Жасөспірімдердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі
Оценка 5

Жасөспірімдердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі

Оценка 5
Документация +3
docx
администрации
Взрослым
14.10.2021
Жасөспірімдердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі
На МО классных руководителей
Утина А.К.,март 2017.docx

Жасөспірімдердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі

 

 Утина А.К. – директордың АҚТ бойынша орынбасары

 

 

Адамгершілік тәрбие беруді басқару – бұл тәрбиеленушінің өз жүрегін басқаға беруі, басқалар туралы ойлауы, және қамқорлық жасауы арқылы байқалатын мектепшілік өмірдің  моральдік сарынын жасау”.

В.А. Сухомлинский

Қазіргі мектеп мақсаты әр оқушының қабілетін ашу, жоғары технологиялар дамыған, бәсекелестікті талап ететін әлемде өмір сүруге дайын партиотты және парасатты тұлға, адам тәрбиелеп шығару.  Мектепшілік оқыту түлектердің әртүрлі өмірлік жағдайдарға біліктілікпен әрекет жасап, маңызды мақсат қойып, оған өз бетімен жетуді көздейді. Бірақ,  қандай да болмасын жоғары дамыған технологиялардың бірі адамның инабатты, өз туған жерінің патриоты болуына көмегі аз. Адамның қойған мақсатына жетуде адамгершілік өзегі мықты болуы тиіс.

Оқушылардың моральдік қағидаларларын дамыту қажеттілігі мыналарға байланысты:

- қоғамның жоғары блікті ғана емес адамгершілігі жоғары адамдардың қажет етуі;

- Қазіргі әлемде жасөспірімннің қатаймаған ақыл-парасаты мен сезімі, қалыптасып жатқан адамгершілігі қоршаған ортаның жағымсыз әсерімен қоршалған.

-  Адамгершілік білімімен қаруландыру маңызды, өйткені олар жасөспірімді қазіргі қоғамдағы бекітілген тәртіп ережелерімен ақпараттандырылып қана қоймай, ережелерді бұзу салдары, немесе жасаған қылығының қоршаған адамдарға әкелетін әсері жайында түсінік алады.

Оқушылар ұжымын қалыптастыруда, оның  оқушының жеке тұлға болып дамуындағы ықпалын тигізуде, өз бетімен дамуы мен тәрбиеленуіне жағдай жасауда ен басты рөл сынып жетекішісіне тиесілі. Сонымен бірге, ұжымдағы жасөспірімдерді тәрбиелеуде жоғары тиімділікке сынып жетекшісінің осы сыныпта жұмыс жасайтын пән мұғалімдерімен бірігіп жұмыс жасауы, сынып ұжымын мектеп ішілік, басқа да ұжымдармен ынтымақтастықпен әрекеттесуі, ата-аналармен үнемі және тығыз байланыс жасап түруы жеткізеді.  Сынып  жетекшісі ата-аналарды баласының  мектепшілік өміріне кірістіріп қана қоймай, тәрбиелеудегі біркелкі тәсілдерді анықтап алады. (Например, что в семье заложены принципы свободного воспитания, нет ограничений, а в школе он должен соблюдать требования и нормы поведения. Это, в свою очередь ведет к непринятию принципов воспитания школы, снижению мотивации к обучению).

Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің арасында қарым қатынас негізін құрайды:

оқушылар, олардың арасындағы қарым-қатынасы жайлы хабардар болуы;

сыныптың күрделі мәселелерін шешудегі өзара көмек пен қолдаудың болуы;

сыныптың және әр оқушының ойдағыдай жұмыс жасауында қызығушылық таныту;

педагогикалық проблемаларды шешу жолдарын бірлесіп іздеу, жоспарланған міндеттерді жүзеге асыру бойынша бірлесіп жұмыс жасап, орындауға тырысу

Сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің бірлестігі қай оқушының өмірінің қандай да болмасын кезеңінде қажетті. Бесінші сыныпта жаңа пән мұғалімдерімен танысып жаңа пәндерді оқи бастағанда да, мектеп бітіріп, емтиханға дайындық жасағанда да маңызды.  .

Сынып жетекшісінің ата-анамен жұмыс жасауы отбасымен бірлесіп бала мүддесін қорғау, өзара тәрбиелеу мен бала тұлғасын, оның психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін тануға, мәнісі жақын талаптарды қоюға, оқытуда көмек беруге, жасөспірімнің дене және рухани дамуына бағытталған.

