Ғылыми жоба : Қазақ ағылшын мақал-мәтелдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы
Оценка 4.9

Ғылыми жоба : Қазақ ағылшын мақал-мәтелдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы

Оценка 4.9
Научно-исследовательская работа
docx
английский язык
9 кл—11 кл +1
11.01.2022
Ғылыми жоба : Қазақ ағылшын мақал-мәтелдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы
Ағылшын тілінен ғылыми жоба.docx

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ №3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»

 

Секция : Тіл білімі

 

Тақырыбы: «Ағылшын , қазақ мақал-мәтелдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы »

 

 

 

 

 

Орындаушы:  7 «Б» сынып оқушысы  Бекзат Іңкәр

 

Жетекшісі: Маханова Актургун Шарипбаевна

Шет (ағылшын)тілі пәнінің мұғалімі

                                                         Педагогика ғылымдарының магистрі

 

 

 

 

Өскемен қаласы ,2021 жылы

    Жоспар

                                                                                                                                           

КІРІСПЕ... 3

2. Негізгі бөлім.. 6

2.1. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді зерттеу. 9

2.2. Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары: 10

3.Эксперименттік бөлім.. 15

3.1. 5-8 сыныптармен сұхбаттасып, сауалнама алу. 15

Қорытынды. 16

ГЛОССАРИЙ.. 17

Пайдаланылған әдебиеттер: 21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         КІРІСПЕ

     Көркем сөз өнерінің  тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын мақал-мәтелдер мән-мазмұнының тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Көлемнің ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер  нақты да күрделі ойдың себеп-салдары, халықтың тарихы, саяси өмірі, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениеті жан-жақты көрініс тапқан. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызған халық даналығын шешендігімен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие мәдени елтаңбалары (маркерлі)  тұрақты орамдар. Әрбір халықтың тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық-грамматикалық жүйесінде өзіндік із қалдырып отырғаны белгілі, өзінің біртұтас жүйесін, тұлға-тұрпаты мен мән-мағнасын сақтап қалған тілдік бірліктер – сөздік құрамындағы мақал-мәтелдер.

Адамзаттың қазіргі жаһандық өркениеттілік даму жағдайында тілге , дәстүрге ,тарихи –мәдени мұраға деген қызығушылық жеке мемлекеттер мен ғылыми қауымдастық тарапынан біршама арта түсті. Тілдердің дамуында тнолингвисталық сипатты түсініп, ұқсас емес қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің сипатын ашып, қорғау және заманауи ақпараттық технологиялар негізінде жаңаша репрезентациялау өзекті мәселеге айналды.

          Екі бөлек континетте орналсқан елдің тарихы мен дәстүр , салт-санасы бөлек болсада мақал- мәтелдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын зерттеп тағылым сабақ алуға үндейді.

 Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі уақытта бірнеше тілді жетік  меңгеру маңызды орын алып отыр.Әрбір тілдің даму тарихына үңілсек , ұқсастықпен айырмашылығын айқын көріп, ағылшын тілінің мақал-мәтелдерін зерттеп, терең таныссақ, көптеген ұқсастықпен айырмашылықты байқаймыз. Ағылшын тілін меңгеруге бір қадам жақындай түсеміз. Жаһандық үдерістер қазақстандық қоғам жаңғыруының мәдени және өркениеттілік даму негіздерін жаңаша тұжырымдау қажеттігін тұғызды. Осы орайда, Тұңғыш Елбасының «Үштілдік» саясатында  айқындалған міндеттер мен мақсаттар зерттеудің өзектілігін арттыра түседі.

Зерттеудің мақсаты: Жаһандық өркениеттілік үдерістер аясында қазақ  тілінің даму тарихы, ағылшын тілінің даму тарихи тұрғыдағы жаңғыртпасымен таныстыра отырып, қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып,олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу жолдарын ұсыну.

 

Зерттеу жұмысының міндеттері:

        -  Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді зерттеу.

·        Зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық,әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу.

·        Қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастық пен айырма белгілерін айқындау үшін прецедентті мәтіндерді сұрыптап талдау.

·        Тілдік бірліктердің мағына межесіндегі сәйкестіктері мен айырмашылықтарын анықтау,олардың себебін айқындау.

·        Дәйектермен, қосымша ақпараттармен танысу.

Зерттеудің болжамы: Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің

    этнолингвистикалық сипаты ,ұқсастықтары мен айырмашылықтары .

