Бұл жобада қарағай бүршігі мен оның пайдасы туралы жазылған.Қарағай бүршігінен ағзаға пайдалы әрі шипалы тосап,бал,қайнатпа,тұнба қайнатып жасауға болады.Бұны әртүрлі ауруларға ем ретінде пайдалануға болады.Мысалы,өкпе,тыныс алу жолдарының жүйесі,жүйке жүйесі,бронхит,инсульттің алдын алуға немесе инсультке ұшыраған адамдарға жақсы ем бола алады.Өте пайдалы және табиғи өнім.Қарағай бүршігінің пайдасы
Ғылыми жоба.docx
«Ақсу қаласы Достық селолық округі Спутник станциясының негізгі
мектебі»КММ
«Мың теңге тұратын дәрі
өз аулаңда өсіп тұр»
Халық даналығы
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Қарағай бүршігінің пайдасы»
Орындаған: Шахатова Азалия
6«А» сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Шахатова Айнур Мейрамовна
Секция: Салауатты өмір салты және денсаулықты сақтау
1 20172018 оқу жылы
Аңдатпа
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қарағай ағашының бүршіктерін зерттей отырып, экологиялық маңызы мен емдік
қасиетін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Қарағай ағашының сипаттамасы және түрлерін;
Қарағай бүршігінің құрамын;
Қарағай бүршігінің емдік қасиетін анықтау;
Зерттеу жұмысының болжамы (гипотеза):
1.Қарағай бүршігінің емдік қасиетін зерттеу
2.Сауалнама жүргізу
3.Тәжірибе жасау
Зерттеудің өзектілігі:күнделікті өмірде адамдар қарағай бүршіктерін
пайдаланбайды және оның адам денсаулығына тигізетін пайдасын біле бермейді.
Зерттеу нысаны:қарағай бүршіктері,оның пайдасы және емдік қасиеттері
Зерттеу жұмысының тиімді әдістері:
Кітапханадағы ғылыми әдебиеттерге шолу жасау;
Ғаламтордан ақпарат жинау;
Тәжірибе жасау;
Дәрігерлерден сұхбат алу.
Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы:қарағай бүршігінің құпиясын аша
отырып,оның адам денсаулығына тигізетін пайдасын адамдарға жария ету.
2 Мазмұны:
1.Кіріспе...........................................................................................................1
2.Негізгі бөлім:
2.1.Қарағай ағашының сипаттамасы..............................................................3
2.2.Қарағай ағашының түрлері......................................................................4
2.3.Қарағай бүршігінің құрамы......................................................................6
2.4. Қарағай бүршігінің емдік қасиеті............................................................6
3.Практикалық бөлім:
Біздің зерттеу жұмысымыз
3.1.Кітапханадан ақпарат жинау....................................................................7
3.2.Ғаламтордан ақпарат іздеу.......................................................................7
3.3.Дәрігерлермен кездесу,сұхбаттасу..........................................................8
3.4.Қарағай бүршіктері – халық медицинасында.Пайдалы рецептілер.....8
4. Қорытынды........................................................................................10
5. Қолданылған әдебиеттер.................................................................11
6. Қосымша.............................................................................................12
3 Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:
Жер бетінің 30 пайызын ормандар құрайды.Олар жердің биологиялық таралу
аймағының аса маңызды қоры болып саналады.Олар – өсімдіктер мен жануарлар
түрлерінің өмір сүру ортасы.Олар жердің экологиялық тепетеңдігін сақтауда
негізгі рөл атқарады.
Ормандардың негізгі экономикалық өнімі – ағаш материалдары болып
саналады.Сондайақ,олардың климатты қадағалау,таза орта және жабайы
тіршілікті сақтау сияқты басқа да маңызды артықшылықтары бар.
