«Зерде» интеллектуальная игра.
Оценка 4.7

«Зерде» интеллектуальная игра.

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
Взрослым
05.04.2019
«Зерде»  интеллектуальная игра.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: компьютер, экран, ұпай көрсетілген қағаздар. Барысы: Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған қауым! Бүгінгі біздің «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер! Білімменен тәнті етеді тектілер, Мұратына білім қалды жеткізер. Бар ізгілік тек біліммен алынар, Білімменен аспанға жол салынар.,- дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.
Зерде.docx
Успен ауданы Лозов ауылы «Лозов жалпы орта білім беру мектебі»                                                                                                    Дайындаған:                     Альсеитва И.Д Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойыны Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан­жақты болуға, өзіне  деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға  тәрбиелеу. Көрнекілігі: компьютер, экран, ұпай көрсетілген қағаздар. Барысы: Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған қауым! Бүгінгі біздің «Зерде» атты  интеллектуалды  ойынға қош келдіңіздер! Білімменен тәнті етеді тектілер, Мұратына білім қалды жеткізер. Бар ізгілік тек біліммен алынар, Білімменен аспанға жол салынар.,­ дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше  сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.  Ал, қанекей, келіндер, Бір­біріңе еріңдер. Біліміңді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер ­ дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.  Ойынға қатысу үшін қойылған сұрақтарға жауап беру қажет. Сайысқа  6 оқушыдан  құралған 2 топ қатысады.  Достық пен бірлікті етіп тұлға, Жеңіске жеткен едің талай сында. Қара қылды қақ жарып әділ қазым, Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық. Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрады: 1. Таныстыру 2. “ Мақал ­ сөздің мәйегі ” 3. “Сандар сыры ” 4. Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал. 5. Логикалық есептер. 6. Жазбаша сауалнама 1. Көрермен жиналған бұл тамашаға Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес Соқ қолыңды білімді жас талантқа 1­ кезең:Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін. 1­топ: 2­топ: 2. Кезең: “Мың бір мақал» Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал Сіздер сол мақалдың жалғасын  табуларыңыз қажет. Әр топқа 5 мақал ­ мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. 1­топ: Білекті бірді жығар,... Туған жердің күні де ыстық, … Еңбектің наны тәтті,... Бірлік болмай,... Туған жердей жер болмас,... 2­топ: Оқу – білім бұлағы,... Төртеу түгел болса,... Ырыс алды ­... Еңбек етсең ерінбей,... Білім қымбат,... ­ Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі. 3 – кезең «Сандар сыры» Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін  атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.  16, 1, 22, 1, 15, 9, 30 ­ Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі. 4­кезең. Логикалық есептер. 1­сұрақ:  Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2кг болады. Бір аяғымен  тұрса, онда оның массасы қандай болады?(2 кг) 2 –сұрақ: 35 санының соңғы цифрын өшірсек, ол қанша бірлікке азаяды?/32/ 3 –сұрақ:  Ауылда 3күн, 3түн боран соқты. Неше тәулік боран болды? (3 тәулік) 4 –сұрақ:   Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше  бұрыш қалады? (5 бұрыш) 5­сұрақ:  Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ) 6­сұрақ:  1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут) 5. кезең  «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешесіңдер. Шешуін 2 тілде айту  керек: орысша және қазақша  1 тілде айтсаңдар – 5 ұпай, 2 тілде айтсаңдар – 10 ұпай.  1. Қоймасын қыс ақтарып     Жерді жапты ақ мамық (қар) 2. Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ     Сурет салар адамға ұқсап (аяз) 3. Суда қалқиды     Жылыда балқиды (мұз) 4. Қалқиып 2 құлағы     Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян) 5. Ауаға шықса ауырады     Су ішінде сауығады (балық) 6. Жылт – жылт еткен     Жылғадан өткен (су) 7. Мұрны насос, кран да    Таң қаламын бұл аңға (піл) 8. Жеп көріп ем өзім мен     Жас шығарды көзімнен (пияз) 9. Қыста киімін тастайды     Көктемде киіне бастайды (ағаш) 10. Жолбарыстан аумайды      Пеш түбінде аунайды (мысық) 11. Ашылып жабылады       Әр үйден табылады (есік) 12. Бұлаңдаған құйрығы        Бір алдарлық қулығы (түлкі) 13. Желден желігеді      Судан шегінеді (от) 14. Айдалада ақ отау      Аузы, мұрны жоқ отау (жұмыртқа) Әділқазылар есептеп ең ұпай санын атайды.  6­кезең. Жазбаша сауалнама Шарты: Әр топ басшылары берілген бетшелерді таңдайды. Таңдаған тапсырмаға 8 мин дайындалады. «Зерек интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына  береміз.  Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой­өрісін,білімдерін,ептілігін сарапқа  салатын боламыз. Біреу озса сайыста,біреу артта қалады, Ренжімей тараса,озбағандар  жарады. Жарыс заңы ежелден­жеңімпазды анықтауОзат болу шарты сол­еңбектену,жалықпау. Енденше ерінбей,үнемі  ізденіс үстінде жүретін  алғыр оқушыларымыз көп болсын. Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға  рахмет!

«Зерде» интеллектуальная игра.

«Зерде»  интеллектуальная игра.

«Зерде» интеллектуальная игра.

«Зерде»  интеллектуальная игра.

«Зерде» интеллектуальная игра.

«Зерде»  интеллектуальная игра.

«Зерде» интеллектуальная игра.

«Зерде»  интеллектуальная игра.

«Зерде» интеллектуальная игра.

«Зерде»  интеллектуальная игра.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.04.2019