2017 жылғы қысқы Универсиада
www.almaty2017.com
БАС АҚПАРАТТАР:
· Алматыдағы 2017 жылғы қысқы Универсиадаға 55 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысады.
· Жарысты ұйымдастыруға 3 мың ерікті жұмылдырылады (шет ел мен Қазақстанның әр өңірлерінен).
· Жарыс уақытында 30 мыңға жуық шет елдік қонақ пен турист келеді деп күтілуде.
· Алматы – студенттер қаласы. Қазақстанның әрбір 4-ші студенті оңтүстік астанада білім алуда.
· Қысқы Универсиаданы 80 елден 1 млрд адам телеарналардан тамашалайды.
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАМА:
2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада болады. 2017 жылғы қысқы Универсиада 12 спорт түрінен өтеді:
· биатлон,
· шаңғы спорты,
· кёрлинг,
· коньки спорты,
· шаңғы қоссайысы,
· шаңғымен жарыс,
· шаңғымен тұғырдан секіру,
· сноуборд,
· мәнерлеп сырғанау,
· фристайл,
· шайбалы хоккей,
· шорт-трек.
Жарыс 8 спорт нысанында өтеді: «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы, «Медеу» спорт кешені, «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешені, Б.Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон кешені, Мұз сарайы, Мұз аренасы және Алматының орталығындағы уақытша спорт кешені. Универсиада тарихында бірінші рет спортшылар жарыс уақытында тұратын Атлеттер қалашығы болмақ.
СПОРТ НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ:
Универсиада нысандарының ашылуы – 12 мың орынды Мұз аренасы, 3 мың орынды Мұз сарайы және Атлеттер қалашығы – Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлауға арналған жылы, яғни 2016 жылдың тамыз айында өтеді. Әлемдегі экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, құрылыс жұмыстары дәл уақытында аяқталады.
Алматы қаласында болатын Универсиада – ең біріншіден, қаладағы бұқаралық спорттың дамуына жаңа күш беретін және қала тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ететін әлеуметтік жоба. Универсиаданың 3 спорт нысанын қазақстандық құрылыс компаниялары жүргізуде.
Универсиаданың жаңадан бой көтеріп жатқан спорт нысандары 2016 жылдың 30 тамызында өткізіледі. Биылғы жылдың 28-ші наурызында Медеу ауданындағы сырғанау алаңы өткізілді, ал шілденің 6-сында бас аренаның, әкімшілік ғимараттың құрылысы және аймақтың абаттандыру жұмыстары аяқталады. Одан бөлек, әкімшілік ғимараттың, бассейннің, 12 мың орынды Мұз аренасының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, ал негізгі блок 2016 жылдың мамырдың 9-ында тапсырылады. Атлеттер қалашығы алаңының абаттандыру жұмыстары тамыздың 1-інде аяқталады.
Жарыс алдында барлық спорт нысандары халықаралық дәрежедегі жарыстарды өткізе алатындығын растайтын халықаралық сертификациядан өтеді. Қазіргі уақытта Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешені сертификациядан өтті. Универсиада алдында спорт нысандарында 2016 жылдың күзінен бастап тестік жарыстар болады.
Қазіргі таңда 5000 адамға арналған, жарыс уақытында спортшылар тұратын Атлеттер қалашығының құрлыс жұмыстары жүргізілуде. Атлеттер қалашығында әлеуметтік инфрақұрылым (кафе, ресторандар, емханалар, банк бөлімшелері және т.б.) жақсы дамып, көлік торабы кеңейтіледі. Бұл Алматы қаласы Алатау ауданының дамуына қосымша мультипликатифті күш береді.
12 000 және 3 мың адамға арналған Мұз кешендері Универсиаданың ескерткіштері болып қалмақ. Болашақта жыл сайын 800 мың көрерменді қабылдай алатын Қазақстанның ірі спорт нысандарының бірі болады.
Мұз сарайы
Мұз сарайы ең бірінші рет өз жұмысын 2017 жылғы қысқы Универсиада кезінде бастайды. Ареналар, студенттік ойындар аяқталғаннан кейін де қолдануға болатындай мақсатпен арнайы жасалған. Универсиаданың ашылу және жабылу салатанаты, керлинг, мәнерлеп сырғанау жарыстары осында өтеді. Мұз сарайы кәсіпқой спортшылар дайындық жасауға келетін спорттық нысан болады. Аренаның мүмкіндіктерін кез-келген адам қолдана алады. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатымен бұл нысанда өнімді сақтау мен қызмет көрсету саласындағы қазқамту 50 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Базис» құрылыс компаниясы жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 1500 қазақстандық жұмылдырылған.
