жетілдіру.Тақырыпты түсініп оқу арқылы есте сақтау қабілетін дамыту,бар зейінін  сабаққа шоғырландыру

Оқу нәтижелері

Барлығы: Ақын өмірі,шығармашылығы туралы мәлімет алады ,өлеңдеріне талдау жасайды,.өз ойын айту арқылы баяндау  тілін жетілдіреді,тақырыпты түсініп оқу арқылы есте сақтау қабілетін дамиды,бар зейінін шоғырланады.Мәтінді   оқып,негізгі ақпаратты анықтайды, өлеңге талдау жасайды,

 мағынасын біледі

Көбі: Мәтін   бойынша өз пікірлерін дәлелді жеткізеді.

Кейбірі:Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу,тану,қолдану,бағалау,зерттеу,іздену,талдау

Бағалау критерийі                                     (нақты сабақ мақсатына қарай )

1.Мәтінді оқиды,түсінгенін айтады.

2.Ақын идеясын талдай отырып   түсінеді

3.Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды

Пәнаралық байланыс

Тарих ,қазақ тілі

Тілдік мақсат

Тілі жетіледі,шешен сөйлеуге жаттығады,ойлап тауып айтады

Алдыңғы оқу

Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдері

                                           Жоспар

Сабақ кезеңдері , уақыт

Жоспарланған  іс әрекеттер

Дескриптор

Ресурстар

Сабақтың басы  (2-3) мин

 

Бағалау парақшасымен таныстыру

Психологиялық даярлық

Топтарға бөлу.

 

Бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлап,тілектерін айтады

Оқулық

 

 

Сабақтың ортасы

(6-40) мин

 

 

 

 

 

Айтылым

 

 

Оқылым

 

 

 

 

 

Жазылым

 

 

 

 

 

 «Миға шабуыл»

1Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы не білгендерін сұрап,пысықтату,өлеңдерін жатқа оқыту

 

2.«Атаның баласы болма,адамның баласы бол !» деген ғибратты сөзді қалай түсінесіңдер?

 

 

1.Жеке дара жұмыс . Тұрмағанбет Ізтілеуұлының өмірі туралы слайд көрсету, не түсінгенін сұрау

 

2. Жұппен жұмыс. Ақын өмірін оқи отырып,жұппен сұрақ даярлау

 

3. Ақынның өлеңдерінің мазмұнын идеясын ашу,өлең өлшеміне т.б. талдау жасау. Постер арқылы

І топ .«Адамдық іс » өлеңін оқып,мазмұнын өз сөздерімен айтып,салыстыру,қорғау

ІІ топ« Арқаңның ауруы не қозбайтұғын» өлеңін  оқып,мазмұнын өз сөздерімен айтып,салыстыру,қорғау

ІІІ топ «Өнер –аққан бұлақ, ғылым –жанған шырақ»нақыл сөзін суретпен бейнелеп көрсетіп,қорғау

ІҮ топ. Өлең өлшеміне ,көркемдегіш сөздерін тауып ,түріне ажырату                                     

ІІІ. Кім көп біледі ? Тірек сөздерді үш тілде орысша,ағылшынша  айту.  Ақыл,білім,ғылым,өнер,адамдық іс                              

.ІҮ. Авторлық орындық . Өлеңдегі –тұғын  нұсқасының қолдану ерекшелігі туралы айту.                                               

Тұрмағамбет Ізтілеуұлының «Арқаның ауруы не қозбайтұғын» өлеңінде ақын –тұғын ,-тын қосымшасын қолдануы туралы мен мынандай қорытынды жасадым.

     Негізгі және туынды етістіктердің түбірі ,көсемшенің –а,е,й, жұрнағы,содан кейін –тын,тін жұрнағы жалғанып, ауыспалы осы шақты есімше жасалады.Бұл жұрнақтың арғы төркіні -тұрған сөзі,ықшамдалып  -тұғын болған. Оған дәлел қиссаларда, діни сарындағы қиссаларда бұл форма жиі кездеседі. Мысалы «Зарқұм», «Бозжігіт» т.б. Айтатұғұн шаһзаданың дәл өзімін .

   1890 жылы №33 «Дала уәләяты» газетінде -тұғын формасы 8 рет кездескен.

 Рәбиға Сыздықованың айтуына қарағанда, «Бір тұлғаның екі вариантын (-тұғын , -тын) пайдалану қазақ поэзиясының тілінде Абайға дейін-ақ қалыптасқан тәсіл екенін дәлелдеген.Бірақ Орхан – Енисей жазбаларында, шағатай әдебиетінде есімшенің бұл формасы жоқ. Татар тілінде тұрған сөзі көсемшеден кейін келіп, есімшенің аналитикалық  түрі ретінде қолданылған, бұл форма өзбек, ұйғыр тілдерінде -диған аффиксіне айналса, алтай тілінде  -тан формасында, қарақалпақ тілінде ғана -тұғын формасында қалыптасқан.

      Мен сөзімді қорытындылай келе ,қазақ тіліне  -тұғын татар тілінен ауысқан деген болжау бар. Тұрған варианты қазақтың көне жазба әдеби тіліне тән форма болса,тұғын (тұғұн) жазба әдеби тілдік норма болған сияқты. Ал -тын, -тін ауызекі сөйлеу тілінде  қолданылған да, жазба әдеби тілдің қалыптасу кезеңінде жазба тілге ене бастаған деген пікірге келдім.

.

Өлеңді жатқа оқиды

 

 

 

Өз пікірін айтып,дәлелдейді

 

 

 

Слайд көріп,ақын өміріне қатысты бейнекөріністі көріп, тыңдайды

 

4-топқа  фигуралар арқылы топтасады

 

 

 

Постер қорғайды

 

 

 

 

Үш тілге сөздерді аударады

  

 

 

 

слайд

 

                                                                        

 

 

слайд

 

 

 

 

фигуралар

 

 

 

 

қажетті заттары

 

 

 

слайд

 

Аяқталуы

 

Ү. Сандар сөйлейді

1882

1896-1899

14

1896-1905

1905-1925

1939

18

40 000

ҮІ. Рольге кіріп сөйлеу

1.Мен -ақылмын

2.Мен-адамдық іспін т.б.

 

Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған                        2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

 

 

 

Сандарды сөйлетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өз ойларын айтады

 

слайд

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз

 

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы  ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1: 

2: 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1:

2:


Тексерілді-------------------- ДОТІЖО Г.Смагулова

 

 


 

Мектеп Күні: 14.12.2017 жылМектеп:

Мектеп Күні: 14.12.2017 жылМектеп:

Айтылым Оқылым

Айтылым Оқылым

Аяқталуы Ү. Сандар сөйлейді 1882 1896-1899 14 1896-1905 1905-1925 1939 18 40 000 ҮІ

Аяқталуы Ү. Сандар сөйлейді 1882 1896-1899 14 1896-1905 1905-1925 1939 18 40 000 ҮІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2018