Зал іші жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Ортаға орта шырша орналасқан.
(Музыка әуенімен қатарласа, қолдарына шар ұстап, балалар кіреді. Шыршаны бір- екі айналып, орындарына отырады. )
Ұлу:
Сәлеметсіздерме балалар, мен ескі жыл иесі ұлумын. Сендермен бірге жаңа жыл иесін қарсы аламын. Бірақ бүгін біздің шыршамыз жарқырамай тұр. Енді не істейміз?
(Залда жарық өшіп қалады, Жарқыраған шамы бар Фея келеді. Ол өзінің сиқырлы таяғымен шырша жарығын жандырады. Залда свет жанады.)
Фея:
Сәлеметсіздерме, балақандар. Мен сиқыршы феямын. Мен сендермен жаңа жылды қарсы алуға келдім. Шырша тойын бірге тойлаймыз. Қазір мен өзімнің жақсы көретін тамаша ертегімді айтып беремін. Ал сендер жақсылап тыңдап, қарап отырыңдар.
Фея:
« Баяғы бір заманда бір қыз болыпты.Ол үнемі басына қызыл түсті телпек киіп жүреді екен. Сол себепті ол қызды барлығы Қызыл телпек деп атап кетіпті. Бір күні қызыл телпекті анасы. «Айгөлек» балабақшасына Жаңа Жыл мерекесін қарсы алуға жібереді.
Анасы:Зал іші жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Ортаға орта шырша орналасқан.
(Музыка әуенімен қатарласа, қолдарына шар ұстап, балалар кіреді. Шыршаны бір- екі айналып, орындарына отырады. )
Ұлу:
Сәлеметсіздерме балалар, мен ескі жыл иесі ұлумын. Сендермен бірге жаңа жыл иесін қарсы аламын. Бірақ бүгін біздің шыршамыз жарқырамай тұр. Енді не істейміз?
(Залда жарық өшіп қалады, Жарқыраған шамы бар Фея келеді. Ол өзінің сиқырлы таяғымен шырша жарығын жандырады. Залда свет жанады.)
Фея:
Сәлеметсіздерме, балақандар. Мен сиқыршы феямын. Мен сендермен жаңа жылды қарсы алуға келдім. Шырша тойын бірге тойлаймыз. Қазір мен өзімнің жақсы көретін тамаша ертегімді айтып беремін. Ал сендер жақсылап тыңдап, қарап отырыңдар.
Фея:
« Баяғы бір заманда бір қыз болыпты.Ол үнемі басына қызыл түсті телпек киіп жүреді екен. Сол себепті ол қызды барлығы Қызыл телпек деп атап кетіпті. Бір күні қызыл телпекті анасы. «Айгөлек» балабақшасына Жаңа Жыл мерекесін қарсы алуға жібереді.
Анасы:
Қызыл телпектің жаңа жылғы саяхаты.
Зал іші жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Ортаға орта шырша орналасқан.
(Музыка әуенімен қатарласа, қолдарына шар ұстап, балалар кіреді. Шыршаны бір
екі айналып, орындарына отырады. )
Ұлу:
Сәлеметсіздерме балалар, мен ескі жыл иесі ұлумын. Сендермен бірге жаңа жыл иесін
қарсы аламын. Бірақ бүгін біздің шыршамыз жарқырамай тұр. Енді не істейміз?
(Залда жарық өшіп қалады, Жарқыраған шамы бар Фея келеді. Ол өзінің сиқырлы
таяғымен шырша жарығын жандырады. Залда свет жанады.)
Фея:
Сәлеметсіздерме, балақандар. Мен сиқыршы феямын. Мен сендермен жаңа жылды
қарсы алуға келдім. Шырша тойын бірге тойлаймыз. Қазір мен өзімнің жақсы көретін
тамаша ертегімді айтып беремін. Ал сендер жақсылап тыңдап, қарап отырыңдар.
Фея:
« Баяғы бір заманда бір қыз болыпты.Ол үнемі басына қызыл түсті телпек киіп
жүреді екен. Сол себепті ол қызды барлығы Қызыл телпек деп атап кетіпті. Бір күні
қызыл телпекті анасы. «Айгөлек» балабақшасына Жаңа Жыл мерекесін қарсы алуға
жібереді.
Анасы:
Қызым сен бүгін «Айгөлек» балабақшасына барып қайт. Ол жақта балалар Жаңа Жыл
мерекесін қарсы алып жатыр.