Зерттеу жұмысының нысанасы:

«Ағылшын , қазақ мақал-мәтелдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы» туралы;

Зерттеу жұмысының жаңалығы:

      Ағылшын жіне қазақ тіл мақал-мәтелдерінің тағылымы арқылы  тарихи-мәдени мұраны дамытуды жалғастыру.Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Үштілдік» саясаты негізге ала отырып, тілдің оқып үйренудің маңыздылығын арттрыу үшін, бір-біріне  ұқсамайтын қос тілді, сапалы салыстырулар арқылы тың мәліметтермен толықтыру жасау. Тілдік білімді дамыту бағытында тарихи-мәдени мұрасынын,  әлеуеті мен келешегіне жүйелі талдау жасау арқылы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жеткізу, маңызын түсіндіру. Қазіргі кезеңде ағылшын тілі қоғамда көп қолданылады және сұраныстағы тілдер қатарында. Мектеп қабырғасында да ағылшын тілі қолданылып, оны тереңдете меңгереміз. Бұл жерде еліміздегі үш тілділік саясат кеңінен қанат жайған. Егер біз ағылшын тілінен сөйлемдерді тікелей аударсақ олардың мағыналары болмай қалады, дәл сол сияқты мақал- мәтелдерді тек ұқсастық жағынан ғана сипаттауға болады. Осы арқылы ғылшын тілін жетік меңгеруге үлесі зор.

Зерттеу жұмысының әдістері: Жинақтау, топтау, саралау, жүйелеу;

Зерттеу жұмысының кезеңдері: (Зерттеу жұмысы 2021 жылғы қаңтар айынан басталды):

Теориялық - тақырып бойынша ақпараттармен танысып, жұмыс жасау:

Зерттеуалынған ақпараттарды саралау, сараптау, жүйелеу, ұсыныс жасау;

Қорытындыақпараттарды топтап, аудиторияға таныстырғанға даярлау;

Зерттеу жұмысына қолданған дерек көздері: аталмыш тақырыпқа қатысты әдебиеттер, ғаламтор бетіндегі материалдар, мақал-мәтелдер;

Зерттеу жұмысының іс-тәжірибеде пайдалану мүмкіндігі:

Зерттеу жұмысының мазмұны қазақ тілі және шет тілі  пәндерінде аталмыш тақырыптарға қатысты қосымша материал ретінде қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

2. Негізгі бөлім

   Шет тілі меңгерту қазіргі заманда оқушылардың сөздік қорын дамытуда алатын орны ерекше. Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты көркем де шебер, мағыналы да мазмұнды, қысқа да нұсқа қанатты сөздерге өте бай. Сол қанатты сөздердің бірі - мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелде әр халықтың тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлағатты сөздерімен жатыр. Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері А.Байтұрсынов,І. Кеңесбаев, Р.Сәрсенбаев, Б.Адамбаев, Ә.Донбаева, Д.Бегалықызының, Ғ.Мұсабаев, М.Рабдуллин т.б жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В.В.Виноградов. Н.Н.Амосова, М.Т.Тагиев, Н.М.Шанский, Г.Л.Пермяков, Л.А.Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен, белгілі. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар-Н:Барли, А.Дундәс, А.Қоикман, М.Куузи, Г.Мильнер, А.Тәйлер, Линда және Роджер Флавәлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды.

Дегенмен, халықтық ұғым-түсініктер мен рухани, мәдени құндылықтардан мол мағлұмат беретін қазақ және ағылшын тілдеріндегі аталмыш бейнелі тізбектер халықаралық, экономикалық, саларалық байланыстар кең өріс алған осы кезеңге дейін салғастырыла зерттелмей келді.

«Ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерің тек тілдік емес, этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру бірлік астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да өзекті мәселе қатарына жатады.

Сондай-ақ, этнолингвистика мен лингвомәдениеттану мақалаларының жалпы тіл білімінде дербес пән болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдерді тілдің «таза» ішкі жүйесі тұрғысынан қарағаннан гөрі, олардың тіл мен мәдениеті алшақ жатқан басқа халықтардың тілдік бірліктерімен салыстыра зерттеу арқылы олардың семантикалық құрылымындағы ерекшеліктері мен ұлттық сипатты айқындау аса маңызды болып отыр.

Мақал-мәтелдер- сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтелретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдеріндегі зерттеулеріне оқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В.Виноградов, Н.М.Шанский, В.Н.Телия, М.Чернышева, М.М.Копыленко, А.В.Кунин, И.В.Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т.Қайдар, Б.Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайуымдауларымен танымал А.В.Кунин де жоғарыда айтылғанғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды «коммунативтік фразеологиялық бірліктер» деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, «all is well, that ends well» (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), «Appearances are deceptive» (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, «фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар» аясында қарастырды.

Осы жоғарыды айтылған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар-М.А.Филипповская, Н.Н.Амасова, А.М.Бабкин, В.П.Жуков, М.Т.Тагиев, А.Н.Кожин т.б. Мақал-мәтелдерін фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі олардың ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н.Н.Амосова «мақал-мәтелдердіфразеология қорына жатқызуға болмайды, олардың мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді» деген пікір ұсынады.

Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы- XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең-оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым-Ш.Уәлиханов. Ш.Уәлиханов пен Н.Н.Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Ш.Ибрагимов, М.Терентьев,Я.Лютш, А.Е.Алекторов т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.

Халық мұрасын жүзеге келтіру, насихаттауда зор үлес қосқан танымал ғалым-Ә.Диваев. Ғалым жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық, қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1900-1927 жылдар аралығында «Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области», «Этнографические материалы» жинақтарының, «Туркестанские ведомости» газетінің басылымдарында жариялайды.