Тек білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының бірлесіп жұмыс жасауы оқушының ұжымда өз орның табуға, жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуы мен өзіндің қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқу және қоғамдық әрекетінің бағдарын анықтауға  көмектеседі. Ал, сынып жетекшісі оқушы тұлғасына, оқушылар ұжымына жасалатын сыртқы әсерді түзету, ұйымдастыру «орталығы» болып саналады.

Адамгершіл тұлғаны тәрбиелеуде сынып жетекшісі келесі қағидаларды ұстануы қажет:

1.     Тұлғалық тәсілдеме оқушыны сол қалпында қабылдау, оны өзгертуге талпыныс жасамау, дамуына жағымды әсер тигізе білу. Сынып жетекшісі оқушының қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын біледі, жеке тұлғалық мәселелерін еңсеруге көмектеседі. 

2.     Оқушыға құрметпен қарау оқушы пікіріне кешіріммен қарау, мейірімділік пен түсіністікпен қарау. Өктемшілік, дөрекілік   және жасөспірімге деген зорлық-зомбылық тәрбие үрдісі мен  оқушының жеке тұлға ретінде дамуын жойылуына әкеледі. Мектепте оқушы қорқынышының азаюына жұмыс жасау қажет. Қорқу, айып сезіну, жөнсіз ұялу сезімі оқушының дамуына тежеуіш болады.

3.     Оқушының сезіміне сүйену. Тек сезіну арқылы ғана өмірлік құндылықтар мен адамгершілік нормалары оқушының өзіндік кұндылықтары мен нормалары бола алады. 

4.     Тәрбиелеудегі әрекеттік тәсілдеме: Мектепте оқушы болашақ өміріне дайындалу мүмкін емес, ол бүгінгі, шынайы өмірмен өмір сүреді. Оған қазіргі уақытта қызықты, оның қабілетіне және жеке ерекшеліктеріне сәйкес әрекет қажет: дене шынықтыратын, еңбекке тәрбиелейтін, шығармашылдығын, қайырымдылығын дамытатын және бос уақытын ұйымдастыратын.

5.     Қоршаған орта тәсілдемесі– школа не может оградить детей от негативных влияний среды, но в состоянии включить в деятельность детей заботы и проблемы социума, ближайшего окружения.

6.     Мәдениеттілік тәсілдеме – мәдениетке тарту, эстетикалық талғамын, төмен деңгейдегі рухани өнімге иммунитет қалыптастыру.

7.     Саралап тәрбиелеу тәрбиелеудің әдістерін, түрлері мен мазмұның іріктеу, оқушы мен ересектердің арнайы позицияларын есепке алу, этникалық, діни, тарихи және мәдениеттілік жағдайын ескеріп отыру. Тәрбиелеу үрдісінің қатысушыларының  бірігейлігі қайталанбас тұлға ретінде қабылдау.

Нам есть над чем работать и многое у нас уже получается. Но никогда не стоит забывать, что мы работаем с хрупким материалом – душами детей.  Конечно же, если классный руководитель всю свою энергию, знания и душу без остатка отдает ученикам, то в любом случает, получит результат. Не педагог, не родители воспитывают ребенка, а ребенок адаптируется к поведению педагога и родителей и также адаптируется к жизненным ситуациям, из которых складывается его жизненный путь. Об этом гласит английская пословица “Не воспитывай детей, они всё равно будут похожи на тебя. Воспитывай себя”.


 

Жасөспірімдердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі

Жасөспірімдердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі

Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің арасында қарым қатынас негізін құрайды: – оқушылар, олардың арасындағы қарым - қатынасы жайлы хабардар болуы ; – сыныптың күрделі мәселелерін…

Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің арасында қарым қатынас негізін құрайды: – оқушылар, олардың арасындағы қарым - қатынасы жайлы хабардар болуы ; – сыныптың күрделі мәселелерін…

Мәдениеттілік тәсілдеме – мәдениетке тарту, эстетикалық талғамын, төмен деңгейдегі рухани өнімге иммунитет қалыптастыру

Мәдениеттілік тәсілдеме – мәдениетке тарту, эстетикалық талғамын, төмен деңгейдегі рухани өнімге иммунитет қалыптастыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.10.2021