Жабайы тіршілікке мекен болумен қатар,ормандар адамдарға көтеріңкі көңіл
күй мен эстетикалық тынығу мүмкіндігін береді.Сонымен қатар ағаштар арқылы
ем жүргізіледі.Ол дендротерапия деп аталады.Дендротерапия адам жанын және
ағзадағы дертті ағаштар арқылы емдеу дегенді білдіреді.Ерте кездерден бастапақ
адамзат адам мен ағаш арасындағы байланысты жақсы білген.Ағаштардың адамды
рухтандыратын қасиеті мен күшін бұрынғы адамдар жақсы білсе,қазіргі ғылым да
мұны жоққа шығармайды.Ғалымдардың зерттеулері барысында ағаштардың
энергия беретіндігі анықталған.Орманда,дендробақта көп жүру көңілкүйді
көтереді және кеселден арылтады.Дендротерапияның кереметтігі – ағзаға кері
әсерінің болмайтындығында және бұл емді адамдар өздігімен жүргізе
алуында.Ағаштармен қарымқатынас жасау арқылы бас ауыруынан,күйзелістен
арылуға,зат алмасу мен жүректің жұмысын жақсартуға болады, дейді
мамандар.Ең қызықтысы,бұл терапия шығармашылық қабілетті дамытуға ықпалын
тигізе алатын көрінеді.Соның ішінде қарағай ағашы да бар. Күнделікті өмірде
адамдар қарағай бүршіктерін пайдаланбайды және оның адам денсаулығына
тигізетін пайдасын біле бермейді.
Қарағай мейірімсіздікке жаны қарсы ағаш болғандықтан,жандүниенің
күйзелісінен тез шығуға көмектеседі.Жүрек пен жандүниені тазалайды.Бұл ағаш
таңғы сағат 04.0006.00 аралығында ұйқыда болады да,басқа уақытта нұрын
шашады.Тіпті қыс айында да сәулесін аямайды.Ал кешкі сағат 21.00де өте көп
пайдасын тигізеді.Ол үшін қолмен ағашты сипап,1520 минут қарағайға сүйеніп
тұру керек.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қарағай ағашының бүршіктерін зерттей отырып,
экологиялық маңызы мен емдік қасиетін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Қарағай ағашының сипаттамасы және түрлерін;
Қарағай бүршігінің құрамын;
4 Қарағай бүршігінің емдік қасиетін анықтау;
Зерттеу нысаны:қарағай бүршіктері,оның пайдасы және емдік қасиеттері
Зерттеу жұмысының болжамы (гипотеза):
1.Қарағай бүршігінің емдік қасиетін зерттеу
2.Сауалнама жүргізу
3.Тәжірибе жасау
Зерттеу жұмысының тиімді әдістері:
Кітапханадағы ғылыми әдебиеттерге шолу жасау;
Ғаламтордан ақпарат жинау;
Тәжірибе жасау;
Дәрігерлерден сұхбат алу.
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі:Қарағай бүршіктерінен адам
ағзасына шипалы ем табу
Нәтижені практикалық қолдану салалары:Қарағай бүршіктерінен жасалатын
пайдалы рецептілер тауып, жасап үйрену және оларды күнделікті өмірде қолдану.
Зерттеудің кезеңдері, тәртібі:
Кітапханадан ақпарат жинау
Ғаламтордан ақпарат іздеу
Дәрігерлермен кездесу,сұхбаттасу
Пайдалы рецептілерді іріктеп алып,жасап көру
эксперимент әдісі;
жұмыстың нәтижесі және қорытынды.
5 2.1.Қарағай ағашының сипаттамасы
Қарағай – қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш
кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқан
жапырақты мәңгі жасыл өсімдік. 500600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері
5060 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес ,қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау.
Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады.