Қазақ мақал-мәтелдеріне қатысты ерекше орны бар зерттеулердің бірі – Р.Сәрсенбаевтың «Қазақ мақал-мәтелдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясы. Бұл зерттеуінде ғалым мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымын,ерекшеліктері мен жасалу жолдарын жан-жақты талдап таратады. М.Әлімбаевтың «Өрнекті сөз-ортақ қазына» еңбегі аударма мәселесіне арналған. Жұмыста зерттеушінің мақал-мәтелдердің тілде қалыптасу тарихы,тілде қолданылуы,басқа тілге аударылуы жөнінде құнды пікірлері,теориялық және практикалық мәні зор ұсыныстар баяндалады. Еңбектің поэтикалық аудармаға бой ұру басымдылығына қарамастан, бұл-ғылымда өзіндік орны,елеулі үлесі бар еңбек.Сол сияқты Б,Адамбаевтың «Халық даналығы» атты монографиялық еңбегі,Р.Тұрабаеваның, С.Кенжемұратованың,Д.Беғалықызының еңбектері мақал-мәтелдерінің сипатын жан-жақты ашады.

Тіл-тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұмыстар қатарының біртіндеп толығып келетіндігі байқалады. Мысалы, А.Нұрмахановтың зерттеуі түрі тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жалпылығы мен кейбір өзгешеліктерін саралауға бағытталса, Э.Мұқышева қазақ және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше белгілерін, ұлттық,мәдени компоненттерінін анықтайды. Зерттеу нысаны ретінде алынған тілдік бірліктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қазақ және араб тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жасалу жолдары, типологиялық универсалия және уникалия құбылыстары А.Донбаеваның жұмысына қаралған.

Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның 5 бағытта жүргізіліп келгендігі анықталады:

а) тілдік, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер;

ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға;

б)әртектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға;

в) этнолингвистикалық астарын ашуға;

г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.

2.1. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді зерттеу

 Артына өшпес із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғащқы «A Dialoque Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tonque» атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550,1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe «Bibliotheca Scholastic Instructisshna or6 a Treasure jf Ancient Adagies6 and Sententious Proverbes», 1659 жылы Дж. Хфуельдің «Proverbs», 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің «English Proverbs» атты еңбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың, көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.

Мақал-мәтелдердің шығу төріні, тілде қалыптасуы деген мәселеге келер болсақ, оның күрделілігі де,түпдеректі қалтқысыз табудың қиындығы да түсінікті. Дегенмен, қазақ халқының рухани қазынасын, сөз маржандарын қалыпқа келтіру барысында елеулі еңбек сіңірген Б. Адамбаевтың «Мақал-мәтелдер әуелде аузы дуалы жеке кісінің аузынан шыққанымен, біреуден біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа ауыса жүріп өңделген, өзгерген, бүкіл елге тарап, оны халық ақиқат деп таныған қағидаға, тіпті ережеге-заңға айналған» деген ой тұжырымымен толық келісуге болады. Тарихи деректер, ғылыми ізденістердің нәтижелері, танымал ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда айтылған пікірмен өзектес. Себебі, ке-келген сөз-ұрпақтан ұрпаққа жетіп,ақиқат ретінде таныла бермесі хақ. Халықтың дана билері мен шешендерінің қолданысқа енген сөздерінен бірер мысал келтірейік.

Майқы би:

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Даналығымен, шешендігімен, жастайынан елді аузына қаратқан Төле би сөздерінің де ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, халық арасында мақал-мәтел ретінде кең қолданыс тапқаны байқалды:

Жаңбыр жаумаса, жер жетім

Басшысы болмас,-ел жетім.

Сондай-ақ, халықтық мақал-мәтелге айналып, жиі қолданылып жүрген «Көпті қорлаған көмусіз қалады» тіркесінің Әйтеке бидің, ал, «Бұлақ көрсең көзін аш» Бәйдібек бидің дуалы аузынан шыққан тілдік бірліктер деген деректер бар, мұндай мысалдарды әрі қарай тізбектеп, қатарын көбейте беруге болады.Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде қалыптасқан мақал-мәтелдердің де аз еместігі байқалды. Мысалы: Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты , Қайда барсаң да Қорқыттың, көрі т.б.

2.2. Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары:

Тіл біліміндемақал-мәтелдерді топтастырудың бірнеше принципі бар, енді солардың негізгі түрлеріне тоқталайық.

1.Әріптік,әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай,топтастырудың бұл түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басқы әрпі негізге алынады. И.С.Гварджаладзенің, Г.Л.Апперсонның, В.С.Смиттің жинақтарында ағылшын мақал-мәтелдері әліпбилік тәсілмен түзілген. Тілдік бірліктерді осы тұрғыдан топтастырудың тиімділігін оның қарапайымдылығымен, қолдануға қолайлығымен, ал кемшілігін басқы әріп негізге алынатындықтан, мағыналас тіркестердің әр басқа топқа саралануымен түсіндіруге болады.

