"ЖАН БІТКЕНДІ ЖЫЛУЫМЕН ЖЕБЕГЕН, НӘРУЫЗ – НАУРЫЗ КЕРЕМЕТ ЕҢ НЕ ДЕГЕН!" мақала
Оценка 4.7
Культурные мероприятия +1
docx
администрации +2
Взрослым
07.11.2017
ЖАН БІТКЕНДІ ЖЫЛУЫМЕН ЖЕБЕГЕН, НӘРУЫЗ – НАУРЫЗ КЕРЕМЕТ ЕҢ НЕ ДЕГЕН!
Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол - Наурыз.
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурыз мерекесі қай заманда да өте ерекше әрі маңызды мейрамдардың бірі. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алғалы бері жұртшылыққа зор қуаныш сыйлап отырғаны дау тудырмас ақиқат. Иә, талай ғасырлар бойы адамзатқа ол тек қуаныш сыйлады. Көктем айы жер бетіне өз шуағын төге бастаған шақта келетін наурыз мерекесі діни мереке емес, нағыз халықтық мейрам, барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі.
Осы ізгілік пен жақсылықтың мейрамын Рақымжан Қошқарбаев атындағы білім ошағында Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз тойы өзге ұлт өкілдері арасында тойланып өтілді. «Наурыз мереке – Наурыз береке!» атты мектепішілік іс-шара қазақ халықының салт-дәстүрлерін, ұлт құндылықтарын, өнерін, ұлттық ойындарын, түрлі ұлттық тағамдарын дәріптеу, болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға орыс тілінде және қазақ тілінде білім алатын оқушылар, ұстаздар және ата-аналар белсене қатысып, көпұлтты шаңырақтың татулығын, ауызбіршілігін, достығын көрсетті.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері өте көп. 6А 7А сынып оқушыларының көрсеткен «Тұсау кесу» рәсімі, 7Б сынып оқушыларының «Ұлыстын ұлы күні – Наурыз Мейрамы құтты болсын!» атты көріністері, 10Б сыныбы ұсынған «Беташар» рәсімі, 10А сыныбының «Бесікке салу» дәстүрі әр адамзатты жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке тәрбиелейтіні анық. Мерекеде қыздарымыз талшыбықтай майысып қазақ биінің көркін келтірсе, жас ақындар өз шығармашылықтарынан өлең жолдарын арнап, сурет байқауы мен көрме ұйымдастырылды. Мереке қызған кезде ұлттық құндылығымыз - ұлттық ойындар ойнатылды. «Тоғызқұмалақ» ойынында 11 – сынып оқушысы Омарова Алина, 8А - сынып оқушысы Кәдірбек Сұңқар, 8Б - сынып оқушысы Абдымажитова Зунара және 10А - сынып оқушысы Құдайберген Марғұлан, «Шахмат» ойынында 9 – сынып оқушысы Боданов Абылайхан, 7А - сынып оқушысы Айқын Есболат, 7Б – сынып оқушысы Хусаинова Дильназ, «Шашки» ойынында 9 - сынып оқушысы Магамадов Анзор, 11 – сынып оқушысы Рамазанова Аида және 10А сынып оқушысы Құрмет Жігер жүлделі орындарға ие болып, марапатталды. Мерекедегі дастарқанның басты асы қазақтың ұлттық тағамдары мен наурыз көже болды. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сеніммен бақыттың, сәттіліктің, денсаулықтың, байлықтың символы болған 7 түрлі тағамнан даярланған астан барлығы ауыз тиіп, бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдірді.
Осылайша жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі жалғасын табуда. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, оқырман қауым!
Р.Қошқарбаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Калаулинова Надира ЖанатқызыЖАН БІТКЕНДІ ЖЫЛУЫМЕН ЖЕБЕГЕН, НӘРУЫЗ – НАУРЫЗ КЕРЕМЕТ ЕҢ НЕ ДЕГЕН!

Калаулинова Надира Жанатқызы
наурыз мақала.docx
ЖАН БІТКЕНДІ ЖЫЛУЫМЕН ЖЕБЕГЕН, НӘРУЫЗ – НАУРЫЗ КЕРЕМЕТ
ЕҢ НЕ ДЕГЕН!
