Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі
Оценка 4.9

Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі

Оценка 4.9
Документация
docx
воспитательная работа
Взрослым
02.04.2019
Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі
Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі. Мұғалімнің кәсіби қызметін арттыруға көмектеседі. Жаңартылған білім бойынша жаңа технологияларды пайдалану. Жаңартылыған білімді оқушыларға тереңірек беру мен білім беру саласын арттыру. Көбінесе оқушыларға өз беттерімен білімдерін арттырып ізденіуге үлесі мол. Оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыс болып тұрады.
Публикация ӨЗ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ- ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІ.docx
Бейбиткызы Гулдари «Озерный негізгі мектебі» ММ Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы  ӨЗ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ­ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІ «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» .         М.Әуезов         Елімізде   соңғы   жылдардан   бері   білім   саласында жаңартылған   білім   мазмұнын   енгізу   үдерісі   жүріп   жатыр. Қазіргі кезде мектептерде оқыту мен тәрбиелеу барысында осы үдеріс жүзеге асырылуда. Жаңа бастамалар ретінде білім беру   салалары   жаңа   бағдарламалармен   жұмыс   жасау басталып   та   кетті.   Оқу   бағдарламалардың   мазмұнында өзгерістер   заман   талабына   сәйкес   өзгертілді.   Осыған байланысты     әр   пәнді   оқытуда   жаңа   идеяларды   орынды қолданудың     тиімді   жолдарын   іздеп   табу   мәселесі   қолға алынды.   Жаңартылған білім мазмұнын еңгізу үшін ұстаз өз білімін үнемі жетілдіріп тұруы міндетті.     Ахмет   Байтұрсынұлының     мына   бір   сөзі   бізді ойландыру   керек   сияқты:   «Балам»   деген   жұрт   болмаса; «Жұртым»   дейтін   бала   қайдан   болсын?».   Ол   үшін жастарымызға   жақсы   тәрбие   берумен   қатар,   сапалы   білім беру­  әр педагогтің алға қойған бағдар жолы.      Мен біраз жылдан  бері қазақ тілін оқытып келемін. Көп мәселелелерді зерттеп, көңілге түйемін. Менің ойымша, сабақтың   қызықты   да   сапалы   болуы   мұғалімнің   біліктілігі мен   әдістемелік   шеберлігіне   тікелей   байланысты.     Ал біліктілік пен шеберлікті шыңдау үшін мұғалім әрдайым өз біліктілігін   жетілдіріп,   заман   талабына   сай   өзгеріп   отыруы тиіс.  Өз біліктілігін жетілдіру  дегеніміз не?  Бұл педагогтің өз   бетінше   жаңа   педагогикалық     құндылықтарды   меңгеріп, жаңа қызметінде   Педагогтің   өз   білімін шығармашылықпен   қолдануы.   педагогикалық     әдіс­тәсілдерді жетілдіруі   білім   саласындағы   өзгерістермен   тікелей байланысты,   себебі   оқыту   үдерісінде   жаңа   бағдарламалар, оқулықтар,   нормативтік   құжаттар   пайда   болады.   Бұл қоғамның дамуының нәтижесі деп түсінуге болады, ал білім ­қоғам   өмірінің   бір   бөлшегі.   Педагог   оқу   орнынан   алған білім,   дағдысымен   шектелмей,   оларды   өзгертіп,   жаңартып отыруы   қажет.   Әрқашан   өзін   жетілдіріп   отыратын   педагог жеке   тұлға   ретінде   дамып,   оқушының   жеке   тұлғалық қасиеттерін   дамыта   алады.   Өзін­өзі   жетілу   нәтижесінде шәкірттерінде   болатын     алдын   –ала түсініп,   оларды   болдырмау   жолын   іздейді   және   оларды стандарттан   тыс   шешім   қабылдауға  ,  әр   түрлі   мәселелерді шешуге   үйретеді.  Ұстаз   өз   білімін   жетілдіру     үшін   қандай тақырып таңдаса да , оның кәсіби­ тұлғалық дамуына әсерін тигізетіндей нәтижелі болуы – негізгі шарт.   