КЕЛІСІЛДІ
Колледж әдіскері
______Молдакулова М.К.
«___»___________2011ж.
Ұйымдастырушылар:
_____________Оразымбетова А.С.
_____________Боранбаева Г.Ү.
_____________Баймуқанова Ж.Б.
П1Б және П1В топтары
ҚАРАЛДЫ:
Топ жетекшілер төрағасы
____________ Дюсембекова А.Қ.
«______» ________________2011ж
ҚАРАЛДЫ:
“Информатика” пән бірлестігінің төрағасы: _____________ Қыдырбаева Т.А.
«______» ________________2011ж
Мынадай нақыл сөздердің елде таралуы содан болар.
1.Қыздың жолы жіңішке.
2.Қызды ауыл-қызықты ауыл.
3.Қыз бала-болашақ ана!
Қазақ елі қызды сұлулық , әдептілік және нәзіктік белгісі деп білген. Қызды сән мен әсемдіктің нышаны тұтқан. Қызды пәк махаббаттың иесі деп білген, оған дәлел кешегі өткен Қыз Жібек, Еңлік, Баян сұлулардың сүйіктілеріне деген махаббаты.
2-жүргізуші: Гүл қай заманда да екі ғашықтың арасында емеурін білдіретін, тұспал жасайтын, жүректің сөзін сөйлейтін теңдессіз қызмет атқаратын әдемілік ретінде сұлулықтың символы. Құпия сезім түсініктің құралы кім оны білмейді. Құшағы гүлге толы ару қандай әдемі!
Сен білесің бе, әр гүлдің атына байланысты өзіне тән мазмұны бар екен.
Жүргізушілер: П1В топ оқушысы Жәмие Әділет және П1Б топ оқушысы Мәтей Айгерім
П1В тобының биші қыздары
1-жүргізуші: - Иә, білем
2-жүргізуші: Мысалға, Сарғалдақ (анеион) –жалғыздық.
1-жүргізуші: Астра –бүкпе ой
2-жүргізуші: Валериан –жеңілдік
1-жүргізуші: Жасмин –құрмет
2-жүргізуші: Камелия –тектілік
1-жүргізуші: Қоңырау бас –дөрекілік
2-жүргізуші: Ландыш-бақыттың оралуы
1-жүргізуші: Лилия-айбындылық, ұлылық
2-жүргізуші: Маргаритка-сен мені сүйесің бе?
1-жүргізуші: Мимоза-ұялшақтық
2-жүргізуші: Раушан –сұлулық
1-жүргізуші: Сирень-алғашқы сезім толқуы
2-жүргізуші: Қызғалдақ- түсінісу
1-жүргізуші: Сары роза –көзге шөп салу
2-жүргізуші:
Бүгін қыз!
Жүрегі таза кірбіңсіз,
Мөлдір судай, көңілі таза кіршіксіз,Ақпанның ақ қарындай.
Кең далада жүріп жосатын
Ерке сұлу еліктің лағындай.
Бүгін-қыз
Ертең –ана,
Ұрпақ жалғар.
Махаббатпен сезімге толтырып,
Жаулап алар жігіттердің жүрегін
1-жүргізуші: Қыздар тобы би «Шашбаулым»
2-жүргізуші: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе! »-дегенде ұлы Мұхтар Әуезов, алдымен әйелдің жағдайын жаса әйелдің жағдайы түзелмей, қоғам түзелмейді дегенді меңзеді емес пе? Бұған кім құлақ асады?
Әйелдер ала қап арқалап базар кезіп кетті. Бала тәрбиесі жайына қалды. Халқымыз ежелден қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қыз бала- болашақ ана! Әрдайым анасы, ортасын ескертіп отыратын тыйым сөздер, ырымдар тәрбие құралы емес деп айта аласыз ба? Тыйым - әдеп, иба, тәрбие. Сол тыйым сөздерді кішкентайынан құлағына сіңіріп өскен жастың миында болашақ өмір бағдарламасы бастайды.
1-жүргізуші: Жасырмай айтар болсам бар сырымды,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді, - деп батыр қыздарымызды бүкіл халық әнге қосады.
