ТжКБ ұйымдарында модульдік білім беру бағдарламаларын құрастыру мәселелерінің маңызы
Оценка 5
Лекции
doc
обществознание +1
Взрослым
20.11.2018
Модульдік оқытудың әдіснамалық негізі ретінде модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу принциптері, әдістемесі және тәртібі саналады. Оқыту нәтижелерінің тиімділігіне кешенді тәсілдерді сақтау арқылы қол жеткізуге болады. Модульдік принцип бойынша білім беру бағдарламалары да, оқу жоспарлары мен оқу пәндері де құрастырылады. Ал негізгі модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар: 1)білім беру бағдарламаларын, нақты пәндерді құрастырудың және олардың мазмұнын анықтаудың жүйелі тәсілдері; 2)білімді жеке элементтерге бөлшектеу және білім берушілер мен білім алушылар ынтымақтастығының нақты көрінуі; 3)әр модуль ішінде және олардың арасында оқу сабақтары түрлерінің әдістемелік тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету; 4)модульдік курс пен білім беру бағдарламалары құрылымының икемділігі; 5)білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау іс-шараларының семестр барысында дұрыс бөлінуі; 6)білім алушылардың шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта оқытудың әдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады.
Салман Айзат.doc
Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі
Өндірістік оқыту шебері: Салман Айзат Үсенқызы
ТжКБ ұйымдарында модульдік білім беру бағдарламаларын
құрастыру мәселелерінің маңызы
Модульдік оқытудың әдіснамалық негізі ретінде модульдік білім беру
бағдарламаларын әзірлеу принциптері, әдістемесі және тәртібі саналады.
Оқыту нәтижелерінің тиімділігіне кешенді тәсілдерді сақтау арқылы қол
жеткізуге болады. Модульдік принцип бойынша білім беру бағдарламалары
да, оқу жоспарлары мен оқу пәндері де құрастырылады. Ал негізгі модульдік
оқытудың негізгі принциптері мыналар: 1)білім беру бағдарламаларын, нақты
пәндерді құрастырудың және олардың мазмұнын анықтаудың жүйелі
тәсілдері; 2)білімді жеке элементтерге бөлшектеу және білім берушілер мен
білім алушылар ынтымақтастығының нақты көрінуі; 3)әр модуль ішінде және
олардың арасында оқу сабақтары түрлерінің әдістемелік тұрғыдан дұрыс
үйлесуін қамтамасыз ету; 4)модульдік курс пен білім беру бағдарламалары
құрылымының икемділігі; 5)білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі
мен бақылау ісшараларының семестр барысында дұрыс бөлінуі; 6)білім
алушылардың шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта
оқытудың әдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып
табылады.
Модульдік білім беру бағдарламалары мамандарды даярлаудың
құзыреттілік моделінің контексінде әзірленеді. Бұл жағдайда техникалық
және кәсіптік білім беру барысында қалыптастырылатын құзыреттіліктер пән
саласына қатысты және әмбебап(жалпы және пәннен тыс) құзыреттіліктерге
бөлінеді. Құзыреттіліктер білім мен түсінікті(теориялық білім, білу және
түсіну қабілеті), қалай әрекет етуді білуді(нақты жағдайларға білім мен дағдыларды практикалық және жедел қолдану) және қалай болатынын
білуді(әлеуметтік контексте өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі
бағалық аспект) қамтиды.
Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді:
1)оқу пәндерінен қайталау фрагменттерін алып тастау мақсатында
қолданыстағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең
пәнаралық тексеру; 2)МББ(модульдік білім беру) кіретін оқу модульдерінің
тізбесін анықтау; 3)бір МББ аясында ықтимал білім беру траекторияларын
элективті пәндер мен қосымша білім беру
белгілеу(бағыттарды,
бағдарламаларын есепке ала отырып); 4)профессорлықоқытушылық
құрамның еңбек шығынын және ТжКБның материалдықтехникалық,
ақпараттықкітапханалық және баспаполиграфиялық базасының сапалы
жаңартылуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін әзірлеу; 5)оқу
үдерісінің қазіргі заманға сай жаңаруына жауап беретін жаңа қағидаттарда
әкімшілікбасқару қызметін іске асыру.
Модульдік қағидаттарға сәйкес білім беру бағдарламасын және оқыту
пәндерін өзге нұсқалық бөліктерден(міндетті оқыту үшін модельдер) және
вариативті, яғни еңбек нарығының, жұмыс берушілердің және білім
алушылардың қажеттілігін есепке алатын ауыспалы модульдерден құрау
мақсатты болып табылады. Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу
пәндері үш топқа бөлінеді: 1)міндетті пәндер, олар қатаң берілген
бірізділікпен оқытылады; 2)міндетті пәндер, олар еркін бірізділікпен
оқытылады; 3)таңдау бойынша пәндер, кез келген академиялық мерзімде
оқытылады.