2.Ұйытқысыз арқылы (лексикалық,энциклопедиялық) топтастыру.Зерттеу барысында белгілі паремиологтар А.Жигулиев, М.В.Буковская және бірқатар шетел ғалымдарының осы әдіске зор мән беретіндігі байқалды. Қажет тілдік бірлікті ұйтқы сөзге сүйене отырып, оңай тауып алуға болатындығын аталмыш әдістің ерекшелігі деп танимыз. Ал кемшілігі жоғарыда аталған әдіспен пара-пар, өзара мағыналас мақалдар бөлек, ал. Керісінше, лексемалары бір, мазмұны бөлек түрлері бір топқа енеді.

3. Монографиялық топтастыру.Мұнда мақал-мәтелдер жинақталған уақытына, кезеңіне, таралу аймағына орай жіктелген. «Пословицы, поговорки, загадки в рукописных сборниках XII-XX веков» және «Ақылдың көзі, Ташкент маңы және Сырдария жағалауындағы Қазығұрт пен Қаратау бөктеріндегі ежелден тұратын қазақтардың мақалдары» атты жинақтар монографиялық топтастырудың айқын үлгісі.

4. Генетикалық тұрғыдан топтастыру. Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, белгілі бір халыққа, тілге қатыстылығы негізге алынады. М.Брагинскийдің жетекшілігімен жарық көрген «Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері» жинағы осы генетикалық әдіспен түзелген.

5. Тақырыптық (тематикалық)топтастыру.Бұл принцип бойынша мақал-мәтелдер мән мағынасына қарай топтастырылады. Зерттеу барысында көп жағдайда қазақ, мақал-мәтелдерінің осы принциппен топтастырылғандығы байқалды.Топтастырудың бұл принципі мағыналас мақал-мәтелдерді бір топтан оңай тауып алуға болатындығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдер табиғатын арнайы зерттеп жүрген тілші қауымға да аталмыш топтастырудың мәні зор екендігін айтпаса да түсінікті.

6.Инвариантты тақырыптық жұптармен топтастыру.Бұл принцип бойынша, мақал-мәтелдер тобы «жақсы-жаман», «кәрі-жас», «бай-кедей» т.б. деген тақырыптар бойынша жіктеледі Мысалы: «Жақсыға айтсаң ұғар, Жаманға айтсаң күлер» тұлғасының ықшам, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін тілдік орам «Жақсы-жаман» тобына енеді.

7.«Табиғат-Адам-Қоғам» идеографиялық классификация бойынша топтастыру.Академик Ә.Қайдар көп жылдан бергі ізденуі нәтижесінде этнография мен лингвистика ғылымдарында қолданылып жүрген топтастыру принциптерін ескере отырып, қазақ тілінің өзерекшеліктеріне сәйкес, «Табиғат-Адам-Қоғам» деген идеографиялық классификацияны ұсынған еді. Бұл топтастыру бойынша «Табиғат» белгілі төрт тараудан (жануар, өсімдіктер дүниесі, аспан әлемі, т.б ), «Адам» бөлімі (адамның ішкі дүниесі мен сипаты, іс-әрекеті т.б.) он бір тараудан, «Қоғам» бөлімі (қоғамдық қарым-қатынас, шаруашылық, кәсіп т.б.) жиырмадан астам тараудан тұрады. Соңғы аталған принцип ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтетдердің этнолингвистикалық ерекшеліктерін ашуға қолайлы.

2.3. Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық             уәжісіне бөлу

Зерттеу жұмыстарындағы топтастыру үлгілерін негізге ала отырып, мақал-мәтелдер тілдегі қолданысына орай: адамның жеке басына, үйге, діни наным- сенімге, гендерлік қатынасқа, өнер-білімге т.б. қатысты тілдік бірліктер тұрақты тіркестердің негізгі түпдерегі, тілде қалыптасу жолдары, қолдануға даяр тұлғаға айналу себептері анықталды. Тамыры тереңде жатқан тілдік орамдардың этнолингвистикалық астарын ашуда тарих, этнография, психология, елтану т.б. салаларына жинақталған мағлұматтар лингвистикалық деректермен ұштастыра қолданылды.

Адамға қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Зерттеу барысында екі тілде де осы тақырып аясына жататын тіркестердің саны жағынан әлдеқайда көптігі байқалды. Мұның сыры-адамның қоғамдағы шешуші күш екендігінде жатса керек.

Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын «Good manners makes a man» (Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Әсіресе, XIVғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талар етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақа-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, If you sit by a worthier man than theyself art ones Suffer him first to touch the meat (Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң,одан үлгі ал, яғни соған карап ас іш)т.б.

Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Ағылшын және қазақ тілдерінде наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі «God helps those who help themselves» (өзі көмектескендерге құдай да көмектеседі) тіркесінің шығу төркінін біздің жыл санауымызға дейінгі 570 жылы жазылған «Геракл және күәмеші» атты Эзоптың аңыз әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпаққа батып тұрып қалған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклді шақырады.Адамның бұл қылығына қатты ашуланған Геракл: «күйменің дооңғалағының артына иығыңды тіреп итер де, өгізіңді алға айда» дейді және алдағы уақытша еш әрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген. Қазіргі уақыттатұрақты қолданысқа ие «God helps those who help themselves» мақалы алғаш рет 1736 жылы Б.Франклиннің «Poom Richard’sAlmanack» атты еңбегінде қолданылды.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде, жаратқан ие, алла тағалаға қатысты мақал-мәтелдерді салғастыра зерттей отырып, олардың семантикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталды. Мақал-мәтелдер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының, ғасырлар бойға тіршілікте көзі жетіп, көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.