Қыздарымызды бүкіл ақын ағаларымыз әнге қосса, «Қыз өмір гүлі», «Қыз өрісің», «Шешеге қарап қыз өсер», «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті жақсы», «Аяғын көріп асын іш, шешесін е қарап қызын ал» деген халық мақалдары бар.
2-жүргізуші: П1Б топ студенті Мәтей Айгерімнің орындауында «Әлия » . Қабыл алыңыздар
1-жүргізуші: Ақын Мұқағали Мақатаев «Фаризаға» өлеңінде қыздар жайлы былай деп жырлайды.
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасына қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып басым,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
2-жүргізуші: Қыздарды қызғалдаққа теңеп, қыр гүліндей жайнаған қыз бала демекші ақын Ақұштан Бақтыгереева «Сырласу» өлеңінде былай дейді.
Қызыңмен сырлассаңшы туған дала,
Қай жаққа кетемін қуғанда да?
Менің кім болғанымды қалап едің,
Қолымнан келгеніме жырлау ғана?
1-жүргізуші: Көрініс « Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада »
(Жақсы қыз бен жаман қыздың салыстырмалы түрде берілгені, жаман қыздың анасын тыңдамай өлгеннен кейін қадірін білуі)
2-жүргізуші: Осы көрініске байланысты ой – пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
(Осы көрініс жайлы оқушылардың пікірі тыңдалады.)
1-жүргізуші: Жайнатып жанымызды,
Келтіріп сәнімізді
Арнайық бас қосқанда.
Жаңа ғасырға әнімізді
2-жүргізуші: – демекші кезекті әнге берейік. П1Б топ оқушысы Мәтей Айгерімнің орындауында “Қазақ қыздары”
1-жүргізуші: Арулар әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйге таң болып атты дағы,
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
Жинамайды-ау бір шашылған шуақтарын,
Саясына келді-ау шуақтағың.
Жамандыққа қиарсың қалай ғана,
Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.
2-бөлім: «Отбасындағы қыз бала тәрбиесі»
2-жүргізуші: Енді «Отбасындағы қыз бала тәрбиесіне» кезек берсек
1-оқушы: Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, Отанын, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемеу, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен келіндері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен.
Қыз баланың тәрбиесі де ата-анаға үлкен сын. Жүн тұту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тоқу, Құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу, т.б. өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.
3-бөлім: «Қыз өмір гүлі»
1-жүргізуші: Соңғы жылдары денеге түрлі сурет салу, одан кейін теріні әр жерден тесіп, сырға тағу сәнге айнала бастады.
2-жүргізуші: Сұрақ: Пирсинг, татуаж бен кіндік жалаңаштауға қалай қарайсыз?
(Қазіргі қыздардың киім кию үрдісіне көзқарастарын тыңдау. Көрермендер өз ойларын ортаға салады.)
1-жүргізуші: Татуаж – бұл теріге салынатын сурет. Теріге түрлі- түсті бояумен сурет салынып, оны инемен піскілейді. Сонда әлгі сурет теріде мәңгілік қалып қояды.
2-жүргізуші: Ал пирсинг – бұл операцияның бір түрі. Яғни теріні тесіп, сырға тағып қояды. Қазір мұндай сырғаны қастың үстіне, мұрынның ұшына, кіндікке, бас терісі, тіпті тіліне тағатындар да бар.
1-жүргізуші: Маман дәрігерлердің айтуынша, татуаж, пирсингтің зиянды жақтары көп болып шықты. Бұл екеуі де жұқпалы ауру тудыруы мүмкін.
2-жүргізуші: Пайдасы жоқ, зияны шаш етектен, татуаж бен пирсингтен 22 түрлі ауру тарайтын көрінеді.
1-жүргізуші:
Арулар-асыл жандар, сағыныштар,
Өкініштер, құшақтар, жалыныштар...
Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,
Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар,
Арулар-аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар-тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-бірне жалғап тұрар.