Қарағай сондайақ тез өсетін қылқан жапырақтылардың бірі. Қарағай барлық
ашық тұқымдылар секiлдi тұқымы арқылы көбейедi. Қарағайдың ашылған аналық
бүрiнiң қабыршақтарының қолтығында екiден тұқым орналасады. Және олар ашық
жатады. Соған байланысты қарағайды және басқа да қылқан жапырақтыларды
ашық тұқымды өсiмдiктерге жатқызады. Қарағайдың тұқымы қалай пайда
болатынын қарастырайық.Көктемде қарғайдың жас бұтақтарында екi түрлi :
аталық және аналық бүрлер пайда болады. Аталық бүрлер сарғылт жасыл түстi
болады, және жас өркендерiнiң түп жағына тығыз топтасып орналасады. Аналық
бүрлер қызғылттау түстi болады және жалғыздан орналасады.
Аталық бүр өстен және оған тығыз орналасқан қабыршақтардан тұрады. Осы
қабыршақтардың қолтықтарында екiден тозаң қабы орналасады. Тозаң қабының
iшiнде көптеген екi клеткалы тозаңдар жетiледi. Әрбiр тозаңның екiден ауа қуысы
болады. Мұндай тозаңдарды жел аналық бүрдiң тұқым бүршiгiне оңай жеткiзедi.
Аналық бүрлерi де сол ағашта дамиды. Олар жас бұтақтардың жоғары ұштарында
6 бiреуден орналасады. Аналық бүрде екi түрлi қабыршақ болады. Сыртқы
жабындық қабыршақтар, астында тұқымдық қабыршақтар орналасады. Осы
тұқымдық қабыршақатардың қолтығында екiден тұқымбүршiгi пайда
болады.Аталық бүрде пiсiп жетiлген тозаңдар, тозаңқаптың қабықшасы
жыртылуының нәтижесiнде сыртқа шашылады. Оларды жел алып кетедi.
Тозаңдануын тұқымбүршiгiнiң саңылауына келiп түскен тозаң жүзеге асырады.
Тұқымбүрi тозаңданғаннан кейiн аналық бүрдiң қабыршақтары бiрiгiп, шайырмен
желiмделiнедi. Тозаңдарда аталық, ал тұқымбүршiктерiнде аналық жыныс
клеткалары жетiледi. Ұрықтану тұқымбүршiктерiнде жүзеге асады.Ұрықтанған
аналық жыныс кеткаларынан ұрық, ал тұқымбүршiгiнен тұқым пайда болады.
Осыдан кейiн аналық бүрдiң көлемi ұлғайып қайтадан сүректенедi. Алғашқы
кездерде аналық бүрлердiң түсi жасыл болады, кейiнiрек қоңырқай тартады.
Қарағайдың тұқымдары тозаңданған уақыттан бiр жарым жыл өткен соң пiсiп
жетiледi. Бiрақ бүрден екi жылдан кейiн шашылады. Ашық тұқымдылардың
тұқымдарында артық қор заттарын жинайтын ұлпа болады. Ол ұрықты қоршап
тұрады. Қарағай тұқымының жұқа жарғақ қанатшалары болады, солар арқылы олар
желмен таралады. Бiрақ кейбiр қарағай тұқымдарында қанатшалар кездеспейдi.
