Урок казахского языка Одағай туралы түсінік.
Оценка 4.6

Урок казахского языка Одағай туралы түсінік.

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
6 кл
31.01.2017
Урок казахского языка Одағай  туралы түсінік.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 6 Сабақтың тақырыбы: Одағай туралы түсінік. Сабактың мақсаты: Оқушыларға одағай және оның түрлерімен таныстыру, алғаш мағлұмат беру. Міндеттері: Білімділік. Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат беріп, одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру, сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету. Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту. Тәрбиелілік. Оқушыларды ана тілін ардақтауға, халқымыздың салт-дәстүрін, ырым-жоралғыларын біле жүріп, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабактың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдісі: тест, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, төрт түлік суреттері, смайликтер. Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргсценарий урока казахского языка Одагай создер
одагай создер.docx
Күні:                                 Пәні: қазақ тілі                         Сыныбы:  6 Сабақтың тақырыбы: Одағай  туралы түсінік.  Сабактың мақсаты: Оқушыларға одағай және оның түрлерімен  таныстыру,  алғаш мағлұмат беру. Міндеттері: Білімділік. Оқушыларға жаңа сөз табы  одағай туралы мағлұмат беріп,  одағайдың  түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы  кеңірек  түсінік беру, сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету. Дамытушылық. Оқушылардың  есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын  арттыру, өз ойларын  жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту. Тәрбиелілік. Оқушыларды ана тілін ардақтауға,  халқымыздың салт­дәстүрін,  ырым­жоралғыларын біле жүріп, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабактың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдісі: тест, түсіндіру,  деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта, сұрақ­жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, төрт түлік суреттері, смайликтер.  Сабақтың формалары: жеке баламен,  сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.  Сабақтын барысы: а) Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Кезекші кім екенін анықтау. Бағалау парақшаларын таратып, шартын түсіндіру. ә) Үй тапсырмасын сұрау бөлімі. Өткенді қайталауға арналған тест  слайдпен көрсетіледі. Оқушылар орындап болған соң, жауаптары шығады.  Оқушылар бір­бірінің дәптерлерін алмастырып тексереді. Ұйымдастыру кезеңі. 1 Негізгі зат есімді табыңыз: А) кәсіпкер в) зейнет  с) зейнетақы 2 Сын есімнің мағыналық түрлері  нешеу? А)  екеу  в) үшеу   с) төртеу 3 Реттік сан есімді табыңыз: А)  екеу  в) үшеу   с) алтыншы 4 Берілген сөздердің қайсысы есімдік? А)  мынау  в) биік  с) тыңда 5 Болымсыз етістікті көрсет: 6 А)  жина  в) мақтанба  с) оқы ­дыр, ­дір, ­тыр, ­тір – қай етістің жұрнағы? А)  өздік  етіс    в) ортақ  етіс   с) өзгелік етіс 7 Есімше тұлғалы сөзді көрсет:  А) оқыған  в) барыпты  с) келеді 8 Бүгін, қазір, жаздыгүні деген сөздер үстеудің қай түрі? А)  мақсат  в) мезгіл  с) мекен 9 Бейнелеуіш сөзі бар тіркесті тап: А)  мырс­мырс күлді  в) гүрс ете құлады  с) жалт бұрылды 10 Шылаулардың түріне жататын сөзді тап: А) сабақты  в) септеулік  с) сапалық б) Жаңа сабақты түсіндіру. – Балалар, қазақ тілінде неше сөз табы бар?  Кәне, атап шығайықшы: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу,  еліктеу сөз, шылау, одағай. Біз өтпеген қай сөз табы қалып қойды?  Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Одағай туралы түсінік» деп аталады. Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға  бөлейікші! ­ О­да­ғай. Неше буын бар? ­ 3 буын бар. ­ Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде  қанша буын болса, сонша түрі   болады. Бірінші түрі, ол ­  Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны  білдіруі мүмкін? ­ Қуану, шаттану, таңдану, жылау,армандау, өкіну, ренжу, т.