Үй-жайға байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын мақал – мәтелдердің екі тілде де көптен кездесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшындар «My house is my castle» (Өз үйім-өлең төсегім) десе, қазақ халқы «Өз үйім – өлең төсегім» деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.

Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басшылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар «түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек» деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тән тарихи қалыптың, дәстүрдің жергілікіті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциацивті қорғанға балануы «My house is my castle» тәрізді тұрақты тіркестердің қалыптасуына негіз болды деп ойлаймыз.

 

1.     Гендерлік қатынастарға байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты

Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше,себебі ол шағын мемлекет іспетті. Осы шағын мемлекетте әйелге артылар жүк те, жауапкершілікте айтарлықтай. Ағылшын тілінің және қазақ тілінің паремологиялық қорындағы әйелдердің жеке басына қатысты мақал – мәтелдерден әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы мәдени – әлеуметтік орынын айқын аңғаруға болады. Соған тоқталып кетейік: A good wife makes a good husband (Жақсы әйел жаман еркекті би етеді).

2.     Уақыт өлшеміне байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты

Times a money – Уақытақша.

There is a time for everything – Әр нәрсенің өз уақыты бар.

3.     Тілге байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Good words cost nothing and are worth much – Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесең пышақ қынынан шығады.

4.     Қонаққа қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

A constant guest is never welcome – Бір күнгі қонаққұт, екі күнгі қонақ-жұт.

5.     Ақша, қаражатқа байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Take care of pense and the pounds will take care of themselves – Береке бір тиыннан.

6.     Өнер-білімге қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Knowledge is power – Білім-күш.

7.     Өмір мен өлімге қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Speak well of the dead – Өлгендер жайлы жақсы айт (Өлі разы болмай, жарлы байымас).

8.     Табиғатқа, жан-жануарларға байланысты мақал-мәтелдерінің этно -лингвистикалық уәжі

Red sky at night,Sherperd is delight: Red sky in the morning Sherperd is warning – Түңгі қызыл аспаншопанның қуанышы, таңғы қызыл аспаншопанның уайымы.

3.Эксперименттік бөлім

3.1. 5-8 сыныптармен сұхбаттасып, сауалнама алу

Сұрақ: Ағылшын тілінде қандай мақал-мәтелдерді білесің?

Қазақ тілінде ше ?Айтылған мақал-мәтелге ағылшын тілінде баламасын айта аласыңба? Қос тілді мақал-мәтелдердің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

4. Нәтиже

Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың көбісі мақал-мәтелдердің

ұқсастығын баламасы арқылы білмейтіндігі байқалды. Тіпті кейбір оқушылар мақал-мәтелдердің айырмашылығына мән бермейді екен. Сол үшін мектепке қос тілде мақал-мәтелдерді тіл  апталықтарда стенд арқылы тарату . Сабақтарда көбірек қолданысқа енгізу.

 

 

 

 

 

Қорытынды.

  Мақал-мәтелдер – халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан,ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерешеленетін тілдік бірліктер болып табылады; мақал көп жағдайда үлгі,өнеге,өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел,сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрінде келіп,көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізеді;

- Ағылшын тіл білімінде мақал мен мәтелдің ара жігі нақты ажыратылмай, біртұтас тұрақты тіркес ретінде арастрылады;

- Мақал-мәтел өзге тұрақты сөз орамдарына қарағанда,тұлға жағынан ықшам, мазмұны жағынан тұтас, әмбебап болады;

- Мақал-мәтелдердің тұлғасының тұрақтылығы мен тілде бұрыннан «дайын» материал ретінде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мұмкіндік береді;

- Бірқатар қазақ және ағылшан мақал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалады, абсолютті эквивалент, яғни тепе-тең балама түрлері де кездеседі;

- Ағылшын мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана тұрса, қазақ мақалдарының басым көпшілігі екі не бірнеше тармақты болып келеді.Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылар ойдың басқа бір жағдай не құбылыспен салыстырыла жеткізуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуға болады;

- Кейбір қазақ мақал-мәтелдерінің түп дерегі қазақ қоғамында қалыптасқан билер институтымен,яғни Майқы, Төре, Әйтеке есімдерімен, Абай, Ыбырай, Жамбыл т.б шығармаларындағы мазмұнды сөз үлгілерімен , қоғам қайраткерлерінің қанатты сөздерімен тығыз байланысты;

- Ағылшын мақал-мәтелдерінің ауқымды тобы қасиетті кітап інжілден, В.Шекспир сынды ағылшын классикалық әдебиетінің ұлы тұлғаларының шығармаларынан бастау алады;

- Қазақ және ағылшын негізгі айырма мынада: қазақ мақал-мәтелдерінің басым көпшілігі ауызша сөз үлгілері негізінде қалыптасқан, ағылшын мақал-мәтелдерінің көбі қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады, ауызша таралған мақал-мәтелдер жетекші емес;

- Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің құрамында елді-мекендердің, атаулары мен кісі есімдері жиі кездеседі;

 - Туыс емес тілдердегі бірқатар мақал-мәтелдердің өзара мағыналас болып келу қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәжірибесінің,көзі жетіп, көкейіне түйген ой-тұжырымдарының ұқсастығымен байланысты.

