Қызым саған айтам...
Оценка 4.6

Қызым саған айтам...

Оценка 4.6
Мероприятия
doc
воспитательная работа
Взрослым
27.05.2017
Қызым саған айтам...
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі жас ертеңгі ел. Ал елдің болашағы жастың жалынында, білімнің қоржынында. Ұрпақ тәрбиесіне ежелден бей-жай қарамайтын біздің елде жастар мәселесіне байланысты талай игі істер атқарылып жатыр.Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар мен қызғалдақтай құлпырған ару қыздар! Сіздерді өткен 8 –Наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық тілеймін! Бүгінгі «Қызым, саған айтам...» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер. Жүргізуші: Ана – жүрек, жүректі құдіретте. Ана – тірек, тіректі құрметте, Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет. Ана – күнің, күніңе табынып өт, – деп жырлағым келеді. Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашары, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы екені бәрімізге белгілі. Олай болса қонақтарымызбен таныс болыңыздар: 1. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Әбдінәбиева Ғазиза Мәкешқызы 2. Көп балалы, екі қыз, үш ұл тәрбиелеп өсірген, үлгілі анамыз Боранбаева Аманкүл Мәрденқызы 3. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі Cұлтанғалиева Алима Нұрғалиқызы Жүргізуші: Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, Отанын, халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Алдымен арнайы дайындалған бейнесюжетке назар аударайық. «Қазақ қызы қайдасың?» бейнесюжет Жүргізуші: Ғазиза Мәкешқызы сізге сұрақ қойғым келіп отыр. -Бүгінгі қазақ қыздары қандай? -Қазақ неге қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген? -Ата-аналарыңыз сіздерді қалай тәрбиеледі? Жүргізуші:Осында көп балалы анамыз келіп отыр. Аманкүл Мәрденқызы -осы ұл мен қыз тәрбиесінде айырмашылық бар ма? -Тәрбиеге қалай мән бересіз? Жүргізуші: Алима Нұрғалиқызы Ауыл қыздары мен қала қыздарының арасы жер мен көктей деп жатамыз. Күн бар жерде түн бар дегендей, жақсы қыздар да бар, жаман қыздар да бар. -Айтып жатады ауыл қыздарына қарағанда қала қыздары жаман дейді, осы пікірмен қаншалықты келісесіз? -Қыздың жаман болуы неге байланысты деп ойлайсыз? Жүргізуші: Жасанды түсік жасату әйел денсаулығына орасан зиянын тигізеді. Егер түсікті 14-тегі қыз жасатып жатса, мұның жас ағзаға тигізер зардабы туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Оның ақыры түрлі гинекологиялық және қатерлі ісік ауруларына, сондай-ақ бедеулікке алып келеді. Жалпы әлемде жыл сайын 1 миллион жасөспірім қыз жүкті болып, көбі жасанды түсік жасату мен босану үстінде қайтыс болады. Себебі, мамандардың айтуынша, әлі толық жетілмеген жас ағза төтеннен киліккен салмақты көтере алмай қалады. Ғазиза Мәкешқызы -Осы Жасанды түсік туралы не айтасыз? -Мұның алдың қалай алуға болады? Ислам дінінде жасанды түсік жасатуға қатаң тыйым салынған. Қасиетті Құранда: «Біреудің жанын қимаңдар, бір адамды өлтірудің күнәсі – барлық кісіні өлтірумен тең, қиямет күні күнәсіз өлтірілген балалардың есебі сұралғанда…», – деген аяттар бар. Ол үшін, ең алдымен, жастарымызды имандылыққа, нәпсісін тыюға тәрбиелей отырып, жасанды түсік жасатудың, некесіз жыныстық қатынасқа барудың өзі – ауыр күнә екендігін түсіндіру қажет. -Осыған қосатын ойларыңыз бар ма? Жүргізуші: Енді мына бейнесюжетке назар аударсақ. Жүргізуші: Заман өзгерді ме, адам өзгерді ме? Балалықтың бесігінен шықпай жатып, 14-15 жастағы қыздарымыз бала тауып жатса, оған кімді кінәлаймыз? «Дұрыс тәрбие бере алмады» деп ата-ананы ма? Бәлкім, жаһандану заманының кері ықпалынан жастарды арашалай алмай отырған қоғамды ма? Бір қарағанда, бәрінің де кінәсі бар сияқты. Бірақ, «мынау кінәлі» деп дөп басып айту қиын. Әрине, кінә тағу оңай, бірақ тығырықтан шығатын жол табу қиын. Осыған қоғам болып ат салыссақ. Деректерге сүйенсек, қазіргі кезде балалар үйі көп. Аманкүл Мәрденқызы сізге -Осының алдың қалай алуға болады? Жүргізуші: Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерiнде балдай батып, судай сiңiп кетуiн, жақсы жар, әдептi келiн, аяулы