Мұз аренасы
2017 жылғы 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада уақытында Мұз аренасы ерлер арасында шайбалы хоккейден жарысты қабылдайды. Спорт кешені көп функциялы. Мұз аренасы 3000 көрермен сиятын трибунадан және 300 көрерменге арналған кіші аренадан тұрады. Бұл жер волейбол, баскетбол, шағын футбол және т.б. спорт түрлері алаңына трансформациялана алады. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатымен бұл нысанда өнімді сақтау мен қызмет көрсету саласындағы қазқамту үлесі 51 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарына «Азия Жаңа Арена» құрылыс компаниясы қатысуда. Құрылыс жұмыстарына 1200 қазақстандық және 80 отандық компания жұмылдырылған.
Атлеттер қалашығы
Қысқы Универсидалар тарихында бірінші рет Атлеттер қалашығы болмақ.
Атлеттер қалашығы 8-9 қабатты 8 ғимараттан және 14 қабатты 4 ғимараттан, орталық алаңнан, 800 орынды асханадан, бассейн, медициналық орталықтан, кинотеатр және тұрмыстық қызмет көрсететін бөлмеден, 2 қабатты, инфрақұрылысы дамыған, Универсиадаға қатысушыларға қызмет көрсететін платформадан тұрады. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатымен бұл нысанда өнімді сақтау мен қызмет көрсету салсындағы қазқамтудың үлесі 50 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарына «Элитстрой» құрылыс компаниясы қатысуда. Құрылыс жұмыстарына 2000 қазақстандық құрылысшы жұмылдырылған.
2017 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАНЫҢ БЮДЖЕТІ:
2015 жылдың күзінде Универсиаданың бюджеті 2 есеге қысқарды – 32-ден 17 млрд теңгеге дейін. Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттары, «Мәдени Универсиада» жобасы, халықаралық PR және маркетинг, көлік шығыны (жалға алудан бас тарту), эстафета алауы, тестік жарыстар шығыны қысқарды.
17 млрд теңгенің 50%-ын қазақстандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер құрайды.
Универсиада бюджетінің басты бөлігі – халықаралық телетрансляция шығыны, хронометраж бен нәтиже көрсету. Бұл қызметтерді FISU-дың талабы бойынша ірі шетелдік компаниялар көрсетеді.
2017 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАНЫҢ БЮДЖЕТІ:
2015 жылдың күзінде Универсиаданың бюджеті 2 есеге қысқарды – 32-ден 17 млрд теңгеге дейін. Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттары, «Мәдени Универсиада» жобасы, халықаралық PR және маркетинг, көлік шығыны (жалға алудан бас тарту), эстафета алауы, тестік жарыстар шығыны қысқарды.
17 млрд теңгенің 50%-ын қазақстандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер құрайды.
Универсиада бюджетінің басты бөлігі – халықаралық телетрансляция шығыны, хронометраж бен нәтиже көрсету. Бұл қызметтерді FISU-дың талабы бойынша ірі шетелдік компаниялар көрсетеді.
УНИВЕРСИАДА УАҚЫТЫНДА ТУРИСТЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР ТАБУ:
2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы шет елде таныту үшін бірнеше мерекелік шара өтеді.
ҚР елшілігімен тығыз қарым-қатынас орната отырып, 2017 жылғы қысқы Универсиаданы шет елдерге танытып, Алматы қаласын халықаралық қысқы туризмнің орталығы ретінде таныстыруда. Туризмді жоспарлау мен Алматы қаласы әкімдігінің бірігіп жұмыс жасауы нәтижесінде бір жылда Универсиаданың мүмкіндіктері шет елдің халықаралық ірі 30 көрмесінде айтылады.
Одан бөлек, шет елде Road Show ұйымдастыру көзделіп отыр. Мысалы, Үндістанның 8 қаласында (Дели, Мумбай, Хайдарабад, Ченнай, Бенгалуру, Пондичерри, Ахмадабад, Коччи) 2017 жылғы 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың туристік мүмкіндіктері таныстырылады.
2017 жылғы қысқы Универсиаданы өткізуге серіктерстер тарту мақсатында маркетингтік бағдарлама жүзеге асырылуда. Тұрақты демеушілерге «алтын», «күміс», «қола» жарнамалық пакеттері дайындалған.