 

 

 

 

 

ГЛОССАРИЙ

Proverbs-Мақал-мәтелдер

 

1. A bird in the hand is worth two in the bush.-Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

2. All talk no action, Action speak louder than words. - Көп сөз көмір, аз сөз алтын.

3. There is no smoke without fire. - Жел соқпаса,от шықпайды.

4. Murder will out. -Өтіріктің құйрығы бірақ тұтам.

5. A man can die but once. - Ердің екі сөйлегені өлгені.

6. Custom is a second nature.- Ауру қалса да әдет қалмайды.

7. What is done cannot be undone.- Айтылған сөз –атылған оқ.

8. An apple a day keeps the doctors away.- Алманы күнде жесең, саған ауру жоламайды.

9. Two heads are better than one.- Бір бастан екі бас артық.

10. While there is life, there is a hope.- Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

11. A friend in need is a friend indeed.- Жақсы дос ашып айтар, жаман дос қосып айтар.

12. Make hay while the sun shines.- Темірді қызғанда соқ.

13. Out of sight, out of mind.- Көзден кетсе көңілден де кетеді.

14. To kill two birds with one stone.- Бір оқпен екі қоянды ату.

15. Handsome is as handsome does.- Адамды сыртынан емес, ішінен таны.

16. Appearance an deceitful.- Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде.

17. Everything is good in its season.- Әр нәрсенің орны бар.

18. First think then speak.- Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

19. To tell tales out of school.- Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.

20. Don’t count you chickens before they are hatched.- Балапанды күзде санайды.

21. Don’t trouble, trouble until trouble you.- Үндемеген үйдей пәледен құтылады.

22. Don’t look a gift horse in the mouth.- Орамал тон болмайды, жол болады.

23. Better late than never.- Ештен кеш жақсы.

24. The rotten apple injures its neigbours.- Бір қарын майды бір құмалақ шіртеді.

25. It never rains but it pours.- Бір айналдырғанды  шыр айналдырады.

26. Live not to eat, but to leave.- Жеу үшін өмір сүрмей, өмір үшін күресу керек.

27. Live and learn.- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

28. The early bird catches the worm.-

      Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық.