ана болуын армандайды. Қасиеттi ана қызының тәрбиелi болып өсуi үшiн жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсiредi. Аманкүл Мәрденқызы сізге -«Қызым саған айтам, келінім сен тыңды» деген қазақтың мақалы бар. Осының мағынасын қалай түсінесіз. Келіндеріңіз бар құдайға шүкір. Жүргізуші: Халқымыз “Келiннiң — аяғынан, қойшының — таяғынан” дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделiн, болашақ ұрпағына дұрыс тәлiм-тәрбие беруiн келiннiң жақсы-жаман қасиеттерiмен өлшеген. Алима Нұрғалиқызы -Өзіңізде келін болдыңыз, қазіргі қазақ келіндері қандай болу керек? -Жалпы орамал тарту, т. с. с. үрдiстердi сақтауы пiкiрлерiңiз! Ғазиза Мәкешқызы Қазақ халқы келiннiң келген жерiнде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, бiрiншiден, оның өскен ортасына байланысты десе, екiншiден, келген жерiне де байланысты деп қарайды. Осыған қалай қарайсыз? -Жақсы әйел, жақсы келін қандай болуы керек? Аманкүл Мәрденқызы Әрбір қыздың арманы – тұрмысқа шығып, бақытты отбасын құру, ата- анасының үмітін ақтап, еліне сыйлы, жақсы келін атану. Солай емес пе? Алайда үйлену оңай, үй болу қиын деген бар. Бақытқа қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтар кездеседі. Соларды жеңіп, жақсы келін атану үшін не істеу керек? Жүргізуші: Қазақ келіні! Осы бір сөзді естігенде кім-кімнің де көз алдына бүрмелі көйлегі, зерлі бешпенті, төгілдіре тартқан орамалы тал бойына жарасып, имене үлбіреген келіншек келері сөзсіз. Келіндерінің үйде отбасының берекесі, өмірлік қосағының аяулы жары, балаларының абзал анасы болуымен қатар, түзде білімі мен білігінің арқасында беделді қызметкер екендігін көрсете білді. Мына бейнесюжетке назар аударайық Жүргізуші: Қазақ – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық, сондықтан да ешқашан жетімін жылатып, жесірін қаңғытпаған еді. Қарттар үйі, жетімдер интернаты деген ұғымдар қазақ қоғамы үшін жат болатын. Елімізде ежелде қазақ «қазына» деп есептеген қарияларымыздың көпшілігі қалған аз ғана өмірін қарттар үйінде өткізуде. Бұл жанды тітіркендірер, жүректі ауыртар жаман үрдіс ежелде қазақта, түркі халықтарында болмаған. Бәрінен өкініштісі, елімізде қариялар үйінде баласы жоқ не болмаса балалары өмірден озып, сол себепті де осында түскен әже-аталарымыздан гөрі бес-алты ұл-қызы бар қазақтың қариялары көп екен. Бұл— әрине, қорқынышты факт. Ғазиза Мәкешқызы -Қаншама қара көздерміздің әке-шешесін қарттар үйіне апарып тастауына не себепші? -Оған кім кінәлі? Аманкүл Мәрденқызы - Қарттайған әке-шешесін қарттар үйіне тапсырғандарды кешіре аламыз ба? Алима Нұрғалиқызы - Қазіргі адамдардың құндылықтарын өзгерткен нарық заманы ма, әлде қоғам ба? Әлде мүмкін қызмет, жұмыс деп жүріп өз баласына дұрыс ұлттық тәрбие бере алмаған ата-ананың өзі кінәлі ме? (Халық «не ексең, соны орасың» деп бекер айтпаған болар). Жүргізуші: Тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін дегендей жалпы келіндер қандай болу керек. Жалпылама бір-бір ауыз сөз айтып өтсеңіздер. Жүргізуші: Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған Бүкіл әлем аналардың үмітінен тараған Әлемде сен болмасаң осылайша Бар ма еді жүрегімде биік мақсат игі арман?! – дей отырып УА2К топ студенті Мәлік Назеркенің орындауында «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар. Жүргізуші: «Қыз-қылығымен» дейді атам қазақ. Қыздарымыздың инабатты, ибалы, ақылды, үлгілі, өнегелі болуы алдымен ата-анасынан, екінші білім ордасынан басталары хақ. Сондықтан қыздарымызға дұрыс тәрбие беріп, еліміздің болашағына ат салысайық дегім келеді. «Қуыс үйден құр шықпа» дегендей қонақтарымызға «Орамал тон болмайды, жол болады» деп марапатымызды берсек. Бізге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рақмет. Осындағы ару қыздарымыз қызықты біраз мағлұмат алды деген ойдамыз. Су жорғадай жыр жазсам төгілдіріп, Оқырманды алам-ау егілдіріп. Ақ қағазға тізілген маржан сөздер, Ақтарылған жан сырым мөлдір, тұнық- дегендей, «Қызым саған айтам» атты дөңгелек үстеліміз де өз мәресіне жетті. Қуанышты күндерде жүздескенше сау-саламатта болыңыздар.