2-жүргізуші: Мың бұралған қыздарымызды ортаға шақырайық. “Өзбек биі”
4-бөлім: «Махаббатсыз дүние бос
Хайуанға оны қосыңдар»
1-жүргізуші: П2К1 топ студенті Ибадулла Қазыбек өз шығармашылығынан «Сезім тұрағы»
(Қыз махаббаты жайлы үзік сыр).
2-жүргізуші: Көрініс «Қалталы махаббат па, әлде шынайы махаббат па?»
(Жігіттің қызды алдап, қалтасы қалың қыз үшін өз шынайы махаббатын таптап кеткені жайлы көрініс көрсетіледі) .
1-жүргізуші: Көрермендерге сұрақ: «Сіз қай махаббатты таңдар едіңіз?»
Көрермендер сараптамасы
Студенттер өз
шығармашылығымен
2-жүргізуші: Махаббатқа жетпейді өлең-жырдың өресі,
Махаббаттың өзі ғой өлеңдердің төресі,-деп А.С. Пушкин жырлағандай ТЗИ2 тобының оқушысы Канафиев Жасұланның орындауында «Махаббат жалыны».
5-бөлім: «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда».
1-жүргізуші:
Қыздың өз жұртындағы атаулары.
1.Бойжеткен
2.Әпке
3.Сіңілі
4.Қарындас
5.Қайынәпке
6.Қайынсіңілі
2-жүргізуші:
Қыз атауының тұрмыс құруына байланысты өзгеруі
1.Жар
2.Келін
3.Жеңге
4.Абысын
5.Апа
6.әже
1-жүргізуші: Көрініс «Ананың құдіреті »
(Мұнда келін өзінің енесінен баз кешіп, ақырында өз қателігін түсінеді, бірақ кеш болады).
Көрініске қатысушылар: Букаев Ақжан
Турахунова Балзия
2-жүргізуші: Сұрақ «Келін қандай болу керек?»
(Көрермендер сараптамасы)
1-жүргізуші: Жалғыз махаббатқа,
Жетпейді әннің өресі,
Махаббаттың өзі ғой,
Әннің асыл төресі- демекші П1Б топ оқушысы Айтмұхамед Айжанның орындауында “Жан гүлімді” қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Көрермендермен салт дәстүрге байланысты сұрақ-
жауап ойынын ойнайық.
2-жүргізуші: Ойынның шарты: Сұраққа дұрыс жауап берген
көрерменге сыйлығымыз бар.
1-жүргізуші:
1. «Бастаңғы» салтының мағынасын түсіндір.
Жауабы: Бастаңғы-үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл
жастары сол үйге жиналып ойын-сауық жасайды.
2-жүргізуші:
2. Иткөйлектің мағынасын түсіндір.
Жауабы: Иткөйлек - жас нәрестені қырқынан шығарғанда оның көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп, ит көйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. КӨЙЛЕКТІ БАЛАСЫ ЖОҚ КЕЛІНШЕКТЕР ЫРЫМ ЕТІП ҚАЛАП АЛАДЫ.
1-жүргізуші:
3. «Қырқынан шығару» салтының мағынасын
түсіндір
Қырқынан шығару - әдетте баланың туғанына 40 күн
толған соң, баланы ыдысқа 41 қасық су құйып шомылдырады.
2-жүргізуші:
3. «Жасау» салттарының мағынасын түсіндір.
Жауабы: Жасау - ұзатылған қызға берілетін қыздың ата -
анасынан дүние-мүлкі.
1-жүргізуші:
5. «Енші» салттарының мағынасын түсіндір
Енші - балалары ержетіп, жеке үй болғанда ата-анасы оған
отау тігіп, дүние-мүлік, мал береді. Мұны енші деп атайды.
2-жүргізуші: «Қыз-қылығымен» дейді атам қазақ. Қыздарымыздың инабатты, ибалы, ақылды, үлгілі, өнегелі болуы алдымен ата-анасынан, екінші білім ордасынан басталары хақ. Сондықтан қыздарымызға дұрыс тәрбие беріп, еліміздің болашағына ат салысайық
1-жүргізуші: Осымен «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» атты кешімізді аяқтаймыз, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет, сау - саламат болыңыздар!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.