29. Business before pleasure.- Бейнет түбі-зейнет.

30. East or west, home is best.- Отан оттан ыстық.

31. The more we learn the more we know.- Неғұрлым көп оқысақ, соғұрлым көп білеміз.

32. All is not gold that glitters.- Жылтырағаннның бәрі алтын емес.

33. Honesty is the best policy.- Арыңды жасыңнан сақта.

34. Friendless is poor.- Досы жоқ адам-кедей адам.

35. All roads lead to.- Қызыл тіл Римге жеткізер.

36. Knowledge is power.- Білімдіге дүние жарық.

37. A good beginning makes a good ending.- Бітер істің басына, жақсы келер қасына.

38. No pains, no gains.- Еңбексіз-өнбек жоқ.

39. He who laughs last laughs best.- Соңғы күлген күледі.

40. Seeing is believing- Естігенге емес, көргенге сен.

41. Nothing venture, nothing have.- Әрекет болмай, берекет болмас.

42. Where there is a will there is a way.- Іздеген мұратына  жетеді.

43. You cannot eat your cake and have it.- Бір өткеннен екі өтпек жоқ.

44. Neck or nothing.- Шешінген судан тайынбас.

45. Never say die.- Салың суға кетпесің.

46. No gain without pain.- Тірліксіз-бірлік жоқ.

47. Nothing comes from nothing.- Ештеңеден ештеңе де шықпайды.

49. One good turn deserves another.- Қайтқан малда қайыр жоқ.

50. The devil is not so black as he is pained.- Қорыққанға қос көрінеді.

51. To make a mountain out of the hill.- Түймедейді түйедей қылу.

52. Don’t cross a bridge before you come to it.- Байыбына бармай бал ашпа.

53. Gossiping and lying go hand in hand.- Өсек бар жерде өтірік бар.

54. A burnt child dread the fire.- Аузы күйген үрлеп ішеді.

55. A drowning man will catch at a straw.- Суға кеткен тал қармайды.

56. A fool at forty is a fool indeed.- Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмас.

57. There is no place like home.- Өз үйім өлең төсегім.

58. It is never too late to learn.- Үйренуге ешқашан кеш емес.

59. A good wife makes a good husband.- Жақсы әйел жаман еркектің басын өрге сүйрейді.

60. An empty hand is no lure for a hawk.- Күлшелі бала сүймекке жақсы.

61. Practice makes perfect.- Қайталау –оқу айнасы.

62. A bad workman quarrels with his tools.- Жаман жұмысшы құралдарымен ұрысады.

63. Burn not your house to rid it of the mouse.- Тышқаннан құтылу үшін, өз үйіңді өртеме.

64. Blood is thicker than water.- Қан судан қою.

65. So many countries , so many customs- Әр елдің салты басқа.

66. Between friends all is common.- Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.

67. False friends are worse than open enemies.- Өтірікші дос жаудан жаман.

68. A man is known by the company he keeps.- Досына қарап, кісіні таны.

69. Pride goes before a fall.- Еңкейген екі асайды, қайқайған құр қалады.

70. No news is good news.- Аш құлақтан- тыныш құлақ.

71. Cut your coat according to your cloth.- Көрпеңе қарай көсіл.

72. There is honour among thieves.- Қарға қарғаның көзін шұқымайды.

73. To be or not to be.- Баяғы жартас- бір жартас.

74. The voice of voice of one man is the voice of no one.-

      Жалғыздың үні шықпас,жаяудың шаңы шықпас.

75. One man no man.- Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас .

76. One is no number.- Бір сан емес, екі көп емес.

77. One flower makes no garland.- Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би болмас.

78. A cat in gloves catches no mice.- Еңбегіне қарай өнбегі.

79. Brevity is the soul of wit.- Қысқалық –тапқырлықтың жаны.

80. He who begins many things finishes only few.- Екі кеменің басын ұстаған, суға кетеді.

81. Talk of the devil and he will appear.- Кімді айтсаң сол келеді.

82. Everything comes to him who wants.- Іздеген жетер мұратқа.

83. Every dog has its day.- Дүние кезек , терме тезек.

84. Catch the bear before you sell its skin.- Қашпаған  сиырдың уызынан дәметпе.

85. A tree is known by its fruit.- Ағаш жемісімен танылады.

86. A good name is better than a good face.- Түсі игіден түңілме.

87. The more you live, the more you see, the more you see, the more you know.-

      Көпті көрген көсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар.

88. Who knows most says least.- Көп біл, аз сөйле.

89. A man is known by his friend or you know a man by his friend.- Адамды досынан таны.

90. A good deed is never lost.- Қайтқан малда береке бар.

91. If you run after two hares, you will catch neither.- Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

92. A good word is soon said as an ill.- Жақсы сөз-жарым ырыс.

93. When the cat is away, the mice will play.- Ит жоқта шошқа үреді.

94. Let bygones be bygones.- Өткен күнде белгі жоқ.

95. Little strokes fell great oaks.- Еңбек етсең емерсің.

96. Words hurt more than swords.- Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады.

97. Health is above wealth.- Денсаулық -зор байлық.

98. Every man is the architect of his own mill.- Әркім өз өмірінің сәулетшісі.

99. Still water runs deep.- Үндемегеннен үйдей пәледен шығады.

100. Rome was not built in a day.- Игіліктің ерте-кеші жоқ.

101. Poverty is no sin.- Кедейлік –күнә емес.

102. So many men, so many mind.- Көптің ойы кемеңгер.

103. Health is better than wealth.- Денсаулық-зор байлық.

104. Tastes differ.- Талғамға талас жоқ.

105. When angry, count a hundred.- Ашуланғанда жүз рет сана.

106. You can’t eat your cake and have it.- Бір өткелден екі өтпек жоқ.

107. Bad news travel fast.- Жаманат жатпайды.

108. Neck or nothing.- Шешінген судан тайынбас.

109. A word is enough to the wise.- Ақылдыға бір сөз де жеткілікті.

110. An hour in the morning is worth two in the evening.- Кешкі екі сағаттан таңғы бір сағат артық.

111. To be head over ears in dept.- Қарызы бастан асады.

112. To be up to the ears in love.- Өлердей ғашық.

113. He that is full of himself is very empty.- Аузымен бәрін айтады, ал іске келгенде түк білмейді.

114. Every man is an architect of his own fortune.- Әркім өз бақытына ие.

115. A good beginning is half the battle.- Жақсы бастама-шайқастың жартысы.

116. Deed is not words.- Сөз емес-іс керек.

117. Better en egg today than a hen tomorrow.- Таңдағы тауықтан сол күнгі жұмыртқа артық.

118. When in Rome, do as Romans do.- Римде болсаң, римдіктерше істе.

119. What the heart thinks the tongue speaks.- Ойнаса да, ойындағысын айтады.

120. Four eyes see more than two.- Екі көзден төрт көз көбірек көреді.

121. The leopard cannot change its spots.- Сүтпен кірген мінез сүйекпен кетеді.

122. Better a glorious death than shameful life.- Өлімнен ұят күшті.

123. An idle brain is the devil is workshop.- Бос ақыл –ой шайтанның шеберханасы

124. The more haste, the less speed.- Асыққан сайын шапшаңдық бәсеңдейді.

125. The proof of the pudding is in the eating.- Бәрі іс жүзінде тексеріледі.

126. The fat is in the fire.- Болар іс болды, бояуы сіңді.

127. Necessity is the mother of invention.- Мұқтаждық нанды жеуді де үйретеді.

128. As the tree , so the fruit.- Ағаш қандай болса, жемісі сондай.

129. Better to do well than to say well.- Жақсы сөйлегеннен жақсы істеген артық.

130. A great ship asks deep waters.- Үлкен кемеге ұзақ сапар.

131. A watched pot never boils.- Қазанның қайнауын күтсең қайнамас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Иностранные языки в школе//2005