Сiбiр қарағайының (самырсын қарағайының) тұқымын самырсын жаңғақшасы деп
атайды.Кәдiмгi қарағайдың бүрiнiң мөлшерi онша үлкен болмайды, оның ұзындығы
45 сантиметрден аспайды. Ашық тұқымды өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық
шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олар фотоситез процесiнiң нәтижесiнде
органикалық заттар түзедi, және ауаға оттек бөлiп шығарады.Орман ағаштары
кесiлген және өрт шалған жерлерде алдымен күй таңдамйтын қарағай пайда
болады. Қарағайлар сусымалы құмдарға өсiп, олардың одан әрi жылжуын
тоқтатады.. Қарағайдың тамырлары құмды бекiтедi, жерге түскен қылқандары
құмның бетiнде топырақ түзiлу процесiн жеделдетедi. Қарағайлар ауаға ерекше
заттар бөлiп шығарады. Олар ормандағы ғана емес, сол төңiректегi зиянкес
бактериялардың көбеюiн тежейдi. Қылқанжапырақты ормандар қардың еруiн
баяулатады, мұның өзi топырақтағы ылғалдың артуына мүмкiндiк бередi.Қарағай
ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында,
авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде
шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді
сүргіт және лак дайындауда қолданады.Қарағай құрылыс материалдары ретiнде
кеңiнен пайдаланылады. Қарағай сүрегiн химиялық жолмен өңдеу негiзiнде жiбек
жiптерге ұқсас жасанды талшық алынады. Қарағайды, шыршаны, балқарағайды
әртүрлi үй жиһаздарын жасауға пайдаланады. Балқарағай сүрегi басқа
қылқанжапырақтылардың сүрегiнен әлдеқайда қатты және суда шiрiмейдi. Соған
байланысты оны кемелер жасауға, шпал жасауға, шахталарда тiреу ретiнде
қолданады. Сонымен бiрге осы ағаштардың барлығын парктерде, скверлерде,
ботаникалық бақтарда сәндiк өсiмдiктер ретiнде өсiредi. Сiбiр қарағайының
жаңғақшасынан сапасы жоғары тамаққа пайдаланатын май алынады. Сәндiк
өсiмдiктер ретiнде аршаның бiрқатар түрлерi мәденилендiрiлген. Ашық
7 тұқымдыларға жататын өсiмдiктердiң барлығы отын ретiнде кеңiнен
пайдаланылады.
2.2.Қарағай ағашының түрлері.
Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда
қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де
бар. Өсе келе жанжағына 67 метрге дейін жайылатындықтан, бірбірінен немесе
өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 56 м болуы керек. Оның барлық түрі
бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі
метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі
композицияларға қолдануға болад ы.
Осыдан 200 млн жыл бұрын ашық тұқымдылар жер бетiнде кең таралған
өсiмдiктер болған. Қалың ормандар түзген. Қазiргi кезде олардың бiрқатар
топтары жойылып кеткен. Қазақстанда ашық тұқымдылардан шырша (ель Picea),
қарағай (сосна Pinus), балқарағай (лиственница – Larix), самырсын (пихта
Abies), арша (можжевельник Juniperus), қылша (эфедра Ephedra) туыстарының
түрлерi өседi. Ашық тұқымдылардың бiздiң республикамызда кең
таралғандарының бiрi қарағай туысы. Қарағайдың Қазақстанда екi түрi кездеседi:
кәдiмгi қарағай (сосна обыкновенная – Pinus silbestris) және сiбiр қарағайы(сосна
сибирская – Pinus sibirica). Қарағайлар биiк, әрi түзу болып өседi және орман
түзедi. Қарағайлардың бөрiкбасын ормандарда дiңiнiң жоғарғы ұшына таман
кететiн жанама бұтақтары түзедi. Сондықтан қарағайлар жарықты жақсы өткiзедi.
Қарағайлар көп күй толғамайтын өсiмдiктер. Кәдiмгi қарағай деген түрi құмды
жерлерде, тауларда, кейде жалаңаш жартастарда да өседi. Қарағайлардың кiндiк
тамыры жақсы жетiледi және терең кетедi. Құмды жерлерде қарағайлардың кiндiк
тамырымен бiрге жанама тамыры да жақсы жетiледi. Батпақты жерлерде керiсiнше
қарағайлардың кiндiк тамыры нашар жетiледi.
Қолайлы жағдайда қарағайлар 3040 м жетедi және 350400 жылдай өмiр
сүредi. Қылқан жапырақтылардың сабағының iшкi құрылысы бiртектес келедi.
Сабақтың көп бөлiгiн сүрек қабаты алып жатады. Қабық қабаты мен өзегi нашар
жетiлген. Орталық шеңберiнде өткiзгiш ұлпалардың екi түрлi тобы болады.
