Жаңартылған білім беру -бүгінгі күннің басты міндеті
Оценка 4.8

Жаңартылған білім беру -бүгінгі күннің басты міндеті

Оценка 4.8
docx
30.09.2020
Жаңартылған білім беру -бүгінгі күннің басты міндеті
эссе.docx

 

 

                                   

Қостанай облысы

 Науырзым ауданы

Дәмді орта мектебі

 химия-биология пәні мұғалімі

Искакова Мендеш Кабдолловна

                                  

                                     Инклюзивті білім беру

 

ҚР білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ұйымдастырған Алматы қаласында «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында екі жетілік біліктілікті арттыру курсында дәріс алып келдім. Курс барысында республика орталығында орналасқан  ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған көру, есту қабілеті бұзылған, тірек-қимыл  аппараты бұзылған,тілінде кемістігі бар, ақыл-есі дамымаған, психологиялық дамуы тежелген балаларды оқыту мекемелеріне барып, жұмыс барысымен танысып қайттық. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру маңызды мәселелердің бірі.Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге,үйренеді.

    Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың  оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына балаларын бергісі келмеген жағдайда  жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы  психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед  мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті. 


 

Науырзым ауданы Дәмді орта мектебі химия-биология пәні мұғалімі

Науырзым ауданы Дәмді орта мектебі химия-биология пәні мұғалімі

Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар

Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.09.2020