Жаңа технологияның тиімді әдіс -тәсілдері
Оценка 4.7

Жаңа технологияның тиімді әдіс -тәсілдері

Оценка 4.7
doc
27.12.2020
Жаңа технологияның тиімді әдіс -тәсілдері
Жаңа технологияның тиімді әдіс.doc

Жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдері арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу

Халидуллина Сауле Ибшаевна

 Оралхан Бөкей атындағы № 44  лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.



Егеменді еліміздің ертеңі болар келешек ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырып, бәсекелестікке қабілетті біліммен қаруландыру – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Елбасы халыққа жолдауында ұлттың, мемлекеттің келешегі бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты екенін нақты айта келе, бұл орайда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеп, сенім артып отырғанын ерекше атап көрсеткен. «Ел түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», деген екен алаштың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсынов. «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, қазірде мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс - тәсілдері де жаңаруда. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі таңда, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, дәстүрлі сабақтан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті тиімді пайдаланатын болса, сабақ тартымды да, тиімді болады. Мен оқушылардың білім алуына дәстүрлі сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану жетіспейтіндігін ұқтым. Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға ұстаз екені де баршаға белгілі. Қазіргі таңда оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына және талпынысына ерекше мән беріледі. Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы бар.
Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Баланың шығармашылық іс - әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Ана тілі оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін орап алатын пән екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену, сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, меңгереді. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс - әрекетке бағыттайды. Шығармашылық сабақтар әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс -әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Оқушының шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін әдіс - тәсілдерінің жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Сонда ғана оның білім алуға деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу менің алға қойған мақсатым.
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдердің бірі диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғаліммен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты олар жан -жақты ойлап, өз ойларын толықтай жеткізе біледі, ойларын дұрыс болмаса да еркін жеткізе алады, әр оқушы әртүрлі ойларын айту арқылы ортақ бір пікірге келеді.
Оқытуды бағалау (жиынтық баға) баға қою, мадақтау, оқу қорытындысын шығару. Оқыту үшін бағалау (формативті) әр топ оқушылары немесе бағалаудың түрлері бойынша бағалау. Әртүрлі крийтерилар арқылы, ым ишара арқылы, білім ағашы арқылы, смайликтер арқылы бағалауға болады.
АКТ - ны пайдалану бұл оқушыларға интербелсенді тақтамен жұмыс жасай білуге, ол арқылы сурет сала білуге, интернет желісін пайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді анық көруге, видеороликтер көруге дағдыландырады.
Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймыз, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқауға болады. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту да бұл модульмен тығыз байланыста. Көшбасшыны анықтау өткізетін кез - келген сабақта сынып оқушыларын топқа бөліп, әр топтан лидер таңдап алу. Келесі сабақта топтарды өзгертіп отыру арқылы әр сабақ сайын лидерлер шығып, оқушылар толық қамтылып шығады.
Бұл бағдарламадағы осы айтылған 7 модульді кез – келген сабақтарда барлығын дерлік қолданып шығуға болады. 
Бастауыш сынып оқушыларына жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналады. Оқушылардың тілі, ойы, еркін сөйлеуі дамиды. Және де топпен жұмыс істеу кезінде бірін - бірі тыңдай білуге үйренеді. Сонымен қатар
•Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянады;
•Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланады;
•Оқуға ынта - ықыласы артады;
•Бір - бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренеді;
•Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренеді;
•Оқушы өз жеке басын және ұжымды сыйлауды үйренеді:
Көрсетілген әдіс - тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне менің көзім толық жетеді. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты. Мен қазіргі таңда «Назарбаев Зияткерлік мектебі» бойынша курстан өтіп, одан алған білімімді өз тәжірибемде қолданудамын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу. Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. «Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш - қайратымызды жоғалтып жатқанымызды да сеземіз. Бірақ, тәжірибеде көрсеткендей, жоғары лауазымсыз да
 жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер етуге болады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз»

«Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім - дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан - мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек»Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы мен қандай нәтижелерге қол жеткіземін?

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетінің жоғарылауына;

Тақырыпты бірлесе отырып өздерінің талдай алуына;

Бір – бірімен қарым – қатынаста болуы арқылы, бір – біріне білім бере алатындығына көз жеткіземін.

Сапалы білім беруде ең алдымен, сыныпта «оқуды үйрететін» білім ортасын құру керек. Балаларға бұрынғы әдістерді сабақта пайдалану, оларды жалықтырып, сабаққа деген қызығушылықтарын да төмендетеді. Сол себептен де оқушылардың қызығушылығын оятып, ынталандырып, сабаққа түгел белсенді қатыстыру үшін сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді ұтымды, орынды және тиімді пайдаланудың маңызы ерекше зор екеніне көзім жетті. Формативті және жиынтық бағалаудың оқушылар үшін маңыздылығын түсіндім. Сонымен менің қол жеткізген жетістігіммен қатар кемшіліктерім де кездесіп отыр. Алғашқы кезде оқушыларды сыни тұрғыдан үйретуге арналған тапсырмаларым сапа жағынан төмен болды. Шығармашылық жұмыстарда оқушыларымның уақытты тиімді пайдалана алмады .Енді мен болашақта былай жұмыс жасаймын:

Алдағы уақытта заман талабына сай білім алу үшін балалардың интернет желісін пайдаланып, тақырыпты түрлі қосымша ақпарат көздерімен толықтырып ізденуіне көңіл бөлемін;

Интернет бетіндегі әр сайтты ашып уақытын бос жібермей үнемді пайдалану үшін ақпарат көздерін қай бағытта қайдан алуға болатынына сілтеме жасап отырамын;

Талантты және дарынды оқушыларға сыныптан тыс уақытта күрделі тапсырмалар беру арқылы жұмысты күшейтемін.

Оқушыларды пәнді терең түсінуіне, алған білімдерін күнделікті өмірде дұрыс пайдалана білуіне ықпал етемін;

Оқушыларға оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдердің қаншалықты ұнайтынын білгендіктен бұрынғы дәстүрлі сабақтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігін түсіндім.

Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі - осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор екеніне көзім жетті.

«Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай болмақ». Мен іс - тәжірибемді жүйелі пайдалана білсем ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауында атап көрсеткендей техника тілін жетік меңгерген, озық ойлы, жаңа Қазақстандық азамат тәрбиелейтініме кәміл сенімім мол.










Жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдері арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу

Жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдері арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу

Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру

Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру

Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймыз, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқауға болады

Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймыз, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқауға болады

Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын,…

Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын,…

Формативті және жиынтық бағалаудың оқушылар үшін маңыздылығын түсіндім

Формативті және жиынтық бағалаудың оқушылар үшін маңыздылығын түсіндім

Жаңа технологияның тиімді әдіс -тәсілдері

Жаңа технологияның тиімді әдіс -тәсілдері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.12.2020