б. ­ Ал екінші түрі ­ Шақыру одағайлары  деп аталады. Шақыру одағайлары  нені білдіруі мүмкін? Кімнің қандай ойы бар? ­ Білімге шақыру, мектепке шақыру,  төлді шақыру. ­ Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары – ол ит, құс,  малды шақыру, мысалы: моһ­моһ, шөре­шөре, кә­кә, т.б. және оларды  қуумен байланысты: пырс, ара. ­ Үшінші түрі  ол – Жекіру одағайлары. Ол – тыйым салу мағынасын  білдіреді. Мысалы: тәйт, жә. Одағай                       Көңіл күй                        Шақыру                          Жекіру      ­ Ендеше, үш одағайдың  түрлеріне бір­бір одағай айтып, көркем етіп  жазалық. Бәрекелді, шөре ­ шөре,тәйт. Берілген сөздерді дәптерге жазып алу. Одағайдың ережесін жаздыртамын. Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты  білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе  жан­жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп  аталады. Жаттығу жұмысы. 375­жаттығу. Одағай сөздерді тауып, мағынасын  анықтаңдар. Олардың басқа сөз табынан айырмашылығын атаңдар. ­Ащы­ау тілің, пай­пай­пай! ­Жә, енді біз төсек жайлаймыз. –Уай, балам,  әкең осы Бетқұдықтың мән­жөнін ұғып, түбін тексерді ме екен? –Ой,  шіркін­ай, айыра алмаған шығарсың! –Апыр­ай, ата қонысым еді. Үш­төрт оқушыны тақтаға бір­бірлеп шығарып, орындатамын. Деңгейлік тапсырмалар. Оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес жасыл, көк, қызыл жетондар беріледі. Соған орай тапсырмалар орындалады. «Біліміңді байқап көр».  Слайдта смайликтер көрінеді. Әр смайликте әдебиет оқулығынан алынған  мысалдар жасырылған. Оқушылар берілген сөйлемнің ішінен одағайды  тауып, түрін ажырату керек және қай шығармадан алынғанын атау керек. 1 ­Ей, бейшара, көзіңді аш! Ұлыңның аты – Алпамыс, қызыңның аты – Қарлығаш. «Алпамыс батыр» жыры. Көңіл­күй одағайы. 2 ­Жә, жә, жануар. Жемді қайтып келген соң жейсің, әйтпесе  кешігеміз. «Қылау», Жекіру одағайы 3 ­Айт, жануар, шүу,­ деді, құбылып Бурыл гуледі. «Қобыланды батыр» жыры, Шақыру одағайы 4 Ай­ау, айт! Айт! Уида, күшігім, кә­кә! «Қылау», Шақыру одағайы 5 ­Оһ, сұмпайы Жантас. Сұмпайысын қарай гөр! «Менің атым Қожа» көңіл­күй одағайы 6 ­Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы,  Абай! – деді Біржан. «Біржан сал Абай аулында», Көңіл­күй  одағайы Көңіл күй Шақыру Жекіру Семантикалық карта. Одағай Алақай Тү­у Кә­кә Тәйт Япырай Шіп­шіп Сәйкестендіру.  Үй жануарларының суреттері берілген. Оларға қаратылып айтылатын  одағайларды сәйкестендіріңдер. Сабақты қорыту: Сонымен, бүгінгі сабақта не өттік? Одағай  дегеніміз не? Одағай туралы не  білеміз?  Бағалау: Бағалау парағы арқылы әр оқушы өз білімдерін бағалайды. Үйге тапсырма: Ереже , 376­жаттығу.                                                Бағалау парағы Оқушының аты­жөні________________________________________   Үй жұмысын тексеру (тест) Семантикалық  карта Қосымша тапсырмалар Жаттығ у жұмысы Деңгейлік тапсырма Қорытынды        баға   Бағалау парағы Оқушының аты­жөні________________________________________   Үй жұмысын тексеру (тест) Семантикалық  карта Қосымша тапсырмалар Жаттығ у жұмысы Деңгейлік тапсырма Қорытынды        баға   Бағалау парағы Оқушының аты­жөні________________________________________   Үй жұмысын тексеру (тест) Семантикалық  карта Қосымша тапсырмалар Жаттығ у жұмысы Деңгейлік тапсырма Қорытынды        баға   Бағалау парағы Оқушының аты­жөні________________________________________   Үй жұмысын тексеру (тест) Семантикалық  карта Қосымша тапсырмалар Жаттығ у жұмысы Деңгейлік тапсырма Қорытынды        баға

Урок казахского языка Одағай туралы түсінік.

Урок казахского языка Одағай  туралы түсінік.

Урок казахского языка Одағай туралы түсінік.

Урок казахского языка Одағай  туралы түсінік.

Урок казахского языка Одағай туралы түсінік.

Урок казахского языка Одағай  туралы түсінік.

Урок казахского языка Одағай туралы түсінік.

Урок казахского языка Одағай  туралы түсінік.

Урок казахского языка Одағай туралы түсінік.

Урок казахского языка Одағай  туралы түсінік.

Урок казахского языка Одағай туралы түсінік.

Урок казахского языка Одағай  туралы түсінік.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.01.2017