Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға жалқы және жалпы есім туралы түсінік
беру, зат есім туралы білімдерін толықтыру, кеңейту.
2. Балалардың ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту
сөздік қорын молайту.
3. Жалқы, жалпы есімдерді ажырата білуге,
шығармашылық жұмысқа, өз бетімен жұмысқа тәрбиелеу.Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Алия апай.docx
Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға жалқы және жалпы есім туралы түсінік
беру, зат есім туралы білімдерін толықтыру.
2. Балалардың ойөрісін дамыту,дүниетанымын кеңейту
сөздік қорын молайту.
3. Жалқы, жалпы есімдерді ажырата білуге,
шығармашылық жұмысқа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:слайд
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақжауап, венн диаграммасы, топтастыру, тест,
кубизм, сәйкестендіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пән аралық байлыныс: музыка, дүниетану,ана тілі
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлемдестік бәріне
Әдеппенен біз.
Қуансаңыз сіз
Қуанамыз біз.
Сізге де, сізге де, сізге де,
Саулық тілейміз біз.
394жаттығу. Үй тапсырмасын оқыту. Ереже сұрау.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
«Топтастыру» стратегиясы
кісі
Жалқы есім
жерсу аттары
жанжануар аттары
«Сәйкестендіру» стратегиясы.
Жерсу, жануар, адам аттарын сәйкестендіру.
Адам Ақтөс Баянауыл
Жерсу Айгүл
Бөрібасар
Арман
Жануар Астана
ІV.Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі:
Алдыңғы тапсырмадағы қаланың аты?
Астана
Балалар Астана туралы не білесіңдер?
(балалардың жауабы).
Олай болса «Астана» қаласының тапсырмасына назар аударайық.
396жаттығу. Көшіріп жазу,жалқы есімдерді табу.
ІІ қатарға 2 шумақ. Бірбір шумақтан жазу.
Ақсу, Көксу, Сарысу,
Бұл – сумен түстеп танысу.
Ырғыз, Торғай, Аягөз,
Сайсаланың бәрі су.
Есіліп Есіл ағады,
Жайылып Жайық барады.
Сылаң қақса Сыр сұлу,
Шу шулап атой салады.
(Қазақстан картасынан аталған жерсу аттарын көрсету.) Астана туралы
тоқталу.
Сергіту сәті
Кісі аты, жерсу аты,
Жалқы есім болып табылар.
Жалқы есім әр уақытта,
Бас әріппен жазылар.
Жайық, Ертіс, Лепсі, Тобыл,
Нұра, Шелек, Сарысу.
Сырдария, Лепсі, Талас,
Өзендерім тамаша.
Мұғалім сөзі: Балалар біз Қазақстанның қай облысында тұрамыз?
Маңғыстау облысы Маңғыстаудың орталығы қай қала?
Актау
Ендеше, Ақтау қаласының тапсырмасы.
397 жаттығу. Терме диктант. Берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді
теріп жазу.
Баянауыл, Жайық, Ақтөс, Абай
Жазылмай қалған сөздерге назар аудар. Олар туралы не айта аласың?
Есіңде сақта
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз. Жалпы есімдер
кіші әріппен жазылады: өзен, аққу, оқытушы.
Ақтау туралы тоқталу.
«Кім шапшаң» ойыны. Ережені жылдам жаттап алатынын қарау,сұрау.
Мұғалім сөзі:Балалар келесінің қаланың атын 398жаттығудағы ребусты
шешу арқылы табамыз.
Жауабы: «Алматы». Сөйлем құрастыру.
Алматы туралы тоқталу.
Мұғалім сөзі: Балалар өзіміздің туған қаламыздың аты қалай аталады?
Жаңаөзен қаласы
Ендеше, Жаңаөзен қаласының тапсырмасы.
Шығармашылық жұмыс
«Топтастыру» стратегиясы
Іқатар ІІқатар
Жалпы есім
Жалқы есім
Жаңаөзен туралы тоқталу
V. Жаңа сабақты бекіту:
«Венн» диаграммасы
Жалқы Жалпы
З
А
Т
Е
С
І
М VІ. Сабақты қорыту:
Тест
1. Зат есім дегеніміз не?
а) заттың санын білдіретін сөз табы.
ә) заттың атын білдіретін сөз табы.
б) заттың қимылын білдіретін сөз табы.
2. Зат есімнің сұрақтарын тап.
а) қай? қандай?
ә) не істеді? қайтты? не қылды?
б) кім? не? кімдер? нелер?
3. Жалқы есімді тап.
а) қыз
ә) Актау
б) ағаш
4. Жалпы есімді тап.
а) Астана
ә) адам
б) Айгүл
5. Бас әріппен жазылады.
а) жалпы есім
ә) жалқы есім
VІІ. Үйге тапсырмасы: 399жаттығу, ережені жаттау.
VІІІ. Бағалау
Жалкы жане жалпы есим
Жалкы жане жалпы есим
Жалкы жане жалпы есим
Жалкы жане жалпы есим
Жалкы жане жалпы есим
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.