Қызыл телпек:
Жарайды ана, мен өзімнің достарыммен бірге барсам болады ма?
Анасы:
Әрине болады. Бірақ орманнан өткенде байқап жүр.
(Қызыл телпек ұялы телефонмен ормандағы достарына қоңырау соғады.)
Қызыл телпек:
Алло, Қоян сәлем. Мен Қызыл телпекпін. Сен ормандасың ба?. Сол жақта бол мен қазір
келемін. Барған соң айтамын
Фея:Сөйтіп, Қызыл телпек балабақшаға баруға дайындалады.
( Жолда Қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады.)
Қасқыр:
Қызыл телпек қайда бара жатсың?
Қызыл телпек:
Балабақшаға бара жатырмын. Жаңа жылды сол жақта қарсы аламын.
Қасқыр:
Маған сенімен баруға болады ма?
Қызыл телпек:
Жоқ болмайды. Ол жаққа тек қана менің достарым ғана барады. Ал сен менің досым
емессің.
Қасқыр:
Жарайды. Қызыл телпек, сен мына жолмен жүрсең әжеңнің үйіне тезірек жетесің.
Қызыл телпек:
Рахмет, мен кеттім. Сау болыңыз, Қасқыр.
Фея:
Осылай Қасқыр Қызыл телпекке балабақшаға баратын өте ұзақ жолды көрсетіп, өзі қысқа
жолмен аттанады. Енді, балалар, жолда қызыл телпек өзінің достарын қалай кездескенін
тамашалаңдар.
(Жолда қызыл телпектің алдынан қоян шығады)
Қызыл телпек:
Қоян, сәлем, жүр менімен балабақшаға қонаққа барайық.
Қоян:
Ой жақсы болды. Жүр кеттік. Жолда аю мен түлкіні де ерте кетейік.
(Қоян мен Қызыл телпектің алдынан Қатты бақырып жылаған қонжықты
кездестіреді. Қасында Аю мен түлкі жұбата алмай тұр екен.)
Қызыл телпек:Мына жерде не болып жатыр?
Түлкі:
Қызыл телпек келгендерің жақсы болды ғой. Қонжықты мүмкін сендер жұбата аласыңдар.
Ол бізден Жаңа жыл мерекесіне келетін Аяз ата мен ақшақардың келгенін сұрайды.
Аю:
Енді не істейміз. Оларды қайдан табамыз?
Қызыл телпек:
Қонжық, жыламашы. Мен саған сыйлық беремін. Барлықтарың менімен бірге балабақшаға
жүріңдер. Сол жақта Жаңа жылды тойлаймыз. Аяз ата да келеді.
(Барлығы қуана Қызыл телпекпен әжесінің үйіне жолға шығады, Алдарынан, аяқ
астынан Мыстан кемпір шыға келеді. Барлығы қорқып Қызыл телпектің артына
тығылады. Қоянды ғана Мыстан кемпір ұстап үлгереді)
Мыстан кемпір:
Ия, барлықтарың жиналып қайда бара жатсыңдар?
Қызыл телпек:
Айтпаймыз.
Мыстан кемпір:
Айтпасаңдар, мен қоянды тасқа айналдырып жіберемін.
Қызал телпек:
(достарына сыбырлап айтады) Мен қазір «қаштық» деген де, айтқанда, менімен бірге
жүгіре жөнеліңдер.
Қызыл телпек:
Жарайды, қасқыр мен айтамын, әуелі сіз қоянды босатыңыз.
Қызыл телпек:
Қашыңдар, достар!
(Мыстан қоянды босатады. Барлығы мыстаннан қашып кетеді. Ол ашуланғанда жарық өшіп
–жанып тұрады. Осы кезде қасқыр келеді.)
Қасқыр:Мынстан не болды сізге, соншама қатты ашуланатындай. Орманның бәрін дүркіретіп
жібердің ғой.
Мыстан:
Қызыл телпек пен оның достары мені алдап қашып кетті. Қайда бара жатқанын айтпады.
Мені ешкім ешқашан алдаған емес.
Қасқыр:
Мыстан кемпір ашуыңды бас. Олардың қайда бара жатқанын мен білемін. Қызыл телпек
мені де , өзімен бірге алып кетпеді. Сондықтан мен оған ормандағы ең ұзақ жолды сілтеп
жібердім. Ал біз екеуіміз мына қысқа жолмен жүрсек Қызыл телпектің бара жатқан
балабақшасына тезірек барамыз.