Олардың бiр тобы фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде өркендерде түзiлген
органикалық заттардың тамырға өтуiн қамтамасыз етедi. Ұлпалардың екiншi тобы
тамыр арқылы сорылған суды, минералдық заттарды өркендерге жеткiзедi. Өзегi
қабықшалары жұқа дөңгелек клеткалардан тұрады. Қылқан жапырақтылардың
дiңiнiң қабықтық бөлiгiнде де, сүректiк бөлiгiнде шайыр жолдары болады.
Қарағайларда екi түрлi өркен болады: ұзарған және қысқарған өркендер. Ұзарған
өркендер ұзындыққа шексiз өседi.
8 Қарағайлардың жас бұтақтарында қоңыр түстi ұсақ қабыршақ жапырақшалары
болады. Оларың қолтығында қысқарған өркендер жетiледi. Кәдiмгi қарағайдың
қысқарған өркендерiнде екiден қоңырлау жасыл түстi, қылқан жапырақтары
орналасады.Қылқандары 36 жыл өмiр сүредi, содаң соң қысқарған өркенiмен бiрге
түсiп отырады. Сондықтан, жерге түскен қылқандары екi екiден бiрiккен болады.
Қылқандары жiңiшке ұзын келедi. Олардың сыртын қатты қабықша жауып
тұрады және устьицалары көп болмайды. Сондықтан қарағайлар суды аз
буландырады және құрғақшылыққа төзiмдi келедi. Қарағайлар жарық көп түсетiн
ашық жерлерде жақсы өседi. Қыста ылғалдың тапшылығына қарамастан тiршiлiгiн
тоқтатпайды. Қыс кезiнде қылқандарын тастамайды.
2.3.Қарағай бүршігінің құрамы.
Қарағай бұтағында әр түрлі бүрлер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында
орналасады. Олар көктемде пайда болатын қызғылт сары түсті аналық бүрлер.
Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы
қабыршағы –жабын, ішкісі тұқымдық деп аталады. Тұқымдық қабыршақта 2
тұқымбастама түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ,
жасылдау сары түсті бүрлер болады. Бұлар аталық бүрлер. Аталық бүрлердің
қабыршақтарының төменгі жағын тозаң түзілетін 2 тозаңқапшықтары бар. Ауаға
толы тозаңдар өте жеңіл болғандықтан, желмен өте алысқа ұшып таралады. Сөйтіп
қарағайдың бір бұтағында аналық және аталық бүрлер болады. Аталық бүрлерімен
аналық бүрлері бір өсімдікте орналасқандықтан, қарағай бірүйлі өсімдік деп
аталады. Аналық бүрдің тұқымбүршіктері ашық тұрады. Желмен ұшып келген
аталық тозаңдар аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары
жабылады. Бұл сәтте тұқымбүршіктерде жұмыртқажасушалар болмайды.
Сондықтан тұқымбүршік бірден ұрықтана алмайды.
Тұқымбүршікте
эндосперм(грекше «ендон» ішкі + «сперма» тұқым)қоректендіруші ұлпа пайда
болады. Сөйтіп жұмыртқа жасуша түзіледі. Бұған кемінде бір жыл қажет. Демек
тұқымбүршік бір жылдан соң, келесі жазда ғана ұрықтанады. Қарағайдың аталық
жыныс жасушасы өздігінен қозғала алмайды. Желдің көмегімен ұшып келіп,
аналық жасушаны ұрықтандырады. Аталық және аналық жасушалардың қосылп,
ұрықтануынан зигота түзіледі. Зиготадан ұрық дами бастайды. Ұрық эндосперм
есебінен қөректенеді. Сөйтіп тұқымбүршік ұрықтан тұқымға ауысады. Тұқым
аналық өсімдіктің ішінде түзіледі. Тұқым ұрықтан, эндоспермнен және тұқым
қауызынан құралады. Ағаш басындағы пісіп жетілген аналық бүр қоңыр түске
айналады. Бүрдің ұзындығы 46 см –ге жеткен кезде ол пісіп жетіліп
қабыршақтарын ашады.
