Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін жұмыстанып келеді. Сан жүздеген жыл халқымыз бодандықтың бұғауын бұзуды армандап, тәуелсіздік жолында мыңдаған арыс құрбан болды. Бостандыққа барар жолда алдыңғы буын ағалардың жолын жастар да лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеді.
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫ.docx
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫ
Сейталинова Эльмира Токеновнатарих пәнінің оқытушысы
ҚҚЭУ Экономика, бизнес және құқық колледжі
Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты
орын алу үшін жұмыстанып келеді. Сан жүздеген жыл халқымыз бодандықтың
бұғауын бұзуды армандап, тәуелсіздік жолында мыңдаған арыс құрбан болды.
Бостандыққа барар жолда алдыңғы буын ағалардың жолын жастар да лайықты
жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеді.
Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен
қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді.
Егемендік жолында көш бастаған да жалынды жастар еді.
Тоталитаризмнің тас бұғауын бұзуға алғашқы болып кіріскен де халқымыздың
қайсар ұлдары мен қыздары екенін біз үнемі мақтанышпен айтуға тиіспіз. 1986
жылдың желтоқсаны – қазақ жастарының бостандыққа бағыт алғанын айқын
көрсетті. Қайрат пен Ләззаттар «бізді өлтіруге болар, бірақ қорлауға жол
бермейміз»,деп қасық қандары қалғанша арнамысын таптатпай, өр
рухтарымен ерекшеленді. Сол «желтоқсаншылардың» сара жолымен келе
жатқан қазіргі жастарымыз егемен елдің көк байрағын әуелетіп, болашаққа
нық қадам басып келеді.
Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге
қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын,
еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді
күші жастар екені сөзсіз.
Қоғам адамзат өркениетінің біліміне,
адамгершілікэтикалық
нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен
егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға
тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты
адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі
жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне
мемлекет тарапынан жасалып жатқан ісшаралар, атқарылып жатқан
жұмыстар аз емес. Жастар – ғылымитехникалық және экономикалық
прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.
Жастар кез келген мемлекеттiң кешендi дамуы үшiн стратегиялық
ресурс болып табылады. Жастар мемлекеттің қоғамдықсаяси өміріне
белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі
болып табылады.
Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді.
жастар мәселесіне баса мән
Мемлекеттің барлық бағдарламаларында
берілген. Жастар ел дамуының негізгі күші. Жастар мәселесі жай ғана мәселе
емес, ол ел болашағы. Жастарсыз болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген
ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекетімізде
жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау,
ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай
қарастырылған.
Бүгінгі жас ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі,
мемлекетіміздің болашағыжастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға
буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар
екені белгілі. Атабабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салтдәстүрін, тілін,
дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды. Енді
сол аманатты кіршіксіз таза күйінде келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі ұрпақ
қолында.
Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей
байланысты. Бұл тұрғыдан ой жүйелесек, келешек ел тізгінін ұстайтын
жастардың өң бойынан әдетғұрып, салтдәстүріміз төгіліп тұруы қажетақ.
Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау, яғни
салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады.
Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен
қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Осы ретте
Н.Ә. Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді
қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер
және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты –
біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын
және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», деген сөзді
мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты
екендігін
айқындайды.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі
мемлекетке айналдыру жастардың қолдарыңда, яғни болашағымыз жастардың
жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез келген
сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық
технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай
сынақтардан сүрінбей өте алмақ.
Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына
қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде
талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын
аңғартады. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап
тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең
әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық
тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай
иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың
басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің
биік
тұғыры.
Әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім
ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.
да
өшіп
атауы
ұлттың
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар
ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз
тәуелсіздігін алып,
өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние
болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.
Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің
келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат
етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе,
біртіндеп
жоғалмақ.
Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт
дәстүр мен әдет ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика
ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт
өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты
ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен
қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат
міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан жақты дамыған, бірнеше
тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек», – деп
атап
Назарбаев.
Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта оның ұлттық білім ордасы.
Сондықтан қазақ оқу орындарының тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың
болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған.
Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай
рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын
пайдалы азамат шықпайды» деп, ұлт болашағын ұлттық оқу орындарында,
ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.
өтті
Н.
Ә.
Түйіндей келе, жастар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің
тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ
елінің атын күллі әлемге паш ететін, алып ұландары болуға бар күшін салуы
тиіс. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау
бүгiнде аса маңызды мәселе. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына,
талаптiлегiне, арманмұратына байланысты. Олар атабабаларымыздан мұра
болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып,
оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға,
жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына
түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады.
Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы»
деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың
ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге
тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану
үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты,
қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді. “Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның
қозғаушы күші. Биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына
жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл
бөліп, 2019 жылды – «Жастар жылы» деп жариялауы қоғамның ауызбірлігін
еселеп арттырды. Еліміз үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды
көздейтіні бекер емес.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж.Кенжалин "¥лт рухын ұлықтаған ұрпақпыз ”. Алматы, 2005 ж.
2. "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы. 1994 ж. №2
3. "Қазақ тарихы " ғылыми әдістемелік журнал. 2008 ж. №3
4. «Тәрбие құралы» республикалық ғылыми – педагогикалық журналы
2,4/2015
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫ
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫ
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫ
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.