Мыстан:
Жүр тезірек. Мен оларға алдағанды көрсетемін.
Фея:
Балалар, Қасқыр мен Мыстан, Қызыл телпектің әжесіне қысқа жолмен кетеді. Ал, Қызыл
телпек достарымен бірге ұзақ жолмен жүрсе де, балабақшаға Мыстан кемпір мен
қасқырдан бұрын келіп жетеді.
Қызыл телпек:
Ой, достар, мына үлкен шыршаға қараңдар.
(Барлығы шыршаға таңырқап қалады.)
Қоян:
Ой, Қызыл телпек Мына жерде көп балалар отыр.
Аю:
Өздері қандай әдемі киімдер киіп алыпты.
Қызыл телпек:
Сәлеметсіңдерме, балалар, біз сендермен бірге Жаңа жылды қарсы алуға келдік.
Фея:
Қош келдіңдер қызыл телпек, орман тұрғындары. Біз келген қонақтарға әрқашанда
қуанамыз. Төрлетіңіздер.
Қызыл Телпек:Рахмет, балалар. Қонжық, көрдің бе, бұл жерге қазір Аяз атада келеді.
Фея:
Дұрыс айтасыңдар. Бірақ, Аяз атамен ақшақар келмей жатыр. Бізге Аяз ата мен
Ақшақарды шақыруға көмектесіңдер.
(Барлығы бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. Залға музыка әуенімен Аяз ата келеді)
Аяз ата:
Ау, амансың ба ұлдарым!
Амансың ба,қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асаулармен жарысқан,
Асау желмен жарысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Фея:
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып,
Аяз ата келіп тұр,
Ақ күпіге оянып.
Көрдің бе аяз атаны,
Аппақ екен сақалы,
Аппақ екен шапаны,
Аппақ екен мұрты да.
(Балалар Аяз атамен амандасады.)
Қызыл телпек:
Аяз ата, Ал Ақшақар біздің мерекеге келмейді ме?Аяз Ата:
Балалар, Ақшақар екеуіміз сендерге арналған сыйлықтарымызды орман ішімен алып келе
жатыр едік. Алдымыздан қатты ашуланған мыстан кемпір мен қасқыр шыға келді.
Амандасып үлгерген жоқпын, олар сыйлық тұрған шананы ұрлады да кетті. Сол
сыйлықтарды Ақшақар іздеуге кетіп еді. Келетін уақыты да болып қалды.
(Залға Ақшақар, сыйлықтар салынған шананы сүйретіп келеді)
Ақшақар:
Сәлеметсіздер ме, Менің кішкентай достарым, орман тұрғындары, келген қонақтар.
Аяз ата:
Ақшақар қызым келдің бе? Сыйлықтарды тауып алдың ба?
Ақшақар:
Ия, ата, сыйлықтарды таптым. Бірақ, Қасқыр мен Мыстан кемпір менен қашып кетті.
Фея:
Ал, балалар, Қызыл телпек , орманнан келген достар, Аяз атамыз бен Ақшақарымыз да
келді, сыйлықтарында орнында. Олай болса Жаңа шылды қарсы алу мерекемізді, шырша
тойын бір әсем әнмен бастасақ.
Ән: «Жасыл шырша»
(Барлығы қол ұстаса, шыршаны айнала ән айтады)
Ақшақар:
Ал, келіңде, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер,
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
Өлең, тақпақтар:
Түлкі:
Маған жетер ешкім жоқ,
Мен сұлумын орманда,
Кәнеки бірге таласа,Ортаға шығып , балалар,
Би билейік жараса.
Би: «Неміс полькасы»
Аю:
Түлкі жан мен балалар,
Биді бұл бір керемет,
Биледі сәнді жараса,
Менімен де, балалар,
Ойнасын ойын тамаша.
Ойын: «Түсіне қарай жинастыр»
Қоян:
Мен қоянмын, қорқақтау,
Кішкене тілім, шорқақтай,
Әнді сүйіп тыңдаймын,
Бірге айтсақ шыңдаймын.
Ән: «Аппақ қар»
(Залға музыка әуенімен Буратино кіреді.)
Буратино:
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жыл қайда ? Келмеген бе
әлі?