УНИВЕРСИАДА СИМВОЛИКАСЫ:
2017 жылғы қысқы Универсиаданың ұраны – «Қанатыңды кең серпі!», жас спортшыларды спорттың биік шыңын бағындыр дегенді білдіреді.
Универсиаданың кез-келген логотипінде FISU эгидасы бойынша жүргізіліп жатқан, міндетті элемент латын U әрпі болуы шарт.
2017 жылғы қысқы Универсиада логотипі жайылып тұрған құс қанаты бейнесінде: солдан жоғары көтеріліп тұрғаны биіктікті және шыңды бағындыру деген мағынаны білдіреді.
2017 жылғы қысқы Универсиада талисманы Сұңқар құсы. Қазақ даласындағы мықты, еркіндік сүйгіш, жылдамдық пен ұшудың, жылдамдық пен энергияның және жеңіске жетудегі зор талаптың белгісі. Яғни, жас спортшылардың бойындағы қасиеттердің барлығы.
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ УНИВЕРСИАДАҒА ҚАТЫСУЫ:
Универсиада – Халықаралық студенттер спорты Федерациясының (FISU) қанаты астында өтетін, халықаралық студенттер арасындағы жарыс. Универсиада 50 жылдан бері әлемдік спорт аренасында маңыздылығы бойынша екінші орында. Жарысқа 17-ден 28 жас аралығында студент-спортшыларға қатысуға рұқсат етілген.
Қазақстан Универсиадаға 1993 жылдан бері қатысып келе жатыр. Осы жылдар ішінде 700 спортшы қатысып, 125 медаль иемденген.
Қазақстандық сопртшылар үшін 2015 жылғы қысқы Универсиада ең нәтижелі болды. Құрама бірінші рет жылпы есепте 3-ші орын алды (5 алтын, 6 күміс).
Жазғы Универсиадаға қатысқанда ең нәтижелі деп, 2007 жылғы Бангкоктағы Универсиаданы айта аламыз. Спортшыларымыз 14 медаль алды (11 орын).
2011 жылдың 29-шы қарашасында Халықаралық студенттер спорты 2017 жылы Алматы қаласын 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиаданы өткізетін қала деп таныды.
2017 жылдың 29-шы қаңтары мен ақпанның 8-і аралығында Алматы қаласында 28-інші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада өтеді. Қазақстанда спорттық шараларды өткізуде тәжірибе бар: 2011 жылы 7-ші Азия ойындары Алматы және Астана қалаларында өтті.
Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып Қысқы Универсиаданы өткізбек(2013 жылы жазғы Универсиада Қазан қаласында, 2019 жылы қысқы Универсиада Красноярск қаласында өтеді).
2015 жылдың желтоқсан айында Халықаралық студенттер спорты Федерациясының президенті Олег Матыцин бастаған делегация Алматының Универсиаданы өткізуге дайындығы жақсы деген баға берілген.
УНИВЕРСИДА ЕРІКТІЛЕРІ
Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға 3000 ерікті жұмылдырылады. Олардың 100-і халықаралық, тағы 100-і Қазақстанның әр аймақтарынан. Ерікті болғысы келетін әр азамат almaty2017.com ресми сайтында өтініш қалдыруына болады. Өтініштерді қабылдау 2016 жылдың желтоқсан айына дейін созылады.
2016 жылдың қазан айы мен 2017 жылдың қаңтар айларында таңдалған еріктілер тренингтен өтеді.
Одан бөлек, нысандарда да оқыту жұмыстары жүргізіледі:
экскурсия жүргізу;
нысанды танып-білу мақсатында квест ұйымдастыру;
нысандарда қауіпсіздік сақтау бойынша оқыту жұмыстары.
УНИВЕРСИАДАНЫҢ МҰРАСЫ:
Алматы қаласында Универсиаданы өткізіп болған соң, қысқы спорт түрлерінен халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға болатын дамыған спорттық инфрақұрылым қалады. Барлық спорт нысандары жарыс аяқталған соң Алматы қаласының тұрғындарына қолданысқа беріледі. Ол жерлерде қазақстандық және шетелдік спортшылар жаттығу, дайындық жұмыстарын жүргізе алады.