Кызым саган айтам ... 1.doc
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Алматы қаласы  Білім басқармасы МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»   Бекітемін Директордың тәрбие  жұмысы жөніндегі  орынбасары _________ Қ. Якенова ________   2017 жыл    «Қыз елдің көркі» бағдарлама аясында өткізілетін          «Қызым саған айтам...» тақырыбында дөңгелек үстел                                             (1­3 курс қыздар арасында) Ү.112 СМЖ.  АМПК КСТ 13 1 Басылым Келісілді Топ кураторының  әдістемелік  бірлестігінің меңгерушісі  ____________А. Дюсембекова  _____________2017 жыл   Ұйымдастырушылар: «Қыз –елдің көркі» бағдарламасының жетекшісі: ______________А. Оразымбетова ______________Г. Боранбаева ______________Б. Даулбаева Ү.112 СМЖ.  АМПК КСТ 13 1 Басылым Мақсаты: Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат­ міндеттердің  ең бастысы ­ өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты да саналы  ұрпақ тәрбиелеу.      Бүгінгі жас ертеңгі ел. Ал елдің болашағы жастың жалынында, білімнің  қоржынында. Ұрпақ тәрбиесіне ежелден бей­жай қарамайтын біздің елде жастар  мәселесіне байланысты талай игі істер атқарылып жатыр.        Білімділік –қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік,  көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан­жақты ұлттық  қасиеттерін таныта білу;       Дамытушылық­ оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін  дамыта оқыту;       Тәрбиелік­ қазақ халқының әдет­ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән  қасиеттерді бойына сіңіру.  Әрбір қыз бала­болашақ келін, отбасының ұйтқысы. Қыз баланы тәрбиелеу деген сөз­ ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі­өнеге көрген қыз бала  келін болғанда да сол әдетін сақтайды.        Көрнекілігі: Microsoft Power Point программасында безендірілген презентация,  яғни слайдтар, бейнесюжеттер, интерактивті тақта.                   Ү.112 СМЖ.  АМПК КСТ 13 1 Басылым «Қызым, саған айтам...» (дөңгелек үстел) Жүргізуші:   Армысыздар, құрметті ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар мен  қызғалдақтай құлпырған ару қыздар! Сіздерді өткен 8 –Наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге жұмыстарыңызға  шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық тілеймін! Бүгінгі «Қызым, саған айтам...»  атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер. Ү.112 СМЖ.  АМПК КСТ 13 1 Басылым Жүргізуші:    Ана – жүрек, жүректі құдіретте.                         Ана – тірек, тіректі құрметте,                         Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.                         Ана – күнің, күніңе табынып өт, – деп жырлағым келеді. Ана – әрбір  адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашары, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін  беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы екені бәрімізге белгілі. Олай болса  қонақтарымызбен таныс болыңыздар: 1. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі, М. Әуезов атындағы Қазақ  мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Әбдінәбиева Ғазиза  Мәкешқызы 2. Көп балалы, екі қыз, үш ұл тәрбиелеп өсірген,  үлгілі анамыз Боранбаева Аманкүл  Мәрденқызы  3. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі  Cұлтанғалиева Алима Нұрғалиқызы  Жүргізуші: Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады.   Сондықтан әрбір қыз балаға ата­анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді  үйретсе, болашақта одан елін, жерін, Отанын, халқын сүйетін,өз шаңырағын  ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік  ару шығары сөзсіз. Алдымен арнайы дайындалған бейнесюжетке назар аударайық. «Қазақ қызы қайдасың?» бейнесюжет Жүргізуші: Ғазиза Мәкешқызы сізге сұрақ қойғым келіп отыр.  ­Бүгінгі қазақ қыздары қандай?  ­Қазақ неге қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген? ­Ата­аналарыңыз сіздерді қалай тәрбиеледі? Жүргізуші:Осында көп балалы анамыз келіп отыр. Аманкүл Мәрденқызы  ­осы ұл мен қыз тәрбиесінде айырмашылық бар ма?  ­Тәрбиеге қалай мән бересіз? Жүргізуші: Алима Нұрғалиқызы Ауыл қыздары мен қала қыздарының арасы жер мен көктей деп жатамыз. Күн бар жерде түн бар дегендей, жақсы қыздар да бар, жаман  қыздар да бар.  Ү.112 СМЖ.  АМПК КСТ 13 1 Басылым ­Айтып жатады ауыл қыздарына қарағанда қала қыздары жаман дейді, осы пікірмен  қаншалықты келісесіз?  ­Қыздың жаман болуы неге байланысты деп ойлайсыз? Жүргізуші: Жасанды түсік жасату әйел денсаулығына орасан зиянын тигізеді. Егер  түсікті 14­тегі қыз жасатып жатса, мұның жас ағзаға тигізер зардабы туралы  ойлаудың өзі қорқынышты. Оның ақыры түрлі гинекологиялық және қатерлі ісік  ауруларына, сондай­ақ бедеулікке алып келеді. Жалпы әлемде жыл сайын 1 миллион  жасөспірім қыз жүкті болып, көбі жасанды түсік жасату мен босану үстінде қайтыс  болады. Себебі, мамандардың айтуынша, әлі толық жетілмеген жас ағза төтеннен  киліккен салмақты көтере алмай қалады. Ғазиза Мәкешқызы  ­Осы Жасанды түсік туралы не айтасыз?  ­Мұның алдың қалай алуға болады?         Ислам дінінде жасанды түсік жасатуға қатаң тыйым салынған. Қасиетті  Құранда: «Біреудің жанын қимаңдар, бір адамды өлтірудің күнәсі – барлық кісіні  өлтірумен тең, қиямет күні күнәсіз өлтірілген балалардың есебі сұралғанда…», –  деген аяттар бар. Ол үшін, ең алдымен, жастарымызды имандылыққа, нәпсісін тыюға  тәрбиелей отырып,  жасанды түсік жасатудың,  некесіз жыныстық қатынасқа барудың өзі – ауыр күнә екендігін түсіндіру қажет.  ­Осыған қосатын ойларыңыз бар ма? Жүргізуші: Енді мына бейнесюжетке назар аударсақ. Жүргізуші: Заман өзгерді ме, адам өзгерді ме? Балалықтың бесігінен шықпай жатып, 14­15 жастағы қыздарымыз бала тауып жатса, оған кімді кінәлаймыз? «Дұрыс тәрбие  бере алмады» деп ата­ананы ма? Бәлкім, жаһандану заманының кері ықпалынан  жастарды арашалай алмай отырған қоғамды ма? Бір қарағанда, бәрінің де кінәсі бар  сияқты. Бірақ, «мынау кінәлі» деп дөп басып айту қиын. Әрине, кінә тағу оңай, бірақ  тығырықтан шығатын жол табу қиын. Осыған қоғам болып ат салыссақ. Деректерге  сүйенсек, қазіргі кезде балалар үйі көп. Аманкүл Мәрденқызы сізге ­Осының алдың қалай алуға болады?  Ү.112 СМЖ.  АМПК КСТ 13 1 Басылым Жүргізуші: Қай ата­ананы алсақ та, қызының ертең барған жерiнде балдай  батып,  судай сiңiп  кетуiн, жақсы жар, әдептi келiн, аяулы ана болуын армандайды. Қасиеттi ана қызының тәрбиелi болып өсуi үшiн жасынан ақ шашты қарияның алдынан  аттатпай өсiредi. Аманкүл Мәрденқызы сізге ­«Қызым саған айтам, келінім сен тыңды» деген қазақтың мақалы бар. Осының  мағынасын қалай түсінесіз. Келіндеріңіз бар құдайға шүкір. Жүргізуші: Халқымыз “Келiннiң — аяғынан, қойшының — таяғынан” дегенде, жаңа  отаудың береке­құтын, ағайын­туыс, ауыл арасындағы беделiн, болашақ ұрпағына  дұрыс тәлiм­тәрбие беруiн келiннiң жақсы­жаман қасиеттерiмен өлшеген. Алима  Нұрғалиқызы  ­Өзіңізде келін болдыңыз, қазіргі қазақ келіндері қандай болу керек?  ­Жалпы орамал тарту, т. с. с. үрдiстердi сақтауы пiкiрлерiңiз! Ғазиза Мәкешқызы     Қазақ халқы келiннiң келген жерiнде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы,  бiрiншiден, оның өскен ортасына байланысты десе, екiншiден, келген жерiне де  байланысты деп қарайды. Осыған қалай қарайсыз? ­Жақсы әйел, жақсы келін қандай болуы керек? Ү.112 СМЖ.  