9 Қарағайдың жасыл бүршіктерінің құрамында темір және көптеген пайдалы заттар
бар.Сонымен қатар,монотерпентті көмірқышқыл газы,липидтер,линоленді және
олеинді қышқылдар,таниндер,биофлавоноидтар және тағы да басқа көптеген
пайдалы заттар бар.
Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі.
Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.
2.4. Қарағай бүршігінің емдік қасиеті.
Қарағай бүршігінің құрамында фитонцидтер,эфир майы,С дәрумені,лимон
қышқылы бар.Осының бәрі жас бүршіктің құрамында жиналып тұрады.Осы себепті
халық медицинасында қарағайдың жасыл бүршіктері аса бағаланады.Ал жетілген
бүршіктердің құрамында өте маңызды зат – танин бар.Оның бағалы жақтарының
бірі – инсультке шалдыққан адамның ми жасушасының өлуін тоқтатады және
инсульттен кейін науқастың жазылып кетуіне зор ықпалын тигізеді.
Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы
пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдыналу үшін
қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде
пайдаланады. Мамыр айында қарағай бүршік ата бастағанда орман ішінде
серуендеу жүрекқан тамырлары, демалу органдары ауыратындарға өте пайдалы.
Фитонцидтерге өте бай қарағай бүршіктерінің суық тиіп ауыра беретіндер үшін
емдік қасиеті мол. Мұны дәрігерлер «табиғи барокамера» деп жиі айтады. Қылқан
жапырақтылар және қайыңы аралас орман оттегін мол бөлетіні белгілі. Орманда
серуендеу қысыжазы пайдалы.
3.Практикалық бөлім:Біздің зерттеу жұмысымыз
3.1.Кітапханадан ақпарат жинау
3.2.Ғаламтордан ақпарат іздеу
10 3.3.Дәрігермен кездесу,сұхбаттасу
Дәрігерлердің айтуы бойынша,қарағай бүршіктері косметика,сабын,сусабын,тіс
пастасын жасауда қолданылады.
Қысқаша видео
3.4.Қарағай бүршіктері – халық медицинасында. Пайдалы рецептілер.
Жөтелге қарсы шәрбәт
50 грамм жасыл бүршіктерді жуып,2 стақан қайнап тұрған су құямыз.Бетін
жауып,2 сағатқа жылы жерге орап қоямыз.Сосын мәрлімен сүзіп аламыз
11 да,кәстрөлге салып,жарты килограмм қант саламыз.Сосын оны 10 минуттай
қайнатамыз.
Инсультке қарсы тұнба
810 дана бүршікті суық сумен жуып,банкаға саламыз.Оған спирт құйып,қақпағын
жабамыз да, салқын,қараңғы жерге 14 күнге қоямыз.Күніне 1 рет тұнбаны шайқап
тұру керек.Дайын тұнбаны күніне 3 рет 510миллилитрден қабылдау керек.Емделу
мерзімі 6 айдан кем болмау керек.Сонда ғана бұл дәрі жақсы нәтиже береді.
Сонымен қатар,қарағай бүршіктері тұмау,тыныс алу жүйесі мен өкпе қабынуы
ауруларын (туберкулез,бронхит,пневмония) емдеуге көмегін тигізеді.
Бұл тұнба қақырық түсіруге, адамның дем алысын жақсартуға, ауру мен
микробтарға қарсы және ағзаны тазартуға көмектеседі. Осы тұнбаны жөтелгенде,
өкпеге суық тигенде, буын ауырғанда,асқазан жарасымен ауырғанда да
пайдалануға болады.
