Сабақ тақырыбы Жануарлар және тіршілік |
Мұғалім аты-жөні: Лесбаева Мереке Күні: 02.11.2020ж |
|
Сыныбы |
5 «Б» |
|
Осы мақсатқа қол жеткізетін оқу мақсаттары |
5. Т/А6 Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру. |
|
5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. |
||
ӘТН3.Антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану. |
||
Күтілетін нәтиже |
Жануарлардың тіршілігі жайында ақпарат береді, жануарлардың мінез-құлықтарын сипаттайды, сыныптастарымен пікір алмасады. |
|
Сабақтың түрі |
Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы |
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану |
|
Қажетті құрал-жабдықтар |
Интерактивті тақта, слайдтар, «Жануарлар әлемі» циклінен деректі фильмі, А4 парағы, қайшы, түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер, маркер, кесте, желім қағаздар |
|
Оқыту әдістері |
Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, «Шаттық шеңбері» тренингі, эссе, «Жеке әңгіме» техникасы, «Жағымды сөздер» тәсілі |
|
Дереккөздері |
Әдістемелік құрал, интернет желісі |
|
Тапсырмалар |
||
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті |
||
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
1. «Шаттық шеңбері» Мақсаты: Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге тілейтін тілектерін айту керек
2. «Шапалақ» атты тренингі Мақсаты: оқушылардың дәл қазіргі көңіл-күйлері қандай екенін анықтап алу. -Бүгінгі сабағымызды бастау үшін, бір-бірімізбен көңіл-күйімізді көтеру үшін шапалақтап жіберейік. Жақсы, біраз серігіп алдық енді сабағымызды бастайық. |
Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге тілейтін тілектерін айтады.
Оқушылар бір-біріне шапалақ ұрып, жаңа сабақты бастауға кіріседі |
Өткен сабақты тексеру |
Үй тапсырмасын тексеру. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтап алу. Сөздің тура мағынасы деген не? Сөздің ауыспалы мағынасы қалай жасалады? Мысал келтір. |
Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жұмыстарын тексереді.
|
І. Қызығушылықты ояту. |
Оқушылардың жаңа сабаққа деен қызығушылығын ояту барысында «Жануарлар әлемі» туралы деректі фильм көрсетіледі.
- Төрт түлік туралы не білдік? - Жануарларының біз білмейтін қандай қасиеттері бар екен? |
Деректі фильм көрсетіліп, сұрақтарға жауап беріледі. |
ІІ. Мағынаны тану. |
Білу. Түсіну. А/. Тыңдалым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды. |
Тыңдалым. Интернеттен «Жануарлар әлемі» деген видеохостингке кіреді, айтылған ақпараттарды есте сақтайды. |
Ә/. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауапбереді. |
Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру, синоним, антонимдерді табу. |
|
2. Тілдік бағдар.Талдау және қолдану. 1. Синонимдер мен антонимдер туралы түсінік |
Синоним мен антонимді меңгереді. |
|
Сергіту сәті. «Жануарлар тіршілігі» тақырыбында қысқаша жарнама жасатады. |
Оқушылар берілген а4 парағына жануарлар тіршілігі бойынша жарнама жасайды |
|
Ә/. Жазылым 5-тапсырма Берілген сөздердің антонимдері мен синонимдерін тапқызады. |
Сөздерді тауып, синоним мен антонимдерін табады. |
|
ІІІ. Бағалау. |
Қалыптастырушы бағалау. «Жағымды сөз» техникасы бойынша бағаланады. |
«Жағымды сөз» техникасы бойынша бағаланады. |
ІҮ.Үйге тапсырма |
3-тапсырманы орындау.
|
|
Кері байланыс |
«Екі жұлдыз , бір тілек» Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, гүл себетіне жапсырады. |
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады. |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.