Модульді
білім беру бағдарламасының құрылымы мынадай
компоненттерді қамтиды: 1)білім беру бағдарламасының атауы; 2)білім беру
бағдарламасының деңгейі; 3) білім беру бағдарламасының паспорты, сондай
ақ, білім беру бағдарламасының бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер. Әрбір модуль бөлінісінде қалыптасатын құзыреттіліктерді, қазақстандық
кредиттердегі оның көлемін, оқыту кезеңін, модуль компоненттерін (құрамдас
модульдің (пәндер, практикалар және т.б.) коды және атауы), пәндер
топтамасын (ДБП, БП, ПП), міндетті компонентке немесе таңдау бойынша
компонентке тиістілігін, кредиттердің санын және әрбір құрамдас модульге
қатысты бақылау формасы) көрсете отырып, модуль түрлерінің шеңберінде
білім беру бағдарламасының мазмұнын құру да маңызды.
Оқу пәндерінің модульге құрылуы оның бағдарламасының өзі де бірнеше
модульдерден тұратындығын көрсетеді. Онда білім алушы мен оқытушы
қарымқатынасынан бастап, бағалануына дейінгі аралық қамтылады.
Сондықтан да білім алушы әділ бағалануға мүмкіндік алады. Сонысымен де
модульдіккредиттік жүйе тиімді. Бұл орайда ең бастысы, білімгердің оқуға
деген ынтасы, балл жинауға деген икемі, өзінің мамандығына деген
сүйіспеншілігі байқалады. Модульдік жүйеде білім алушының өзі атқаратын
жұмыстары көп болады да, бала өз бетімен әрекет жасауға ұмтылады. Содан
да барып оқытушының басқа да авторлық жұмыстарымен айналысуға уақыты
да, мүмкіндігі де мол болмақ. Есесіне, білім алушының ертеңгі күні өз бетінше
оқуға, ізденуге және бір нәрсені ойлап, жаңалық ашуға деген ұмтылысы
ұлғаймақ. Біздің пайымдауымызша, шетелдік оқу үрдісінің қашаннан
модульдік бағытқа ден қойғандығы осыдан болса керек.
Модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды: 1)оқу пәндерінің
мақсаты мен міндеттерінің тізбесі; 2)білім алушылардың «түсу алдындағы»
және пәндерді меңгергеннен кейінгі(пререквизиттер және постреквизиттер)
дағдыларына (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар; 3)пәндердің әрбір
модуліне сипаттама(модульдік бірліктер тізбесі, яғни олардың қысқаша
семинарлық және зертханалықпрактикалық сабақтардың
мазмұны,
жоспарлары, білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптары мен
сұрақтары, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен, тапсырманы орындау
және тапсыру кестесі); 4)қысқаша ұйымдастыруәдістемелік сипаттама (оқыту мен оқу жетістіктерін бақылаудың негізгі формалары мен әдістері,
оқытушының талаптары, курстың саясаты мен рәсімі); 5)білім алушылардың
оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау жүйесі.
ТжКБ ұйымдарында модульдік білім беру бағдарламаларын құрастыру –
күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Себебі, қазіргі даму технологиясы
жайбасарлық пен еріншектікті көтермейді. Оның үстіне, жастардың сапалы
біліммен сусындап, қоғамнан өз орнын тауып, тез арада жұмыспен қамтамасыз
етілуін үкімет ең алғашқы басымдықтардың қатарына қойып отыр. Сондықтан
да, жастар, олардың денсаулығы, қалаған мамандығын алып, кәсіп иеленуі де
мемлекеттің сындарлы саясатының бір бөлшегі болып қала бермек. Ал осы
орайда саналы тәрбие мен сапалы білімнің мәнмаңызының жоғарылығын
ескерсек, онда кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы оқыту
түрлерінің сан алуандығы әрі оның заманға сай болуы да – заңдылық. Ендеше,
модульдіккредиттік білім беру жүйесінің осы үдеден шығатындығына бек
сенгіміз келеді. Сонымен қатар, оның бағдарламаларының құрастыру
мәселелерін де бұдан әрі қарай да жандандырып, толықтыра түсуіміз қажет.
ТжКБ ұйымдарында модульдік білім беру бағдарламаларын құрастыру мәселелерінің маңызы
ТжКБ ұйымдарында модульдік білім беру бағдарламаларын құрастыру мәселелерінің маңызы
ТжКБ ұйымдарында модульдік білім беру бағдарламаларын құрастыру мәселелерінің маңызы
ТжКБ ұйымдарында модульдік білім беру бағдарламаларын құрастыру мәселелерінің маңызы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.