«Жаңа жылдық ертегі»
Ересек топтарға арналған сценарий
Кейіпкерлер: Қыс Ханшайымы (жүргізуші);
Мыстан Кемпір;
Кащей;
Аяз ата;
Ақшақар.
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін! Балаларыңызбен бірге бақытты болыңдар!
Біздің: «Төрлет төрлет, жаңа жыл» ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Бақыт, шаттық, тыныштық
Тышқан жылы әкелсін бәрімізге
Еңді ортаға «Ақбота» тобының балаларын шақырамын
Қыс Ханшайымы: Жүргізуші: Балалар, шыршамыз маған ұнап тұр, әдемі безендірлген, тек шыршаның шамы жанбай тұр ғой. Осы
«Қуант бізді таңырқат,
Шырша шамын жарқырат» (Шырша шамы жанады.)
Келді міне жаңа жыл
Қарсы алайық бәріміз
Күліп ойнап, би билеп
Ән салайық бәріміз
Тамаша, ал, енді бәрінді ән шырқауға шақырамын.
Ән: «Кішкентай шыршамыз» Орындарына отырады.
Рахмет сендерге балалар, маған сендердің әндерін өте қатты ұнады. Ал, бүгінгі жаңа жылдық мерекеге тақпақ айтуға балаларымызды ортаға шақырамын. Осы шыранынң шамын бірге жағайықщы.
Арсен:Айналамда ұшып
жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.
Үстіме жалп-жалп жауады,
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы,
Ақ жібектің түріндей.
Дамина
Аяз ата ойды
қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Айзере
Аспанды бұлт тұмшалап,
Жер ақ тонын киеді.
Шұнақ аяз шымшылап,
Ақ бетімнен сүйеді.
Құлақтарын үсіткен
Шынықпаған қай бала?
Осы болар қыс деген
Айтсақ жауап жай ғана.
Султан
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Нурия
Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Ернар
Әкем
таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Айдина
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Балалардың жаңа жыл туралы тақпақтары.
Музыка әуенімен залға Мыстан Кемпір келеді.
Жүргізуші: Бізге біреу келе жатқан сияқты ғой, бұл кім екен? Мыстан Кемпір? Қайдан? Бізде Жаңа жылдық мереке...
Мыстан: Жаңа жылдық мереке, мен орманда тұрам, сондықтан, сендерге ешқандай да мереке болмайды.
Жүргізуші: Неге болмайды екен?
Мыстан: Мен өз сыпыртқыммен қарды борап, барлық жолдарды жауып тастадым, енді сендерге Аяз ата да, тіпті Ақшақарда келмейді.
Жүргізуші:: Ұялмайсың ба?
Мыстан: Жоқ, ұялмаймын. Не болыпты? Үш жүз жыл орманда тұрып бірде бір ғажайып көрген емеспін. Ал, сендер кішкентай болсандарда, сендерде бәрі бар, түсініксіз телефондар, айфон дейсіңдер ма бәрі бар... менде болса кілем самолет болып еді, оны да ұрлап кетті. Жооқ, ешқандай мерекені де көрмейсіңдер.
Жүргізуші: Мыстан Әжей, сен мейірімдірек болуын үшін саған не істеуіміз керек? Мүмкін саған, телефон сыйлаймыз?
Мыстан: Иии, оны қайтем! Менде алмасы бар ыдыс бар, ол сендердің скайптарыннан да жақсы. Оның өзінде Кощейден басқа ешкім жоқ сөйлесетін... іш пыстырарлық! Егерде сендер менің көңілімді көтергенде, бәлкім мен жұмсарып, мейірімдірек болар ма едім?!
Жүргізуші: Қ х: Мыстан Әжей, сенің келетінінді білгендей саған арнап би дайындадық!
Мыстан: Рас па?
Жүргізуші: Иә, рас!
Мыстан: Ал, мен сыған билегенді өте жақсы көрем ғой.
Жүргізуші: Мыстан әжей, сенің сүйікті сыған биінді де дайындадық. Тамашалайсыз ба?
Мыстан: Әрине!
Би:Сыған! (Балалар билеп жатқанда Кощей келіп Мыстанның сыпыртқысын алып, шыршаның артына тығылады.)
Мыстан: Ой, менің көңілімді бір көтеріп тастадыңдар ғой. Енді мен де сендерге қосылып, жаңа жыл мерекесін тойлаймын. Барып жолдарды сыпырып, тазалап келейін. Ой- ой, менің сыпыртқым қайда?
Балалар бәрі бірге Кощейді көрсетеді.
Мыстан: Бер, сыпыртқымды жүгірмек!