діни мереке емес,
нағыз халықтық мейрам,
Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлітүрлі мейрамдары болады.
Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Жалпы
мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын
есепке алмағанда, бізде жалғызақ мейрам бар, ол Наурыз.
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурыз мерекесі қай
заманда да өте ерекше әрі маңызды мейрамдардың бірі. Әсіресе, еліміз
тәуелсіздік алғалы бері жұртшылыққа зор қуаныш сыйлап отырғаны дау
тудырмас ақиқат. Иә, талай ғасырлар бойы адамзатқа ол тек қуаныш сыйлады.
Көктем айы жер бетіне өз шуағын төге бастаған шақта келетін наурыз
мерекесі
барша
қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің
мерекесі.
Осы ізгілік пен жақсылықтың мейрамын Рақымжан Қошқарбаев атындағы
білім ошағында Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз тойы өзге ұлт өкілдері
арасында тойланып өтілді.
«Наурыз мереке – Наурыз береке!» атты
мектепішілік ісшара қазақ халықының салтдәстүрлерін, ұлт құндылықтарын,
өнерін, ұлттық ойындарын, түрлі ұлттық тағамдарын дәріптеу, болашақ
ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылды. Ісшараға орыс тілінде және
қазақ тілінде білім алатын оқушылар, ұстаздар және атааналар белсене
қатысып, көпұлтты шаңырақтың
татулығын, ауызбіршілігін, достығын
көрсетті.
Наурыздың айрықша тәлімтәрбиелік, үлгіөнегелік, мәртжомарттық, қадір
қасиеттілік нышан белгілері өте көп. 6А 7А сынып оқушыларының көрсеткен
«Тұсау кесу» рәсімі, 7Б сынып оқушыларының «Ұлыстын ұлы күні – Наурыз
Мейрамы құтты болсын!» атты көріністері, 10Б сыныбы ұсынған «Беташар»
рәсімі, 10А сыныбының «Бесікке салу» дәстүрі әр адамзатты жоғары
саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік
пен білімділікке тәрбиелейтіні анық. Мерекеде қыздарымыз талшыбықтай
майысып қазақ биінің көркін келтірсе, жас ақындар өз шығармашылықтарынан
өлең жолдарын арнап, сурет байқауы мен көрме ұйымдастырылды. Мереке
қызған кезде
ұлттық құндылығымыз ұлттық ойындар ойнатылды.
«Тоғызқұмалақ» ойынында 11 – сынып оқушысы Омарова Алина, 8А сынып
оқушысы Кәдірбек Сұңқар, 8Б сынып оқушысы Абдымажитова Зунара және
10А сынып оқушысы Құдайберген Марғұлан, «Шахмат» ойынында 9 – сынып
оқушысы Боданов Абылайхан, 7А сынып оқушысы Айқын Есболат, 7Б – сынып оқушысы Хусаинова Дильназ, «Шашки» ойынында 9 сынып оқушысы
Магамадов Анзор, 11 – сынып оқушысы Рамазанова Аида және 10А сынып
оқушысы Құрмет Жігер жүлделі орындарға ие болып, марапатталды.
Мерекедегі дастарқанның басты асы қазақтың ұлттық тағамдары мен наурыз
көже болды. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық
болады!" деген сеніммен бақыттың, сәттіліктің, денсаулықтың, байлықтың
символы болған 7 түрлі тағамнан даярланған астан барлығы ауыз тиіп, бір
біріне деген жақсы лебіздерін білдірді.
Осылайша жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп
ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын Достық мерекесі жалғасын табуда.
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан
сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi
құтты болсын, оқырман қауым!
Р.Қошқарбаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Калаулинова Надира Жанатқызы
"ЖАН БІТКЕНДІ ЖЫЛУЫМЕН ЖЕБЕГЕН, НӘРУЫЗ – НАУРЫЗ КЕРЕМЕТ ЕҢ НЕ ДЕГЕН!" мақала
"ЖАН БІТКЕНДІ ЖЫЛУЫМЕН ЖЕБЕГЕН, НӘРУЫЗ – НАУРЫЗ КЕРЕМЕТ ЕҢ НЕ ДЕГЕН!" мақала
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.