қиыншылықтарды   Өз   білімін   жетілдіру   нәтижелі   болу   үшін   мынадай жағдайлар қажет: 1.   Педагогтің   өз   білімін   жетілдіруіне,   жеке   тұлға ретінде дамуына қажеттілік тууы; 3.   Өз   бетімен   алған   білімін   практикалық   тұрғыда қолдана білуі;  2.   Педагог   өзін­өзі   тану   тәсілдерін   меңгеріп,   өз тәжірибесін талдауы; 4. Өзін­өзі және педагогикалық қызметін бағалауы.      Өз білімін жетілдіру бойынша педагог   қызметінің өнімі   ретінде       педагогтің   жаңа   әдіс­тәсілдерді   оқу   мен тәрбиеде   кеңінен   қолдануы,   көрнекі   құралдарды   жасап шығаруы,   презентациялар     мен   слайдтар   жасауы,     оқыту сапасының   жоғарылауы     саналады.   Сонымен   қатар, баянадамалар   дайындау,   көрмелер,   семинарлар,   сынып­ шеберін   өткізу,   авторлық бағдарламалар   шығару,   өз   тәжірибесімен   бөлісуі   сияқты жұмыс түрлері жатады. Өз білімін жетілдіруді ұйымдастыру үшін педагог біліктікті жетілдіру курстарын өтіп, қашықтық семинарларға,   сайыстарға,   байқауларға   қатыстып   тұруы міндетті түрде қажет.    әдістемелік   құралдар, Өз   білімін   жетілдіру   үшін   педагог   мынадай ұйымдастыру кезеңін өтеді: 1   Өз   бетімен   білім   алумақсатын,   міндетін,   бағытын таңдауы; 2 Ақпараттық көздер тізімін жасау; 3 Өз бетімен білім алу тәсілдерін таңдау; 4 Өз бетімен білім алу нәтижесін анықтау; 5 Педагогикалық қызметіне талдау жасап, бағалау және есеп беру; Педагог   қызметінің   нәтижесі­   оның   алған   жемісі. Белгілі   бір   мерзім   бойынша   мұғалым   өз   білімін   жетілдіру жоспарында неге қол жеткізгені жөнінде тізім жасайды. Оған педагогтің   пәні   бойынша   сапалық   пайызды   жоғарылатуы, оқулықтар,   көрнекі   құралдар,   бағдарламалар   құрастырып зерттеулер жүргізуі жатады. Электрондық түрде тесттік тапсырмалар, электрондық сабақтар,   баяндамалары,   семинарларға,   конференцияларға қатысуы, өз тәрірибесімен бөлісуі сияқты жұмыстар да сол тізімге жазылады. Өз   бетімен   білім   алу   нәтижесі   ретінде   пән   бойынша   өзімнің   жеке сапалық   пайыздың   жоғарылауын,   республикалық оқушыларымның   аудандық, сайыстардан,   олимпиадалардан   алған   жүлделі   орындарын есептеймін.   Соңғы   жылдары     қазақ   тілі   пәнінен   сапалық пайыз   айтарлықтай     2015   жылы «Шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын   дамыту»   атты   әдістемелік   құралын   жасап шығардым.    жоғарылады.   облыстық,   Педагогтің   өз   бетімен   білім   алу   пәрмендігінің көрсеткіші –оның оқу­ тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруы мен кәсіби – санаттық өсуі.                 Жай мұғалім хабарлайды,                 Жақсы мұғалім түсіндіреді,  Керемет мұғалім көрсетеді.   Ұлы   мұғалім   шабыттандырады,   ­деп   айтқандай   өз нақыл   сөздерінде   ағылшын   ағартушысы   Уильям   Уорд, шәкірттеріне шабыт беретін әріптестерім  көптен­көп болсын демекпін. Қолданылған әдебиеттер: 1. Электронды педагогикалық сөздік 2. Ұлағат.  Сүлейманов Б.Ж. Алматы. «Құс жолы», 2002 . 3. Қазақтың тәлім тәрбиелік ой­пікір антологиясы. І том,  Алматы. “Рауан”, 1994.

Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі

Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі

Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі

Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі

Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі

Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі

Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі

Өз білімін жетілдіру - педагогтің кәсіби қызметінің негізі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.04.2019