Емдік қайнатпа
45 бүршікті суық сумен жуып,кәстрөлге саламыз.Жарты литр суық су
құйып,қайнатамыз.Бұл қайнатпаны күніне 3 рет 50 грамнан тамақтан кейін ішу
керек.Сонымен қатар,бұл қайнатпамен ауыз қуысы мен тістерді шаюға болады.
Тосап
1килограмм бүршікке 1килограмм қант қосып,үстіне 11,5 смге асатындай етіп су
құямыз.Сосын баяу отта 1,5 сағат қайнатамыз.Осылай 3 күн қайнатуға
болады.бірақ көбігін алып отыру керек.
Емдік бал
1килограмм бүршікті кәстрөлге салып,3 литр су құямыз да,баяу отта 4 сағат
қайнатамыз.Бұл емдік бал адамның иммунитетін нығайтады,тыныс алу жүйесі
ауруларын емдейді.
12 Қорытынды
«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Жалпы, халық
медицинасына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда
өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады.
Мамандардың айтуынша, қарағай бүршігінің адам денсаулығы үшін пайдасы
көп. Атап айтқанда, қарағай бүршігі қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың
қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық
қызметін, күшқуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу
жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондайақ жүрекқан тамырлары
ауруына, суық тигенде пайдалы. Бүршіктерді ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан
қысымына, асқазан жарасына ем ретінде пайдалануға болады. Бүршіктердің емдік
қасиеттері көп,ал қарсы көрсетілімдері аз екені анықталған.
Қарсы көрсетілімдері:
7 жасқа дейінгі балаларға;
60тан асқан адамдарға;
13 жүкті және бала емізетін әйелдерге;
Мен алдыма қойған мақсатқа жеттім деп ойлаймын.Бүршіктің құрамында адам
ағзасына пайдалы көптеген қоспалар бар екенін аңғардым. Осы тақырып
төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымды
жүргізіп,көзбен көріп,дәлелдеуге тырыстым. Қарағай бүршігінің емдік қасиетін
зерттеп,оны өмірде қолдансақ, көптеген аурулардың алдын алуға болатынын
түсіндім.Бұл жұмыс маған қатты ұнады.Осы жұмысымды келешекте ары қарай
жалғастыру жоспарымда бар.
Қолданылған әдебиеттер
1. Ғаламтор материалдары: http://www.gulstan.kz/ Гүлстан, өсімдіктер туралы
сайт
2. Ғаламтор материалдары: Құлжабаева Г.Ә.Қылқанжапырақтылар:
Дидактикалық материал Алматы, 2010 14 б. ISBN 9786017237073
3. Ғаламтор материалдары: http://medtravi.com/travyirasteniya/sosnovyeshishki
vnarodnojmeditsine.html
4. Ғаламтор материалдары: http://www.wday.ru/domeda/soh/sosnovyieshishki
prirodnyiylekarsostarodavnihvremen/
5. Ғаламтор материалдары: http://zdravotvet.ru/pochemupomogayutsosnovye
shishkiotinsultalechenienastojkojiotvarom/
6. Ғаламтор материалдары: https://kk.wikipedia.org/wiki/ Уикипедия — ашық
энциклопедиясынан алынған мәлімет
7. Ормандар «Балаларға арналған танымдық энциклопедия»Алматы: «Аруна»
баспасы
8. «Берекелі дастархан» журналы №6 (9)наурыз 2013
14 Қосымша
15 Тау( веймутов) қарағайы Самырсын (Сібір) қарағайы
Пинус қарағайы (крючковатая) Қырым қарағайы
16 Румелийск қарағайы
Балқарағай
17 Шверин қарағай
Мужская шишка аталық бүршік
Женская шишка аналық бүршік
Молодая женская шишка жасыл аналық бүршік
18 Зрелая женская шишка жетілген аналық бүршік
19 Сауалнама нәтижесі
табиғатта
медицинада
қолөнерде
Біздің қаламызда өсіп тұрған қарағай ағаштары
20 21 22 23 24 25
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.