қысқа мерзімді жоспар_10_физика_ОГН_магнит өрісі_Ампер күші

  • docx
  • 08.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала қысқа мерзімді жоспар_10_физика_ОГН_магнит өрісі_Ампер күші.docx

 

Мектеп:

 

4.1 Магнит өрісі

 

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:10

Күні:

 

Оқушы саны:

Қатыспағандар саны:

 

 

Сабақ тақырыбы:

Магнит өрісі. Ампер күші

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 10.4.1.2 – сол қол ережесін қолдану және магнит өрісінің тогы бар өткізгіш пен қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге әсерін сипаттау

 

Бағалау  критерийлері

  • магнит өрісінің күштік сипаттамасының бағытын және мәнін анықтайды;
  • магнит индукция векторының өлшем бірлігін ХБЖ-де өрнектейді;
  • сол қол ережесін қолданады және сипаттайды;
  • Ампер  күшінің бағытын және мәнін анықтайды;

 

Тілдік  мақсат

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

магнит өрісі, тұрақты магнит, магнит индукция векторы, магнит тілшесі, солтүстік полюс, оңтүстік полюс, тогы бар түзу өткізгіш, Ампер гипотезасы, Ампер күші, сол қол ережесі, бұрғы ережесі, магнит өрісінің күш сызықтары

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Магнит өрісін тудыратын:   ... және ...

Бағыттас тогы бар өткізгіштер ....

Қарама-қарсы тогы бар өткізгіштер ...

Атомдағы қозғалыстағы электрондар  .... тудырады

Бағыттас токтар тудыратын магнит өрістері ... (күшейеді), ал қарам-қарсы болса,  ...

Аттас полюстер ..., әр аттас полюстер ....

Магнит өрісі  -   ...  өріс, себебі магнит өрісінің күш сызықтары ... .

Шартты түрде күш сызықтары  ... полюстен кіріп,  ... полюстен шығады деп қабылданған.

Магнит өрісінің күш сызықтары деп кеңістіктің кез-келген нүктесіне жүргізілген ...  осы нүктедегі ...  .... векторымен сәйкес келетін сызықтарды айтады.

Магнит өрісіндегі ұзындығы 1м, бойында 1А өткізгішке әрекет етуші күш 1Н-ғ а тең екенін көрсететін физикалық шама-  м.и.в.

Индукция векторының өлшем бірлігі – Тесла.

 

Құндылықтарды дарыту

ü  Оқушылардың белсенділігін арттыру;

ü  Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;

ü  Коммуникативтік дағдысын жетілдіру

ü  Математикалық сауаттылығын дамыту

 

Пәнаралық байланыстар

Математика (тура тәуелділік),  химия(атом құрылысы)

 

АКТ қолдану дағдылары

Презентация Power Point, сайттар: классная физика; bilimland.kz

 

Бастапқы білім

 

8-сыныптан магнит өрісі, жердің магнит өрісі, магниттік әрекеттесулер жайлы, токтың магниттік әрекеті туралы білімдері бар. Эрстед тәжірибесін білулері керек.

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 

1-2 минут

 

 

3-5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-7 минут

 

 

 

 

 

15-18 минут

 

 

 

 

 

 І. Ұйымдастыру: сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін талдау

ІІЖаңа материалды меңгеру

Демонстрация-1: магниттердің әрекеттесуі

Демонстрация-2: Эрстед тәжірибесі (презентация көмегімен  немесе бейнематериал қолдануға болады)

Оқушыларға сұрақ: неліктен магнит тілшесі тогы бар өткізгіш маңында бұрылады және неліктен магниттер әрекеттеседі?

Демонстрация -3: тогы бар өткізгіштердің әрекеттесуі

  • бағыттас токтар
  • қарама-қарсы токтар

Проблемалық сұрақ:

  1. Мына әрекеттесулердің табиғаттары бірдей ме: а) магниттердің өзара әрекеттесуі; б)  магниттің тогы бар өткізгішпен әрекеттесуі; с) тогы бар өткізгіштердің бір-бірімен әрекеттесуі.
  2. Неліктен өткізгіштердегі токтар бағыттас болғанда тартылады, қарама-қарсы болғанда тебіледі?

Оқушылардың өзара талдау жасайды, түсіндіреді

 

 

Жіңішке фольга (өткізгіш орына), жалғағыш сымдар, ток көзі, кілт, штатив, магнит тілше, жолақ магниттер

 

ІІІ. http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10870

1.       Сайт бейнематериалмен танысып, талданады

2.       Сайттағы онлайн тапсырмаларды орындалады

3.       Ампер гипотезасын пайдаланып, заттың магниттік қасиетке ие болу себебі түсіндіріледі

4.       Магнит полюстерін анықтауға тапсырма (қосымша-1)

 

IV. Магнит өрісі, қасиеттері

  1. Электр өрісі мен магнит өрісінің айырмашылығы мен ұқсастығын сипаттауға оқушыларға ұсыныс жасалады, оқушылар пікірі тыңдалады.

Презентациямен жұмыс:

  1. Магнит өрісінің тогы бар өткізгіщке әсері
  2. Магнит индукция векторы, бағыты мен мәні

Магнит өрісінің күштік сипаттамасын бақылауға практикалық тапсырма  (Pasco күш сенсоры, скрепкалар, өткізгіш сым)

  1. Күш сызықтары, оң бұрғы ережесі, біртекті және біртекті емес магнит өрісі
  2. Ампер күші, формуласы
  3. Сол қол ережесі
  4. Бейнематериал «сол қол ережесін қолдану» https://www.youtube.com/watch?v=8li1Vp8vLaI
  5. Ампер күшінің қолданылуы

 

Презентациямен жұмыс

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10870

 

 

 

 

 

 

 

5-6 минут

 

VІ. Бекіту тапсырмалары (презентацияда)

№1.

 

 

 

1-2 минут

VІI. Үйге тапсырма беру:  №3.300-3.305

VII. Рефлексия, бағалау

С.Тұяқбаев, есептер жинағы

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

 

1.       Демонстрацияларды талдау, нәтижелері мен себептерін түсіндіру

2.       Өз бетімен орындауға арналған тапсырмаларды толық орындау

1.       Тапсырмалар орындау кезінде қосымша сұрақтар қою, оқушылар өзара түсіндіру кезінде бір-біріне сұрақтар қоюы

2.       Магнит полюстерін, магнит индукциясы мен күш бағытын анықтауға арналған тапсырмаларды толық орындап, түсіндіре алуы керек

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді  іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары  

 

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша -1

Суретте берілген магнит жолақтарының полюстерін анықтаңыздар:

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                           


 

Скачано с www.znanio.ru