2. Мақал – мәтелдерде  ағылшын сабағына қолдану// Иностранные языки в школе, 2005, 3

3. Smith W. С, Сowie А.Р., Маскіn Rаnd Мс.Саіg І.К., Тауlог А., Whiting В.J., Seidi J., Мс Моrdiе W., Ridout R. Аnd Witting С, Аррегsоn G. L., Lindа аnd Rоgеr Ғlаvеll, А.В. Куниннің сөздіктері мен көркем әдеби шығармалары қолданылды.

4. Жүсіпова Р.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал – мәтелдердің синонимдік мәні// Қаз ҰУ Хабаршысы – Филология сериясы // N 3- 2003

5. Аргингазина Ш.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің лексика – семантикалық сипаты// Алматы – 2004

6. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің синонимдігі// АГУим. Казахстанская филология: проблемы и перспективы. – Алматы – 2002

7. Ағылшын – қазақ тілдеріндегі кейбір ұқсастықтар туралы // Қазақстан

мектебі – 2001, N 3

8. Ағылшын – қазақ тілдеріндегі сөздіктер, 2001

9. Адамбаев Б. Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық және мағыналық ұқсастықтары //Алматы-1996, 17 б.

10. Словарь употребительских английских пословиц//Москва-1985

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

Жоспар

Жоспар

КІРІСПЕ Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын мақал-мәтелдер мән-мазмұнының тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді

КІРІСПЕ Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын мақал-мәтелдер мән-мазмұнының тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді

Тұңғыш Елбасының «Үштілдік» саясатында айқындалған міндеттер мен мақсаттар зерттеудің өзектілігін арттыра түседі

Тұңғыш Елбасының «Үштілдік» саясатында айқындалған міндеттер мен мақсаттар зерттеудің өзектілігін арттыра түседі

Мектеп қабырғасында да ағылшын тілі қолданылып, оны тереңдете меңгереміз

Мектеп қабырғасында да ағылшын тілі қолданылып, оны тереңдете меңгереміз

Негізгі бөлім Шет тілі меңгерту қазіргі заманда оқушылардың сөздік қорын дамытуда алатын орны ерекше

Негізгі бөлім Шет тілі меңгерту қазіргі заманда оқушылардың сөздік қорын дамытуда алатын орны ерекше

Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтелретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған

Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтелретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған

XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең-оларды тілдік тұрғыдан…

XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең-оларды тілдік тұрғыдан…

Э.Мұқышева қазақ және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше белгілерін, ұлттық,мәдени компоненттерінін анықтайды

Э.Мұқышева қазақ және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше белгілерін, ұлттық,мәдени компоненттерінін анықтайды

Тарихи деректер, ғылыми ізденістердің нәтижелері, танымал ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда айтылған пікірмен өзектес

Тарихи деректер, ғылыми ізденістердің нәтижелері, танымал ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда айтылған пікірмен өзектес

Ал кемшілігі жоғарыда аталған әдіспен пара-пар, өзара мағыналас мақалдар бөлек, ал

Ал кемшілігі жоғарыда аталған әдіспен пара-пар, өзара мағыналас мақалдар бөлек, ал

Соңғы аталған принцип ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтетдердің этнолингвистикалық ерекшеліктерін ашуға қолайлы

Соңғы аталған принцип ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтетдердің этнолингвистикалық ерекшеліктерін ашуға қолайлы

Гераклді шақырады.Адамның бұл қылығына қатты ашуланған

Гераклді шақырады.Адамның бұл қылығына қатты ашуланған

Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше,себебі ол шағын мемлекет іспетті

Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше,себебі ол шағын мемлекет іспетті

Эксперименттік бөлім 3.1. 5-8 сыныптармен сұхбаттасып, сауалнама алу

Эксперименттік бөлім 3.1. 5-8 сыныптармен сұхбаттасып, сауалнама алу

Мақал-мәтелдер – халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан,ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерешеленетін тілдік бірліктер болып табылады; мақал көп жағдайда үлгі,өнеге,өсиет айтуға…

Мақал-мәтелдер – халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан,ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерешеленетін тілдік бірліктер болып табылады; мақал көп жағдайда үлгі,өнеге,өсиет айтуға…

ГЛОССАРИЙ Proverbs-Мақал-мәтелдер 1

ГЛОССАРИЙ Proverbs-Мақал-мәтелдер 1

Honesty is the best policy.- Арыңды жасыңнан сақта

Honesty is the best policy.- Арыңды жасыңнан сақта

To be or not to be.- Баяғы жартас- бір жартас

To be or not to be.- Баяғы жартас- бір жартас

An hour in the morning is worth two in the evening

An hour in the morning is worth two in the evening

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.01.2022