АМПК КСТ 13 1 Басылым Аманкүл Мәрденқызы     Әрбір қыздың арманы – тұрмысқа шығып, бақытты отбасын құру, ата­ анасының  үмітін ақтап, еліне сыйлы, жақсы келін атану. Солай емес пе?  Алайда үйлену оңай,  үй болу қиын деген бар. Бақытқа қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтар  кездеседі. Соларды жеңіп, жақсы келін атану үшін не істеу керек? Жүргізуші: Қазақ келіні! Осы бір сөзді естігенде кім­кімнің де көз алдына бүрмелі  көйлегі, зерлі бешпенті, төгілдіре тартқан орамалы тал бойына жарасып, имене  үлбіреген келіншек келері сөзсіз. Келіндерінің үйде отбасының берекесі, өмірлік  қосағының аяулы жары, балаларының абзал анасы болуымен қатар, түзде білімі мен  білігінің арқасында беделді қызметкер екендігін көрсете білді. Мына бейнесюжетке назар аударайық Жүргізуші: Қазақ – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық, сондықтан  да  ешқашан  жетімін  жылатып, жесірін қаңғытпаған еді. Қарттар үйі, жетімдер  интернаты деген ұғымдар қазақ қоғамы үшін жат болатын. Елімізде ежелде қазақ  «қазына» деп есептеген қарияларымыздың көпшілігі қалған аз ғана өмірін қарттар  үйінде өткізуде. Бұл жанды тітіркендірер, жүректі ауыртар жаман үрдіс ежелде  қазақта, түркі халықтарында болмаған. Бәрінен өкініштісі, елімізде қариялар үйінде  баласы жоқ не болмаса балалары өмірден озып, сол себепті де осында түскен әже­ аталарымыздан гөрі бес­алты ұл­қызы бар қазақтың қариялары көп екен.  Бұл—  әрине, қорқынышты факт. Ғазиза Мәкешқызы ­Қаншама   қара   көздерміздің әке­шешесін   қарттар үйіне апарып   тастауына не себепші? ­Оған кім кінәлі? Аманкүл Мәрденқызы ­ Қарттайған әке­шешесін қарттар  үйіне тапсырғандарды кешіре аламыз ба? Алима Нұрғалиқызы  ­ Қазіргі адамдардың құндылықтарын  өзгерткен нарық заманы ма, әлде қоғам ба? Әлде мүмкін   қызмет,   жұмыс деп   жүріп өз   баласына   дұрыс ұлттық   тәрбие   бере алмаған ата­ананың   өзі кінәлі   ме?   (Халық «не   ексең,   соны   орасың»   деп   бекер айтпаған болар). Жүргізуші:    Тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін дегендей жалпы келіндер қандай болу керек. Жалпылама бір­бір ауыз сөз айтып өтсеңіздер. Жүргізуші:   Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған                          Бүкіл әлем аналардың үмітінен тараған                         Әлемде сен болмасаң осылайша                        Бар ма еді жүрегімде биік мақсат игі арман?! – дей отырып УА2К топ  студенті Мәлік Назеркенің орындауында «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар. Ү.112 СМЖ.  АМПК КСТ 13 1 Басылым Жүргізуші:   «Қыз­қылығымен» дейді атам қазақ.  Қыздарымыздың инабатты, ибалы, ақылды, үлгілі, өнегелі болуы алдымен ата­анасынан, екінші білім ордасынан   басталары хақ. Сондықтан қыздарымызға дұрыс тәрбие беріп, еліміздің болашағына  ат салысайық дегім келеді.  «Қуыс үйден құр шықпа» дегендей қонақтарымызға   «Орамал тон болмайды, жол болады» деп марапатымызды берсек. Бізге алтын  уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рақмет. Осындағы ару қыздарымыз қызықты  біраз мағлұмат алды деген ойдамыз.                          Су жорғадай жыр жазсам төгілдіріп,                         Оқырманды алам­ау егілдіріп.                         Ақ қағазға тізілген маржан сөздер,                         Ақтарылған жан сырым мөлдір, тұнық­ дегендей, «Қызым саған  айтам» атты дөңгелек үстеліміз де өз мәресіне жетті. Қуанышты күндерде  жүздескенше сау­саламатта болыңыздар.   Ү.112 СМЖ.  АМПК КСТ 13 1 Басылым Ү.112 СМЖ.  АМПК КСТ 13 1 Басылым

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...

Қызым саған айтам...
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.05.2017