Фея:
Сәлеметсіңбе, Буратино. Қош келдің біздің шырша тойымызға. Көңіл күйің өте тамаша
екен. Жаңа жыл әлі келмеді. Жолда кездестірген жоқсың ба?
Буратино:
Ия, мен Жаңа жыл иесі Жыланды көрдім.Ол менен балабақшаның қайда екенін сұрады.
Мен жолды көрсетіп жібердім. Келетін уақыты да болып қалды.
Қызыл телпек:Буратино, онда жаңа жыл иесі келгенше, екеуіміз, балалармен бір әсем би билесек қалай
қарайсың.
Буратино:
Әрине, билейік. Мен билегенді өте қатты жақсы көремін.
Би: «Гномдар биі»
(Залға музыка әуенімен Мыстан кемпірмен Қасқыр келеді. Барлық кейіпкерлер шыршаның
артына тығылады.)
Мыстан кемпір:
Ап бәлем, ұсталдыңдар ма? Балабақшаға барлығың тығылып қалыпсыңдар. Бірақ біз
қасқыр екеуіміз сендерді тауып алдық.
Қасқыр:
Мыстан кемпір, бұлар өздері Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр екен.
Мыстан:
Болды. Енді мереке болмайды. Мен барлықтарыңды тасқа айналдырамын.
(Мыстан сыпырғышпен барлық кейіпкерлерді қатырып тастайды. Аяз ата ғана қатып
қалмайды.)
Аяз ата:
Әу, мыстан бұның қалай? Өзің менің отырғаныма қарамай, осындай жаман қылық
жасайсың. Қасқыр екеуің қатып тас болыңдар. Ал, қалғандары босаңдар!
(Мыстан кемпір мен Қасқыр бір орында қатып қозғалмай қалады.
Бірақ сөйлей алады.)
Мыстан кемпір:
Аяз ата, сенің сиқырың менің сиқырымнан күшті болды ғой.
Қасқыр:
Енді не істейміз?
Аяз ата:
Егер де бәрінен кешірім сұрап, енді зұлымдық жасамаймыз деп уәде берсеңдер, мен
сендерге жасаған сиқырымды алып тастаймын.Мыстан мен қасқыр:
Балалар, Қызыл телпек, орман тұрғындары, Аяз ата, Ақшақар, Фея бізді кешіріңдерші.
Енді жаман болмаймыз.
Фея:
Балалар, айтыңдаршы, кешіреміз бе?
Балалар:
Ия, кешіреміз.
Фея:
1.2.3 босаныңдар.
Мыстан кемпір мен қасқыр:
Ой,рахмет, сендерге балалар.
Ақшақар:
Барлығы жақсы аяқталды. Мыстан кемпір , Қасқыр бізбен бірге жаңа жылды қарсы алуға
қалыңдар.
Қасқыр:
Алақай, бізде мерекеге қатысатын болдық.
Фея:
Біздің, балалардың тағы бір тамаша биін қабыл алыңыздар.
Би: «Корея биі»
Ұлу:
Ал, балалар, меніңде сендермен қоштасатын уақытым келді. Жыл бойы сендермен бірге
болдым. Менімен бірге сендердің ойөрістерін өсті, бойларын да өсіп қалыпты.Көпкөп
жетістіктерге жеттіңдер.Өнерлерін тамаша екен.Ал балалар келесі кездескенше сау
сәләмәтті болыңдар.
Буратино:
Алақай, балалар,Жаңа жыл иесі Жыланды қарсы алайық.Балалар сендер жыланды
білесіндерме? Ол қандай болады? Түсі қандай, ол ұзын ба?
Жылан:Мен жаңа жылмын,
Мен бақыт жылымын
Мен жаңа күнмін,
Мен шаттық гүлімін.
Фея:
Әуеледі әніміз,
Жаңа кірді сәніміз,
Балаларды ортаға алып,
Би билейік бәріміз.
Би: «Ламбада»
Аяз Ата :
Балақандар, өздерің қандай өнерлі,ақылды, тәртіпті баласыңдар. Әрқашанда езулеріңнен
күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың
мықты болсын, әкешешелеріңнің қызығына ғана өсе беріңдер! Бізді басқа балалар күтіп
отыр, енді кетуіміз керек. Мына сендерге арналған сыйлығымды қабыл алыңдар.
(Аяз ата мен кейіпкерлер балаларға арналған сыйлықтарын таратып береді.)
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әні орындалады.
Кеш соңы бимен ұласады.