Атлетикалық қалашық, Алатау ауданы
Кешеннің жалпы ауданы – 153 916 ш.м, оның ішінде:
124 902 ш.м – студенттер жатақханасы және 10 000 адамға арналған эконом-класстағы баспана;
29 014 ш.м – комменциялық және әлуметтік-мәдени мәндегі бөлімше
Коммерциялық аймақ 2-3 қабатты блоктарға бөлініп, мынадай функциялар атқаруға қолданылады:
Олимпиадаға дайындық орталығы
Емхана
Фитнес-орталық
Банк бөлімдері, пошта бөлімдері, тұрмыс үйі
Сән салоны
Дүкен, кафе
Полиция бөлімшесі
ХҚКО
Салтанат сарайы бар ресторан
2. 12 000 адамға арналған Мұз сарайы, Алатау ауданы
Жалпы ауданы – 72 668 ш.м, оған:
12 000 көрерменге арналған көп функциялы арена (тек қысқы спорт түрлерінен жарыс өтіп қана қоймайды, сонымен қатар, жазғы спорт түрлерінен, концер, шоу өткізуге болады)
дайындық жасайтын сырғанау алаңы
дене шынықтыру кешені, 7 спорт залы, массаж жасау кабинеті мен саунасы бар
2 бассейні (ересектерге, балаларға) бар аква-центр
фудкорт
конференц-зал, спорттық ұйымдар мен клубтардың кеңселері
3. 3000 адамға арналған Мұз аренасы, Медеу ауданы
Жалпы ауданы - 59 085 кв.м, оған
3000 көрерменге арналған бас арена
дайындық жасайтын сырғанау алаңы
фудкорт
конференц-зал, спорттық ұйымдар мен клубтардың кеңселері
жер асты және жер үсті көлік тұрағы
УНИВЕРСИАДА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (наурыз 2016)
Брюссельде FISU-дың атқарушы комитеті жиналысы болды. Жиналыс уақытында Алматы қаласындағы 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекция директоры Әсет Абдуалиев спорт нысандарының құрылысы мен алдағы жарысқа дайындығы жайлы айтты.
http://almaty2017.com/ru/fisu-executive-committee-meeting/
2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясы Алматы қаласы тұрғындарына арнап бұқаралық спорт ұйымдастырды. Салауатты өмір салтын ұстану мақсатымен тауға жаяу көтерілу ұйымдастырылды. Наурыз бен сәуір айлары аралығында әрбір сенбіде Тұңғыш Президенті саябағында фитнес-тренер Бауыржан Кариповтың басшылығымен тегін спорт жаттығулары өтеді.
. http://almaty2017.com/ru/2017-zhylgy-kysky-universiadadirekciyasyn/
Үндістанның 8 қаласында (Дели, Мумбай, Хайдарабад, Ченнай, Бенгалуру, Пондичерри, Ахмадабад, Коччи) 2017 жылғы 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың туристік мүмкіндіктері таныстырылады. Үндістанның өкілдері Алматы қаласында болып, спорт нысандарымен танысты.
http://almaty2017.com/ru/%D2%AFndistannyn-8-kalasynda-universiadan/
Алматы қаласының әкімі қысқы Универсиаданың спорт нысандары құрылысымен танысты. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Мұз сарайы, Мұз аренасы, Атлеттер қалашығының құрылысмен танысты.
2017 жылғы қысқы Универсиада туы Аконкагуа шыңына тігілді. Атақты қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев пен велосипедпен әлемге саяхат жасайтын Мағжан Сағымбаев Оңтүстік Американың ең биік нүктесі – Аконгагуа шыңын бағындырды (теңіз деңгейінен 6962 м биіктікте).
http://almaty2017.com/ru/flag-zimney-universiady-2017-vodruzili-n/
Қазақстандық керлингшілер 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындық үстінде. Спортшылар Оңтүстік Кореяда дайындық жасауда. ҚР-ның керлингтен бас бапкері - Виктор Ким шетелдегі дайындықтары жайлы айтты.
http://almaty2017.com/ru/kazakhstanskie-kerlingisty-gotovyatsya/
Ерлер мен әйелдер арасында тұғырдан секіруден Алматы қаласында өткен Әлем Кубогі өз мәресіне жетті. Бұл Универсиада алдындағы тесттік мәнге ие жарыс болды. Ақпан айының 26-28 аралығында «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешенінде трамплиннен секіруден әлем кубогының қысқы кезеңі өтті.
http://almaty2017.com/ru/almatydagy-tugyrdan-shangymen-sekiru/
Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп
Қысқы Универсиада 2017 ж
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.