Кощей: Сыпыртқыны бермеймін, қарай көріңдер, мерекені тойламақшы! Қазір Аяз ата келіп мына жерді у – шу қылып жібереді. Жоқ!менсіз мерекені тойламақсыңдар ма? (Мыстан Кощейге жүгіріп, сыпыртқыны алмақшы болады, Кощей одан қашады.)
Жүргізуші: Ой, сіздер неге шулап жатсыздар? Қазір, біздің балалармен бір қызықты ойын ойнайық. Сыпыртқыны ал деп аталады.
Жүргізуші: Сендер неге шуласып жатырсыңдар. Қәне, одан да бәріміз қызықты ойын ойнайық.
Ойын: «Сыпыртқыны ал»
Ойынның шарты: Кощей шеңберде тұрып балаларға сыпыртқыны шеңбер бойымен береді. Мыстан сыпыртқыны алмақшы болып жүгіреді. Ал, балалар, шеңбер бойымен бір біріне береді. Ойынды 2-3 рет қайталауға болады. Ойынның соңында Мыстан сыпыртқысын алып, Кощейге түсіндіріп айтады.
Мыстан: Қымбатты, Кощей! Мен де сен сияқты балалардың мерекесін бұзғым келді, бірақ, мен де Аяз атаны көргім келеді, сыйлықтар алғым келеді.
Кащей: Сонда, маған да сыйлық алуға болады ма?
Жүргізуші: Әрине, бізбен бірге қалып біздің Аяз атамыздың қандай мейірімді екенің көр.
Кощей: Хм, ал мен сендермен қалғанда не істеймін?
Жүргізуші: Бізбен бірге тамаша әннің куәсі боласын!
мыствн: ал мен болсам жолды тазалап келейін
Кащей: Солай ма? Қуана- қуана тамашалағым келіп тұр!
Ән: Жаңа жыл!
Кащей: Ой, қыздар, әндерін тамаша екен, көңілім бір көтеріліп қалды ғой.
Жүргізуші: Кощей, біздің тыншылар Аяз ата мен ақшаларды іздеуге көмектеседі.
Фонарки биі!
Сыпыртқысымен Мыстан келеді.
Мыстан: Болды, жолдарды сыпырып, тазалап қойдым! Жақын арада келеді деп естідім.
Жүргізуші: мен Кощей: Кім?
Мыстан: Аяз ата!
Жүргізуші: Ал, Ақшақар ше?
Мыстан: Кім? Ақшақар... мен ондайды естіген жоқпын. Оның бізге не керегі бар?
Жүргізуші: Аяз ата Ақшақарсыз жүре алмайды, ол Аяз атаның көмекшісі.
Мыстан: Ал, мен, жарамаймын ба? Көмектескенді қатырамын ғой. Ммм?
Жүргізуші: Жоқ! Барлық бала, Аяз атаның Ақшақары біреу екенің біледі.
Мыстан: Ой, келмей қалса? Егер, орманда жоғалып кетсе ше? Өзіміз сайыс ұйымдастырып, Ақшақарды өзіміз тауып берейік. Аяз ата келгенде, көзге көрінер көрінбес Ақшақарлар болады. Тым болмаса, жәй қалжың ретінде де.
Жүргізуші: Енді қалжың ретінде болса, болады. Тек, көрінер көрінбес Ақшақарлар екеуміз боламыз.
Ойын- эстафета: «Ақшақарды сәнде»
Ойынның шарты: Балалар екі командаға бөлінеді. Кощей әр командаға Ақшақарды сәндеуге болатын қапшықтарды береді. Әр команда, қаптың ішіне қарамай Ақшақарды безендіреді. Ойынның критерийлері әр түрлі бола алады. Кім жылдам сәндеді, кімдікі шынымен Ақшақарға ұқсас, кімнің Ақшақары қызығырақ т.с.с.
Кощей: Болды, бұлай әділетсіз! Ақшақарды сендер қалжыңдап болса да тандадыңдар. Ал, мен әдеттегідей, қолынан ештене келмейтін бейбақ болдым! Кеттім, бір бұзақылық жасаймын!
Жүргізуші: Тоқта, Кощей! Қолынан ешнәрсе келмейтін бейбақ дегенің қалай? Сен бізге көмектестін ғой.
Мыстан: Таптым, Аяз ата келгенше біз балалардың тақпағын Кощейге айтып дайындалайық. Балалар, сендер Аяз Атаға арнап тақпақтар дайындадындар ма? Кощей отыр. (Кощей Аяз ата секілді отыра кетеді.)
Кащей: Сыпыртқынды берші, Аяз атаға сәлде болса ұқсап отырайын.
Балалардың тақпағы.
Алдияр
Тамаша,
тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Нурали
Аяз ата келіп
тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!
Али
Қонақтайды бақтарға
Ақ көбелек, ақ мамық.
Аунап таза ақ қарға
Балалар жүр мақтанып.
Тазартып бар, кір – шаңын
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан
Сурет салып тастады.
Еркежан
Бар баланың қонағы
Төрлет ата жоғары.
Барлық бала өзіңдей
Қашан мырза болады?
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Келді сұлу шыршамыз
Көптен күткен, сағынған.
Амира
Сылдырлайды моншағы,
Шыршамыздың мол шамы.
Жаңа жылмен жайдары
Құттықтаймыз баршаны.
Кащей: Ой, маған Аяз ата болған қатты ұнады. Бірақ, менінше қоңыраудың дыбысы естілетін сияқты.Сонымен, балалар дайынсындар ма?
Жүргізуші: Әрине, дайынбыз. Балалар, кәне, бәріміз бірге Аяз атамен Ақшақарды шақырайықшы.
Барлығы бірге: Аяз ата, Ақшақар! (3 рет)
Музыка әуенімен залға Аяз атамен Ақшақар кіреді.
Аяз ата: Амансыңба ұлдарым
Амансыңба қыздарым
Алыс жолдан қырасқан
Асулардан бел асқан
Келіп қалдым сендерге
Көптен күткен достарым.
Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар! Мені таныдындар ма? Ал, менің немерем Ақшақарды таныдындар ма? Жарайсыңдар, осы кездесуге асығыпсындар, көріп тұрмын, шыршаны да әдемі безендіріпсіндер.
Жүргізуші: Қ х: Аяз ата, бізідң балалар сені көргенше асықты, саған арнаған тамаша өлеңіміз бар, тындап көрші.
Аяз ата: Әрине, тындаймын!
Ән: Сәлемет пе, Аяз ата!
Ақшақар: Балалар, сендер сондай ақылдысындар, әдемісіндер! Сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр.
1. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
2. Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)
3. Терезеге қонады, Әсем ою ояды. (Қырау)
Ой, жарайсыңдар, балалар.
Аяз Ата: Ой, жарайсыңдар,
бәрін де ақылды екенсіңдер.
Қ Х: Аяз ата, біздің балаларымыз сізге арнап гномдар биін дайындап келді, тамашалайсыз ба?
Аяз ата: Әрине тамашалаймын.
Ақшақарлар мен Гномдар биі!
Ойын: Аяз атаның сиқырлы таяқтан астынан өт! (Пройди под посохом)
Ойынның шарты: Балалар бірінің артынан бірі тұрады. Аяз ата өзінің асатаяғын көлденең жоғары көтереді.Ол алдымен таяғын жоғары көтереді. Көңілді музыкамен балалар Аяз атаның таяғының астынан өтіп кетеді. Аяз ата ақырындап таяғын төмен түсіре береді. Кім Аяз ата таяғын тиіп кетеді?
Ойын: Сугроб!
«Оркестр» «Вальс қалжын»
Аяз ата: Балалар, сендер Аяз атаға арнап тақпақ дайындадындар ма?
Жүргізуші:: Дайындадық, Аяз ата, сен отыр, шаршаған боларсың, тақпағымызды, тында.
Мансур
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Гаухар
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Елшат
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Рамзан
Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Бәріміз бір дауыспен
Дейміз енді шыршаға:
Қуант бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат.
Айдын
Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде.
Алуа
Жаңа жылда, Жаңа жылда,
Жаңаша тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша
Аппақ біздің атамыз.
Аяз ата: Жарайсыңдар, менің кішкентай достарым. Менің сендерге арнаған тосын сыйым бар. Мен сендерге мынандай қардан аққала жасап әкелдім. Бұл аққала жәй аққала емес, сиқырлы. Ойнаймыз ба?
Ойын: Қар кесегі. Балалармен барлық кейіпкерлер аққаланы домалатады. Соңында Аяз ата аққаланы шыршаның астына домалатып жібереді. Онда балаларға арналған сыйлықтар жатады.
Аяз ата балалардың көңілің шыршаға аудартады. Балалар, қараңдаршы, мен сендерге айтып едім ғой, аққаламыз жәй емес сиқырлы деп, қарандаршы, ол бізге сыйлықтарға жол көрсетті. Міне, сыйлықтарынды алыңдар.
Барлық кейіпкерлер балаларға сыйлықтарды үлестіреді.
Аяз ата: Ал, балалар менің кететін уақытым келді. Мені өздерің сияқты басқада балалар күтіп отыр, мен соларға барайын жолымнан кешігіп қалмайын. Жаңа жыл құтты болсын қош сау болыңдар!
Ақшақар, Мыстан, Кащей: Сау болыңдар балалар!
Қ х: Жаңа жылда жаңа жыр
Жаңа көңіл, жаңа күн.
Құтты болсын, құтты болсын
Көптен күткен жаңа жыл!
Қош сау болыңдар құрметті қонақтар.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.